Күзет мұнарасының ОНЛАЙН КІТАПХАНАСЫ
Күзет мұнарасының
ОНЛАЙН КІТАПХАНАСЫ
Қазақ
ә
  • ә
  • і
  • ң
  • ғ
  • ү
  • ұ
  • қ
  • ө
  • һ
  • КИЕЛІ КІТАП
  • БАСЫЛЫМДАР
  • КЕЗДЕСУЛЕР
  • w02 1.6. 24—29 бет.
  • Ехобаға қызметте әрдайым жүректерің берік болсын

Бұл таңдауда видео жоқ.

Кешіріңіз, видеоны жүктеу кезінде қате шықты.

  • Ехобаға қызметте әрдайым жүректерің берік болсын
  • 2002 жылғы Күзет мұнарасы Ехобаның Патшалығын жариялайды
  • Тақырыпшалар
  • Ұқсас мәлімет
  • Әрі қарай да тура білімге ұмтылыңдар
  • Өкінгендерің мен Құдайға бет бұрғандарыңды ұмытпаңдар
  • Өздеріңді Құдайға арнап, шомылдыру рәсімінен өткендеріңді ешқашан ұмытпаңдар
  • Ерік бостандықтарыңның маңызы бар
  • Жүректеріңді мызғымастай берік сақтай аласыңдар
  • Әрдайым берік жүрекпен қызмет етіңдер
  • Өзіңді Құдайға арнағаныңа лайық өмір сүріп жүрсің бе?
    2001 жылғы Күзет мұнарасы Ехобаның Патшалығын жариялайды
  • Шомылдыру рәсімі және сенің Құдаймен қарым-қатынасың
    Киелі кітап шын мәнінде неге үйретеді?
  • Өмірімізді неліктен Ехобаға бағыштаймыз?
    2010 жылғы Күзет мұнарасы Ехоба Құдайдың Патшалығын жариялайды
  • Өзімізді Құдайға арнағанымызға сай өмір сүру
    Біздің патшалық қызметіміз. 2003
Көбірек мәлімет
2002 жылғы Күзет мұнарасы Ехобаның Патшалығын жариялайды
w02 1.6. 24—29 бет.

Ехобаға қызметте әрдайым жүректерің берік болсын

“Менің жүрегім мызғымастай берік, О, Құдай, менің жүрегім мызғымастай берік” (ЗАБУР 57:7, ЖД).

1. Неліктен біз Дәуіт сияқты сенімді бола аламыз?

ШЫН БЕРІЛГЕН қызметшілері ретінде шынайы мәсіхшілік жолдан таймау үшін, Ехоба біздің сенімімізді мызғымастай нығайта алады (Римдіктерге 14:4). Сол себепті біз де Забур жыршысы Дәуіт сияқты сенімді бола аламыз. Ол былай деп шырқаған болатын: “Менің жүрегім мызғымастай берік, О, Құдай” (Забур 108:1, ЖД). Егер жүрегіміз “мызғымастай берік” болса, ол бізді Құдайға арнағанымызға сай өмір сүруге талпындырады. Сонымен қатар Құдайдың күші мен басшылығына жүгінетін болсақ, ‘Иеміздің ісін әрдайым молынан істеп’, шешімімізге берік және тұрақты боламыз, сондай-ақ адалдығымызды сақтап, әрқашан сенімді боламыз (1 Қорынттықтарға 15:58).

2, 3. Пауылдың 1 Қорынттықтарға 16:13-те жазған кеңестерінің мәнісі не?

2 Ежелгі Қорынттағы Исаның шәкірттеріне жолданған Пауылдың хатынан, біз бүгінгі күнгі мәсіхшілерге де қолдануға лайық кеңес оқимыз: “Сақ болыңдар, сенімдеріңде берік, ер жүрек, әрі күшті тұрыңдар!” (1 Қорынттықтарға 16:13). Грек тіліндегі мәтінде бұл өсиеттің барлығы осы шақта жазылған, осылайша олар үздіксіз әрекетке талпындырады. Бұл өсиеттердің мәні неде?

