Күзет мұнарасының ОНЛАЙН КІТАПХАНАСЫ
Күзет мұнарасының
ОНЛАЙН КІТАПХАНАСЫ
Қазақ
ә
  • ә
  • і
  • ң
  • ғ
  • ү
  • ұ
  • қ
  • ө
  • һ
  • КИЕЛІ КІТАП
  • БАСЫЛЫМДАР
  • КЕЗДЕСУЛЕР
  • w10 15.9. 12—16 бет.
  • Бірлік шынайы ғибадатты ерекшелендіреді

Бұл таңдауда видео жоқ.

Кешіріңіз, видеоны жүктеу кезінде қате шықты.

  • Бірлік шынайы ғибадатты ерекшелендіреді
  • 2010 жылғы Күзет мұнарасы Ехоба Құдайдың Патшалығын жариялайды
  • Тақырыпшалар
  • Ұқсас мәлімет
  • Шынайы ғибадат адамдарды қалай біріктіреді?
  • Рухани тәлімнің бір ғана арнасы
  • Менмендік пен қызғанышты жеңу
  • Мәсіхшілер әлемі жік-жікке бөлінген
  • Шынайы ғибадат ұлтшылдықтан жоғары
  • Мәсіхшілер бірлігімен Құдайды мадақтайды
    2010 жылғы Күзет мұнарасы Ехоба Құдайдың Патшалығын жариялайды
  • Мәсіхшілерге тән нағыз бірлікке қалай қол жеткізуге болады?
    Біздің патшалық қызметіміз. 2003
  • Бүгінгі таңда Құдайға бірлікте ғибадат ету деген нені білдіреді?
    Жалғыз шынайы Құдайға ғибадат етіңдер
2010 жылғы Күзет мұнарасы Ехоба Құдайдың Патшалығын жариялайды
w10 15.9. 12—16 бет.

Бірлік шынайы ғибадатты ерекшелендіреді

“Қорадағы қойларды иіргендей ғып олардың бәрін жұмылдырамын” (МИХА 2:12).

1. Жаратылыс Құдайдың даналығын қалайша паш етуде?

ЗАБУР жыршысы: “Сенің істерің қандай көп, уа, Ием! Жасадың барлығын да даналықпен, Жер толған Сенің жаратқандарыңмен”,— деген (Заб. 103:24). Жер беті өсімдіктердің, жәндіктердің, жануарлардың және бактериялардың миллиондаған түріне толы. Осы сан алуан әрі өте күрделі тіршілік иелерінің бір-біріне тәуелді етіп жаратылғаны Құдайдың даналығын паш етеді. Сондай-ақ адам организмінде ірі ағзалардан бастап, жасушадағы молекулалық деңгейдегі мыңдаған механизмдер бар. Солардың тынбай қызмет етуінің арқасында біз біртұтас салауатты тұлға ретінде өмір сүрудеміз.

2. 13-бетте суреттелгендей, неге І ғасырдағы мәсіхшілердің арасындағы бірлік таңғалдырарлық еді?

2 Ехоба адамдарды өзара тәуелді етіп жаратты. Олардың сырт келбеті, мінез-құлқы және қабілеті әртүрлі. Бұған қоса, Құдай алғашқы адам жұбына өзінде бар қасиеттерді дарытып, оларды бір-бірімен қызметтесе алатындай және бір-біріне тәуелді болатындай етіп жаратқан (Жар. 1:27; 2:18). Алайда қазір бүкіл адамзат Құдайдан алыстаған және ешқашан ауызбіршілікке қол жеткізген емес (Жох. 1-х. 5:19). Сондықтан І ғасырдағы мәсіхшілердің әртүрлі адамнан, мысалы ефестік құлдардан, бақуатты грек әйелдерінен, көзі ашық яһудилерден және бұрын пұтқа табынушылардан, құралғанын ескерсек, олардың арасында бірлік пен ынтымақтың болғаны таңғалдырарлық жайт еді (Ел. іс. 13:1; 17:4; Сал. 1-х. 1:9; Тім. 1-х. 6:1).

3. Киелі кітапта мәсіхшілердің бірлігі қалай бейнеленген және осы мақалада нені қарастырамыз?

