Күзет мұнарасының ОНЛАЙН КІТАПХАНАСЫ
Күзет мұнарасының
ОНЛАЙН КІТАПХАНАСЫ
Қазақ
ә
  • ә
  • і
  • ң
  • ғ
  • ү
  • ұ
  • қ
  • ө
  • һ
  • КИЕЛІ КІТАП
  • БАСЫЛЫМДАР
  • КЕЗДЕСУЛЕР
  • ijwyp 69-мақала
  • Не үшін дұға айту қажет?

Бұл таңдауда видео жоқ.

Кешіріңіз, видеоны жүктеу кезінде қате шықты.

  • Не үшін дұға айту қажет?
  • Жастардың сауалдары
  • Тақырыпшалар
  • Ұқсас мәлімет
  • Дұға деген не?
  • Құдай дұғаны тыңдай ма?
  • Не туралы дұға айтсаң болады?
  • Жаратқанға дұға қылу арқылы жақындаңыз
    Мәңгі бақи өмірдің рақатын көріңіз! (интерактивті Киелі кітап сабақтары)
  • Құдайға дұға айту мәртебесі
    Киелі жазбалардан не білеміз?
  • Құдайға қалай жақындауға болады?
    Мәңгілік өмірге алып баратын білім
  • Құдайға дұға арқылы жақында
    Киелі кітап шын мәнінде неге үйретеді?
Көбірек мәлімет
Жастардың сауалдары
ijwyp 69-мақала
Көл жағасында отырған жас қыз

ЖАСТАРДЫҢ САУАЛДАРЫ

Не үшін дұға айту қажет?

Бір елде жүргізілген сауалнама нәтижесінде жастардың 80 пайызы Жаратушыға дұға ететіні анықталды. Бірақ олардың жартысы ғана күн сайын дұға етеді екен. Бұл жастар: “Дұға шер тарқату үшін ғана айтыла ма, әлде оның бұдан да зор маңызы бар ма?”— деп ойланатын болар.

  • Дұға деген не?

  • Құдай дұғаны тыңдай ма?

  • Не туралы дұға айтсаң болады?

  • Құрдастарыңның ой-пікірі

Дұға деген не?

Дұға дегеніміз — бүкіл ғаламның Жаратушысымен сөйлесу. Бір сәт ойланып көрші. Ехоба Құдай адамдардан қанша жоғары болса да, “ол әрқайсысымыздан алыс емес” (Елшілердің істері 17:27). Киелі кітапта мынандай керемет сөздер жазылған: “Құдайға жақындаңдар, сонда ол да сендерге жақындайды” (Жақып 4:8).

Құдайға жақындау үшін не істеу керек?

  • Мұның бір жолы — дұға ету, яғни сенің Құдайға сөйлейтін кезің.

  • Тағы бір жолы — Киелі кітапты зерттеу. Бұл — Құдайдың саған “сөйлейтін” кезі.

Осылай әңгімелесу, яғни дұға ету және Киелі кітапты зерттеу, Құдаймен жақын дос болуға көмектеседі.

“Ехобамен, Құдіретті Жаратушының өзімен, сөйлесу — адам баласына берілген ең күшті сыйлардың бірі” (Джереми).

“Ехобаға жүрек түбінде жатқан сезімдерімді ашып дұға еткенде, оған жақындай түсемін” (Миранда).

Құдай дұғаны тыңдай ма?

Құдайдың бар екеніне сенсең де, тіпті оған дұға айтып жүрсең де, оның шынымен сені тыңдайтынына күмәнданатын кездерің болатын шығар. Бірақ Киелі кітапта Ехоба туралы: “Сен дұғаларды тыңдайсың”,— деп жазылған (Зәбүр 65:2). Сондай-ақ онда: “Бар уайымдарыңды оған артыңдар”,— деген кеңес беріледі. Неліктен? “Себебі ол қамымызды ойлайды” (Петірдің 1-хаты 5:7).