3 Біз шайтанға қарсы тұрып, Құдайға жақын болу арқылы рухани мағынада ‘сақ боламыз’ (Жақып 4:7, 8). Ехобаға сенім артқанымыздың арқасында ынтымағымызды сақтап, мәсіхшілер ретінде ‘сенімде берік тұрамыз’. Барлығымыз да, арамыздағы көптеген әйел бауырластар да, Патшалықты жариялаушылар ретінде Құдайға батыл қызмет ету арқылы ‘ер жүректік’ танытып жүрміз (Забур 67:12). Еркін орындау үшін әрқашан көктегі Әкеміздің өзінен көмек күткендіктен ‘күшті тұрмыз’ (Філіпіліктерге 4:13).

4. Мәсіхшілер ретінде шомылдыру рәсімінен өтердің алдында қандай қадамдар жасадық?

4 Өзімізді толықтай Ехобаға арнағанымыздың белгісі ретінде суға батырылған кезімізде шындықты қабылдағанымызды паш еттік. Алайда суға шомылдыру рәсімінен өтпес бұрын қандай қадамдар жасадық? Біріншіден, Құдай Сөзінен тура білім алдық (Жохан 17:3). Соның арқасында сенім пайда болып, бұрынғы күнәларымыз үшін шын жүректен қайғырып, өкіндік (Елшілердің істері 3:19; Еврейлерге 11:6). Содан соң Құдайдың еркіне сай өмір сүргіміз келгендіктен теріс жолдан қайтып, Құдайға бет бұрдық (Римдіктерге 12:2; Ефестіктерге 4:23, 24). Одан кейін біз дұғада өзімізді шын жүректен Ехобаға арнадық (Матай 16:24; 1 Петір 2:21). Біз Құдайдан таза ар-ұждан беруін өтіндік және өзімізді Оған арнағанымыздың белгісі ретінде шомылдыру рәсімінен өттік (1 Петір 3:21). Осы қадамдардың үстінен ой жүгірткеніміз, әрдайым өзімізді Ехобаға арнағанымызға сай өмір сүру үшін күш салуымыз және әрқашан мызғымас берік жүрекпен қызмет етуіміз керек екенін ұмытпауымызға көмектеседі.

Әрі қарай да тура білімге ұмтылыңдар

5. Неліктен әрі қарай да Жазбалардан білім ала беруіміз керек?

5 Өзімізді Құдайға арнағанымызға сай өмір сүру үшін, әрі қарай да Жазбалардан сенімімізді нығайтатын білім ала беруіміз керек. Алғаш рет Құдайдың шындығымен танысқан кезде, рухани қоректенгеннен қандай ләззат алушы едік! (Матай 24:45—47). Ол “ас-сулар” дәмді болды және біз рухани нәр алып отырдық. Қазіргі уақытта да, Ехобаға өзімізді арнаған қызметшілері ретінде жүрегімізді мызғымастай берік сақтау үшін, әрдайым нәрлі рухани ас-сумен қоректенгеніміздің маңызы зор.

6. Киелі кітаптың шындығы үшін шын жүректен шыққан ризашылық дамытуларың үшін, сендерге қандай көмек көрсетілген болуы мүмкін?

6 Жазбалардан әрі қарай да білім ала беру үшін күш салу қажет. Ол жасырын қазынаны іздеген сияқты, ынта-жігерді талап етеді. Алайда ‘Құдай туралы білімді табу’ қандай керемет! (Нақыл сөздер 2:1—6, СА). Сендермен Киелі кітапты зерттеуді бастаған кезде, Патшалықты жариялаушы “Мәңгілік өмірге алып баратын білім” кітабын қолданған болуы мүмкін. Әр тарауды талқылау үшін көп уақыт керек болған шығар. Тіпті бір тарауды бірнеше бөліп те өткен боларсыңдар. Берілген Жазба орындарын оқып, талқылағанның тиімділігін көрдіңдер. Қиын жерлерін сендерге түсіндірді. Ол жақсы дайындалып келіп жүрді, Құдайдың рухын өтініп дұға етті және шындық үшін шын жүректен ризашылық дамытуларыңа көмектесті.

