Күзет мұнарасының ОНЛАЙН КІТАПХАНАСЫ
Күзет мұнарасының
ОНЛАЙН КІТАПХАНАСЫ
Қазақ
ә
  • ә
  • і
  • ң
  • ғ
  • ү
  • ұ
  • қ
  • ө
  • һ
  • КИЕЛІ КІТАП
  • БАСЫЛЫМДАР
  • КЕЗДЕСУЛЕР
  • km 8.09. 6—7 бет.
  • Уағызға арналған кездесулер

Бұл таңдауда видео жоқ.

Кешіріңіз, видеоны жүктеу кезінде қате шықты.

  • Уағызға арналған кездесулер
  • Біздің патшалық қызметіміз. 2009
  • Ұқсас мәлімет
  • Мақсатына сай ұйымдастырылған уағыз кездесулері
    Біздің қасиетті қызметіміз. 2015
  • Уағыздауға арналған кездесудің толық пайдасын көр
    Біздің патшалық қызметіміз. 2006
  • Уағыздау тобыңның көбірек пайдасын көр
    Біздің қасиетті қызметіміз. 2012
  • Ізгі хабарды уағыздаудың әдіс-тәсілдері
    Ехобаның еркін орындау үшін ұйымдасқанбыз
Көбірек мәлімет
Біздің патшалық қызметіміз. 2009
km 8.09. 6—7 бет.

Уағызға арналған кездесулер

1. Неге біз қызметімізді ұйымдасқан түрде атқарғымыз келеді?

1 Иса уағыз ісін тиімді әрі ұйымдасқан түрде атқарудың үлгісін қалдырды. Бүгінгі күні де дүниежүзілік уағыз ісіне басшылық ететін бауырластар оның дәл солай атқарылғанын қалайды. Осы орайда, әр қауымның уағыздау топтарындағы жариялаушылар қызметке ұйымдасқан түрде атсалысу үшін уағызға арналған кездесулер өткізіледі (Мат. 24:45—47; 25:21; Лұқа 10:1—7).

2. Уағызға арналған кездесулер қалай өту керек?

2 Тиімді шара. Уағызға арналған кездесулер жариялаушыларды жігерлендіріп, тиімді кеңестер мен нұсқаулар беру үшін өткізіледі. Егер сол күнге арналған тармақтың қызметке тікелей қатысы бар болса, оны қысқаша талқылауға болады. Ара-тұра “Біздің патшалық қызметіміздегі” кеңестерді, “Пікір алысу” не “Қызмет мектебі” кітабындағы мәліметтерді пайдаланып, жариялаушыларды қызметке дайындауға болады. Сондай-ақ әдебиетті ұсыну жолын қысқаша көрсетуге болады. Соңғы дұға айтылғанға дейін әр жариялаушыға кіммен және қай жерде уағыздайтыны айтылу керек. 15 минуттан аспайтын осы кездесуден кейін жариялаушылардың барлығы кідірместен учаскеге барулары қажет.

3. Уағызға арналған кездесулерді ұйымдастыру кімнің жауапкершілігі?

3 Қалай ұйымдастырылу керек? Уағызға арналған кездесулерді ұйымдастыру қызмет бақылаушысының жауапкершілігінде. Топ бақылаушылары не олардың көмекшілері демалыс күндері өз топтарымен қызметке шығулары тиіс. Кейбір бақылаушылар не қызмет көмекшілері уағыздау топтарымен жай күндері де қызметтесе алатын шығар. Әр топта демалыс күндері уағыздайтын жеткілікті учаске болу үшін топ бақылаушылары қызмет бақылаушысымен қызметтесу керек. Қызмет бақылаушысы жай күндері уағызға арналған кездесуді жүргізетін бауырластарды тағайындайды.

4—6. а) Уағызға арналған кездесулер қауым аймағына қатысты қандай мақсатты көздейді? ә) Кездесудің қашан және қайда өтетінін анықтау үшін қандай жайттарды ескеру керек?

4 Қайда және қай уақытта өткізу керек? Қауымдағы барлық жариялаушылар бір жерде жиналғаннан гөрі, кездесулердің ыңғайлы жерлерде, әдетте қауым аймағының әр жерінде орналасқан жеке үйлерде, өткізілгені жақсы. Бұл қауымның аумағын тыңғылықты аралап шығуға мүмкіндік береді. Осы мақсатта Патшалық сарайларын да қолдануға болады. Мысалы, көп қауымдарда уағызға арналған кездесу демалыс күндері көпшілікке арналған баяндама мен “Күзет мұнарасын” зерттеуден кейін бірден өткізіледі. Уағызға арналған кездесу өтетін жер учаскелерге мейлінше жақын орналасу керек. Сол себепті кездесу өтетін үйдің ыңғайлы жерде орналасқанына ара-тұра көз жеткізіп отыру керек. Бұл учаскелерді тыңғылықты аралап шығуға мүмкіндік береді.

5 Уағызға арналған кездесулердің қай уақытта және аптасына қанша рет өткізілетіні аумақтың ерекшеліктеріне байланысты. Төменде келтірілген сұрақтар кездесулерді қайда және қашан өткізген тиімді болатынын анықтауға көмектеседі.

