Күзет мұнарасының ОНЛАЙН КІТАПХАНАСЫ
Күзет мұнарасының
ОНЛАЙН КІТАПХАНАСЫ
Қазақ
ә
  • ә
  • і
  • ң
  • ғ
  • ү
  • ұ
  • қ
  • ө
  • һ
  • КИЕЛІ КІТАП
  • БАСЫЛЫМДАР
  • КЕЗДЕСУЛЕР
  • km 10.12. 5—6 бет.
  • Уағыздау тобыңның көбірек пайдасын көр

Бұл таңдауда видео жоқ.

Кешіріңіз, видеоны жүктеу кезінде қате шықты.

  • Уағыздау тобыңның көбірек пайдасын көр
  • Біздің қасиетті қызметіміз. 2012
  • Ұқсас мәлімет
  • Уағызға арналған кездесулер
    Біздің патшалық қызметіміз. 2009
  • Мақсатына сай ұйымдастырылған уағыз кездесулері
    Біздің қасиетті қызметіміз. 2015
  • Топ болып уағыздау қуанышқа бөлейді
    Біздің патшалық қызметіміз. 2003
  • Қауымның кітап зерттеу кездесуінің пайдасы
    Біздің патшалық қызметіміз. 2007
Көбірек мәлімет
Біздің қасиетті қызметіміз. 2012
km 10.12. 5—6 бет.

Уағыздау тобыңның көбірек пайдасын көр

1. Уағыздау тобы арқылы қауымның кітап зерттеу кездесуінің қандай пайдасын әлі де көре аламыз?

1 Бұрын топпен өткізілген қауымның кітап зерттеу кездесуінің кейбір ерекшеліктерін сағынасың ба? Топта адамдар көп болмайтын және өзімізді әлдеқайда еркін сезінетінбіз. Осының арқасында жігердің қайнар көзі болып табылатын достық қарым-қатынасты дамыту оңай болатын (Нақ. с. 18:24). Кітап зерттеу тобының бақылаушысы топтағылардың ерекше жағдайларымен танысып, әрқайсысына жігер бере алатын (Нақ. с. 27:23; Пет. 1-х. 5:2, 3). Кездесудің осы пайдалы ерекшеліктерін уағыздау тобы арқылы әлі де көре аламыз.

2. Уағыздау тобында жігердің қайнар көзі болып табылатын достық қарым-қатынасты дамыту үшін қалай бірінші болып қадам жасай аламыз?

2 Бірінші болып қадам жаса. Уағыздау топтарының көлемі, негізінен, бұрынғы кітап зерттеу топтарынікіндей болып келеді. Уағыз ісінде өзгелермен “иық тіресе” қызметтескеніміздің арқасында жақын достық қарым-қатынас дамытуға болады (Філіп. 1:27). Тобыңдағы қанша бауырласпен қызметтесе алдың? Бұл мәселеде “жүрегіңді айқара аша” аласың ба? (Қор. 2-х. 6:13). Бұған қоса, кей-кейде топтағы бауырластарды отбасылық ғибадат кешімізге не қонаққа шақырып тұрсақ болады. Кейбір қауымдарда уағыздау топтары шақырылған баяндамашыларды кезекпен қонаққа шақыруды ұйымдастырады. Топтың кезегі келген аптада, топ мүшелері баяндамашы асқа қала алмаса да, бірге тамақтанып, өзара жігерлену үшін жиналады.

3. Уағыздау тобымыздағы бақташылық істің пайдасын көрудің қандай мүмкіндіктері бар?

3 Қазір кездесуге аптасына екі-ақ рет жиналатын болғанымызбен, бұл бақташылық істің азайып қалғанын білдірмейді. Топ бақылаушыларына топ мүшелерінің әрқайсысын жігерлендіру және уағыздау ісінде көмек көрсету тапсырылған. Егер топ бақылаушың сенімен әлі қызметтес болмаған болса, неге онымен қызметке жазылмасқа? Бұған қоса, әр айдың бір сенбі-жексенбісінде қызмет бақылаушысы түрлі топтармен қызметтесіп тұрады. Ал аз ғана уағыздау топтары бар кішігірім қауымдарда ол мұндай сапарды жылына екі рет жоспарласа болады. Қызмет бақылаушысы сенің тобыңмен қызметтес болғанда, уағызға шығуды жоспарлайсың ба?

4. а) Уағызға арналған кездесу қалай ұйымдастырылады? ә) Уағызға арналған кездесу өту үшін неге үйімізді ұсыну жайлы ойланып көрмеске?

4 Демалыс күндері уағыздауға әр топтың бөлек жиналғанының пайдасы көп. Уағызға арналған кездесулер әртүрлі жерде және шамамен бір уақытта өтетін болса, жариялаушыларға осы кездесуге және учаскеге бару ыңғайлы болады. Сонда жариялаушылар тез арада екі-екіден бөлініп, бөгелместен учаскеге бара алады. Сондай-ақ топ бақылаушыларына да өз тобындағыларға мұқият көңіл бөлуге оңай болады. Алайда жағдайға қарай екі не одан көп топтың бірігіп өтуі дұрыс болуы мүмкін. Егер айдың бірінші сенбісінде не “Күзет мұнарасын” зерттеу кездесуінен кейін уағызға шығу үшін бүкіл қауым жиналса, әр топтың бірге отырғаны жөн және уағызға арналған кездесу дұғамен аяқталмас бұрын әр топ бақылаушысына өз тобын бөлу үшін бірнеше минут берілгені жақсы (“Өз үйіңді ұсына аласың ба?” деген қоршауды қара).

5. Қауымның кітап зерттеу кездесуі енді өтпейтін болғанымен, не нәрсеге сенімді бола аламыз?

5 Қауымның кітап зерттеу кездесуі енді топпен өтпесе де, еркін орындауымыз үшін Ехоба қажеттінің бәрімен қамтамасыз етіп жатыр (Евр. 13:20, 21). Ехобаның қамқорлығының астында біз ештеңеден тарықпаймыз (Заб. 22:1). Уағыздау тобы арқылы біз көптеген баталарға ие бола аламыз. Егер бірінші болып әрекет етсек және “жомарт сепсек”, “мол жинайтын” боламыз (Қор. 2-х. 9:6).

[6-беттегі қоршау]

Өз үйіңді ұсына аласың ба?

Кездесу өткізуге болатын үйлер жетіспейтіндіктен, кейбір қауымдар демалыс күндері уағыздау топтарын біріктіреді. Уағыздау қызметіне арналған кездесулер қауымдағы ұйымдастырылған шаралардың бірі болғандықтан, бұл кездесудің үйімізде өткізілгені үлкен мәртебе. Сен өз үйіңді ұсына аласың ба? Үйім тым қарапайым деп тартынба. Ақсақалдар кітап зерттеу кездесуі өтетін жерді таңдағанда бірнеше жайттарды қарастырғаны сияқты, сенің үйіңнің де орналасқан жері мен басқа да жайттарды ескеретін болады. Егер сен өз үйіңді ұсынуды қаласаң, топ бақылаушыңа бұл жайлы айтып қойсаң болады.

    Қазақ тіліндегі басылымдар (1997—2026)
    Шығу
    Кіру
    • Қазақ
    • Бөлісу
    • Баптаулар
    • Copyright © 2026 Watch Tower Bible and Tract Society of Pennsylvania
    • Пайдалану тәртібі
    • Құпиялық саясаты
    • Құпиялық параметрлері
    • JW.ORG
    • Кіру
    Бөлісу