Арнайы шақыру науқаны
1. 2014 жылғы облыстық конгреске шақыру науқаны қашан басталады?
1 Достарыңмен не отбасыңмен ерекше кешкі ас ішу үшін көп күш пен қаржы жұмсап дайындалсаң, қонақтарды оған қуанышпен шақыратының анық. Тура сол сияқты, 2014 жылы облыстық конгресте берілетін ерекше рухани ас-суды дайындау үшін көп күш салынуда. Конгрестің басталуына үш апта қалғанда, біз өзгелерді осы рухани тойға шақыру мәртебесіне ие боламыз. Өзгелерді қуанышпен шақыруға бізге не көмектеседі?
2. Науқанға толықтай атсалысуға бізді не талпындырады?
2 Ехобаның көмегімен ұйымдастырылған рухани тойдан жеке әрқайсысымыз қаншама пайдалы кеңестер ала алатынымыз жайлы ойлансақ, осы науқанға толықтай атсалысуға талпынатын боламыз (Ишая 65:13, 14). Сондай-ақ жыл сайын болатын бұл науқанның нәтиже әкеліп жатқанын ұмытпайық. Біз шақырған адамдардың кейбірі бізбен бірге конгреске келуі мүмкін. Алайда шақырылған адамдардың бәрі келмесе де, біздің осы науқан кезінде атқарған еңбегіміз Ехобаға мадақ әкеледі және оның жомарттығын паш етеді (Заб. 144:3, 7; Аян 22:17).
3. Конгреске шақыру науқаны қалай өтеді?
3 Қауым аумағында облыстық конгреске шақыру науқаны қалай өтетінін ақсақалдар кеңесі шешетін болады. Бізге адамдарды конгреске үйме-үй жүргенде шақыру керек болатын шығар немесе қандай да бір шамада ұйымымызбен таныс адамдарды шақыруға баса назар аударылуы мүмкін. Ал әр айдың алғашқы сенбісінде біз әдеттегідей Киелі кітап зерттеу сабағын ұсынатын боламыз. Науқан біткеннен кейін Ехобаның жайған кең рухани дастарқанына мүмкіндігінше көп адамды шақырып, науқанға құлшыныспен атсалысқанымыз үшін қаншалықты риза боламыз десеңдерші!