Күзет мұнарасының ОНЛАЙН КІТАПХАНАСЫ
Күзет мұнарасының
ОНЛАЙН КІТАПХАНАСЫ
Қазақ
ә
  • ә
  • і
  • ң
  • ғ
  • ү
  • ұ
  • қ
  • ө
  • һ
  • КИЕЛІ КІТАП
  • БАСЫЛЫМДАР
  • КЕЗДЕСУЛЕР
  • w25 мамыр 2—7 бет.
  • Адал періштелерге еліктейік

Бұл таңдауда видео жоқ.

Кешіріңіз, видеоны жүктеу кезінде қате шықты.

  • Адал періштелерге еліктейік
  • Күзет мұнарасы Ехоба Құдайдың Патшалығын жариялайды (зерттеуге арналған). 2025
  • Тақырыпшалар
  • Ұқсас мәлімет
  • ПЕРІШТЕЛЕР КІШІПЕЙІЛ
  • ПЕРІШТЕЛЕР АДАМДАРДЫ ЖАҚСЫ КӨРЕДІ
  • ПЕРІШТЕЛЕР ТАБАНДЫ
  • ПЕРІШТЕЛЕР ҚАУЫМНЫҢ ТАЗАЛЫҒЫНА ҮЛЕС ҚОСАДЫ
  • Періштелер — адамдарға қызмет көрсететін рухтар
    2009 жылғы Күзет мұнарасы Ехоба Құдайдың Патшалығын жариялайды
  • Құдай періштелерінің көмегі
    Ұлы Ұстаздан үйренейік
  • Періштелер бізге қалай көмектеседі?
    Күзет мұнарасы Ехоба Құдайдың Патшалығын жариялайды (көпшілікке арналған). 2017
  • Періштелер туралы шындық
    Күзет мұнарасы Ехоба Құдайдың Патшалығын жариялайды (көпшілікке арналған). 2017
Көбірек мәлімет
Күзет мұнарасы Ехоба Құдайдың Патшалығын жариялайды (зерттеуге арналған). 2025
w25 мамыр 2—7 бет.

19-ЗЕРТТЕУ МАҚАЛАСЫ

6-ӘН Заңғар көк Құдайдың салтанатын жариялайды

Адал періштелерге еліктейік

“Құдіреті зор періштелері, [Ехобаны] мадақтаңдар!” (ЗӘБ. 103:20).

НЕГІЗГІ ОЙ

Адал періштелердің бізге көрсетіп жүрген тамаша үлгісі.

1, 2. а) Біз періштелерден қай жағынан ерекшеленеміз? ә) Біз періштелерге қай жағынан ұқсаймыз?

ЕХОБА сізді шындыққа жақындатып тартқан кезде, сіз оның үлкен отбасының бір мүшесі болдыңыз. Ал Ехобаның отбасында миллиондаған адал періштелер де бар (Дан. 7:9, 10). Періштелер жайлы ой жүгірткенде, олар бізден қаншалықты ерекшеленетінін түсінеміз. Мысалы, олар бізден әлдеқайда ұзақ уақыт бұрын жаратылған (Әйүп 38:4, 7). Сондай-ақ олар бізге қарағанда анағұрлым күшті. Оның үстіне, періштелер біз сияқты күнәкар емес, олар киелі және әділ (Лұқа 9:26).

2 Періштелерден қатты ерекшеленсек те, біздің олармен ұқсас жақтарымыз да аз емес. Мысалы, періштелер сияқты біз де Ехобаның тамаша қасиеттерін таныта аламыз. Олардікіндей бізде де ерік бостандығы бар. Періштелер сияқты біздің де жеке есіміміз, өзімізге тән мінезіміз, атқаратын әртүрлі тапсырмаларымыз бар. Періштелермен тағы бір ұқсастығымыз — бізде де Жаратушымызға ғибадат етуге деген мұқтаждық бар (Пет. 1-х. 1:12).

3. Адал періштелерден не нәрсеге үйрене аламыз?

