Күзет мұнарасының ОНЛАЙН КІТАПХАНАСЫ
Күзет мұнарасының
ОНЛАЙН КІТАПХАНАСЫ
Қазақ
ә
  • ә
  • і
  • ң
  • ғ
  • ү
  • ұ
  • қ
  • ө
  • һ
  • КИЕЛІ КІТАП
  • БАСЫЛЫМДАР
  • КЕЗДЕСУЛЕР
  • ijwyp 93-мақала
  • Қалай арықтасам болады?

Бұл таңдауда видео жоқ.

Кешіріңіз, видеоны жүктеу кезінде қате шықты.

  • Қалай арықтасам болады?
  • Жастардың сауалдары
  • Тақырыпшалар
  • Маған шынымен де арықтау керек пе?
  • Салмақ тастаудың ең дұрыс жолы қандай?
  • Не істесем болады?
Жастардың сауалдары
ijwyp 93-мақала
Жасөспірім бала айнаға қарап, қарнын ұстап тұр

ЖАСТАРДЫҢ САУАЛДАРЫ

Қалай арықтасам болады?

  • Маған шынымен де арықтау керек пе?

  • Салмақ тастаудың ең дұрыс жолы қандай?

  • Не істесем болады?

  • Құрдастарыңның пікірі

Маған шынымен де арықтау керек пе?

Жасөспірімдердің кейбірі “арықтауым керек” деп жатады. Бірақ, шындап келгенде,..

  • Көбісі денсаулықтарынан гөрі сыртқы келбеттерін көбірек ойлайды. Олар тез салмақ тастаудың амалын іздеп, уақытында тамақ жемей, аш жүреді немесе арықтататын дәрілер іше бастайды. Алайда мұндай тәсілдерден әдетте түк шықпайды. Тіпті ағзаға зияны тиіп жатады.

    “Кейде қыздар тез арықтау үшін аш жүреді, соның кесірінен денсаулықтарын құртып алады. Кейін ұзақ уақыт бойы қалпына келтіре алмай жүреді“ (Хейли).

  • Негізінен, олардың көбісіне салмақ тастаудың мүлдем қажеті жоқ. Олар өздерін құрбы-құрдастарымен, желідегі мүсіні “мінсіз“ деп есептелінетін ап-арық модельдермен салыстырып, соларға ұқсағысы келеді.

    “13 жасымда мен өзімді құрбыларыммен салыстыратынмын. Егер солар сияқты шидей болсам, оларға ұнаймын деп ойлайтынмын” (Паола).

Десе де кейбір жасөспірімдерге шынымен де артық салмақтан арылу керек. Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының мәлімдеуінше:

  • бүкіл әлем бойынша 5—19 жас аралығындағы 340 миллиондай жасөспірімнің артық салмағы бар;

  • 1975 жылы 5—19 жас аралығындағы жасөспірімдердің 4 пайызының артық салмағы болса, 2016 жылы олардың саны 18 пайызға дейін жетті;

  • дүниежүзіндегі елдердің көбісінде салмағы жетіспейтін адамдардан гөрі артық салмақты адамдар көбірек;

  • семіздік дамушы елдерде де көп кездеседі, тіпті нәрлі тамақты жеткілікті мөлшерде жемейтін отбасыларында да бұл проблема бар.

Салмақ тастаудың ең дұрыс жолы қандай?

Сен қайсысын таңдайсың?

  1. Тамақ жемей қою.

  2. Жаттығу жасап, дұрыс тамақтану.

  3. Арықтататын дәрілер ішу.

Дұрыс жауабы: 2) Жаттығу жасап, дұрыс тамақтану.

Егер тамақ жемей қойсаң немесе кейбір тамақтардан мүлдем бас тартсаң, тез-ақ нәтижеге қол жеткізетін шығарсың. Бірақ бұл денсаулыққа зиян. Уақыт өте бұрынғыдай тамақ жей бастағанда, қайтадан салмағың баяғы қалпына келуі мүмкін.

Ал егер мақсатың қалай да арықтау емес, денсаулығыңды жақсарту болса, келбетің де әдемі болады, өзіңді де жақсы сезінесің. Майкл Брэдли деген психолог былай дейді: “Ең қауіпсіз, ең пайдалы жолмен арықтап, нәтижесін ұзақ уақыт көру үшін өмір салтыңды өзгертіп, соны өмір бойы ұстана алуың керекa”. Демек, егер арықтағың келсе, қандай диетаға отырамын деп емес, салауатты өмір салтын қалай ұстансам болады деп ойланғаның жөн.

Не істесем болады?

Киелі кітапта “барлық жағынан байсалды” болуымыз керектігі айтылған. Бұл тамақ ішуге де қатысты (Тімөтеге 1-хат 3:11). Онда мешкей болмауымыз керектігі де нақты айтылған (Нақыл сөздер 23:20; Лұқа 21:34). Осы принциптерді ескере отырып, салауатты өмір салтына көшу үшін былай етіп көр:

  • Жас бала тамаққа үңіліп тұр

    Дұрыс тамақтануға не жататын біліп ал.

