Күзет мұнарасының ОНЛАЙН КІТАПХАНАСЫ
Күзет мұнарасының
ОНЛАЙН КІТАПХАНАСЫ
Қазақ
ә
  • ә
  • і
  • ң
  • ғ
  • ү
  • ұ
  • қ
  • ө
  • һ
  • КИЕЛІ КІТАП
  • БАСЫЛЫМДАР
  • КЕЗДЕСУЛЕР
  • w05 1.6. 4—7 бет.
  • Бұл дүние қайда барады?

Бұл таңдауда видео жоқ.

Кешіріңіз, видеоны жүктеу кезінде қате шықты.

  • Бұл дүние қайда барады?
  • 2005 жылғы Күзет мұнарасы Ехобаның Патшалығын жариялайды
  • Тақырыпшалар
  • Ұқсас мәлімет
  • Неге бірлік жоқ?
  • Қандай шешім бар?
  • Әлемнің бірлікке жетуі
  • Бірлік шынайы ғибадатты ерекшелендіреді
    2010 жылғы Күзет мұнарасы Ехоба Құдайдың Патшалығын жариялайды
  • Әлемде бірлік неге жоқ?
    2005 жылғы Күзет мұнарасы Ехобаның Патшалығын жариялайды
  • Бүгінгі таңда Құдайға бірлікте ғибадат ету деген нені білдіреді?
    Жалғыз шынайы Құдайға ғибадат етіңдер
2005 жылғы Күзет мұнарасы Ехобаның Патшалығын жариялайды
w05 1.6. 4—7 бет.

Бұл дүние қайда барады?

ӘЛЕМНІҢ БІРІГУІ. Неткен жағымды сөздер. Мұны кім қаламайды? Иә, бұл туралы көп айтып келеді. Әлем жетекшілерінің мәжілістерінде осы жайтқа қайта-қайта назар аударылады. 2000 жылдың тамыз айында Нью-Иорктағы Біріккен Ұлттар Ұйымы ғимаратында Әлем бейбітшілігін қолдауға арналған мыңжылдықтың саммитінде 1 000-нан астам дінбасылары бас қосты. Олар әлемдегі қақтығыстарды тоқтатудың жолдарын қарастырды. Алайда осы мәжілістің өзі әлемдегі теке тірестердің көрінісі болды. Иерусалимнің муфтиі Иудей раввині келгені үшін бас қосуға келуден бас тартты. Басқалар болса, Қытайдың ашуын тудырмау үшін бас қосудың алғашқы екі күніне Далай-ламаның шақырылмай қалғаны үшін қорланып қалды.

2003 жылдың қазан айында Тайландта Азия-Тынық мұхит аймағы елдерінің әлеуметтік-экономикалық даму одағының ғимаратында өткен осы елдер өкілдерінің бас қосуында әлемнің қауіпсіздігіне қатысты мәселелер талқыланды. Оған қатысқан 21 мемлекет террорлық топтардың күшін жоюға уәде беріп, дүние жүзі бойынша қауіпсіздіктің дамуына күш салуға келісім жасады. Алайда мәжіліс кезінде кейбір өкілдер бір премьер-министрдің жек көрінішін жасыра алмай Иудейлерге айып таққаны үшін наразылықтарын білдірді.

Неге бірлік жоқ?

Әлемді біріктіру туралы айтылған сөз көп, бірақ нәтижесі аз екенін көріп отырмыз. Неге көп адамның шын жүректен күш салып жатқанына қарамастан, ХХІ ғасырда адамзат бірлікке әлі қол жеткізе алмай келе жатыр?

Мұның бір себебін Азия-Тынық мұхит аймағы елдерінің әлеуметтік-экономикалық даму одағының мәжілісіне қатысқан бір премьер-министрдің сөздерінен көруге болады. Ол: “Ұлттық көкірек деген нәрсе бар”,— деген. Иә, адамзат қоғамы ұлтшылдықтың шырмауында қалған. Әрбір халықтың және этникалық топтың есіл-дерті жеке ел болу. Ұлттық тәуелсіздік бақталастық рухымен және ашкөздікпен араласқанда, жарылып кетуге сәл-ақ тұрған жағдай қалыптасады. Көп жағдайда ұлт мүддесі мен жалпы адамзат мүддесі қатар келгенде, ұлт мүддесі бірінші кезекте қарастырылады.