7. Өзгелерді Құдайдың шындығына үйретуге қалай дайын болуға болады?

7 Осылай жұмсалған күш ақталады, оны Пауылдың келесі сөздерінен көруге болады: “Құдай сөзінен тәлім алушылар қолда бар игіліктерін ұстаздарымен бөліссін!” (Ғалаттықтарға 6:6). Грек тіліндегі мәтінде бұл жерде Құдай Сөзіндегі ілімдердің ‘тәлім алушылардың’ миы мен жүрегіне жететінін көрсетеді. Осылайша тәлім алғандарыңның арқасында өзгелерге тәлім беруге лайық бола аласыңдар (Елшілердің істері 18:25). Өздеріңді Құдайға арнағандарыңа сай өмір сүру үшін, әрдайым Құдай Сөзін зерттеу арқылы рухани күйлерің мен беріктіктеріңді сақтауларың керек (1 Тімотеге 4:13; Титке 1:13; 2:2).

Өкінгендерің мен Құдайға бет бұрғандарыңды ұмытпаңдар

8. Құдайға ұнамды мінез-құлықты қалай сақтауға болады?

8 Шындықты біліп, өкініп, теріс жолдан қайтып, содан Исаның төлем құрбандығына сенудің арқасында Құдайдың кешіріміне ие болғандарыңды сезінгенде жеңілдеп қалғандарың естеріңде ме? (Забур 31:1—5; Римдіктерге 5:8; 1 Петір 3:18). Әрине, күнәкар өмірге қайта оралғыларың келмейді (2 Петір 2:20—22). Олай болса, өзге де нәрселермен қатар Ехобаға дұға еткендерің, Оған ұнамды мінез-құлық танытуларыңа, өздеріңді арнағандарыңа лайық өмір сүруге және әрдайым адал қызмет етулеріңе көмектеседі (2 Петір 3:11, 12).

9. Күнәкар істерді қалдырып, теріс жолдан қайтқан соң қандай жолмен жүруіміз керек?

9 Теріс жолдан қайтып, күнәкар істерді қалдырған соң, жүректеріңді әрдайым берік сақтау үшін әрі қарай да Құдайдың көмегіне жүгініңдер. Шындығында сендер бұрыс жолмен кетіп бара жатыр едіңдер, алайда сенімді картаға жүгіндіңдер де, дұрыс жолға бағыт түзедіңдер. Енді осы жолдан адасып кетпеңдер. Әрқашан Құдайдың басшылығына сенім артыңдар және өмір жолында қалуға белдеріңді бекем буыңдар (Ишая 30:20, 21; Матай 7:13, 14).

Өздеріңді Құдайға арнап, шомылдыру рәсімінен өткендеріңді ешқашан ұмытпаңдар

10. Өзімізді Құдайға арнағанымызға байланысты не нәрсені ұмытпауымыз керек?

10 Мәңгі адал қызмет ету мақсатымен дұғада өздеріңді Ехобаға арнағандарыңды ұмытпаңдар (Яһуда 20, 21). Арнау дегеніміз қасиетті мақсатта қолданылу үшін бөлек тұруды, немесе бөлінуді, білдіреді (Леуіліктер 15:31; 22:2). Сендер өздеріңді уақытша не болмаса адамға арнаған жоқсыңдар. Әлемнің Әміршісіне мәңгіге арнадыңдар және соған сай өмір сүру үшін бүкіл өмір жолдарыңда Құдайға шын берілгендіктеріңді сақтауларың керек. Иә, “өмір сүрсек те, өлсек те, Иеміздің меншігіміз” (Римдіктерге 14:7, 8). Біздің бақытты болуымыз Құдайдың еркіне бағынып, Оған әрі қарай да мызғымас берік жүрекпен қызмет еткенімізге байланысты.