3 Шынайы ғибадаттың арқасында адамдар бір дененің мүшелеріндей үйлесе қызмет атқара алады (Қорынттықтарға 1-хат 12:12, 13 оқы). Осы мақалада бірлікке қатысты кейбір жайттарды қарастырамыз. Мысалы: Шынайы ғибадат адамдарды қалай біріктіреді? Неге Ехоба ғана түрлі ұлттың миллиондап жиналған өкілдерін біріктіре алады? Ехоба бірлікке кедергі жасайтын қандай жайттарды жеңуге көмектеседі? Шынайы мәсіхшілер мен мәсіхшілер әлемінің арасында бірлік мәселесінде қандай айырмашылық бар?

Шынайы ғибадат адамдарды қалай біріктіреді?

4. Шынайы ғибадат адамдарды қалай біріктіреді?

4 Шынайы ғибадатты ұстанушылар Ехобаны әлемнің Жаратушысы әрі оның құқылы Әміршісі деп мойындайды (Аян 4:11). Сондықтан шынайы мәсіхшілер түрлі қоғамда, түрлі жағдайда өмір сүріп жатса да, Құдайдың бір заңына мойынсұнады және Киелі кітаптың бір принциптерін ұстанып өмір сүреді. Ехобаға шынайы ғибадат етушілердің бәрі оны “Әке” дей алады (Ишая 64:8; Мат. 6:9). Демек, олар бір-біріне рухани бауырластар, әрі араларында керемет бірлік бар. Мұны забур жыршысы былай сипаттаған: “Бауырлардың ынтымақта тұрғандары қандай тамаша да жарасымды!” (Заб. 132:1).

5. Қандай қасиет шынайы ғибадат етушілердің бірлігіне септігін тигізеді?

5 Шынайы мәсіхшілер кемелсіз болса да, бір-бірін сүюді үйренгендіктен бірлікте ғибадат етіп жүр. Сүйіспеншілікке үйрете алатын жалғыз тұлға — Ехоба (Жоханның 1-хаты 4:7, 8 оқы). Оның Сөзінде былай делінген: “Ұдайы жанашыр, мейірімді, кішіпейіл, ілтипатты, сабырлы болып, осы қасиеттерге бөленіңдер! Өзара төзімді болыңдар, егер қайсыбіреуіңе реніш сақтап, тағатын кінәларың болса, кешірімді болыңдар: сендерді Иеміз Мәсіх қалай кешірсе, сендер де солай етіңдер! Барлық қасиеттердің бастысы ретінде сүйіспеншілікке бөленіңдер, ол бәріңді толықтай біріктіреді” (Қол. 3:12—14). Бәрін толықтай біріктіретін сүйіспеншілік — шынайы мәсіхшілерді айқындайтын негізгі қасиет. Бірлік шынайы ғибадаттың ерекшелігі екенін өз өміріңнен көріп те жүрген боларсың (Жох. 13:35).

6. Құдай Патшалығына үміт арту бірлікке қалай септігін тигізеді?

6 Сондай-ақ шынайы ғибадатты ұстанушылар Құдай Патшалығы адамзаттың жалғыз үміті екеніне сенгендіктен араларында бірлік орнаған. Олар жақында Құдай Патшалығы адам үкіметтерінің орнына келіп, тілалғыш адамдарға шынайы әрі баянды тыныштық беретінін біледі (Ишая 11:4—9; Дан. 2:44). Олай болса, шынайы мәсіхшілер Исаның өз ізбасарлары жайлы: “Менің осы дүниелік еместігім сияқты, бұлар да осы күнәкар дүниенің адамдары емес”,— деп айтқан сөздеріне құлақ асады (Жох. 17:16). Олар осы дүниенің қақтығыстарына қатыспай, бейтараптық сақтайды. Соның арқасында олар ынтымақ пен бірліктің рақатын көріп жатыр. Ал айналадағы адамдар бір-бірімен соғысып, азап шегуде.

Рухани тәлімнің бір ғана арнасы

7, 8. Бірлігімізге септігін тигізіп жатқан Киелі кітаптың тәлімі қалай берілуде?

