“Құтқарылатын күн жақын!” деп аталатын облыстық конгресті дүние жүзіне хабарлау науқаны
Барлық жариялаушылар арнайы мәлімет қағазын таратулары керек
1 2006 жылдың көктемінде солтүстік жартышарда басталатын облыстық конгрестер дүние жүзінің 155 елінде болып өткенше, барлық жерде осы конгрестің болатыны хабарланатын болады. Сондай-ақ 2006 жылдың шілдесінде және тамыздың бірінші аптасында Германияда, Чех республикасында және Польшада арнайы конгрестер өтетіні де жарияланады.
2 Соңғы күндердің ақыры таяп келе жатқандықтан, Құдайдың зұлым дүниеден құтқаратын уәдесіне ерекше көңіл аударатын конгресс бағдарламасы әділдікті көксеген адамдарға жақсы ой салмақ. Бұл хабар оларды болашақта күтіп тұрған жайттар туралы ой жүгіртуге талпындырады. Миллиондаған адамға жұбаныш пен үміт беретін хабарды естірту үшін, Ехоба Куәгерлерінің 98 000-нан аса қауымындағы жариялаушыларды өздері баратын конгресс туралы басқаларға да қуанышпен айтуға шақырамыз.
3 Қауымдарға мәлімет қағазы әр жариялаушы 20-дан алатындай етіп жіберіледі. Артылғанын ізашарларға беруге болады. Әр қауымда бұл науқан жергілікті облыстық конгресс болардан үш апта бұрын басталады. Осылайша мәлімет қағазын жергілікті тұрғындардың көбісіне, кей жерлерде тіпті бәріне, үлестіріп шығуға болады.
4 Мәлімет қағазын учаскедегі қызығушылық танытқандарға, туысқандарға, көршілерге, жұмыстағы немесе мектептегі таныстарға, сондай-ақ Киелі кітап зерттеп жүрген және кезінде зерттеу жүргізген адамыңа беру керек. Сонымен қатар кітап зерттеу тобының бақылаушылары енжар жариялаушылардың да бұл қағазды алуы үшін қам жасауына болады. Үш аптаның ішінде мәлімет қағазының бәрін таратып шығуға ерекше күш салу қажет.
5 “Құтқарылатын күн жақын!” деп аталатын осы облыстық конгрестің болатынын жариялауға дүние жүзі бойынша жұмыла әрекет еткеніміздің арқасында кең көлемде куәлік берілетіні сөзсіз. Дүние жүзі бойынша жүретін осы науқанға үлес қосқандарың үшін, Ехоба молынан жарылқасын деп дұға айтамыз.