Ойланатын жайт. Сен жан досыңмен сөйлесу үшін уақыт бөліп тұрасың ғой. Құдаймен сөйлесу үшін де солай етсең болады. Оған үнемі дұға айтып, оны Ехоба деген есімімен ата (Зәбүр 86:5—7; 88:9). Киелі кітап Ехобаға “ұдайы дұға етуге” шақырады (Салоникалықтарға 1-хат 5:17).

“Дұға дегеніміз — көктегі Әкем екеуміздің арамыздағы әңгіме, оған ішімдегінің бәрін ақтарып айтатын кезім” (Мойзес).

“Мен Ехобаға көңіл түбінде жүрген мәселелер жайында айтамын, анаммен немесе жан досыммен сөйлескендей сөйлесемін” (Карен).

Не туралы дұға айтсаң болады?

Киелі кітап былай дейді: “Барлық өтініштеріңді дұға етіп, жалбарынып, ризашылықпен Құдайға білдіріңдер” (Філіпіліктерге 4:6).

Демек, өзіңді мазалап жүрген нәрселер жайында оған айта беруге бола ма? Әрине! Құдайдың Сөзінде былай делінген: “Бар ауыртпалығыңды Ехобаға арт, ол сені демейді” (Зәбүр 55:22).

Құдайға қиындықтарыңнан басқа да жайттар туралы айтқаның жақсы. Шантель есімді қыз былай дейді: “Ехобадан тек көмек сұрай берсем, бұл нағыз достыққа жатпас еді. Менің ойымша, дұғаны ризашылық сөздермен бастау маңызды және алғыс білдіргім келетін нәрселердің тізімі ұзын болу керек”.

Ойланатын жайт. Сен өміріңде не нәрселер үшін ризасың? Бүгін болған қандай үш нәрсе үшін Ехобаға рақмет айтқың келеді?

“Болмашы нәрсенің өзі, мысалы бір әдемі гүлді көргеніміз, Ехобаға сол мезетте дұға айтып, ризашылық білдіруге талпындырады” (Анита).

“Өзіңе ұнайтын бір жаратылыс туралы не Киелі кітаптағы сөздер жайлы ой жүгіртіп, кейін сол үшін Ехобаға алғыс айтуыңа болады” (Брайн).

Құрдастарыңның ой-пікірі

Мойзес

“Дұғаларымыз шалшық сияқты емес, мұхиттай терең болуы тиіс. Ехоба бізге қол ұшын беруге әрқашан дайын. Ол тіпті біз айтпай тұрып-ақ бізге не қажет екенін біледі. Сонда да бар жүрегімізбен дұға етсек, оған қаншалықты арқа сүйейтінімізді көрсетеміз” (Мойзес).

Миранда

“Дұға арқан сияқты. Оның бір ұшын Ехоба, екінші ұшын мен ұстап тұрамын. Дұғада жүрегімді ақтарып айтсам, сол арқаннан мықтап ұстағандай боламын. Сол кезде Ехоба да арқанды мықтап ұстайды. Осылайша екеуіміздің қарым-қатынасымыз берік бола түседі” (Миранда).

Джереми

“Абай болмасақ, дұғамыз тек қалауларымыз жазылған тізімдей болып кетуі мүмкін. Бірақ Ехобаның жасап жатқан жақсылықтары үшін алғыс білдірсек, дұғамызда тек қара басымыз жайлы емес, басқа да маңызды жайттар туралы айтамыз” (Джереми).

Шелби

“Ехобаға рақмет айтқан сайын, ризашыл бола түсеміз. Дұғада алғыс білдірсек, кезігіп жатқан қиындықтарға емес, көріп жатқан баталарға көз тігетін боламыз” (Шелби).

    Қазақ тіліндегі басылымдар (1997—2026)
    Шығу
    Кіру
    • Қазақ
    • Бөлісу
    • Баптаулар
    • Copyright © 2026 Watch Tower Bible and Tract Society of Pennsylvania
    • Пайдалану тәртібі
    • Құпиялық саясаты
    • Құпиялық параметрлері
    • JW.ORG
    • Кіру
    Бөлісу