7 Бірінші ғасырдағы мәсіхшілер бір ғана арнадан рухани тәлім алғандықтан араларында бірлік болған. Олар Исаның қауымға тәлім мен басшылықты Иерусалимдегі елшілер мен ақсақалдардан тұратын басқарушы кеңес арқылы беріп отырғанын мойындаған. Құдайға адал осы ер адамдар әрбір шешімін Құдай Сөзіне негіздеп қабылдаған және нұсқауларын аралаушы бақылаушылар арқылы жер-жердегі қауымдарға жіберген. Осындай бақылаушылар жайлы Киелі кітапта былай делінген: “Олар қалаларды аралап, Иерусалимдегі елшілер мен жетекшілер қабылдаған шешімді сенушілерге таныстырып, орындауын тапсырды” (Ел. іс. 15:6, 19—22; 16:4).

8 Бүгінгі күні де Басқарушы кеңес киелі рухпен майланған мәсіхшілерден тұрады. Олар дүниежүзілік қауымның бірлігіне үлес қосуда және көптеген тілде рухани жігер беретін әдебиеттердің шығуына қам жасауда. Бұл рухани ас-су Құдай Сөзіне негізделген. Демек, ондағы тәлім адамнан емес, Ехобаның өзінен келіп жатыр (Ишая 54:13).

9. Құдай тапсырған істі атқарғанымыз бірлікте болуға қалай көмектеседі?

9 Мәсіхші бақылаушылар да уағыздау ісінде жетекшілік етулерімен бірлікке септігін тигізуде. Құдайға қызмет етіп жатқан адамдарды біріктіретін серіктестік рухы осы дүниедегі кез келген қоғамның рухынан әлдеқайда күшті. Мәсіхшілер қауымы қоғамдық үйірме ретінде емес, Ехобаға мадақ әкелу үшін және оның тапсырған ісін, яғни ізгі хабарды уағыздау, шәкірт дайындау және қауымды жігерлендіру ісін, атқару үшін ұйымдасқан (Рим. 1:11, 12; Сал. 1-х. 5:11; Евр. 10:24, 25). Сондықтан елші Пауыл мәсіхшілер жайлы: “Бірдей ниетпен табанды тұрады, Ізгі хабарға деген сенімдері үшін бір кісідей жұмылып, жан аямай күреседі”,— деген сөздер айтылғанын қалаған (Філіп. 1:27).

10. Құдай халқы ретінде бірлікке тағы ненің арқасында қол жеткіздік?

10 Сонымен, Ехобаның халқы ретінде біздің бірлікте болуымыздың себебі — Ехобаның бүкіләлемдік билігін мойындаймыз, бауырластарымызды жақсы көреміз, Құдай Патшалығына үміт артамыз және Құдай тағайындаған адамдардың басшылығын құрметтейміз. Сондай-ақ Ехоба кемелсіздіктің кесірінен бірлігімізге қауіп төндіретін белгілі бір көзқарастарымызды түзетуге көмектесуде (Рим. 12:2).

Менмендік пен қызғанышты жеңу

11. Неліктен менмендік қарым-қатынасты бұзады және Ехоба оны жеңуге қалай көмектеседі?

11 Менмендік адамдардың қарым-қатынасын бұзады. Ондай адам өзін басқалардан жоғары санайды және өзіндегі нәрсеге мақтануға бейім келеді. Бірақ бұл бірлікке кедергі жасайды, себебі біреудің мақтанғаны басқаның бойында қызғаныш оятуы мүмкін. Шәкірт Жақып: “Бұндай көкіректіктің бәрі — зұлымдық”,— деп тіке айтқан (Жақ. 4:16 ЖД). Адамды төмендету сүйіспеншілікке қайшы әрекет болып табылады. Атап айтарлық жайт, Ехоба біз сияқты кемелсіз адамдармен қарым-қатынасында кішіпейілділік танытады. Дәуіт: “[Құдай] Сенің кішіпейілділігің менің мәртебемді көтереді”,— деген (Пат. 2-ж. 22:36 ЖД). Құдай Сөзі бізге дұрыс ой түзуді үйрету арқылы менмендікті жеңуге көмектеседі. Киелі рухтың жетелеуімен Пауыл бізге мынадай сұрақтар қойған: “Әлдекім сендерді басқалардан ерекше етті ме? Құдайдан қабылдамаған нелерің бар? Бәрін қабылдаған соң, несіне өз жетістігіміз деп мақтанасыңдар?” (Қор. 1-х. 4:7).