Ұлтшылдықты забур жыршысы: ‘Өлтіретін індет’,— деп жақсы суреттеген (Забур 90:3, сілтемені қараңдар). Бұл адамзатты айтып жеткізе алмастай қасіретке душар етіп жатқан індет сияқты. Басқаларға деген жек көрініш тудыратын ұлтшылдық ғасырлар бойы жалғасып келеді. Бүгінде ұлтшылдық алауыздықтың отына май құюда, ал адамзат басшылары оны тоқтата алар емес.

Көп билік иелері ұлтшылдық пен өзімшілдік дүние жүзіндегі проблемалардың түп тамыры екенін түсінеді. Мысалы, Біріккен Ұлттар Ұйымының бұрынғы бас хатшысы У. Тант былай деген: “Бүгінде басымызға түскен қиындықтардың көбісі қате көзқарастың кесірі, немесе нәтижесі... Мұндай көзқарасқа “өз елімдікі дұрыс болса да дұрыс, болмаса да дұрыс” дейтін сыңар жақ ұлтшылдық та жатады”. Бүгінде халықтар тәуелсіз болуға барған сайын ұмтыла түсіп, әлі де болса өз пайдаларын ғана көздеуде. Бұл жағынан артықшылықтары бар елдер оларынан кішкене болса да айырылғылары келмейді. Мысалы, бір газетте Еуропалық Одақ (ЕО) туралы былай делінген: “Бақталастық пен сенбеушілік Еуропа саясатының басты белгісі болып қалуда. ЕО-қа мүше елдердің көбісі әлі де болса одақтастарының біреуінің ықпалы басымырақ болғанын немесе алдыңғы қатарға шыққанын қаламайды” (International Herald Tribune).

Құдай Сөзі Киелі кітап барлық адамзат басшылығының нәтижесін орынды түрде былай деп сипаттаған: “Адам адамның үстінен оған зиян келтіріп билік етеді” (Екклесиаст 8:9). Әлемді топ болып, не жеке адам болып билік жүргізу үшін бөліп алу арқылы, адамдар Киелі кітаптың келесі принципін растауда: “Саяқ жан қара басын ойлар, Даналық атаулыға қарсы шығар” (Нақыл сөздер 18:1).

Біз үшін ненің жақсы екенін білетін Жаратушымыздың еркі бойынша адамдар ешқашан өз өкіметтерін орнатып, билік етпеулері керек еді. Бірақ осылай ету арқылы адамзат Құдайдың еркімен және барлық нәрсе оның меншігі екенімен санаспайтындарын көрсетеді. Забур 94:3—5 дейінгі тармақтарда былай айтылады: “Жаратқан Ие — Ұлы Құдай дағы, Тәңір, пір атаулыдан әлдеқайда жоғары! Бәрі Оның қолында: жердің тұңғиықтары, Әрі меншігі де Оның — зәулім тау шыңдары, теңіз де Тәңірдікі — Өзі соны жаратқан, Және құрлықтың бәрі Оның қолынан шыққан!” Құдай Әлемнің заңды Әміршісі, бәрі де оның билігін мойындаулары керек. Тәуелсіздікке талпыну арқылы халықтар оның еркіне қарсы әрекет етуде (Забур 2:2).

Қандай шешім бар?

Әлем барлық халықтың игілігіне қызмет ететін дүние жүзіне билік ететін жалғыз үкімет орнағанда ғана бірігеді. Ойланатын көп адам мұнымен келіседі. Алайда олар шешімді жиі басқа жақтан іздейді. Мысалы, дінбасыларды қоса алғанда көптеген түсініктемешілер басқаларды Біріккен Ұлттар Ұйымына бірлік әкеледі деп үміт артуға шақырады. Алайда асқақ мақсаттары қанша ізгі болса да, адамзат ұйымдары ешқашан халықаралық проблемаларды шеше алмайды. Керісінше, бұл ұйымдардың көбісі бар болғаны әр түрлі халықтардың арасындағы алауыздықтың көрінісіне айналуда.

Киелі кітап адамзат ұйымдарына үміт артпауды ескертеді: “Әміршілерге, адам баласына, үміт артпаңдар, олар құтқара алмайды” (Забур 145:3). Бұл әлемнің бірігуінен күдер үзуіміз керек дегенді білдіре ме? Әрине, жоқ! Бұл жағдайдан шығатын басқа жол бар.