11. Шомылдыру рәсімінен өткеніміз бен оның нені білдіретінін неліктен есте сақтауымыз керек?

11 Өзімізді шын жүректен Құдайға толық арнағанымыздың белгісі ретінде шомылдыру рәсімінен өткеніміз әрқашан естеріңде болсын. Сендерді ешкім мәжбүрлеп шомылдыру рәсімінен өткізген жоқ. Шешімді өздерің қабылдадыңдар. Ендігі өмірлеріңде өз еріктеріңді Құдайдың еркіне сай келтіруге белдеріңді бекем будыңдар ма? Сендер Құдайдан таза ар-ұждан беруін өтіндіңдер және өмірлеріңді Оған арнағандарыңның белгісі ретінде шомылдыру рәсімінен өттіңдер. Өздеріңді Құдайға арнағандарыңа сай өмір сүріп, таза ар-ұждандарыңды сақтаңдар, сонда Ехобаның мол батасына ие боласыңдар (Нақыл сөздер 10:22).

Ерік бостандықтарыңның маңызы бар

12, 13. Өз еркіміздің өзімізді Құдайға арнап, шомылдыру рәсімінен өткенімізге қандай қатысы бар?

12 Бүкіл жер бетінде миллиондаған адамдар өмірін Құдайға арнап, шомылдыру рәсімінен өткеннің арқасында үлкен баталарға ие болуда. Суға толық батырылу арқылы өзімізді Құдайға арнағанымызда, біз бұрынғы өмір салтымызға байланысты өлгенімізді білдірдік, алайда біз ерік бостандығынан бас тартқан жоқпыз. Дұрыс тәлім алған сенушілер ретінде біз дұғада өзімізді Құдайға арнап, шомылдыру рәсімінен өз еркімізбен өтеміз. Олай етер алдында біз Құдайдың еркі неде екенін анықтап, оны саналы түрде орындауымыз керек (Ефестіктерге 5:17). Осылайша біз Исаға еліктейміз. Ол да өз еркімен ағаш ұстасы ісінен бас тартып, шомылдыру рәсімінен өтіп, өмірін толықтай көктегі Әкесінің еркін орындауға арнаған болатын (Забур 39:8, 9; Жохан 6:38—40).

13 Ехобаның ниеті бойынша Ұлы ‘азап шегуі арқылы кемелділікке жетуі’ керек еді. Сол себепті Иса өз еркімен адалдықпен осындай азаптарға төзуі керек болды. Ол Әкесіне “қатты дауыстап сиынып, көз жасын төгіп жалбарынды және Оған... ұнамды болғандықтан тілегеніне ие болды” (Еврейлерге 2:10, 18; 5:7, 8). Егер осы сияқты Құдайға ұнамды қорқыныш танытатын болсақ, біз де ‘тілегенімізге ие болатынымызға’ және Ехобаның бізді өзіне арналған қызметшілері ретінде нығайтатынына сенімді бола аламыз (Ишая 43:10).

Жүректеріңді мызғымастай берік сақтай аласыңдар

14. Неліктен Киелі кітапты күнделікті оқуымыз керек?

14 Ненің арқасында жүректеріңді мызғымастай берік сақтап, өздеріңді Құдайға арнағандарыңа сай өмір сүре аласыңдар? Құдай Сөзін біле түсу үшін, оны күнделікті оқыңдар. “Адал да саналы” қызметші үнемі бізді осылай етуге жігерлендіреді. Себебі өзімізді Құдайға арнағанымызға лайық өмір сүру үшін әрқашан Құдайдың шындығында жүруіміз керек. Егер Ехобаның ұйымы біле тұра жалған тәлімдерді қолдаған болса, онда Ехоба Куәгерлеріне де, олар уағыздап жүрген адамдарға да ешқашан Киелі кітапты оқуға кеңес бермес еді.