3 Періштелермен ортақ нәрсеміз көп болғандықтан, олардан үйренеріміз де көп. Бұл мақалада біз адал періштелердің үлгісіне назар аударып, олардың кішіпейілділігі, адамдарға деген сүйіспеншілігі, табандылығы мен қауымның тазалығы үшін қосатын үлестері жайлы сөз қозғаймыз. Сондай-ақ оларға осы жағынан қалай еліктей алатынымызды қарастырамыз.

ПЕРІШТЕЛЕР КІШІПЕЙІЛ

4. а) Періштелердің кішіпейілділігі неден көрінеді? ә) Періштелердің кішіпейілділігінің сыры неде? (Зәбүр 89:7)

4 Адал періштелер өте кішіпейіл. Көпті көрген, құдіреті зор, асқан дана болса да, періштелер Ехобаның нұсқауларына мойынсұнады (Зәб. 103:20). Өздеріне берілген тапсырмаларды атқарғанда, олар істеген істері үшін мақтанбайды, ерекше құдіреттерін көрсетіп, көзге түсуге де тырыспайды. Есімдері белгісіз болып қалса да, Құдайдың еркін қуанышпен атқара бередіa (Мұс. 1-ж. 32:24, 29; Пат. 2-ж. 19:35). Олар Ехобаға тиесілі атақ-даңқты өздеріне қабылдаудан аулақ. Періштелердің осындай керемет кішіпейілділігінің сыры неде? Олар Ехобаны қатты жақсы көреді және оны шексіз құрметтейді (Зәбүр 89:7 оқыңыз).

5. Періште елші Жоханды түзеткенде қалай кішіпейілділік танытты? (Суретті де қараңыз.)

5 Періштелердің кішіпейілділігін көрсететін бір жағдайды қарастырайық. Шамамен б. з. 96 жылы Киелі кітапта есімі аталмаған бір періште елші Жоханға керемет аян көрсетті (Аян 1:1). Сол кезде Жохан оған табынбақ болды. Алайда Ехобаға адал бұл періште оны бірден тоқтатып: “Олай етпе! Мен небәрі өзің және... бауырластарың сияқты құлмын. Құдайға ғибадат ет!”— деді (Аян 19:10). Неткен кішіпейілділік! Бұл періште сый-құрметке де, мадақ-марапатқа да еш қызыққан жоқ. Ол бірден Жоханды Ехоба Құдайға ғибадат етуге талпындырды. Ол Ехобаға ұзақ уақыттан бері қызмет етіп жүрсе де, асқан құдіретті болса да, Жоханды менсінбей, төмен санаған жоқ. Қайта, кішіпейілділікпен оған: “Мен небәрі өзің... сияқты құлмын”,— деген. Тағы бір назар аударатын жайт, бұл періште қартайған Жоханды түзеткенде оған қатты емес, жұмсақ сөйледі. Өйткені ол Жоханның қастерлі сезімге бөленгеннен осындай әрекетке барғанын түсінсе керек.

Аяғына жығылып табынбақшы болған Жоханды періште тоқтатып жатыр.

Періште Жоханды кішіпейілділікпен түзетті (5-абзацты қараңыз)


6. Кішіпейіл періштелерге қалай еліктесек болады?

6 Періштелердің кішіпейілділігіне қалай еліктесек болады? Біз де періштелер сияқты өзімізге тапсырылған қызметтерді атқарғанда, мақтанудан не жетістіктеріміз үшін атақ-даңқ іздеуден аулақ болуымыз керек (Қор. 1-х. 4:7). Егер Ехобаға ұзақ уақыттан бері қызмет етіп жатсақ не қандай да бір ерекше тапсырмалар орындап жүрсек, дандайсып, өзімізді өзгелерден жоғары санап кетпегеніміз жөн. Негізі, жауапкершіліктеріміз неғұрлым көп болған сайын, соғұрлым өзімізді кіші тұтуымыз қажет (Лұқа 9:48). Періштелер сияқты біз де өзгелерге қызмет еткіміз келеді. Сондықтан өзімізді өзгелерден артық санап, көзге түсуді ойламаймыз.