Құдайдың әлемді біріктіре алатын үкіметті орнатып қойғанын көп адам білмейді де. Киелі кітапта Ехоба Құдай туралы былай делінген: “Өзім Киелі тауым Сионда Тағайындағанмын осы патшамды! Менен сұра, иелігіңе сенің Халықтарды мәңгілікке беремін. Шартарапты қол астыңа өткіземін” (Забур 2:6, 8). Байқасаңыз, осы Жазба орнының жетінші тармағында Ехобаның “Рухани ұлымсың” деп атаған тұлғаны патша етіп тағайындағаны айтылады. Бұл — Құдай барлық халықтарды басқару билігін берген ең қуатты рухани Ұлы Иса Мәсіхтің өзі.

Әлемнің бірлікке жетуі

Адамдардың көбісі Құдайдың көкте билік орнатқанын мойындамайды. Халықтар ие болуға құқылымыз деп ойлайтын тәуелсіздіктен айырылғылары келмей, жанталасады. Алайда Құдай өзінің билігі мен орнатқан үкіметін мойындаудан бас тартатындарға қарап отыра бермейді. Құдай қарастырған шаралардан бас тартатындар туралы Забур 2:9-да былай деп жазылған: “Сен [Құдай Ұлы Иса Мәсіх] оларға қатаң билік жүргізесің, Құмыраны лақтырып сындырғандай, Қиқарлықтарын тас-талқан етесің”. Өздері түсінсе де, түсінбесе де, халықтар қазір Құдаймен қақтығысқа әкелетін жолда келе жатыр. Киелі кітаптың соңғы кітабында ‘күнәкар дүниенің күллі патшаларының құдіреті шексіз Құдайдың ұлы соты күнінің шайқасына жиналып әкелініп’ жатқаны айтылады (Аян 16:14). Халықтар мен олардың алауыздық тудыратын әрекеттері түп тамырымен жойылады. Сонда Құдай үкіметінің өз ісін еркін жүзеге асыруына жақсы мүмкіндік туады.

Әлемнің Әміршісі ретінде Ехоба Құдай өзінің Ұлы арқылы бірлік орнаған әлемнің келуіне қажетті өзгерістер жасау үшін құдіретін даналықпен қолданады. Құдай үкіметі шынайы бірлік әкеледі және әділдікті сүйетін барлық адамдарды жарылқайды. Біраз уақыт бөліп, Киелі кітабыңыздағы 71-Забур жырын неге оқып шықпасқа? Онда Құдай Ұлы билік еткенде, адамзат үшін не істейтіні туралы пайғамбарлық жазылған. Адамдар шынайы бірлікке жетеді және олардың езгі, зорлық-зомбылық, жоқшылық тағы сол сияқты бар қиыншылықтары артта қалады.

Бүгінгі жікке бөлінген дүниеде көп адамға мұндай үміт ертегі болып көрінеді. Бірақ бұлай ойлау дұрыс болмас еді. Құдайдың уәделері ешқашан орындалмай қалған емес және орындалмай қалмайды да (Ишая 55:10, 11). Осы өзгерісті көргіңіз келе ме? Сіз көре аласыз. Шын мәнінде, қазір сол уақытқа дайындалып жатқан адамдар бар. Олар барлық халықтардан жиналған, бірақ араларында қақтығыс жоқ, қайта, қазірдің өзінде бірауыздан Құдайдың билігіне бағынады (Ишая 2:2—4). Олар кімдер? Олар Ехоба Куәгерлері деген атаумен белгілі. Неге олардың кездесулері өтетін жерге барып көрмеске? Құдайдың билігіне бағынып, ешқашан жойылмайтын бірліктің рақатын көруіңізге көмектесетін адамдармен араласып, сергіп қаларсыз деп сенеміз.

[7-беттегі суреттер]

Барлық халықтардан жиналған адамдар бірлік орнаған дүниедегі өмірге дайындалып жатыр

[4-беттегі түпдерек]

Saeed Khan/AFP/Getty Images

[5-беттегі түпдерек]

Woman grieving: Igor Dutina/AFP/Getty Images; protesters: Said Khatib/AFP/Getty Images; armored cars: Joseph Barrak/AFP/Getty Images

    Қазақ тіліндегі басылымдар (1997—2026)
    Шығу
    Кіру
    • Қазақ
    • Бөлісу
    • Баптаулар
    • Copyright © 2026 Watch Tower Bible and Tract Society of Pennsylvania
    • Пайдалану тәртібі
    • Құпиялық саясаты
    • Құпиялық параметрлері
    • JW.ORG
    • Кіру
    Бөлісу