Күзет мұнарасының ОНЛАЙН КІТАПХАНАСЫ
Күзет мұнарасының
ОНЛАЙН КІТАПХАНАСЫ
Қазақ
ә
  • ә
  • і
  • ң
  • ғ
  • ү
  • ұ
  • қ
  • ө
  • һ
  • КИЕЛІ КІТАП
  • БАСЫЛЫМДАР
  • КЕЗДЕСУЛЕР
  • w02 1.6. 30—32 бет.
  • Жалғыздықты жеңе аласың

Бұл таңдауда видео жоқ.

Кешіріңіз, видеоны жүктеу кезінде қате шықты.

  • Жалғыздықты жеңе аласың
  • 2002 жылғы Күзет мұнарасы Ехобаның Патшалығын жариялайды
  • Тақырыпшалар
  • Ұқсас мәлімет
  • Ехобаға арқа сүйе
  • “Біріңнің ауыр жүгіңді екіншің көтерісіңдер”
  • “Әркім өз жүгін өзі көтереді”
  • Неге менің достарым жоқ?
    Жастардың сауалдары
  • Жалғыздықты достықпен жеңіңіз. Киелі кітаптың көмегі
    Сан түрлі тақырыптар
  • Жалғыздық жайлап жатқан дүние. Киелі кітапта не делінген?
    Сан түрлі тақырыптар
2002 жылғы Күзет мұнарасы Ехобаның Патшалығын жариялайды
w02 1.6. 30—32 бет.

Жалғыздықты жеңе аласың

ЖАЛҒЫЗДЫҚ жанына батпаған адам жоқ болар. Адам әр түрлі себептермен жалғыздық сезіміне беріледі. Әсіресе ешқашан тұрмыс құрмаған, жесір қалған не ажырасқан әйелдер жалғыздықты қатты сезінеді.

Мысалы, Фрэнсис деген жас әйел бауырласымыз былай дейді: “Мен 23-ке толғанда жолдас қыздарымның барлығы тұрмыс құрып үлгерген болатын; мен өзімді жалғыз қалғандай сезіндім”a. Жылдар өтіп, тұрмыс құруға деген үміт азайған сайын, жалғыздық сезімі ұлғая түсуі мүмкін. Жасы қырықтан асып қалған Сандра: “Өмір бойы салт басты болып қаламын деген ой менің басыма кіріп те шықпаған, әлі де болса, ыңғайы түссе, тұрмыс құрғым келеді”,— деп ағынан жарылды. Жасы елуден асқан Анжела былай деді: “Өмір бақи салт басты болуды мақсат еткен жоқ едім, жай реті келмеді. Мені арнайы ізашар етіп тағайындаған жерде бойдақ ер бауырластарымыз өте аз болатын”.

Көптеген бауырластарымыз ‘тек Иемізбен тығыз байланыстағы’ адаммен тұрмыс құруға қатысты өсиетті орындап, салт басты күйінде жүргендері үшін мақтауға лайық (1 Қорынттықтарға 7:39). Кейбіреулер басы бос кезін дұрыс пайдалануды үйренген, ал өзге біреулері уақыт өткен сайын некеге тұрып, балалы-шағалы болуды аңсай түседі. “Жанымда өмірлік серігім болмағандықтан, үнемі көңілім құлазиды да тұрады”,— дейді Сандра.

Басқа нәрселердің салдарынан да адам өзін жалғыз сезінуі мүмкін. Мұндай себептердің бірі — қартайған ата-анаға қарау. “Біз алты ағайындымыз, бірақ олардың барлығы отбасым болмағандықтан кемпір-шалға менің қарауым керек деп ойлайды,— деп түсіндірді Сандра.— Осы жауапкершіліктің менің мойнымда болғанына, міне, жиырма жыл болды. Егер күйеуім бар болғанда ол маған көмектесер еді, сонда маған жеңілірек болар еді”.

Фрэнсистің сөзінен тағы ненің жалғыздық сезімін үдете түсетіні көрінеді. Ол былай дейді: “Кейде маған: “Неге сен әлі тұрмыс құрмағансың?” — деп тікелей сұрақ қояды. Осындай сұрақтан кейін маған жалғыз басты болғаныма өзім кінәлідей болып көріне бастайды. Егер біреудің тойына бара қалсам, менен міндетті түрде: “Ал сенің тойыңа қашан барамыз?” — деп сұрайды. Осындай кездерде көңіліме: Рухани толысқан бауырластар маған көңіл аудармайтын болса, бойымда мәсіхшілерге тән қандай да бір қасиеттер жетіспейтін шығар, бәлкім, көріксіз болармын деген ой келеді”.