7. Біреуді түзеткенде не кеңес бергенде қалай кішіпейілділік танытсақ болады?

7 Біреуді түзетіп, кеңес бергенде де біз кішіпейілділік танытуымыз қажет. Кейде бауырласымызға не баламызға тіке кеңес беруге тура келуі мүмкін. Бірақ сондай кездері Жоханды жұмсақтықпен түзеткен періштеге еліктесек, берген кеңесіміз адамның рухын сындырмайды. Егер біз өзімізді басқалардан кіші тұтсақ, Киелі кітапқа негізделген кеңестерді әрдайым құрметпен, жұмсақтықпен жеткіземіз (Қол. 4:6).

ПЕРІШТЕЛЕР АДАМДАРДЫ ЖАҚСЫ КӨРЕДІ

8. а) Лұқа 15:10-ға сай, періштелердің адамдарды жақсы көретіні неден көрінеді? ә) Періштелер уағыз ісінде қандай рөл атқарады? (суретті де қараңыз.)

8 Періштелер адамдармен шаруасы жоқ, өздерімен өздері жүрген жаратылыстар емес. Олар адамдарды жақсы көреді. Адам күнәсіна өкінсе, яғни Ехобаның жоғалған қойы қайта оралса немесе біреу өмірін өзгертіп, шындыққа келіп жатса, періштелер қатты қуанады (Лұқа 15:10 оқыңыз). Сонымен қатар періштелер уағыз ісіне де барынша атсалысады (Аян 14:6). Өздері тікелей уағыздамаса да, олар жариялаушыларды Ехоба жайлы білгісі келетін адамдарға бағыттайды. Әрине, барлық жағдайда осылай болады деп айта алмаймыз. Өйткені Ехоба басқа да жолдармен, мысалы киелі рухымен өз қызметшілерін бағыттап отырады (Ел. іс. 16:6, 7). Десе де ол періштелерін осы іске жұмылдырған. Сондықтан ізгі хабарды уағыздап жүргенде, қасымызда қолдап жүретін періштелер бар екеніне сенімді болайық (“Олар дұғаларына жауап алды” деген қоршауды қараңызb).

Көшеде ерлі-зайыпты әдебиет арбасын сүйреп бара жатыр. Әуеде тұрған екі періште әйел бауырластың назарын мұңайып отырған бір қызға бұрып жатыр.

Ерлі-зайыпты көпшілік орындарында уағыздап болған соң, үйлеріне қайтып бара жатқанда әйел бауырлас мұңайып отырған қызды байқайды. Бұл әйел бауырлас періштелер бізді рухани көмекке зәру адамдарға бағыттай алатынын біледі. Ол әлгі қызбен сөйлесуге іштей талпыныс пайда болғанын сезеді (8-абзацты қараңыз).


Олар дұғаларына жауап алды

Келесі жағдайларға періштелердің қатысы болуы мүмкін бе?

  • Перуде 12 жасар қыз бауырлас телефонмен уағыздап жатқанда, бір әйелмен сөйлеседі. Сөйтсе, ол әйел “маған біреу көмектессінші” деп Құдайға дұға еткен екен. Ол қыз бауырластың телефон соққанын Құдайдың жауабы деп түсініп, Киелі кітапты зерттеуге келісті. Сөйтіп, көп ұзамай қауым кездесуіне бара бастады.

  • Румынияда бір әйел зерттеу сабағын бастап, кейін өтпей қояды. Бірақ Италияда бір отбасының үйінде жұмыс істеп жүргенінде, қайтадан зерттеу сабағын өткісі келеді. Ол елде Куәгерлердің ешқайсысын танымағандықтан, Ехобадан көмек сұрап дұға етеді. Көп уақыт өтпей-ақ жұмыс берушісі оны дүкенге жіберіп жатып: “Сатушымен сөйлеспей-ақ қой, ол Ехоба куәгері. Киелі кітап жайлы бәріне айта береді”,— дейді. Айтқанындай-ақ, дүкенде жұмыс істейтін ер бауырлас әйелге уағыздайды. Сол кезде әйел Ехоба дұғасына жауап бергенін түсінеді. Сөйтіп, ол зерттеу сабағын қайтадан бастап, рухани қадамдар жасайды. Оның жақсы жаққа өзгергенін көріп ұлдарының бірі зерттеу сабағына келіседі, кейін қауым кездесулеріне келе бастайды.

