Күзет мұнарасының ОНЛАЙН КІТАПХАНАСЫ
Күзет мұнарасының
ОНЛАЙН КІТАПХАНАСЫ
Қазақ
ә
  • ә
  • і
  • ң
  • ғ
  • ү
  • ұ
  • қ
  • ө
  • һ
  • КИЕЛІ КІТАП
  • БАСЫЛЫМДАР
  • КЕЗДЕСУЛЕР
  • ijwyp 68-мақала
  • Мен максимализмге бейіммін бе?

Бұл таңдауда видео жоқ.

Кешіріңіз, видеоны жүктеу кезінде қате шықты.

  • Мен максимализмге бейіммін бе?
  • Жастардың сауалдары
  • Тақырыпшалар
  • Ұқсас мәлімет
  • Максимализмнің несі жаман?
  • Шектен шықпауға бола ма?
  • Неліктен максималист болмауымыз керек?
    2000 жылғы Күзет мұнарасы Ехобаның Патшалығын жариялайды
  • Кемелді өмір жай ғана арман емес!
    2000 жылғы Күзет мұнарасы Ехобаның Патшалығын жариялайды
  • Неге біз өзімізден ақылға қонымды нәрсені күткеніміз жөн?
    2000 жылғы Күзет мұнарасы Ехобаның Патшалығын жариялайды
  • Теріс ойларды қалай тежеуге болады?
    Жастардың сауалдары
Жастардың сауалдары
ijwyp 68-мақала
Жасөспірім бала аттың суретін қайта-қайта салып отыр

ЖАСТАРДЫҢ САУАЛДАРЫ

Мен максимализмге бейіммін бе?

Егер сен...

  • әр бақылау жұмысынан жоғары баға күтсең;

  • сәтсіздікке ұшыраймын деп жаңа істен қашсаң;

  • кез келген сын сөзді беделіңе түскен дақ деп қарастырсаң...

... демек, сен максимализмге бейімсің деуге болады. Алайда бұл көңіл қоюға тұрарлық жайт па?

  • Максимализмнің несі жаман?

  • Шектен шықпауға бола ма?

  • Құрдастарың не дейді?

Максимализмнің несі жаман?

Не істесең де, барыңды салып істеуде тұрған еш айып жоқ. Алайда “Максимализм: тым жақсы болудың несі жаман?” деген еңбекте былай делінген: “Қандай да бір істі жақсы істеуге талпыну мен қол жетпес мүлтіксіздікке ұмтылудың арасындағы айырмашылық жер мен көктей”. Сондай-ақ бұл кітапта: “Максимализм ауыр жүк болуы мүмкін, өйткені шындап ойлансақ, ешбір адам мінсіз емес”,— делінген (“Perfectionism—What’s Bad About Being Too Good?”).

Киелі кітап та осы ойды құптайды. Ол жерде: “Жер бетінде әрдайым жақсылық жасап, ешқашан күнә істемейтін әділ адам жоқ”,— деген сөздер бар (Уағыздаушы 7:20). Бәріміз пенде болғандықтан, кейде істеген ісің сен қалағандай нәтиже әкелмеуі мүмкін.

Бұған көңілің түсе ме? Олай болса, максимализмнің саған тигізер 4 кері әсерін қарастырып көрейік.

  1. Өз-өзіңе деген көзқарасың. Максимализмге бейім жандар өзіне ақылға қонымсыз тым жоғары талаптар қояды. Бұл болса көңілдің қалуына себеп болады. “Шындыққа тура көзбен қарасақ, ешқайсысымыз барлық жағынан керемет бола алмаймыз. Осыған бола өзімізді жегідей жей берсек, өз-өзімізге сенімді болудан қаламыз. Бұл өте өкінішті болар еді” (Алиша).