Жалғыздық сезімімен қалай күресуге болады? Өзгелер көмектесе ала ма?

Ехобаға арқа сүйе

Забур жыршысы былай деген: “Ауыртпалығыңды Ехобаға арт, сонда саған өзі демеу болады. Әділеттінің сүрінуіне ол ешқашан жол бермейді” (Забур 54:23, ЖД). Мұндағы еврей тілінен аударылған “ауыртпалық” сөзінің тура мағынасы “тағдыр” дегенді, яғни адамның басына түскен уайым-қайғыны, білдіреді. Ехоба біздің осындай уайымымызды жақсы біледі, сондай-ақ олармен күресуге күш береді. Ехобаға арқа сүйегенінің арқасында ғана Анжела жалғыздық сезімін жеңеді екен. Толық уақытты қызметі жайында ол былай деп әңгімеледі: “Ізашар ретінде қызмет етуді бастағанда серіктесім екеуміз қауым жиналысынан өте алыс тұратынбыз. Біз толығымен Ехобаға арқа сүйеуді үйрендік, мұның маған қазір де пайдасы тиюде. Көңіліме қаяу түскен уақытта бәрін бүкпей Ехобаға айтамын, ол маған көмектеседі. 22-ші Забур жыры үнемі маған үлкен жұбаныш береді. Мен оны жиі оқимын”.

Елші Пауыл үлкен қиыншылықтарды басынан өткізген. Ол кем дегенде ‘үш рет Иемізге сиынып, сол азапты [шаншылып түйрелу азабын] өзінен аластатуды өтінген’. Құдай оның ауыртпалықтарын керемет жасап аластатпады, бірақ оған мейірімін түсіріп, қолдауды уәде етті (2 Қорынттықтарға 12:7—9). Сонымен қатар Пауыл тоқмейіл болудың құпиясын білген. Кейінірек ол былай деп жазды: “Қай жағдайда да қанағат етудің құпиясымен жақсы танысып алдым. Себебі маған күш-қуат беретін Мәсіхпен бірге болсам [“күш-қуат берушінің арқасында”, ЖД], бәріне де төзе аламын” (Філіпіліктерге 4:12, 13).

Көңіліміз құлазып, өзімізді жалғыз сезінгенде Ехобадан қалай күш-қуат алуымызға болады? Пауыл былай деген: “Еш нәрсені уайымдамай, барлық жағдайда өтініштеріңді Құдайға сиынып, тілекпен, шүкіршілікпен білдіріңдер! Сонда Құдайдың адам ақылынан асқан тыныштығы сендердің жүректерің мен ой-саналарыңды Мәсіх Исада сақтайды” (Філіпіліктерге 4:6, 7). Осы кеңесті Сандра іс жүзінде қолданыпты. Ол былай деп әңгімеледі: “Отбасым жоқ болғандықтан, көп уақытты жалғыз өткіземін. Бұл Ехобаға дұға ету үшін керемет уақыт болып табылады. Оның әрқашан қасымда екенін сезініп, қуанышымды да, уайымымды да еркін айта беремін”. Ал Френсис былай дейді: “Мен үнемі теріс ойлармен күресемін де жүремін. Бірақ көңілімдегіні Ехобаға айтамын да, жеңілдеп қаламын. Менің рухани күйім мен не сезініп жүргенім Ехобаға бәрібір емес екендігіне сенімдімін” (1 Тімоте 5:5).

“Біріңнің ауыр жүгіңді екіншің көтерісіңдер”

Мәсіхшілердің арасында ешкім “ауыр жүкті” жалғыз көтермейді. Елші Пауыл: “Біріңнің ауыр жүгіңді екіншің көтерісіңдер, сөйтіп Мәсіхтің өсиетін орындайсыңдар”,— деп шақырған (Ғалаттықтарға 6:2). Бауырластардың жалғыз бастыларды ‘жақсы сөздерімен’ жігерлендірулеріне болады, сонда жалғыздықтың жүгі жеңілдейді (Нақыл сөздер 12:25, СА).

Жазбалардағы Исраил билерінің бірі Ефтаның қызы туралы жазылғанды еске алайықшы. Аммондықтарды жеңбес бұрын Ефта үйінен бірінші болып шыққанды Ехобаға бағыштаймын деп ант береді. Бірінші болып алдынан қызы шығады (Билер 11:30, 31, 34—36). Өмір бақи салт басты болып, үйлі-баранды болу сияқты табиғи нәрседен бас тартуы керек болатынына қарамастан, Ефтаның қызы әкесінің берген антын орындауға даярлықпен келіседі. Оның осындай жанқиярлығы елеусіз қалды ма? Жоқ, керісінше, “жыл сайын ғалақадтық Ефтаның қызын көтермелеу үшін Исраилдің қыздары келіп, сонда төрт күн болатын” (Билер 11:40, ЖД). Иә, біреудің көтермелегені жігер береді. Сондықтан лайықты бауырластарымызды жігерлендіруді ұмытпайық.