  • Куәгер бір ерлі-зайыпты көліктерін сатпақ болады. Сол көлікті көруге әйелімен бір ер кісі келеді. Бауырластар осы мүмкіндікті пайдаланып, оларға өмірлерін қарапайым ету үшін көліктерін сатып жатқандарын және адамдарға Киелі кітап жайлы үйрететіндерін айтып береді. Сол кезде әлгі ер кісі былай дейді: “Кеше ғана Құдайға дұға етіп, өмірімнің мәні жоқ, жауапсыз сұрақтарым қаншама, маған көмектесетін біреуді жіберші деп сұраған едім”. Ол бауырластармен кездесіп қалғаны бекер емес екенін түсініп, өзі де, әйелі де, жасөспірім екі қызы да зерттеу сабағын бастады. Қазір олар бүкіл үй ішімен қауымға келіп жүр.

9. Періштелерге еліктеп, адамдарды сүйетінімізді қалай көрсете аламыз?

9 Періштелерге еліктеп, адамдарды сүйетінімізді қалай көрсете аламыз? Қауымнан аластатылған бауырлас қайта қабылданғанда, біз де періштелер сияқты қуанайық. Сол бауырластың қасына барып, оралғанына қуанышты екенімізді айтайық және жақсы көретінімізді білдірейік (Лұқа 15:4—7; Қор. 2-х. 2:6—8). Періштелерге еліктеудің тағы бір жолы — уағыз ісіне барынша атсалысу (Уағ. 11:6). Періштелер қызметте бізді қалай қолдаса, біз де бауырластарымызды қызметте солай қолдайық. Мысалы, енді ғана жариялаушы болған бауырластармен қызметке жазылайық, я болмаса қарт не денсаулығы нашар бауырластарды қызметке алып шығайық.

10. Сара бауырластан қандай үлгі алсақ болады?

10 Ал егер өзіміз ойлағандай қызмет етуге жағдаймыз келмесе, не істесек болады? Ондай кезде де періштелермен қызметтесудің амалын табуға болады. Үндістанда тұратын Сараc бауырласымыз осы жағынан бізге жақсы үлгі. Ізашар болып жүргеніне 20 жыл болғанда, ол қатты ауырып, төсектен мүлдем тұра алмай қалған. Бұл жағдай Сара бауырласты әбден түңілдірді. Бірақ бауырластардың сүйіспеншілігі мен қамқорлығының арқасында және Киелі кітапты оқуды тоқтатпағанының арқасында ол бірте-бірте оң көзқарас таныта бастады. Сөйтіп, баяғыдай қызмет ете алмайтынын түсініп, ол жаңа жағдайға бейімделді. Ол тек телефонмен уағыздады, өйткені отыра алмағандықтан хат та жаза алмайтын. Сара бауырлас қызығушыларына хабарласқанда, олар Киелі кітапты зерттегісі келетін таныстары бар екенін айтқан. Сөйтіп, ол бірнеше айдың ішінде 70 зерттеу сабағын бастаған! Бұл зерттеудің бәрін өзі өткізе алмағандықтан, біразын қауымдағы бауырластарға тапсырған. Қазір сол зерттеушілердің көбісі қауым кездесулеріне келіп жүр. Сара сияқты бауырластармен қызметтесу періштелер үшін үлкен қуаныш екені сөзсіз!

ПЕРІШТЕЛЕР ТАБАНДЫ

11. Неге адал періштелер табандылықтың тамаша үлгісі дей аламыз?