12, 13. а) Неліктен қызғанышқа оңай беріліп қаламыз? ә) Адамдарға Ехоба сияқты қарауды үйренудің қандай пайдасы бар?

12 Қызғаныш бауырластардың арасында бірліктің болуына кедергі жасайды. Кемелсіз болғандықтан бәріміздің де “бойымызда қызғаныш рухы” бар, тіпті ұзақ уақыттан бері мәсіхші болған адамның өзі кейде біреудің жағдайына, затына, қызметіне не қабілеттеріне қызғана қарауы мүмкін (Жақ. 4:5 ЖД). Мысалы, әйелі мен бала-шағасы бар ер бауырлас толық уақыт қызмет етіп жүрген салт бауырластың мүмкіндіктеріне қызғана қарайтын шығар. Бірақ ол отбасылы болып отырғанына әлгі толық уақытты қызметшінің де қызғана қарап жүргенін білмеуі мүмкін. Қызғаныш рухы бірлігімізге кедергі жасамау үшін не істеу қажет?

13 Киелі кітапта қауымның майланған мәсіхшілері дене мүшелеріне теңелгенін есте ұстағанымыз қызғаныштан аулақ болуға көмектеседі (Қорынттықтарға 1-хат 12:14—18 оқы). Мысалы, көз жүрекке қарағанда көрінетін жерде орналасқан, бірақ екеуі де сен үшін маңызды емес пе?! Сол сияқты, кейбір мәсіхшілер уақытша көпшіліктің көзіне түсіп жүрсе де, Ехоба қауымның барлық мүшесін бағалайды. Сондықтан біз де бауырластарға Ехоба сияқты қарайық. Оларға қызғанышпен қараудың орына, қамдарын ойлап, жеке көңіл бөлейік. Сонда шынайы мәсіхшілердің шіркеулердегі мәсіхшілерден ерекшелене беруіне өз үлесімізді қосатын боламыз.

Мәсіхшілер әлемі жік-жікке бөлінген

14, 15. Жолдан тайған мәсіхшілер қалай жікке бөлінді?

14 Шынайы мәсіхшілердің арасындағы бірлік мәсіхшілер шіркеуіндегі алауыздыққа қарама-қайшы жайт. IV ғасырға таман жолдан таюшылылардың ілімдері кең тарағаны сонша — пұтқа табынушы Рим империясы оларға сенді, әрі өз билігін жүргізе бастады, нәтижесінде жалған мәсіхшілік дамыды. Сосын, көп патшалық Рим империясынан біртіндеп бөлініп шықты да, өз елінің шіркеуін немесе дінін құрды.

15 Осы патшалықтардың көбі ғасырлар бойы өзара соғысумен болды. XVII және XVIII ғасырларда Британия, Франция және Құрама Штаттарында халық өз еліне адал болуға шақырылып, нәтижесінде ұлтшылдық дін сияқты күшке ие болды. XIX және XX ғасырларда ұлтшылдық адамзаттың басым бөлігінің санасын жаулап алды. Ақыр соңында мәсіхшілер әлемі көптеген ағымдарға бөлінді, әрі олардың көбі ұлтшылдыққа қарсы болмады. Тіпті бір шіркеудің әртүрлі ұлтқа жататын мүшелері өзара соғысуға дейін барды. Сондықтан түрлі сенімдер мен ұлтшылдық қазіргі мәсіхшілер әлемін жік-жікке бөліп тастаған.

16. Қандай мәселе мәсіхшілер әлемін жік-жікке бөлді?

16 XX ғасырда мәсіхшілер әлеміндегі жүздеген ағымының кейбірі бірігу шараларын жасады. Олар ондаған жыл бойы күш салғанымен, шамалысы ғана бір шіркеу болып бас қоса алды. Бірақ шіркеу мүшелері эволюция, түсік жасату, гомосексуализм және әйелдерді діни қызметке тағайындау мәселелерінде түрлі көзқарасты ұстанып қала берді. Мәсіхшілер әлемінің кейбір дін жетекшілері түрлі ағымдардың басын қосу үшін, келіспеушілік тудырған бұрынғы ілімдерге онша мән бермеуге тырысты. Алайда бұл шіркеу мүшелерінің сенімін әлсіретті, сондай-ақ жік-жікке бөлінген мәсіхшілер әлемінің басын, әрине, біріктіре алмады.

