КИЕЛІ КІТАП КЕЙІПКЕРІ
Абадия пайғамбарға еліктеп, Құдайды қастерлеуді үйреніңіз
Абадия Ахаб патшаның сарай қызметшісі болған. Ал Ахаб патшаның тұсында Бағалға табыну бүкіл елде белең алып жатты. Соған қарамастан, Абадия “бала күнінен Ехобаны қастерлеп” өсті (Пат. 1-ж. 18:1—13). Бірде Езабел патшайым Ехобаның барлық пайғамбарын өлтіруді бұйырғанда, Абадия бар батылдығын бойына жинап, әрекетке кірісті. Ол 100 пайғамбарды жасырып, ашаршылық үдеп тұрған уақытта олардың бәрін нан-сумен қамтамасыз етіп жүрді. Ол уақытта 100 пайғамбар түгіл, бір пайғамбарды жасырудың өзі қауіпті еді. Ахаб патша мен Езабел патшайымға қызмет етіп жүрген жүздеген жалған пайғамбардың көзіне түсіп қалмау қаншалықты қиын болғанын елестетіп көріңізші! (Пат. 1-ж. 18:19).
Ет пен сүйектен жаралғандықтан, Абадия пайғамбар Ахаб патшадан қорыққан да шығар. Алайда оның Ехобаның алдындағы қастерлі қорқынышы әлдеқайда үстем болды. Сондықтан ол басын қатерге тігіп, бауырларына көмектесті. Егер сіз ісімізге тыйым салынған елде тұрып жатсаңыз, Абадия пайғамбарға еліктеп, Құдайды қастерлеуді үйреніңіз. Сонда сіз де қуғын-сүргінге кезігіп жүрген бауырластарымызға батыл көмектесе аласыз.