Исаның үлгісі бізді көп нәрсеге үйретеді. Еврейлер арасында әдетте ер кісілер әйелдермен араласпайтын, сөйтсе де Иса Мәриям және Мартамен достық қарым-қатынаста болған. Әсте, олар жесір не салт басты болса керек. Иса ол екеуінің де өзімен араласу арқылы рухани пайда көргенін қалаған (Лұқа 10:38—42). Біз де Исаның үлгісіне еліктеп, тұрмыс құрмаған бауырластарымызды достарымызбен кездесу кешіне немесе уағыздау қызметіне шақыруымызға болады (Римдіктерге 12:13). Осылайша көңіл бөлгеніміз олар үшін бағалы ма? Бір бауырласымыз былай деді: “Бауырластарымның мені жақсы көріп, бағалайтынын білемін, сөйтсе де олардың жеке көңіл бөлгені мен үшін ерекше бағалы”.

“Біздің қасымызда бастан сипап, арқадан қағар ешкім жоқ,— дейді Сандра,— сондықтан өзгелерге қарағанда басқалардың сүйіспеншілік танытқанына анағұрлым мұқтажбыз, өзімізді бауырластар отбасының мүшесі ретінде сезіну де біз үшін маңызды”. Әрине, Ехоба тұрмыс құрмаған бауырластарымыздың қамын ойлайды, бірақ біз де өз тарапымыздан оларға сүйіспеншілік танытып, көңіл бөлуіміз керек (1 Петір 5:6, 7). Біздің осылайша күш салғанымыз еш кетпейді, өйткені “пақырға игілік жасаған кісі Тәңірге қарыз береді, жасаған игілігі үшін оған Тәңірден қайтады” (Нақыл сөздер 19:17, СА).

“Әркім өз жүгін өзі көтереді”

Өзгелердің көмек көрсетуі мен қолдауы жігер бергенімен, “әркім өз жүгін өзі көтереді” (Ғалаттықтарға 6:5, СА). Жалғыздық жүгін көтеріп жүргенде қауіптің де бар екенін ұмытпалық. Мысалы, тұйық мінездікке салынар болсақ, бойымызды жалғыздық билеп алады. Керісінше, өзгелерге сүйіспеншілік танытар болсақ, жалғыздықты жеңе аламыз (1 Қорынттықтарға 13:7, 8). Жағдайымыздың қандай болғанына қарамастан, бақытты болудың бірден бір жолы — өзгелерге жақсылық жасау (Елшілердің істері 20:35). “Өзімнің жалғыз екендігімді ойлануға уақытым жоқ,— дейді ізашар ретінде қызмет ететін бауырласымыз.— Қажетті де маңызды іспен айналысып жүргенде, жалғыздықты сезінбеймін”.

Сонымен қатар жалғыздықтан құтылудың жолын іздеп, ойланбастан кез келгенмен жолдас болудан абай болуымыз керек. Мысалы, тұрмыс құруға ынтығып қиыншылықтар туатынына да қарамай, Киелі кітаптағы кеңесті де ескермей, сенуші емес адамның жетегінде кеткеніміз қандай өкінішті болар еді! (2 Қорынттықтарға 6:14). Күйеуімен ажырасып кеткен бір әйел: “Тұрмысқа сәтсіз шыққаннан гөрі, жалғыз қалған артық”,— дейді.

Егер қазір проблеманы шешу мүмкін емес болса, онымен күресуді үйренген абзал. Құдайдың көмегінің арқасында жалғыздық сезімін жеңуге болады. Әрі қарай да Ехобаға қызмет ете берер болсақ, уақыты жеткенде Оның барлық қажеттіліктерімізді қанағаттандыратынына күмәнданбасақ та болады (Забур 144:16).

[Сілтеме]

a Осы мақалада сөздері келтірілген бауырластарымыздың есімдері өзгертілген.

[32-беттегі суреттер]

Өзгелерге сүйіспеншілік таныту арқылы жалғыздық сезімін жеңуге болады

    Қазақ тіліндегі басылымдар (1997—2026)
    Шығу
    Кіру
    • Қазақ
    • Бөлісу
    • Баптаулар
    • Copyright © 2026 Watch Tower Bible and Tract Society of Pennsylvania
    • Пайдалану тәртібі
    • Құпиялық саясаты
    • Құпиялық параметрлері
    • JW.ORG
    • Кіру
    Бөлісу