Күзет мұнарасының ОНЛАЙН КІТАПХАНАСЫ
Күзет мұнарасының
ОНЛАЙН КІТАПХАНАСЫ
қазақ
ә
  • ә
  • і
  • ң
  • ғ
  • ү
  • ұ
  • қ
  • ө
  • һ
  • КИЕЛІ КІТАП
  • БАСЫЛЫМДАР
  • КЕЗДЕСУЛЕР
Қазақ тіліндегі басылымдар (1997—2027)
Шығу
Кіру
Күзет мұнарасының ОНЛАЙН КІТАПХАНАСЫ
Күзет мұнарасының
ОНЛАЙН КІТАПХАНАСЫ
Қош келдіңіз!
Бұл — Ехоба куәгерлері шығарған басылымдарды әртүрлі тілде зерттеуге көмектесетін онлайн кітапхана.
Басылымдарды жүктеу үшін мына сайтқа кіріңіз: jw.org
  • Бүгін

16 қазан, жұма

Жүректеріңді ондай әйелдің жолына бұрмаңдар, Адасып, оның соқпағына түспеңдер (Нақ. с. 7:25).

Сүлеймен жазған оқиғадағы жігітпен болған жағдай Ехобаның кез келген қызметшісімен де болуы мүмкін. Мәсіхші ауыр күнә жасап қойып, артынан “мен білмей қалдым, ойламаған жерден осылай болып қалды” деуі мүмкін. Бірақ ол жақсылап ойланса, қандай әрекеттері оны күнәға апарғанын түсінер еді. Бұндай әрекеттерге не жатуы мүмкін? Мысалы, жаман ортамен араласу, зиянды көңіл көтеру, мәсіхшілерге лайық емес жерлерге бару не сондай сайттарға кіру. Я болмаса, ол дұға етуді, Киелі кітап оқуды, қауымға барып, қызметке шығуды доғарған болуы мүмкін. Нақыл сөздердегі жігіт сияқты бұндай мәсіхшіні де ойламаған жерден күнә жасап қойды дей алмайсың. Өзіміз үшін қандай сабақ алсақ болады? Біз күнәнің өзінен ғана емес, күнәға апаратын әрекеттерден де аулақ болуымыз керек. Сүлеймен жас жігіт жайлы оқиғаны айтқаннан кейін дәл осы ойға назар аударған (Мат. 5:29, 30). w24.07 16-б., 10, 11-абз.

Киелі жазбаларды күнделікті зерттеу. 2026

17 қазан, сенбі

Осы қазынаны қыш ыдыстарда сақтаймыз (Қор. 2-х. 4:7).

Елші Пауыл қандай қазына жайлы айтқан? Бұл — адамдардың өмірін сақтайтын Құдай Патшалығы жайлы уағыздау ісі (Қор. 2-х. 4:1). Ал қыш ыдыстар ізгі хабарды айтып жүрген Құдайдың қызметшілерін білдіреді. Пауылдың заманында саудагерлер қыш ыдыстарды тамақ, шарап, ақша сияқты бағалы заттарды тасымалдау үшін қолданған. Тура сол сияқты, Ехоба да бізге өте бағалы хабарды сеніп тапсырып отыр. Осы хабарды өзгелерге жеткізу үшін Ехобаның өзі бізге күш береді. Кейде біз адамдардың өзінен қорықсақ, кейде хабарымызды тыңдамай қояды деп қорқамыз. Сондай қорқыныштарды қалай жеңсек болады? Мысалы, елшілердің жағдайын алайық. Уағыздауға тыйым салынған кезде, олар қорқынышқа бой алдырмай, дұға еткен. Олар Ехобадан: “Сөзіңді батыл жариялай беруге күш дарыта көр”,— деп сұраған. Ехоба олардың дұғасына бірден жауап берді (Ел. іс. 4:18, 29, 31). Біз де адамдардан қорқып, уағыздай алмай жатсақ, дұғада Ехобадан: “Адамдардан қорықпайыншы, қайта, оларды жақсы көрейінші”,— деп сұрасақ болады. w24.04 16-б., 8, 9-абз.

Киелі жазбаларды күнделікті зерттеу. 2026

18 қазан, жексенбі

Көктегі Әкеміз, сенің есімің киелі болсын! (Мат. 6:9).

Ехобаны жақсы көргендіктен, біз оның есімінің киелі болуына да үлес қосқымыз келеді. Шайтанның небір сұмдық өтіріктерінен қараланған Ехобаның аты тазарса екен дейміз (Мұс. 1-ж. 3:1—5; Әйүп 2:4; Жох. 8:44). Қызметке шыққанда біз Құдайымызды қорғап, тыңдаймын деген адамның бәріне ол жайлы шындықты айтуды қалаймыз. Құдайымыз Ехобаның ең ұлы қасиеті — сүйіспеншілігі. Оның билігі дұрыс әрі әділ, жақында ол Патшалығы арқылы бар қайғы-қасіретті жойып, бүкіл адамзатқа бақыт пен тыныштық сыйлайды (Зәб. 37:10, 11, 29; Жох. 1-х. 4:8). Біз Құдайымыз жайлы осындай керемет шындықтарды адамдар білсе екен дейміз. Қызметте Ехобаның жақсатын қорғайтын болсақ, оның есімінің киелі болуына үлес қосамыз. Сондай-ақ атымызға затымыз сай болады. w24.05 18-б., 12-абз.

Киелі жазбаларды күнделікті зерттеу. 2026
Қош келдіңіз!
Бұл — Ехоба куәгерлері шығарған басылымдарды әртүрлі тілде зерттеуге көмектесетін онлайн кітапхана.
Басылымдарды жүктеу үшін мына сайтқа кіріңіз: jw.org
  • қазақ
  • Бөлісу
  • Баптаулар
  • Copyright © 2026 Watch Tower Bible and Tract Society of Pennsylvania
  • Пайдалану тәртібі
  • Құпиялық саясаты
  • Құпиялық параметрлері
  • JW.ORG
  • Кіру
Бөлісу