Күзет мұнарасының ОНЛАЙН КІТАПХАНАСЫ
Күзет мұнарасының
ОНЛАЙН КІТАПХАНАСЫ
Қазақ
ә
  • ә
  • і
  • ң
  • ғ
  • ү
  • ұ
  • қ
  • ө
  • һ
  • КИЕЛІ КІТАП
  • БАСЫЛЫМДАР
  • КЕЗДЕСУЛЕР
  • w12 15.9. 3—7 бет.
  • Осы дүниенің ақыры қалай келмек?

Бұл таңдауда видео жоқ.

Кешіріңіз, видеоны жүктеу кезінде қате шықты.

  • Осы дүниенің ақыры қалай келмек?
  • 2012 жылғы Күзет мұнарасы Ехоба Құдайдың Патшалығын жариялайды
  • Тақырыпшалар
  • Ұқсас мәлімет
  • ЕХОБАНЫҢ КҮНІНІҢ ТУРА ҚАРСАҢЫНДА НЕ БОЛМАҚ?
  • ӨЗІНЕ ТЫМ СЕНІМДІ БОЛАТЫН “ПАТШАЙЫМ”
  • ҚҰДАЙ ХАЛҚЫНА ШАБУЫЛ
  • ХАЛЫҚТАР ЕХОБАНЫ МОЙЫНДАУҒА МӘЖБҮР БОЛАДЫ
  • БАСҚА ДЕРЖАВА ПАЙДА БОЛМАЙДЫ
  • ҚҰДАЙДЫҢ БАСТЫ ЖАУЫ ҰСТАЛАДЫ
  • БЕЙБІТ ЗАМАНҒА АПАРАТЫН ОҚИҒАЛАР
  • Құдай Патшалығы жауларының көзін құртады
    Құдай Патшалығы билік етуде!
  • Армагеддонды тағатсыздана күтейік!
    Күзет мұнарасы Ехоба Құдайдың Патшалығын жариялайды (зерттеуге арналған). 2019
  • Ехоба “жуырда болатын жайттарды” ашады
    2012 жылғы Күзет мұнарасы Ехоба Құдайдың Патшалығын жариялайды
  • Оқырман сауалдары
    2015 жылғы Күзет мұнарасы Ехоба Құдайдың Патшалығын жариялайды
Көбірек мәлімет
2012 жылғы Күзет мұнарасы Ехоба Құдайдың Патшалығын жариялайды
w12 15.9. 3—7 бет.

Осы дүниенің ақыры қалай келмек?

“Сендер ұрылар сияқты түнекте емессіңдер, сондықтан бұл күн сендер үшін қапылыста келмейді” (САЛ. 1-Х. 5:4).

ТҮСІНДІРІП БЕРЕ АЛАСЫҢДАР МА?

Келесі жазба орындарында әлі көрінбейтін қандай оқиғалар жазылған?

  • Салоникалықтарға 1-хат 5:3

  • Аян 17:16

  • Даниял 2:44

1. Бізге сергек болып, қиыншылықтарға төзуге не көмектеседі?

ЖАҚЫН БОЛАШАҚТА жерді дүр сілкіндіретін оқиғалар болмақ. Мұны Киелі кітаптағы пайғамбарлықтардан білеміз. Демек, бізге сергек болу керек. Сергек болуға бізге не көмектеседі? Елші Пауыл “назарымызды... көрінбейтін нәрселерге тігуге” шақырады. Көкте не жерде өмір сүруге үміттенбейік, бәріміз де мәңгі өмір сыйын есімізде ұстауымыз керек. Мәнмәтіннен көрінетіндей, Пауыл бұл сөздерді адал сенушілерді өздерін күтіп тұрған жарқын болашаққа көз тігуге жігерлендіру үшін жазған. Бұлай еткендері оларға қиыншылықтар мен қуғын-сүргінге төзуге көмектесер еді (Қор. 2-х. 4:8, 9, 16—18; 5:7).

2. а) Үмітіміз берік болу үшін не істеу керек? ә) Осы және келесі мақалада нені қарастырамыз?