6 Аумақтың қай бөлігіне көбірек көңіл бөлу керек? Қай уақытта үйме-үй уағыздауға шыққан тиімдірек? Кешке таман үйме-үй жүру керек пе, әлде қызығушылық танытқандарға қайта бару керек пе? Уағызға арналған кездесулерге қатысты мәліметтердің барлығы қауымның хабарландыру тақтасында көрсетілу қажет. Жариялаушылардың бәрі де қауым аймағын жақсылап аралап шығып, Пауылдың: ‘Бұл өлкелерде менің уағыз жүргізуге тиіс жерлерім қалмады’,— деген сөздеріне қосылғылары келетіні сөзсіз (Рим. 15:23).

7. Кездесуді өткізуге тағайындалған бауырластың қандай жауапкершіліктері бар?

7 Уағызға арналған кездесулерді қалай өткізу керек? Кездесуді өткізуге тағайындалған бауырлас жақсы дайындалу арқылы осы теократиялық шараға құрметпен қарайтынын көрсетеді. Кездесу уақтылы басталу керек. Онда қажетті нұсқаулар беріліп, қысқаша, 10—15 минут ішінде өткізілуі тиіс. Кездесуді өткізетін бауырлас учаскелерді күні бұрын алып қою керек. Кездесу біткен соң, кешіккен жариялаушыларды күтіп отырудың қажеті жоқ. Оларға топтың қай жерде уағыздайтыны жайлы мәлімет қалдырып кетуге болады. Кездесуден кейін жариялаушылардың барлығы кідірместен учаскеге бару керек. Жақсы ұйымдастырылған әрі қажетті нұсқаулар берілетін осындай кездесудің жариялаушыларға сол күнгі қызметтерін атқаруға зор көмек болары шүбәсіз (Нақ. с. 11:14).

8. Жариялаушылар кездесуді өткізетін бауырластарға қалай мойынсұна алады?

8 Уағызға арналған кездесулерге қатыс. Осы орайда, бауырластардың қызметтескені маңызды (Евр. 13:17). Кездесуді өткізетін бауырлас жариялаушыларға бірге шығатын серік табуға көмектеседі. Кездесуге тәжірибелі бауырластардың келгені жаңа не тәжірибесі аз жариялаушылар үшін пайдалы. Арагідік өзге де жариялаушылармен қызметке баруға дайын болған жақсы (Нақ. с. 27:17; Рим. 15:1, 2). Кешікпей жүру үшін әрқайсысымыз қолдан келгеннің бәрін істеуіміз керек. Осылайша теократиялық құрылымды құрметтейтінімізді және бауырластарымыздың қамын ойлайтынымызды көрсетеміз (Қор. 2-х. 6:3, 4; Філіп. 2:4).

9. Ізашарлар уағызға арналған кездесулерге қалай өз үлестерін қоса алады?

9 Ізашарлардың көмегі. Ізашарлардың уағызға арналған кездесуге қатысқаны өте бағалы әрі көп жағынан пайдалы. Әдетте ізашарлардың жауапкершіліктері көп болады. Олар зерттеу сабақтарын өткізеді және қызығушылық танытқандарға қайта барады. Бұған қоса, олардың жұмыстары әрі отбасылық міндеттері болуы мүмкін. Сондықтан ізашарлар уағызға арналған кездесулердің барлығына баруға өздерін міндетті сезінбеулері керек. Сөйтсе де, олар аптасына, кем дегенде, бірнеше кездесуге қатыса алатын шығар. Уағызға арналған кездесулерде жариялаушылар уағыздауды үйренеді, осы ретте ізашарлардың білімі мен тәжірибесі өзгелер үшін зор көмек болады. Уағызға жиі шыққанның арқасында олардың тәжірибесі мол болады, сондықтан өзгелерді көп нәрсеге үйрете алады. Ізашарлар уағызға арналған кездесулерге және қызметке құлшына қатысуымен өзгелерге жақсы үлгі көрсетеді. Олардың осы кездесулерге өз үлестерін қосқаны өте бағалы.

10. Неліктен барлық жариялаушылардың уағызға арналған кездесулерге барынша қолдау көрсеткендері жөн?

10 Иса мен оның шәкірттері сияқты біз де ізгі хабарды негізінен үйме-үй жүріп уағыздаймыз. Уағызға арналған кездесулер бір-бірімізді жігерлендіруге мүмкіндік береді және тапсырылған істі жақсы атқаруымызға көмектеседі. Жариялаушылардың барлығы да мұндай кездесулерді мүмкіндігінше қолдауға тиіс (Ел. іс. 5:42; 20:20). Бұл үшін қолдан келгеннің бәрін жасауға дайын болайық. Осылай істесек, Ехобаның мол батасына кенеліп, Иса Мәсіхті қуантамыз (Мат. 25:34—40; 28:19, 20).

    Қазақ тіліндегі басылымдар (1997—2026)
    Шығу
    Кіру
    • Қазақ
    • Бөлісу
    • Баптаулар
    • Copyright © 2026 Watch Tower Bible and Tract Society of Pennsylvania
    • Пайдалану тәртібі
    • Құпиялық саясаты
    • Құпиялық параметрлері
    • JW.ORG
    • Кіру
    Бөлісу