Теократиялық қызмет мектебі. Қайталау
Келесі сұрақтар теократиялық қызмет мектебінде 2012 жылғы 29 қазаннан басталатын аптада қарастырылады. Әр сұрақтың қай күні талқыланатыны көрсетілген. Бұл жариялаушыларға әр аптадағы мектепке дайындалғанда зерттеу жүргізуге көмек болмақ.
1. Ниневи қаласы шынында да “аралап шығуға үш күн уақыт кететіндей” үлкен болған ба? (Жүніс 3:3). (3 қырк., w07 1.11. 16-б.).
2. “Көктегі Әкеміз кемелді” болса, біздің де кемелді болуымыз мүмкін бе? (Мат. 5:48). (10 қырк., w08 15.1. 29-б.).
3. Шынайы дінді қандай “жемістерінен” айыруға болады? (Мат. 7:16). (17 қырк., w08 15.1. 29-б.).
4. Құдайдың Ұлын мақұлдайтынын Жақия өз құлағымен естігендіктен Исаның Мәсіх екенін білді емес пе? Онда: “Келеді деген Кісі сенсің бе, әлде басқа біреуді күтуіміз керек пе?”— деп неге сұраған? (Мат. 11:2—6). (17 қырк., w08 15.1. 29-б.).
5. Патшалық туралы шындықты білгеніміз қандай жауапкершілік жүктейді? (Мат. 13:51, 52). (24 қырк., w08 15.1. 30-б.).
6. Көктегі тақта отырғандар үстінен төрелік ететін “Исраилдің он екі руы” кімді бейнелейді? (Мат. 19:28). (1 қаз., w08 15.1. 30-б.).
7. Қонақтардың үйлену тойына үш рет шақырылуы қашан орын алды? (Мат. 22:3, 4, 9). (8 қаз., w08 15.1. 31-б.).
8. Қай мағынада парызшылдар өз жолдарына түсірген басқа ұлт адамдарын “өздерінен екі есе жаман етіп, жаһаннамға түсуге лайық қылады”? (Мат. 23:15). (8 қаз., w08 15.1. 31-б.).
9. Исаның айтуынша, не нәрсеге “уақыт жеткен” еді? (Мар. 1:15). (22 қаз., w08 15.2. 28-б.).
10. Исаның бойын қандай сезім билегенін Марқа қайдан білген? (Мар. 3:5; 7:34; 8:12). (29 қаз., w08 15.2. 29-б.).