15. а) Шешім қабылдаған кезде нені есте ұстағанымыз жөн? ә) Неліктен мәсіхшілер үшін осы дүниелік жұмыс маңыздылығы жағынан екінші орында деп айтуға болады?

15 Шешім қабылдаған кезде әрқашан өздеріңді Ехобаға арнағандарыңды есте ұстаңдар. Бұл осы дүниелік жұмыстарыңа да қатысты болуы мүмкін. Құдайды даңқтауларыңа көмектесетін жұмысты таңдауға тырысып жүрсіңдер ме? Жұмыс берушілер жалпы мәсіхшілердің сенімді және өз істерінің мамандары болғанымен, олардың даңққұмар еместіктерін, әлдеқайда жоғары ақы төленетін лауазымға ие болу үшін өзгелермен бақталастыққа бармайтынын байқайды. Өйткені Куәгерлер байлыққа, даңққа, беделге немесе билікке қол жеткізуді көздемейді. Өздерін Құдайға арнағандарына сай өмір сүретіндер үшін ең маңыздысы — Құдайдың еркін орындау. Өздерін ең қажетті заттармен қамтамасыз етуге мүмкіндік беретін осы дүниелік жұмыс олар үшін маңыздылығы жағынан екінші орында. Елші Пауыл сияқты олар үшін де ең маңызды іс — мәсіхшілік қызметтері (Елшілердің істері 18:3, 4; 2 Салониқалықтарға 3:7, 8; 1 Тімотеге 5:8). Патшалықтың мүддесін әрдайым өмірлеріңде бірінші орынға қойып жүрсіңдер ме? (Матай 6:25—33).

16. Аса мазаны алған нәрселердің салдарынан өзімізді Құдайға арнағанымызға сай өмір сүру ауыр болса, не істеуімізге болады?

16 Шындықты білгенге дейін кейбір адамдарды көптеген нәрселер мазалаған болуы мүмкін. Алайда Патшалық үмітін қабыл алған кезде, олардың жүректерінің қуанышқа және Құдайға деген ризашылық пен сүйіспеншілікке толғанын айтсаңдаршы! Сол уақыттан бері ие болып келе жатқан баталар жөнінде ой жүгірткендері, оларға өздерін Ехобаға арнағандарына лайық өмір сүрулеріне көмектеседі. Екінші жағынан, егер кейде тікенектердің көк шыбықтың өсіп, өнім беруіне кедергі жасайтыны сияқты осы дүниедегі өмірге тән қиыншылықтар аса мазаны алып, “Құдайдың ізгі хабарын” ескерусіз қалдыруға себеп болып жатса ше? (Лұқа 8:7, 11, 14; Матай 13:22; Марқа 4:18, 19). Егер мұндай жағдай сендерде немесе отбасыларыңда бой көтеріп келе жатқанын байқасаңдар, ауыртпалықтарыңды Ехобаға артыңдар және сүйіспеншіліктерің мен ризашылықтарыңның артуына көмектесуін өтініп дұға етіңдер. Егер ауыртпалықтарыңды Құдайға артсаңдар, Ол сендерді қолдап, әрдайым Өзіне қуанышпен және мызғымастай берік жүрекпен қызмет ете берулеріңе қажетті күш береді (Забур 54:23; Філіпіліктерге 4:6, 7; Аян 2:4).

17. Ауыр сынақтарға қалай төзуге болады?