2 Пауылдың сөздерінде бір маңызды қағида бар: Үмітіміз берік болу үшін, көз алдымыздағыны ғана емес, әлі көрінбейтін маңызды оқиғаларды да көре білуіміз керек (Евр. 11:1; 12:1, 2). Олай болса, мәңгі өмір сүру үмітімізбен тығыз байланысы бар болашақта орын алатын он оқиғаны осы және келесі мақалада қарастырайық.

ЕХОБАНЫҢ КҮНІНІҢ ТУРА ҚАРСАҢЫНДА НЕ БОЛМАҚ?

3. а) Салоникалықтарға 1-хат 5:2, 3-ке сай, келешекте қандай оқиға орын алмақ? ә) Саяси көшбасшылар не істемек және оларға кімдер қосылуы мүмкін?

3 Салоникалықтарға жазған хатында Пауыл алдағы уақытта орын алатын оқиға туралы айтып кеткен (Салоникалықтарға 1-хат 5:2, 3 оқы). Елші “Ехобаның күні” туралы баяндайды. Бұл жазба орнында “Ехобаның күні” жалған діннің жойылуынан басталып, Армагеддон шайқасымен аяқталатын кезеңді білдіреді. Алайда бұл күннің тура қарсаңында әлемнің көшбасшылары: “Міне, бейбітшілік пен қауіпсіздік!”— деп жар салады. Бұл пайғамбарлық бір оқиғаға не бірқатар оқиғаларға меңзеуі мүмкін. Бәлкім, ол кезде халықтар күрделі проблемалардың шешімін таптық деп ойлайтын шығар. Ал діни көсемдер туралы не деуге болады? Олар осы дүниенің бір бөлігі ғой, ендеше олар да саяси көшбасшыларға қосылып жар салуы мүмкін (Аян 17:1, 2). Мұнымен олар ежелгі Яһуданың жалған пайғамбарларына еліктейді. Ехоба сол пайғамбарлар туралы былай деген болатын: “Олар: “Амандық пен тыныштық болады!” деп халықты алдайды. Алайда амандық пен тыныштық жоқ қой!” (Ерм. 6:14; 23:16, 17).

4. Біз адамдардың көбісі білмейтін қандай нәрселерді білеміз?

4 “Міне, бейбітшілік пен қауіпсіздік!” деп кімдер жар салмасын, бұл Ехобаның күні басталғанын білдірмек. Сондықтан да Пауыл былай деген болатын: “Бауырластар, сендер ұрылар сияқты түнекте емессіңдер, сондықтан бұл күн сендер үшін қапылыста келмейді. Өйткені бәрің де жарықтың ұлдарысыңдар” (Сал. 1-х. 5:4, 5). Біз болашақта орын алатын оқиғалардың мағынасын түсінеміз. Ал адамзаттың басым көпшілігіне бұл беймәлім. Әрине, аталмыш пайғамбарлықтың нақты қалай орындалатынын біз білмейміз. Оны уақыт көрсетеді. Ендеше әрқашан “ояу әрі қырағы жүрейік” (Сал. 1-х. 5:6; Соф. 3:8).

ОРЫН АЛАТЫН БЕС ОҚИҒА:

  1. Әлемнің көшбасшылары: “Міне, бейбітшілік пен қауіпсіздік!”— деп жар салады

  2. Халықтар Ұлы Бабылға шабуыл жасап, оны күл талқан етеді

  3. Ехобаның халқына шабуыл жасалады

  4. Армагеддон шайқасы болады

  5. Шайтан мен жын-перілер тұңғиыққа тасталады

ӨЗІНЕ ТЫМ СЕНІМДІ БОЛАТЫН “ПАТШАЙЫМ”

5. а) “Зор алапат” неден басталады? ә) Өзіне тым сенімді болатын “патшайым” деген кім?

5 Ал содан кейін қандай оқиға болмақ? Пауыл: “Жұрт: “Міне, бейбітшілік пен қауіпсіздік!”— деп айтатын уақытта... олардың жойылуы кенеттен келеді”,— деді. Бұл жойылу “жезөкше” деп те аталатын Ұлы Бабылға, яғни дүниежүзілік жалған діндер империясына қарсы шабуылдан басталады (Аян 17:5, 6, 15). Жолдан тайған христиан әлемін қоса алғанда, барлық жалған діндерге қарсы шабуыл “зор алапаттың” бастамасы болмақ (Мат. 24:21; Сал. 2-х. 2:8). Көпшілік үшін бұл күтпеген жағдай болады. Неліктен? Өйткені сол сәтке дейін жезөкше өзін “патшайым” санап, ешқашан “қайғы-қасірет шекпейтініне” сенімді болады. Бірақ оның жағдайы табан астынан өзгереді. Ол “бір күннің ішінде”, яғни өте тез жойылмақ (Аян 18:7, 8).

