Күзет мұнарасының ОНЛАЙН КІТАПХАНАСЫ
Күзет мұнарасының
ОНЛАЙН КІТАПХАНАСЫ
Қазақ
ә
  • ә
  • і
  • ң
  • ғ
  • ү
  • ұ
  • қ
  • ө
  • һ
  • КИЕЛІ КІТАП
  • БАСЫЛЫМДАР
  • КЕЗДЕСУЛЕР
  • w05 1.6. 3—4 бет.
  • Әлемде бірлік неге жоқ?

Бұл таңдауда видео жоқ.

Кешіріңіз, видеоны жүктеу кезінде қате шықты.

  • Әлемде бірлік неге жоқ?
  • 2005 жылғы Күзет мұнарасы Ехобаның Патшалығын жариялайды
  • Тақырыпшалар
  • Ұқсас мәлімет
  • Әлемнің бірлігі ме, әлде алауыздығы ма?
  • Бұл дүние қайда барады?
    2005 жылғы Күзет мұнарасы Ехобаның Патшалығын жариялайды
  • Бірлік шынайы ғибадатты ерекшелендіреді
    2010 жылғы Күзет мұнарасы Ехоба Құдайдың Патшалығын жариялайды
  • Мәсіхшілерге тән нағыз бірлікке қалай қол жеткізуге болады?
    Біздің патшалық қызметіміз. 2003
  • Жер-жердегі адамдар ынтымақта өмір сүруде. Қалайша?
    2007 жылғы Күзет мұнарасы Ехобаның Патшалығын жариялайды
2005 жылғы Күзет мұнарасы Ехобаның Патшалығын жариялайды
w05 1.6. 3—4 бет.

Әлемде бірлік неге жоқ?

“Екінші дүниежүзілік соғыстан кейін халықаралық қоғам бірінші рет бірігіп отыр... Сондықтан әлем көптен күткен дүниежүзілік жаңа тәртіпті орнатудың мүмкіндігін пайдаланып қалуына болады”.

ҚҰРАМА ШТАТТАРЫНЫҢ президенті ХХ ғасырдың соңғы онжылдығында осындай сөздер айтқан. Ол уақыттағы халықаралық жағдайлар әлемнің бірігетін уақытының жақын қалғанын білдіргендей еді. Тоталитарлық мемлекеттер бірінен соң бірі құлап жатты. Еуропадағы жаңа дәуірдің басталуын білдіріп, Берлин қабырғасы құлады. Батыстағы көп елдер үлкен қақтығыстардың арандатушысы деп есептеген Кеңес Одағы бүкіл әлемді таңғалдырып, көз алдарында ғайып болды. Қырғи-қабақ соғыс аяқталып, ядролық қаруды қоса алғанда, жалпы қарусыздану туралы үмітке толы сөздер естіліп жатты. Рас, Парсы шығанағында соғыс бұрқ ете қалды, бірақ бұл әлемді бейбітшілікке одан сайын талпындыра түсетін уақытша проблема ғана болып көрінді.

Жақсылықтың нышаны болып көрінген белгілер саясатта ғана емес, басқа жақтарда да байқалған. Көп елдерде халықтың жағдайы жақсара бастады. Медицинаның дамуы дәрігерлер не бары ондаған жыл бұрын ғажайып деп есептелген нәрселерге қол жеткізуге мүмкіндік берді. Көп елдерде экономиканың тез өскені сонша, осылайша бүкіл жер беті өркендеп кететіндей көрінді. Бәрі ойдағыдай дамып жатқандай еді.

Содан бері көп жыл өтпесе де, бүгінде: “Не болып кетті? Әлемнің бірлігі туралы уәде қайда?”— деп сұрауға мәжбүрміз. Дүние қайта кері бағытқа кетіп бара жатқан сияқты. Жанкештілердің бомба жаруы, террорлық шабуылдар, жаппай жою қаруларының көбеюі туралы мәліметтер және басқа да мазаны алатын оқиғалар жаңалықтардың ажырамас бөлігіне айналып келеді. Осындай оқиғалар әлемді бірліктен күн санап алыстатып бара жатқан сияқты. Жақында ғана бір белгілі финансист: “Біз күннен-күнге өршіп бара жатқан зұлымдықтың қорқынышты шырмауында қалып барамыз”,— деген.

Әлемнің бірлігі ме, әлде алауыздығы ма?

Біріккен Ұлттар Ұйымы құрылғандағы көзделген мақсаттардың бірі “халықтар арасында теңдік пен тәуелсіздік принциптерін құрметтеуге негізделген мемлекеттер арасындағы достық қарым-қатынасты дамыту” болатын. Бүгінде, шамамен 60 жыл өте, сол жоғары мақсатқа қол жетті ме? Жоқ! Адамдарды “достық қарым-қатынастан” гөрі “тәуелсіздік” деген сөз көбірек қызықтыратын сияқты. Халықтар мен этникалық топтардың жеке ел болып, егемендік алуға тырысып жатқандары әлемдегі халықтардың арасына одан сайын жік салуда. Біріккен Ұлттар Ұйымы құрылғанда, оның құрамында 51 мемлекет болатын. Бүгінде бұл сан 191-ге жетті.

Көріп отырғанымыздай, ХХ ғасырдың соңғы жылдарында адамдар әлемнің бірігуіне жаппай үміттенген. Ал одан бері әлемнің толассыз бөлініп жатқанының куәсі болғандықтан, адамзаттың сол үміті енді үрейге айналған. Югославияның бөлінуі, Шешенстан мен Ресей арасындағы қақтығыстар, Ирактағы соғыс және Орта және Таяу шығыстағы толассыз кескілестер — осының бәрі бұрын-соңды болмаған зор араздықтың белгісі.

Бейбітшілік орнату үшін көп адамның шын жүректен әрі таза пейілмен әрекет етіп жатқанында күмән жоқ. Бірақ бұған қарамастан әлемнің бірлігі қол жетпейтін арман сияқты. Көп адам: “Неге әлем бірлігіне әлі де сағым қуғандай жете алмай келеміз? Бұл дүние қайда барады?”— деген сұрақтар қояды.

[3-беттегі түпдерек]

AP Photo/Lionel Cironneau

Arlo K. Abrahamson/AFP/ Getty Images

    Қазақ тіліндегі басылымдар (1997—2026)
    Шығу
    Кіру
    • Қазақ
    • Бөлісу
    • Баптаулар
    • Copyright © 2026 Watch Tower Bible and Tract Society of Pennsylvania
    • Пайдалану тәртібі
    • Құпиялық саясаты
    • Құпиялық параметрлері
    • JW.ORG
    • Кіру
    Бөлісу