Күзет мұнарасының ОНЛАЙН КІТАПХАНАСЫ
Күзет мұнарасының
ОНЛАЙН КІТАПХАНАСЫ
Қазақ
ә
  • ә
  • і
  • ң
  • ғ
  • ү
  • ұ
  • қ
  • ө
  • һ
  • КИЕЛІ КІТАП
  • БАСЫЛЫМДАР
  • КЕЗДЕСУЛЕР
  • ijwyp 90-мақала
  • Теріс ойларды қалай тежеуге болады?

Бұл таңдауда видео жоқ.

Кешіріңіз, видеоны жүктеу кезінде қате шықты.

  • Теріс ойларды қалай тежеуге болады?
  • Жастардың сауалдары
  • Тақырыпшалар
  • Ұқсас мәлімет
  • Сен өзіңді қандай адаммын деп ойлайсың?
  • Неге бұл маңызды мәселе?
  • Былай істеп көр
  • Бұл жайлы көбірек оқып көр
  • Жабырқау көңіліңізге Ехоба демеу болсын!
    Күзет мұнарасы Ехоба Құдайдың Патшалығын жариялайды (зерттеуге арналған). 2026
  • Оң көзқарас өмірді көркейтеді!
    Ояныңдар! 2016
  • Ата-анаң әлеуметтік желіге рұқсат бермесе...
    Жастардың сауалдары
  • Желі және жеткіншек. 2-бөлім: Балаңызға әлеуметтік желіні ақылмен қолдануды үйретіңіз
    Отбасыңыз берекелі болсын
Жастардың сауалдары
ijwyp 90-мақала
Түңіліп тұрған қыздың үстінен жаңбыр жауып тұр

ЖАСТАРДЫҢ САУАЛДАРЫ

Теріс ойларды қалай тежеуге болады?

  • Сен өзіңді қандай адаммын деп ойлайсың?

  • Неге бұл маңызды мәселе?

  • Былай істеп көр

  • Бұл жайлы көбірек оқып көр

  • Құрдастарыңның ой-пікірі

Сен өзіңді қандай адаммын деп ойлайсың?

  • Оптимист

    “Мен жайдарлы жүруге, мүмкіндігінше көңіл-күйімді түсірмеуге тырысамын. Неге күніге жымиып мәз боп жүрмеске?!” (Валерия).

  • Пессимист

    “Бір жақсы нәрсе бола қалса, оның шынымен де жақсы екеніне күмәнданып тұрамын” (Ребекка).

  • Реалист

    “Оптимист болсаң, әйтеуір көңіліңді түсіретін бір нәрсе табылады да тұрады. Ал пессимист болсаң, өмірің тым қиындап кетеді. Мен болсам реалистпін, соның арқасында жағдайға тура баға бере аламын” (Анна).

Неге бұл маңызды мәселе?

Киелі кітапта: “Көңілді жанның әр күні той-думан”,— делінген (Нақыл сөздер 15:15). Иә, әдетте теріс ойлардан алшақ жүретін әрі өмірге оң көзбен қарайтын адам бақыттырақ болып келеді. Олардың достары да көп болады. Өйткені үнемі тұнжырап жүретін адаммен кім дос болып, уақыт өткізгісі келеді дейсің?!

Әйтсе де ең күшті оптимистің өзі өмірдің қиындығынан қаша алмайды. Мысалы:

  • Жаңалықтардан соғыс жайлы, террорлық әрекеттер мен қылмыс жайлы көріп-естиді.

  • Отбасында проблемалар болуы мүмкін.

  • Кейде сәтсіздікке ұшырайды, бойында күресетін әлсіздіктері тағы бар.

  • Досы ренжітетін болар.

Өмірдің осы жайттарына көз жұмып қарағанша, я болмаса оларға тым қадалып қалып, ұнжырғаңды түсіргенше, тепе-теңдік сақтай біл. Осылай жағдайға тура баға бергенің сені теріс ойлардан сақтайды және өмірдің шындығына қайыспай, оларды көтере білуге көмектеседі.

Қыз жақсы ойларға жол бергенде, жаңбыр да тоқтады

Өмірдің дауылдарына төтеп бер, себебі бұлттан кейін міндетті түрде күн шығады

Былай істеп көр

  • Қателесетініңді мойында.

    Киелі кітапта былай делінген: “Жер бетінде әрдайым жақсылық жасап, ешқашан күнә істемейтін әділ адам жоқ” (Уағыздаушы 7:20). Қателіктер жасап қоятының сенің кәдімгі адам екеніңді білдіреді. Бұл — сенің жолы болмайтын адам екеніңнің белгісі емес.

    Реалист болу үшін. Қателіктеріңді қайталамауға тырыс, бірақ өзіңнен мінсіздікті күтпе. Калеб есімді жігіт былай дейді: “Мен өз қателіктеріме қадалып қалмауға тырысамын. Оданша қателіктерімнен сабақ алып, жақсарудың амалын іздеймін”.

  • Өзіңді басқалармен салыстырма.

    Киелі кітапта былай делінген: “Атаққұмар болып, бір-бірімізді бақталастыққа итермелемейік, іштарлық та жасамайық” (Ғалаттықтарға 5:26). Әлеуметтік желіден сені шақырмаған барлық бас қосулардың суреттерін қарап отырсаң, бойыңды ашу-ыза билеуі мүмкін. Сонда сен ең жақын деген достарыңа қас жауың сияқты қарай бастауың мүмкін.