    Бұл мәселеге басыңмен кіріп кетудің қажеті жоқ, бірақ дұрыс тамақтану жайлы кішкене біліп алғаныңның пайдасы зор. Дұрыс тамақтануды әдетке айналдыру — дене салмағын қалыпта ұстаудың ең жақсы жолдарының бірі.

  • Жас бала тез жүріп барады

    Жүйелі түрде жаттығу жаса.

    Күнделікті көбірек қимыл-қозғалыс жасаудың амалын ізде. Мысалы, лифтінің орнына баспалдақпен көтеріліп-түссең болады. Бейнеойындар ойнап не телефон шұқылағанша, далаға шығып, жарты сағат жылдам жүріспен жүріп қайт.

  • Жас бала пайдасыз тамақтың орнына пайдалы тамақты алып жатыр

    Зиянды емес, пайдалы тағамдар же.

    София деген қыз былай дейді: “Жүрек жалғап алу үшін мен өзіммен бірге жеміс-жидек не көкөніс алып жүремін. Соның арқасында зиянды, құнарсыз тамаққа қолым жүгірмейді”.

  • Жас бала тағы тамақ жеуден бас тартып жатыр

    Тамақты асықпай іш.

    Кейбіреулер тамақты тез-тез жегендіктен, тойғандарын білмей жатады. Сондықтан тамақты асықпай іш. Тағы барып тамақ алмас бұрын кішкене күте тұр. Сонда тойған-тоймағаныңды түсінесің.

  • Жас бала қаптамадан калория жайлы оқып тұр

    Қанша калория жейтініңді қадағалап отыр.

    Азық-түліктің қаптамасына қарап, оның калориясы қанша екенін біліп алсаң болады. Мысалы, тәтті сусындарда, фаст-фудта, тәтті-пәттіде калория көп болады және олардан адам тез толады.

  • Жас бала доп ойнап болған соң, балмұздақ жеп жатыр

    Шектен шығып кетпе.

    16 жасар Сара былай дейді: “Бір кездері мен жатпай-тұрмай калория санайтын болып кеттім. Тәрелкеме қарағанда, тамақты емес, сандарды көретінмін!” Бар ойың калория санауда болмасын. Ара-тұра өзіңе ерік беріп, калориясы көп тағамдарды жеп тұрсаң болады.

Кеңес: салмақ тастау туралы дәрігеріңмен сөйлесіп көр. Ол денсаулығыңды ескере отырып, сенің жағдайыңда салауатты өмір салтын қалай ұстануға болатынын айтып береді.

Құрдастарыңның пікірі

Никки

“Интернет, фильмдер мен газет-журналдарға қарап, “мінсіз мүсін осындай болу керек” деп ойласаң, өз келбетіңе көңілің толмауы мүмкін. Бірақ, шындығында, әр адамның дене бітімі әртүрлі. Ең бастысы, денсаулығыңды барынша күту. Осылай істеп жүрген болсақ, сырт келбетімізге риза болғанымыз дұрыс” (Никки).

Лоренцо

“Не жейтінімді алдын ала ойластырмасам, фаст-фуд жеп қоюым мүмкін. Ал фаст-фуд зиянды, одан қалса, қымбат. Сондай-ақ мен кардио жаттығулар жасағанды жақсы көремін. Бұндай жаттығулардан кейін күшің тасып тұрады. Бірақ оны да алдын ала жоспарламасаң, уақытың басқа нәрсеге кетіп қалады” (Лоренцо).

Қайталау. Қалай арықтасам болады?

Қандай диетаға отырамын деп емес, салауатты өмір салтын қалай ұстансам болады деп ойланғаның жөн. Ол үшін былай етіп көр:

  • Дұрыс тамақтануға не жататын біліп ал. Бұл жайлы аз-маз білгенің саған дұрыс әрі пайдалы тамақтануға көмектеседі.

  • Жүйелі түрде жаттығу жаса. Күнделікті көбірек қимыл-қозғалыс жасаудың амалын ізде.

  • Зиянды емес, пайдалы тағамдар же. Пайдасыз тамақ жеп қоймас үшін, қасыңда жүрек жалғайтын пайдалы тағамдар болсын.

  • Тамақты асықпай іш. Асты асығып-аптығып жеме, тағы жемес бұрын біраз күте тұр. Сонда тойғаныңды түсініп, жегің келмей қалар.

  • Қанша калория жейтініңді қадағалап отыр. Азық-түліктің қаптамасына қарап, оның калориясы қанша екенін біліп алсаң болады.

  • Шектен шығып кетпе. Калорияны қадағалаған жақсы әрине, бірақ соған басыңмен кіріп кетпе.

a “When Things Get Crazy With Your Teen” кітабынан.

    Қазақ тіліндегі басылымдар (1997—2026)
    Шығу
    Кіру
    • Қазақ
    • Бөлісу
    • Баптаулар
    • Copyright © 2026 Watch Tower Bible and Tract Society of Pennsylvania
    • Пайдалану тәртібі
    • Құпиялық саясаты
    • Құпиялық параметрлері
    • JW.ORG
    • Кіру
    Бөлісу