6. Жалған дін атаулыны кім жояды?

6 Құдай Сөзінде жезөкшеге “он мүйізді жыртқыш аңның” шабуылдайтыны айтылған. Аян кітабын зерттей келе, бұл жыртқыш аңның Біріккен Ұлттар Ұйымын (БҰҰ) бейнелейтінін көруге болады. Ал оның “он мүйізі” осы “ал қызыл жыртқыш аңды” қолдайтын барлық саяси күштерді білдіредіa (Аян 17:3, 5, 11, 12). БҰҰ-ға мүше болып отырған халықтар жезөкшенің байлығын талан-таражға салады, істерін әшкерелейді, “тәнін жалмап, түгелдей өртеп жібереді”. Ұлы Бабыл біржола жоқ болады (Аян 17:16 оқы).

7. “Жыртқыш аңның” шабуылына не түрткі болады?

7 Киелі кітапта аталмыш шабуылға ненің түрткі болатыны да айтылған. Ехоба “олардың жүректеріне өз ойын салып, жүзеге асыртады”, яғни жезөкшені жойғызады (Аян 17:17). Көп жағдайда әлемдегі қақтығыстарда отқа май құйып жатқан — жалған діндер. Сол себепті оларды жойып жатқанда, халықтар мұны өзіміздің ұлттық мүддеміз үшін жасап жатырмыз деп ойлайды. Олар өздерінің “ортақ ойларын” орындап жатқандарына сенімді болмақ. Бірақ, шындығына келгенде, олар Құдайдың жалған дін атаулыны жою үшін қолданатын құралы болады. Сонымен, Шайтан дүниесінің бір бөлігі екіншісіне табан астынан лап бермек, әрі Шайтан мұны болдырмау үшін еш нәрсе істей алмайды (Мат. 12:25, 26).

ҚҰДАЙ ХАЛҚЫНА ШАБУЫЛ

8. “Магог еліндегі Гог” қандай шабуыл жасамақ?

8 Жалған дін жойылғаннан кейін, Құдайдың шынайы қызметшілері “бейқам өмір сүре” береді (Езек. 38:11, 14). Ехобаға ғибадат етулерін жалғастырып, қорғансыз болып көрінетін осы адамдармен не болады? Оларға “көптеген халық” жаппай шабуыл жасайтынға ұқсайды. Құдай Сөзінде айтылғандай, бұл шабуылды “Магог еліндегі Гог” бастамақ (Езекиел 38:2, 15, 16 оқы). Біз бұл шабуылдан үрейлене қорқуымыз керек пе?

9. а) Мәсіхшілерді толғандыратын басты нәрсе не? ә) Сенімімізді нығайту үшін не істеуіміз қажет?

9 Құдай халқына жасалатын шабуыл жайлы алдын ала білсек те, біз шектен тыс уайымдамаймыз. Бізді толғандыратын басты нәрсе — өзіміздің аман қалуымыз емес, Ехобаның есімінің қастерленуі мен билігінің ақталуы. Ехоба Езекиел кітабында халықтарға 60-тан астам рет: “Сонда сендер Менің Жаратқан Ие [“Ехоба” ЖД] екенімді білетін боласыңдар”,— деп айтқан (Езек. 6:7). “Ехоба өзіне шын берілгендерді сынақтан қалай құтқаруды білетініне” сене отырып, біз пайғамбарлықтың осы бөлігінің орындалуын тағатсыздана күтудеміз (Пет. 2-х. 2:9). Ал әзірше әрбір мүмкіндікті пайдаланып, сенімімізді нығайтайық. Сонда кез келген сынақта Ехобаға деген адалдығымызды сақтай алатын боламыз. Сенімімізді нығайту үшін не істеу керек? Бізге дұға айту, Құдай Сөзін зерттеу, оқығандарымыздың үстінен ой жүгірту әрі Патшалық хабарын уағыздау қажет. Сонда мәңгілік өмір сүру үмітіміз “зәкір” іспетті берік болмақ (Евр. 6:19; Заб. 24:21).