11 Адал періштелер табандылықтың тамаша үлгісі. Олар мыңдаған жылдар бойы әділетсіздік пен зұлымдыққа еш мойымай, шыдап келеді. Олар өздерімен бірге иық тіресе қызмет еткен періштелердің, сондай-ақ Шайтанның Ехобаға қалай қарсы шыққанын өз көздерімен көрген (Мұс. 1-ж. 3:1; 6:1, 2; Яһд. 6). Киелі кітаптан білетініміздей, тіпті жолдан тайған сол періштелердің біреуі адал періштеге қоймай қарсылық көрсеткен (Дан. 10:13). Бұл ғана емес, адал періштелер Адам мен Хауаның күндерінен бері адамзаттың басым бөлігі Ехобаға ғибадат етпейтінін көріп жүр. Осының бәріне қарамастан, адал періштелер Ехобаға қуанышпен, құлшыныспен қызмет етуде. Өз уақытында Құдай бүкіл әділетсіздікті тоқтататынына олар нық сенімді.

12. Бізге табанды болуға не көмектеседі?

12 Періштелердің табандылығына қалай еліктесек болады? Періштелер сияқты біз де көптеген әділетсіздіктің куәсі болып жүрміз, олар сияқты біз де қарсылықтарға кезігеміз. Бірақ біз де Ехоба өз уақытында бүкіл зұлымдықты жоятынына сенімдіміз. Сондықтан періштелер сияқты “жақсылық жасаудан еш талмаймыз” (Ғал. 6:9). Ехобаның өзі де бізге табанды болуға көмектесемін деп уәде еткен (Қор. 1-х. 10:13). Оған дұға етіп, киелі рухын сұрайық, өйткені киелі рух бізге шыдамдылықпен, қуанышпен қызмет ете беруге көмектеседі (Ғал. 5:22; Қол. 1:11). Ал қарсылыққа кезігіп жатсақ, не істеуіміз керек? Ондайда еш абыржымай, Ехобаға толық сенім артайық. Себебі Ехоба өз қызметшілерін әрдайым қолдап, оларға қажетті күш береді (Евр. 13:6).

ПЕРІШТЕЛЕР ҚАУЫМНЫҢ ТАЗАЛЫҒЫНА ҮЛЕС ҚОСАДЫ

13. Соңғы күндері періштелерге қандай ерекше іс тапсырылған? (Матай 13:47—49)

13 Соңғы күндері періштелерге бір ерекше іс тапсырылған (Матай 13:47—49 оқыңыз). Дүниежүзі бойынша ізгі хабарға миллиондаған адам қызығушылық танытады. Олардың кейбірі өмірлерін өзгертіп, мәсіхші болуға шын жүректен күш салса, кейбіреулері олай етпейді. Сондықтан Ехоба “зұлымдарды әділдерден ажырату” үшін періштелерді тағайындаған. Бұл дегеніміз — олар қауымды таза сақтауға үлес қосады деген сөз. Бірақ бұл қауымнан аластатылған адам енді ешқашан орала алмайды дегенді білдірмейді. Сондай-ақ бұл қауымда ешқашан қиындық болмайды деген сөз емес. Дей тұрғанмен де қауымның тазалығы үшін періштелер аянбай еңбектеніп жүргеніне сенімді болсақ болады.

14, 15. Қауымның тазалығын ойлап жүрген періштелерге қалай еліктесек болады? (Суреттерді де қараңыз.)

14 Қауымның тазалығын ойлап жүрген періштелерге қалай еліктесек болады? Қауымды моральдық және рухани жағынан таза сақтау үшін біз де өз тарапымыздан үлес қоса аламыз. Мысалы, өзіміздің бейнелі жүрегімізді қорғау үшін жақсы орта таңдағанымыз, сондай-ақ жаман ықпал ететін кез келген нәрседен бас тартқанымыз маңызды (Зәб. 101:3). Сондай-ақ біз бауырластарымызға Ехобаға адал болуға көмектесе аламыз. Мысалы, бір бауырластың ауыр күнә жасағанын біліп қалсақ, оны ақсақалдарға баруға талпындырамыз. Ал егер ол ақсақалдарға бармаса, онда өзіміз ақсақалдарды хабардар етеміз. Өйткені біз бұл бауырласты жақсы көреміз және оған тез арада рухани көмек көрсетілгенін қалаймыз (Жақ. 5:14, 15).