17 Өзіңді Оған арнаған кезде дұға айтқандарың сияқты Ехобаға үнемі дұға етуді тоқтатпаңдар (Забур 64:3). Дұрыс емес нәрсе жасауға еліктірілген немесе ауыр сынаққа ұшыраған кезде Құдайдың басшылығын іздеп, оны ұстануға көмектесуін өтініңдер. Сенім керек екенін ұмытпаңдар, өйткені шәкірт Жақып былай деген болатын: “Ал кейбіреулерің [сынаққа төзу үшін] даналыққа мұқтаж болсаңдар, Құдайдан сұраңдар, Ол береді де; Тәңіріміз еш жазғырмай-ақ бәріне жомарттықпен бере салады. Тек шүбәланбай, сеніммен сұрауларың керек. Күмәнданған адам жел айдап, соқтығысқан теңіз толқынына ұқсас. Мұндай кісі Жаратқан Иеден бір нәрсе аламын деп күтпесін: Ол екі ойлы, барлық іс-әрекетінде тұрақсыз адам” (Жақып 1:5—8). Егер өзімізді сынаққа төзе алмастай сезінсек, мынаған сенімді болуымызға болады: “Сендер әлі күнге дейін қатты сыналған жоқсыңдар, еліктірген жағдайлар әдетте адамдардың бастарына түсіп жүргендегідей ғана болып келді. Ал Құдай Өзінің уәдесіне берік: Ол төзімдеріңнен артық сыналуларыңа жол бермейді. Еліктірілген кездеріңде соған шыдауға күш-қуат беріп, құтылып шығудың лайықты жолымен қамтамасыз етеді” (1 Қорынттықтарға 10:13).

18. Егер жасырын ауыр күнә өзімізді Құдайға арнағанымызға лайық өмір сүруге деген талпынысымызды әлсіретіп жүрсе не істеуімізге болады?

18 Егер жасырын ауыр күнәнің салдарынан ар-ұждандарың қинап, өздеріңді Құдайға арнағандарыңа лайық өмір сүру шешімдеріңді әлсіретіп жүрсе не істеуге болады? Егер күнәларыңа өкінген болсаңдар, Ехобаның ‘шын өкініп, бағынған жүрекке теріс қарамайтынын’ білгеннен жұбаныш табуларыңа болады (Забур 50:19). Сүюші мәсіхші ақсақалдардың көмегіне жүгініңдер. Олар Ехобаға еліктеп, сендердің көктегі Әкелеріңмен жақсы қарым-қатынастарыңды қалыпқа келтіруді қалаған ниеттеріңе күмәнданбайды (Забур 102:10—14; Жақып 5:13—15). Содан соң қалпына келген рухани күшпен және мызғымастай берік жүрекпен түзу жолмен аяқтарыңды нық баса аласыңдар, сондай-ақ өздеріңді Құдайға арнағандарыңа лайық өмір сүре аласыңдар (Еврейлерге 12:12, 13).

Әрдайым берік жүрекпен қызмет етіңдер

19, 20. Әрдайым өзімізді Құдайға арнағанымызға сай өмір сүргеніміз неліктен маңызды?

19 Осы қиын-қыстау күндері өзімізді Құдайға арнағанымызға лайық өмір сүру және Құдайға әрдайым мызғымастай берік жүрекпен қызмет ету үшін күш салуымыз керек. Иса былай деген болатын: “Ақырына дейін табандылық көрсеткен әркім құтқарылады” (Матай 24:13). Соңғы дәуірде өмір сүріп жатқандықтан, осы дүние кез келген уақытта соңына жетуі мүмкін (2 Тімотеге 3:1). Оның үстіне ешқайсымыз да ертеңгі күні тірі болатын-болмайтынымызды анық білмейміз (Жақып 4:13, 14). Сол себепті әрдайым өзімізді Құдайға арнағанымызға сай өмір сүргеніміз маңызды.