ХАЛЫҚТАР ЕХОБАНЫ МОЙЫНДАУҒА МӘЖБҮР БОЛАДЫ

10, 11. Армагеддонның басталғаны неден көрінеді және сол кезде қандай жағдай орын алмақ?

10 Ехобаның халқына жасалатын шабуыл жерді дүр сілкіндіретін қандай оқиғаға түрткі болады? Ехоба Иса мен көктегі әскерді қолданып, өз халқының игілігі үшін араша түседі (Аян 19:11—16). Бұл “Құдіретті Құдайдың ұлы күні болатын соғысы” Армагеддон болмақ (Аян 16:14, 16).

11 Ехоба осы соғыс туралы Езекиел арқылы былай деді: “Мен бүкіл таулы елімде Гогқа қарсы семсерді жіберемін, әркімнің семсері өзінің серігіне қарсы жұмсалатын болады,— деп ескертеді Жаратушы Тәңір Ие”. Зәре-құты қалмаған Шайтанның адамдары сасқандарынан қаруларын өз әскеріне қарсы жұмсайды. Иә, Шайтанның зұлым дүниесі жойылады. “Мен [Гогтың] өзі мен қалың әскерінің, әрі оған еріп келген көптеген халықтың бастарына... от пен қайнаған күкіртті төгемін”,— дейді Ехоба (Езек. 38:21, 22). Ехобаның араша түскені қандай нәтижеге алып келмек?

12. Халықтар не істеуге мәжбүр болады?

12 Халықтар ойсырата жеңілгендері Ехобаның еркімен болғанын түсінеді. Сонда Шайтанның әскерлері ежелде Қызыл теңіздің ортасында тұрған мысырлықтар сияқты жан дауыстарымен: “Олар үшін Жаратқан Ие... шайқасып жатыр”,— деп айқай салатын шығар (Мыс. ш. 14:25). Иә, халықтар Ехобаны мойындайтын болады (Езекиел 38:23 оқы). Бұл оқиғалардың басталуына біз қаншалықты жақын тұрмыз?

БАСҚА ДЕРЖАВА ПАЙДА БОЛМАЙДЫ

13. Даниял сипаттаған мүсіннің бесінші бөлігі жайлы не білеміз?

13 Даниял кітабындағы бір пайғамбарлық қандай уақытта өмір сүріп жатқанымызды анықтауға көмектеседі. Даниял түрлі металдан тұратын адам кейпіндегі мүсінді сипаттайды (Дан. 2:28, 31—33). Бұл мүсін Құдай халқына зор ықпал ететін әлемдік державаларды бейнелейді. Олар: Бабыл, Мидия мен Парсы, Грекия, Рим және біздің уақытта бой көтерген соңғы держава. Даниялдың пайғамбарлығын зерттеудің арқасында ақырғы әлемдік державаны мүсіннің аяғы мен башпайлары бейнелейтіні анықталды. Бірінші дүниежүзілік соғыс кезінде Британия мен Құрама Штаттар ерекше одақ құрған болатын. Иә, мүсіннің бесінші бөлігі — Англо-америка державасы. Аяқ — мүсіннің соңғы бөлігі, демек, әлем сахнасында басқа ешқандай держава пайда болмайды. Мүсіннің аяғы мен башпайларының темір және қышпен аралас болғаны Англо-америка державасының әлсіз күйін бейнелейді.

14. Армагеддон келген кезде әлемді қандай держава билеп тұрады?

14 Даниялдың осы пайғамбарлығына сай, 1914 жылы Ехобаның бүкіләлемдік билігін бейнелейтін таудан Құдай Патшалығын бейнелейтін дәу тас қашалып жасалды. Бұл тас қазір өз нысанасына, яғни мүсіннің аяғына қарай ұшып келеді. Армагеддонда мүсіннің аяғы мен басқа бөліктері қиратылады (Даниял 2:44, 45 оқы). Демек, Армагеддон келген кезде әлемді әлі де Англо-америка державасы билеп тұрады. Осы пайғамбарлықтың толықтай орындалуының куәсі болу неткен керемет болады десеңші!b Ал Ехоба Шайтанды қалай жазалайды?