  2. Пайдалы кеңеске деген көзқарасың. Максимализмге бейім адамдар тіпті орынды сын сөздерді кемсіту деп қабылдайды. “Мені түзеткенде, өзімді жаман сезінемін. Максимализм мүмкіндіктеріңнің шектеулі екенін мойындауға кедергі жасап, қажетті көмектен құралақан қалдырады”,— дейді Джереми есімді жас жігіт.

  3. Басқаларға деген көзқарасың. Әдетте максимализмге бейім адамдар өзгелерді сынап-мінегіш келеді. Бұның себебі айтпаса да түсінікті. “Мінсіздікті өзіңнен күтсең, өзгелерден де соны күтесің. Басқалар күткеніңді ақтамай жатса, олардан үнемі көңілің қалады”,— дейді 18 жасар Анна.

  4. Басқалардың саған деген көзқарасы. Өзгелерден тым көп нәрсе күтсең, олар сенен қаша бастайды, бұған таңғалмай-ақ қой. “Талаптары тым жоғары адамның көңілінен әрдайым шығуға тырысу шаршатып жібереді. Ондай адамның қасында кімнің жүргісі келеді дейсің?!”

Шектен шықпауға бола ма?

Құдай Сөзінде: “Сендердің есті екендеріңді жұрттың бәрі көретін болсын”,— деп жазылған (Філіпіліктерге 4:5). Есті адам өзінен де, өзгелерден де нені күтіп, нені күтпеу керектігін біледі.

“Мына жалған дүние онсыз да қыспақтап жатады. Максимализмге ұрынып, өзіңе қажетсіз қысымды еселеп қосудың не қажеті бар? Бұны шектен шығу дер едім!” (Найла).

Құдай Сөзінде: “Құдайыңның жолында қарапайым болып жүр”,— делінген (Миха 6:8). Қарапайым адам өз шектеулерін мойындайды. Шамасы жетпейтін істерге бармайды және оларға босқа уақытын сарп етпейді.

“Өз ісімнен қанағат сезінгім келсе, мен көрпеме қарай көсілем. Шамам жететінді ғана істеймін” (Хейли).

Құдай Сөзінде: “Қандай істі қолға алсаң да, оны барыңды салып істе”,— делінген (Уағыздаушы 9:10). Демек, максимализмнің емі — жалқаулық емес, еңбекқорлық. Бірақ ол жоғарыда айтылған қасиеттермен, яғни естілік және қарапайымдылықпен ұштасып жату керек.

“Маған тапсырылған істі қолымнан келгенше жақсы істеуге тырысамын. Оның ешқашан мінсіз болмайтынын түсінемін, бірақ барымды салып істегенім мені қуанышқа бөлейді” (Джошуа).

Құрдастарың не дейді?

Сьерра

“Максимализмге ұмтылсаң, стрестен көз ашпайсың. Пайдалы кеңес естісең де қабыл алу қиын болады. Мен қателіктерімді сәтсіздік деп есептеудің орнына, оларды сабақ алудың мүмкіндігі деп қарастырған дұрыс екенін түсіндім” (Сьерра).

Бо

“Мінсіз боламын деп қуанышыңнан айырыласың. Достарыңа сен оларды сынап-мінеп я жақтырмай жатқандай көрінгендіктен, өздерін ыңғайсыз сезініп жүреді” (Бо).

Сарина

“Бір тәулікте 24-ақ сағат бар, ал бітіретін жұмыс бастан асады. Әрбір кішігірім іске тым көп уақыт кетірсең, тіпті тамақтану мен ұйықтау сияқты маңызды нәрселерге уақыт қалмайды” (Сарина).

    Қазақ тіліндегі басылымдар (1997—2026)
    Шығу
    Кіру
    • Қазақ
    • Бөлісу
    • Баптаулар
    • Copyright © 2026 Watch Tower Bible and Tract Society of Pennsylvania
    • Пайдалану тәртібі
    • Құпиялық саясаты
    • Құпиялық параметрлері
    • JW.ORG
    • Кіру
    Бөлісу