Мәлімет қағаздарын қолданасыңдар ма?
Бір күні 11 жасар бала тозақ оты туралы баяндамаға шақырған мәлімет қағазын тауып алады. Кейін ол: “Бұл мені қатты қызықтырды,— деп есіне алады,— мен өзімді үнемі қате іс істеп жүргендей сезінетінмін, сондықтан өлгенде тозаққа түсетін шығармын деген ой маза бермейтін”. Ол баяндамаға барады да, бір жылға жуық Киелі кітап зерттеген соң, шомылдыру рәсімінен өтеді. Кейін көп жыл бойы Ехоба Куәгерлерінің Басқарушы кеңесінде қызмет атқарған Карл Клейннің мәсіхші ретіндегі өмір жолы осылай басталады. Бәрі де мәлімет қағазынан басталған еді.
Мәлімет қағазы бүгін де куәлік етудің жақсы құралы болып табылады. Көп жариялаушылар оны беру арқылы өздерін таныстырып, әңгіме бастау өте қолайлы екенін көруде. Ата-аналар балаларымен қызметке шыққанда, оларды мәлімет қағазын үйдің иесіне ұсынуды үйретіп қоюларына болады. Хат арқылы куәлік ететін жариялаушылар мәлімет қағазын пайдаланып, адамдарды кездесулерге шақыруларына болады. Әрине, мәлімет қағаздары сондай-ақ Киелі кітап зерттеушілер мен басқа да қызығушы адамдарды кездесулерге шақырудың қолайлы жолы болып табылады.
Қызмет кезінде мәлімет қағаздарын барынша қолдануға тырысасың ба?