    Реалист болу үшін. Бас қосулардың әрбіріне шақырыла бермейтініңді түсін. Оның үстіне, әлеуметтік желідегі суреттер жағдайды толық көрсетпейді. Алексис есімді жасөспірім қыз былай дейді: “Адамдар көбіне желіге өмірлеріндегі ең қызықты, ерекше сәттерінің ғана суреттерін салады. Ал тұрмыс-тіршіліктегі кәдімгі жайттардың суреттерін әдетте салмайды”.

  • Татулыққа ұмтыл, әсіресе отбасыңда.

    Киелі кітапта: “Қолдарыңнан келгенше, барлық адамдармен тату болыңдар”,— деп жазылған (Римдіктерге 12:18). Сен өзге адамдардың әрекеттеріне әсер ете алмайтын шығарсың. Бірақ сен өз көзқарасыңды, өзіңнің қалай әрекет ететініңді қадағалай аласың. Татулық сақтау өз қолыңда.

    Шындыққа тура қара. Отбасыңда жағдайды ушықтырып отқа май құймай, татулыққа ұмтыл. Барлық адамдармен қарым-қатынасыңда осылай еткенің жөн. “Мінсіз адам жоқ. Бір күні болмаса, бір күні бір-біріміздің көңілімізге тиюіміз мүмкін. Сондықтан татулықпен шешеміз бе, әлде ұрсып жеңеміз бе — соны шешіп алуымыз қажет”,— дейді Мелинда есімді жас қыз.

  • Ризашыл болуды үйрен.

    Киелі кітап: “Әрдайым алғыс білдіріңдер”,— деп кеңес береді (Қолостықтарға 3:15). Ризашыл болсаң, өміріңнің көлеңке тұстарына емес, жарқын тұстарына назар аударасың.

    Шындыққа тура қара. Қиындықтарың бар болса да, өміріңдегі жақсы нәрселерді ұмытпа. Ребекка деген жас қыз былай дейді: “Күнделігіме күн сайын өмірімдегі жағымды бір жайтты жазып отырамын. Осылай қиындықтар болса да, өмірімде жақсы нәрселер көп екенін ұмытпаймын”.

  • Кімдермен дос екенің жайлы ойлан.

    Киелі кітапта: “Жаман орта жақсы әдеттен айырады”,— делінген (Қорынттықтарға 1-хат 15:33). Бірге жүретін адамдарың сынап-мінегіш немесе үнемі түңіліп жүретін болса, бұл саған өз әсерін тигізбей қоймайды.

    Шындыққа тура қара. Достарың қиындыққа тап болғанда, біраз уақытқа түңіліп жүретін шығар. Мұндайда өз көмегіңді ұсын, бірақ қиындықтары саған тым қатты әсер етіп кетпесін. Мишель деген жас қыз былай дейді: “Бәрін жаман жағынан көретін адамдармен ғана шектелме. Бұл тура математикадағыдай... егер екі теріс санды бір-біріне қоссаң, онда одан да үлкен теріс сан шығады”.

Бұл жайлы көбірек оқып көр

Киелі кітапта айтылғандай, біз қазір “ерекше қиын уақытта” өмір сүріп жатырмыз (Тімөтеге 2-хат 3:1). Бәрін жаман жағынан көретін бұл дүниеде жақсы жақтарын байқау саған қиын ба? “Қайғы-қасірет тоқтай ма?” деген тарауды оқып көр.

Құрдастарыңның ой-пікірі

Эмма

“Қандай да бір жайтқа қатысты жаман ойға батып бара жатқанымды байқасам, онда сол жағдайдың жақсы-жаман тұстарын қағазға түсіремін. Бұл маған мәселені сезіммен емес, ақылмен шешуге көмектеседі. Жағдай қаншалықты жағымсыз болып көрінбесін, оның әдетте әйтеуір бір жақсы жағы болады” (Эмма).

Джесси

“Маған кертартпа ойлар келе бастаса, басқаларға қалай көмектесе алатынымды, олар үшін не істей алатыным жайында ойланамын. Иса айтқандай, алғаннан гөрі берген адам бақытты. Мен де бергенімнің арқасында жағымсыз ойларға көп берілмеймін” (Джесси).

Қайталау. Теріс ойларды қалай тежеуге болады?

Қателесетініңді мойында. Қателіктеріңді жөндеуге тырыс, бірақ өзіңнен мінсіздікті талап етпе.

Өзіңді басқалармен салыстырма. Сені бір отырысқа шақырмаса, көңіліңе алма.

Татулыққа ұмтыл, әсіресе отбасыңда. Отбасыңда жағдайды ушықтырып отқа май құймай, татулыққа ұмтыл.

Ризашыл болуды үйрен. Қиындықтарың бар болса да, өміріңдегі жақсы нәрселерді ұмытпа.

Кімдермен дос екенің жайлы ойлан. Қиындық көргенде түңілмейтін адамдармен бірге уақыт өткіз.

    Қазақ тіліндегі басылымдар (1997—2026)
    Шығу
    Кіру
    • Қазақ
    • Бөлісу
    • Баптаулар
    • Copyright © 2026 Watch Tower Bible and Tract Society of Pennsylvania
    • Пайдалану тәртібі
    • Құпиялық саясаты
    • Құпиялық параметрлері
    • JW.ORG
    • Кіру
    Бөлісу