Күзет мұнарасының ОНЛАЙН КІТАПХАНАСЫ
Күзет мұнарасының
ОНЛАЙН КІТАПХАНАСЫ
Қазақ
ә
  • ә
  • і
  • ң
  • ғ
  • ү
  • ұ
  • қ
  • ө
  • һ
  • КИЕЛІ КІТАП
  • БАСЫЛЫМДАР
  • КЕЗДЕСУЛЕР
  • w25 қараша 31-б.
  • Оқырман сауалдары

Бұл таңдауда видео жоқ.

Кешіріңіз, видеоны жүктеу кезінде қате шықты.

  • Оқырман сауалдары
  • Күзет мұнарасы Ехоба Құдайдың Патшалығын жариялайды (зерттеуге арналған). 2025
  • Ұқсас мәлімет
  • Аян кітабы Құдайдың жауларына қатысты не ашады?
    Күзет мұнарасы Ехоба Құдайдың Патшалығын жариялайды (зерттеуге арналған). 2022
  • Қорқынышты аңдардан үрейленбеңіз
    “Мәсіхшілік өміріміз бен қызметіміз” жұмыс дәптері (2019)
  • Ехоба “жуырда болатын жайттарды” ашады
    2012 жылғы Күзет мұнарасы Ехоба Құдайдың Патшалығын жариялайды
Күзет мұнарасы Ехоба Құдайдың Патшалығын жариялайды (зерттеуге арналған). 2025
w25 қараша 31-б.

Оқырман сауалдары

Жуырда Ехоба үкіметтерге қандай “ой” салады?

Зор алапаттың неден басталатыны туралы Аян 17:16, 17-де былай айтылған: “Өзің көрген он мүйіз бен жыртқыш аң жезөкшені жек көріп кетеді, оны талан-тараж етіп, жалаңаштайды және тәнін жалмап, түгелдей өртеп жібереді. Себебі Құдай олардың жүректеріне өз ойын салып, жүзеге асыртады... патшалық биліктерін жыртқыш аңға бергізу арқылы оларға ортақ ойларын жүзеге асыртады”. Бұрында біздің басылымдарда Ехоба үкіметтерге жалған дінді жою туралы ой салады деп айтылып келген еді.

Енді бұл түсінік өзгерді. Ехоба үкіметтегілерге салатын ой — “патшалық биліктерін жыртқыш аңға беру” туралы ой. Бұл қалай іске асатынын келесі сұрақтар арқылы анықтаймыз.

Бұл пайғамбарлықта кімдер бар? “Жезөкше”, “ал қызыл жыртқыш аң” және “он мүйіз”. “Жезөкше” “Ұлы Бабыл” деп те аталған әрі ол дүниежүзіндегі барлық жалған діндерді бейнелейді. “Ал қызыл жыртқыш аң” болса — 1919 жылы құрылған әрі бейбітшіліктің кепілі болып саналатын Ұлттар Лигасы, қазіргі Біріккен Ұлттар Ұйымы (Аян 17:3—5). “Он мүйіз” — ал қызыл жыртқыш аңды қолдап отырған күллі үкіметтер.

Жезөкше мен ал қызыл жыртқыш аңның қандай байланысы бар? Жезөкше жыртқыш аңның “үстінде отыр”, яғни оған батасын береді және ықпал етіп, тіпті айтқанын істеткісі келеді.

Жезөкшеге не болады? Жыртқыш аң мен он мүйіз жезөкшені “жек көріп кетеді”, бар байлығын тонайды және оның зұлымдығын бәріне әйгілі етеді. Сосын олар Ехобаның жезөкшеге шығарған үкімін жүзеге асырады, яғни көзін құртады (Аян 17:1; 18:8). Осылай жалған діндердің бәрі түп-тамырымен жойылады. Алайда бұның алдында Ехоба үкіметтерге тарихта болмаған бір нәрсені істетеді.

Ехоба үкіметтерге не істетеді? Ехоба он мүйізге “күш-қуаты мен билігін [ал қызыл] жыртқыш аңға беру” туралы ой салады (Аян 17:13). Бұл нені білдіреді? Үкіметтер “Біріккен Ұлттар Ұйымына күш пен билігімізді берейік” деген ойға өз беттерінше келмейді. Тармақта анық айтылғандай, ол ойды Құдайдың өзі салып, өзі істетеді (Нақ. с. 21:1; Ишая 44:28 салыстырыңыз). Билік ал қызыл жыртқыш аңның қолына ақырындап өтпейді, бұл өзгеріс табан астынан болады. Сонда Біріккен Ұлттар Ұйымы Ехобаның бүкіл жалған діндерге шығарған үкімін жүзеге асырып, оларды мәңгілікке жояды.

Ендеше, алдан не күтеміз? Бізге жаңалықтарды аңдып, үкіметтер БҰҰ-ның жағына шығып, қолдап жатыр ма екен деп зерттеудің қажеті жоқ. Өйткені Ехоба ойламаған жерден әрі лезде-ақ үкіметтерге ой салып, өз биліктерін жыртқыш аңға бергізеді. Сол кезде біз міне-міне зор алапат басталатынын түсіне береміз. Ендеше, жағдай осылай күрт өзгеретін болса, “ұйықтамай, қайта, ояу әрі қырағы жүрейік!” (Сал. 1-х. 5:6).

    Қазақ тіліндегі басылымдар (1997—2026)
    Шығу
    Кіру
    • Қазақ
    • Бөлісу
    • Баптаулар
    • Copyright © 2026 Watch Tower Bible and Tract Society of Pennsylvania
    • Пайдалану тәртібі
    • Құпиялық саясаты
    • Құпиялық параметрлері
    • JW.ORG
    • Кіру
    Бөлісу