Шынайы ғибадат ұлтшылдықтан жоғары

17. “Соңғы күндері” шынайы ғибадаттың бірлігі жайлы қандай пайғамбарлық айтылған?

17 Осы дүниенің жікке бөлінуі бұрын-соңды болмаған деңгейге жетсе, шынайы ғибадат бірлігімен әлі күнге дейін ерекшеленіп келеді. Құдай Миха пайғамбар арқылы: “Қорадағы қойларды иіргендей ғып олардың бәрін жұмылдырамын”,— деген (Миха 2:12). Сондай-ақ Миха шынайы ғибадаттың басқа ғибадат атаулының, мейлі ол жалған құдайларға немесе құдайдай көретін мемлекетке табыну болсын, бәрінен жоғары тұратыны жайлы келесі пайғамбарлықты айтқан. “Соңғы күндері былай болады: Жаратушы Ие әулетінің тауы барлық таулардың үстіне қойылады да, шоқы біткеннің бәрінен биік асқақтап тұрады, сөйтіп, халықтар солай қарай ағылады. Барлық халықтар өз құдайларының атымен жүреді; ал біз мәңгі-бақи өзіміздің Жаратушы Құдай Иеміздің [“Ехобаның” ЖД] атымен жүретін боламыз” (Миха 4:1, 5).

18. Шынайы ғибадат бізге қандай өзгерістер жасауға көмектесті?

18 Миха пайғамбар бір-біріне жау болған адамдарды шынайы ғибадат біріктіретіні жайлы да пайғамбарлық айтқан. “Көптеген халықтар сонда барып былай дейді: кәне, келіңдер, Жаратушы Иенің тауына шығып, Жақыптың Құдайының үйіне кірейік, Ол бізге Өзінің жолдарын үйретеді, сөйтіп біз Оның ізімен жүретін боламыз... Олар өз семсерлерінен соқа соғып, найзаларынан орақ жасайды; бір халыққа бір халық семсер көтермейтін болады, содан кейін соғыс өнерін үйренуді қояды” (Миха 4:2, 3). Пенде ойлап тапқан құдайларға және мемлекетке табынуды доғарған адамдар Ехобаға ғибадат етіп, дүниежүзілік ынтымақ пен бірліктен қуаныш алуда. Өйткені Құдай оларды сүйіспеншіліктің жолына үйретуде.

19. Миллиондаған адамның шынайы ғибадатта біріккені ненің дәлелі болып табылады?

19 Дүниежүзіндегі шынайы мәсіхшілердің бірлігі Құдай өз халқын киелі рухымен жетелеп келе жатқанының айқын дәлелі болып табылады. Барлық ұлттан шыққан адамдардың мұндай ынтымағы бұрын-соңды тарихта болмаған жайт. Бұл Аян 7:9, 14-тегі сөздердің керемет түрде орындалып жатқанын және жақында Құдайдың періштелері зұлым дүниені жоятын “төрт желді” жіберетінін көрсетеді (Аян 7:1—4, 9, 10, 14 оқы). Дүниежүзілік бауырластықтың арасында жүру зор мәртебе емес пе! Осы бірлікке әрқайсымыз қалай үлес қоса аламыз? Бұл келесі мақалада талқыланады.

Қалай жауап берер едіңдер?

• Шынайы ғибадат адамдарды қалай біріктіреді?

• Бірлігімізді қалай қызғаныштан сақтай аламыз?

• Неліктен шынайы ғибадат ұлтшылдықтан жоғары?

[13-беттегі сурет]

І ғасырдағы мәсіхшілер түрлі ортадан шыққан еді

[15-беттегі суреттер]

Патшалық сарайын соғу ісіне көмектескенің бірлікке қалай септігін тигізеді?

    Қазақ тіліндегі басылымдар (1997—2026)
    Шығу
    Кіру
    • Қазақ
    • Бөлісу
    • Баптаулар
    • Copyright © 2026 Watch Tower Bible and Tract Society of Pennsylvania
    • Пайдалану тәртібі
    • Құпиялық саясаты
    • Құпиялық параметрлері
    • JW.ORG
    • Кіру
    Бөлісу