20 Елші Петір екінші хатында бұған ерекше көңіл бөлген болатын. Ол топан су кезінде құдайсыздардың жойылып кеткені сияқты, бейнелеп айтқандағы жер, немесе зұлым адамзат қоғамы, “Ехобаның күні” (ЖД) жойылатынын көрсетті. Сол себепті Петір былай деді: “Сендер қандай болуларың керек? Жүріс-тұрыстарың Тәңірге бағышталып, қасиетті де Оған ұнамды болуға тиіс!” Сондай-ақ ол былай деп жігерлендірді: “Қымбатты бауырластар, бұны алдын ала біліп, сақ болыңдар [жалған ұстаздар мен құдайсыз адамдарға] ілесіп, берік негіздеріңнен айырылып қалып жүрмеңдер!” (2 Петір 3:5—17). Егер шомылдыру рәсімінен өткен адам жолдан тайып, жүрегін берік сақтамағандардың бірі ретінде өліп кетсе, қандай өкінішті болар еді!

21, 22. Забур 57:7-дегі сөздердің растығын Дәуіттің және шынайы мәсіхшілердің өмірінен қалай көруге болады?

21 Шомылдыру рәсімінен өткен қуанышты күндеріңді естеріңде сақтап, сөздерің мен істерің Құдайдың жүрегін қуантуы үшін, Оның көмегін іздеңдер. Сонда өздеріңді Құдайға арнағандарыңа сай өмір сүру шешімдерің әлдеқайда күшейеді (Нақыл сөздер 27:11). Ехоба әрқашан да өз халқының сенімін ақтайды және біз де Оған адал болуымыз керек (Забур 93:14). Ехоба Дәуітке мейірімін төгіп, жанашырлық танытты. Оның жауларының жоспарын бұзып, оны құтқарды. Бұл үшін ризашылық танытқан Дәуіт, өзінің шын берілгендігі мен Құтқарушысына деген берік сүйіспеншілігін жария етті. Ол ыстық сезіммен былай деп шырқады: “Менің жүрегім мызғымастай берік, О, Құдай, менің жүрегім мызғымастай берік. Мен ән айтып, күй шертемін” (Забур 57:7, ЖД).

22 Дәуіт сияқты шынайы мәсіхшілер де Құдайға шын берілгендіктерінен таймайды. Жүректерін берік сақтаған олар өздерінің құтқарылып, аман қалғандары Ехобаның арқасында екенін мойындап, қуана ән шырқап, Оны дәріптейді. Егер жүректерің берік болса, Құдайға сенімді болып, өздеріңді Оған арнағандарыңа сай өмір сүрулеріңе көмектеседі. Иә, сендер “әділ адам” сияқты бола аласыңдар. Ол туралы Забур жыршысы былай деп шырқаған болатын: “Ол тіпті жаман хабардан да қорықпайды: Тәңірге сенім артқан оның жүрегі мызғымастай берік” (Забур 111:6, 7, СА). Құдайға толықтай сенім арту арқылы өздеріңді Оған арнағандарыңа лайық өмір сүріп, Ехобаға әрдайым мызғымастай берік жүрекпен қызмет ете аласыңдар.

Естеріңде ме?

• Неліктен әрі қарай да Киелі кітаптан тура білім ала беруіміз керек?

• Өкініп, Құдайға бет бұрғанымызды неліктен естен шығармауымыз керек?

• Өзімізді Құдайға арнап, шомылдыру рәсімінен өткенімізді ұмытпағанымыздың қандай пайдасы бар?

• Ехобаға әрдайым мызғымастай берік жүрекпен қызмет етуімізге не көмектеседі?

[28-беттегі суреттер]

Мәсіхшілік қызметті ең маңызды іс ретінде қарастыру арқылы Ехобаға әрдайым мызғымастай берік жүрекпен қызмет ете аламыз

[28-беттегі сурет]

Құдай Сөзін күнделікті оқу арқылы рухани күйлеріңді сақтап жүрсіңдер ме?

    Қазақ тіліндегі басылымдар (1997—2026)
    Шығу
    Кіру
    • Қазақ
    • Бөлісу
    • Баптаулар
    • Copyright © 2026 Watch Tower Bible and Tract Society of Pennsylvania
    • Пайдалану тәртібі
    • Құпиялық саясаты
    • Құпиялық параметрлері
    • JW.ORG
    • Кіру
    Бөлісу