Күзет мұнарасының ОНЛАЙН КІТАПХАНАСЫ
Күзет мұнарасының
ОНЛАЙН КІТАПХАНАСЫ
Қазақ
ә
  • ә
  • і
  • ң
  • ғ
  • ү
  • ұ
  • қ
  • ө
  • һ
  • КИЕЛІ КІТАП
  • БАСЫЛЫМДАР
  • КЕЗДЕСУЛЕР
  • w26 ақпан 30-б.—31-б., 7-абз.
  • Оқырман сауалдары

Бұл таңдауда видео жоқ.

Кешіріңіз, видеоны жүктеу кезінде қате шықты.

  • Оқырман сауалдары
  • Күзет мұнарасы Ехоба Құдайдың Патшалығын жариялайды (зерттеуге арналған). 2026
  • Ұқсас мәлімет
  • Оқырман сауалдары
    Күзет мұнарасы Ехоба Құдайдың Патшалығын жариялайды (зерттеуге арналған). 2025
  • Дін атаулымен не болмақ? Киелі кітаптың айтары бар
    Сан түрлі тақырыптар
  • “Соңғы күндердің” соңғы күндерінде қолымыз босамасын
    Күзет мұнарасы Ехоба Құдайдың Патшалығын жариялайды (зерттеуге арналған). 2019
  • Осы дүниенің ақыры қалай келмек?
    2012 жылғы Күзет мұнарасы Ехоба Құдайдың Патшалығын жариялайды
Күзет мұнарасы Ехоба Құдайдың Патшалығын жариялайды (зерттеуге арналған). 2026
w26 ақпан 30-б.—31-б., 7-абз.
Әлемдік көшбасшылар Біріккен Ұлттар Ұйымының ғимаратының алдында қалың жұртқа “бейбітшілік пен қауіпсіздік” деп жариялап жатыр.

Оқырман сауалдары

Үкіметтер “бейбітшілік пен қауіпсіздік” деп қашан жариялайды?

Жақында шыққан “Күзет мұнарасының”a “Оқырман сауалдарында” Ехоба жуырда “он мүйізге” (барлық үкіметтерге) өз биліктерін “ал қызыл жыртқыш аңға”, яғни Біріккен Ұлттар Ұйымына беру жайлы “ой салатыны” айтылған еді. Бұл жыртқыш аң Киелі кітапта “жыртқыш аңның мүсіні” деп те аталған (Аян 13:14, 15; 17:3, 16, 17). Кейін “он мүйіз” бен билікке ие болған жыртқыш аң дүниежүзіндегі барлық жалған діндерді жояды. Осы орайда бір сұрақ туындайды: үкіметтер “бейбітшілік пен қауіпсіздік”b деп жалған діндер жойылғаннан кейін жариялай ма, әлде оған дейін бе? (Сал. 1-х. 5:3).

Бір сөзбен айтқанда, “бейбітшілік пен қауіпсіздік” деп нақты қашан жарияланатынын біз білмейміз. Мұны білсек, бізге қырағы әрі сергек болудың қажеті болмас еді. Иса да “сергек болуымыз” керектігін қайта-қайта ескерткен (Мат. 24:42; 25:13; 26:41). Десе де қазір елші Пауылдың жазған пайғамбарлығын тереңірек қарастырып көрейік.

Пауыл былай деп жазған: “Жұрт: “Міне, бейбітшілік пен қауіпсіздік!”— деп жүргенде,.. олардың да жойылатын кезі кенеттен келеді” (Сал. 1-х. 5:2, 3). Бұл сөздер біздің әдебиеттерімізде осыған дейін былай деп түсіндіріліп келді: алдымен үкіметтер “бейбітшілік пен қауіпсіздік” деп жариялайды, артынша дүниежүзілік жалған діндер империясы Ұлы Бабыл жойылып, зор алапат басталады. Демек, бұрын біз “бейбітшілік пен қауіпсіздік” жалған діндер жойылғанға дейін жарияланады деп ойладық.