ҚҰДАЙДЫҢ БАСТЫ ЖАУЫ ҰСТАЛАДЫ

15. Армагеддон шайқасынан кейін Шайтан мен оның жын-перілерімен не болмақ?

15 Алдымен, Шайтан жердегі ұйымының түптамырымен жойылғанын көреді. Сосын оның өзі де жазаға тартылады. Елші Жохан оқиғаның қалай өрбитінін жазып кеткен болатын (Аян 20:1—3 оқы). Қолында “тұңғиықтың кілті... бар періште” Иса Мәсіх Шайтан мен жын-перілерді ұстап алып, тұңғиыққа лақтырады да, мың жылға қамайды (Лұқа 8:30, 31; Жох. 1-х. 3:8). Бұл әрекет жыланның басы мыжылатынына қатысты пайғамбарлықтың орындалуының бастамасы болып табыладыc (Жар. 3:15).

16. “Тұңғиықта” Шайтанның күйі қандай болады?

16 Шайтан мен жын-перілер лақтырылатын “тұңғиық” нені білдіреді? Бұл — Ехоба мен қолында “тұңғиықтың кілті бар” тағайындалған періштеден басқа ешкім бара алмайтын жер. Онда Шайтан өлім сияқты іс-әрекетсіз күйде болып, халықтарды адастыра алмайтын болады. Расында да, “ақырған арыстанның” аузы жабылады (Пет. 1-х. 5:8).

БЕЙБІТ ЗАМАНҒА АПАРАТЫН ОҚИҒАЛАР

17, 18. а) Біз әлі көзге көрінбейтін қандай бес оқиғаны қарастырдық? ә) Осы оқиғалардан кейін біз қандай кезеңнін рақатын көреміз?

17 Алдағы уақытта жерді дүр сілкіндіретін маңызды оқиғалар орын алады. Біз “Міне, бейбітшілік пен қауіпсіздік!” деп жар салынатын кезді асыға күтудеміз. Содан кейін біз Ұлы Бабылдың жойылуы, Магог еліндегі Гогтың шабуылы және Армагеддон соғысының куәсі боламыз. Ал сосын Шайтан мен жын-перілер тұңғиыққа тасталады. Осы оқиғалардан кейін, зұлымдық құрып жоқ болғанда, өміріміздің жаңа бір дәуірін бастаймыз. Бұл әділдер “бейбіт өмірдің рақатын мол көретін” Мәсіхтің мыңжылдық билігі кезінде болмақ (Заб. 36:10, 11).

18 Аталмыш бес оқиғамен қоса назарымызды тіккіміз келетін көзге “көрінбейтін” басқа да оқиғалар бар. Бұларды біз келесі мақалада қарастыратын боламыз.

a “Аян. Оның салтанатты шарықтау шегі жақын!” (ор.) кітабының 251—258 беттерін қара.

b “Киелі жазбалар. Жаңа дүние аудармасында” Даниял 2:44-те Құдай Патшалығы “осы патшалықтардың барлығын біржола қиратады” делінген. Бұл сөздер мүсіннің әртүрлі бөлігі бейнелейтін патшалықтарды, яғни державаларды білдіреді. Алайда Киелі кітаптың басқа бір пайғамбарлығында “Құдіретті Құдайдың ұлы күні” “жержүзінің патшалары” Ехобаға қарсы шығу үшін жиналатыны айтылған (Аян 16:14; 19:19—21). Демек, Армагеддон шайқасында мүсіннің әртүрлі бөліктерімен бейнеленген патшалықтар ғана емес, адамдардың барлық үкіметтері жойылады.

c Мың жыл өткеннен кейін Шайтан мен жын-перілер “от пен күкірт жанып жатқан көлге” лақтырылғанда, жыланның басы біржола мыжылатын болады (Аян 20:7—10; Мат. 25:41).

    Қазақ тіліндегі басылымдар (1997—2026)
    Шығу
    Кіру
    • Қазақ
    • Бөлісу
    • Баптаулар
    • Copyright © 2026 Watch Tower Bible and Tract Society of Pennsylvania
    • Пайдалану тәртібі
    • Құпиялық саясаты
    • Құпиялық параметрлері
    • JW.ORG
    • Кіру
    Бөлісу