Бірақ бұл сұрақты мұқият қарастыра келе жағдай басқаша да өрбуі мүмкін екенін түсіндік. “Бейбітшілік пен қауіпсіздік” жалған діндер жойылғаннан кейін жариялануы да мүмкін. Былай деуге бірнеше себеп бар. Қазір келесі сұрақтарды қарастырып көрейік:

Жалған діндердің соғыстарға қандай қатысы бар? Тікелей қатысы бар екені Киелі кітапта былай түсіндіріледі: “Өлтірілгендердің бәрінің қаны осы қаладан [Ұлы Бабылдан] табылды” (Аян 17:1, 5; 18:24). Адамзат өмір сүргелі бері діндер қанды қырғын соғыстар мен терроризмге себепші болып келеді. Сондықтан олар барда бейбітшілік пен қауіпсіздікке қол жеткізу мүмкін емес. Демек, үкіметтер “бейбітшілік пен қауіпсіздік” деп жалған діндер жойылғаннан кейін ғана жариялауы мүмкін. Нақты болмаса да, бұл — қисынды болжам.

“Бейбітшілік пен қауіпсіздік” жарияланғаннан кейін не болмақ? Пауыл: “Олардың да [үкіметтердің] жойылатын кезі кенеттен келеді”,— деп жазған (Сал. 1-х. 5:3). Егер үкіметтер “бейбітшілік пен қауіпсіздік” деп жалған діндер жойылғанға дейін жарияласа, онда жалған діндер мен үкіметтердің жойылуына біраз уақыт қажет болады. Ал егер “бейбітшілік пен қауіпсіздік” жалған діндер жойылғаннан кейін жарияланса, онда тармақта айтылғандай, үкіметтердің барлығы кенеттен, яғни көзді ашып жұмғанша жойылады.

Ехобаның халқы үшін де бұл жағдайлар аяқастынан бола ма? Пауыл былай деп жазған: “Бауырластар, сендер ұрылар сияқты түнекте емессіңдер, сондықтан бұл күн сендер үшін қапылыста келмейді” (Сал. 1-х. 5:4). Егер үкіметтер “бейбітшілік пен қауіпсіздік” деп жалған діндер жойылғаннан кейін жарияласа, онда Ехобаның қызметшілері міне-міне үкіметтердің жойылатынын түсінетін болады. Демек, олар үшін бұл күн қапылыста келмейді. Ал үкіметтер үшін бұл күн ұры іспетті ойламаған жерден келеді.

Сонымен бізді алда қандай оқиғалар күтіп тұр? Жақын арада “он мүйіз” бен билікке ие болған жыртқыш аң жалған діндерді құртады, бұл зор алапаттың бастауы болмақ. Сол уақыттары үкіметтер “бейбітшілік пен қауіпсіздік” деп жариялайды. Бірақ бұл нақты қашан болатынын дөп басып айта алмаймыз. Қарастырғанымыздай, жағдай екі түрлі өрбуі мүмкін: үкіметтер “бейбітшілік пен қауіпсіздік” деп жалған діндерді жойғанға дейін немесе жойғаннан кейін жариялауы мүмкін. Нақты қалай болатынын уақыты келгенде көреміз. Өйткені біз Киелі кітаптағы пайғамбарлықтарды орындалып жатқанда немесе орындалып қойғаннан кейін толық түсініп жатамыз (Жохан 12:16 салыстырыңыз).

Біз үшін ең маңыздысы, “бейбітшілік пен қауіпсіздіктің” нақты қашан жарияланатыны емес, Құдайға адал болып қалғанымыз. Сондықтан кез келген жағдайға дайын болу үшін “ояу әрі қырағы” жүрейік (Сал. 1-х. 5:6).

a “Күзет мұнарасы”, қараша, 2025 жыл.

b Түпнұсқада бұл тармақ “бейбітшілік пен қауіпсіздік” бір емес, бірнеше рет жариялануы мүмкін екеніне нұсқайды.

    Қазақ тіліндегі басылымдар (1997—2026)
    Шығу
    Кіру
    • Қазақ
    • Бөлісу
    • Баптаулар
    • Copyright © 2026 Watch Tower Bible and Tract Society of Pennsylvania
    • Пайдалану тәртібі
    • Құпиялық саясаты
    • Құпиялық параметрлері
    • JW.ORG
    • Кіру
    Бөлісу