15 Өкінішке қарай, ауыр күнә жасаған бауырласты кейде қауымнан аластату керек болып жатады. Ондай кездері біз онымен араласпаймызd (Қор. 1-х. 5:9—13). Бұл шараның арқасында қауым таза сақталады. Сондай-ақ қауымнан аластатылған адаммен араласпасақ, оған сүйіспеншілік танытамыз. Өйткені біздің берік шешіміміз ол адамды ақылға келуге талпындыруы мүмкін. Егер ол өкініп, қауымға оралса, біз де Ехобамен және періштелермен бірге қуанамыз (Лұқа 15:7).

Коллаж: 1. Екі қыз бауырлас саябақта сөйлесіп отыр, қолдарында кофе бар. Біреуі сөйлеп отыр, ал екіншісі бетін басқа жаққа бұрып алған. 2. Кейінірек сол сөйлеп отырған қыз бауырлас Патшалық сарайында екі ақсақалмен сөйлесіп тұр.

Бауырластың ауыр күнә жасағанын біліп қалсақ, не істеуіміз керек? (14-абзацты қараңыз)e


16. Періштелерге қай жағынан еліктегеніміз маңызды?

16 Рухани әлемге көз тастай алатынымыз неткен ғанибет! Періштелермен иық тіресе қызметтесу де біз үшін зор мәртебе! Ендеше, олардың көркем қасиеттеріне еліктей берейік. Періштелер сияқты кішіпейіл болайық, адамдарды сүйейік, табанды болайық және қауымның моральдық және рухани тазалығын ойлап жүрейік. Адал періштелерге ұқсасақ, біз де мәңгі бақи Ехобаның отбасында боламыз.

ПЕРІШТЕЛЕРГЕ ЕЛІКТЕП...

  • қалай кішіпейіл бола аламыз?

  • адамдарды сүйетінімізді қалай көрсете аламыз?

  • қауымның тазалығына қалай үлес қоса аламыз?

123-ӘН Құдай орнатқан тәртіпке бағынайық

a Аспанда жүздеген миллион періште бар, бірақ Киелі кітапта олардың екеуінің ғана есімі аталған. Олар Микайл мен Жәбірейіл (Дан. 12:1; Лұқа 1:19).

b Тағы басқа да оқиғаларды оқығыңыз келсе, “Күзет мұнарасы басылымдарының көрсеткішіне” (ор.) кіріп, “Ангелы” деген тақырыптың ішінен “руководство ангелов (примеры)” деген тақырыпшаны қараңыз.

c Есімі өзгертілген.

d “Басқарушы кеңестің үндеуінде (№ 2, 2024)” түсіндірілгендей, егер қауымнан аластатылған адам жиналысқа келсе, жариялаушы оны жылы қарсы алып, сәлемдесе ме, жоқ па — оны Киелі кітапқа сай тәрбиеленген ар-ұжданына сүйеніп шешеді.

e СУРЕТ СИПАТТАМАСЫ: Қыз бауырлас құрбысын ақсақалдарға баруға талпындырып жатыр. Біраз уақыт өткен соң, қыз бауырлас құрбысы кеңесіне құлақ аспағанын біліп, ақсақалдармен өзі сөйлесіп жатыр.

    Қазақ тіліндегі басылымдар (1997—2026)
    Шығу
    Кіру
    • Қазақ
    • Бөлісу
    • Баптаулар
    • Copyright © 2026 Watch Tower Bible and Tract Society of Pennsylvania
    • Пайдалану тәртібі
    • Құпиялық саясаты
    • Құпиялық параметрлері
    • JW.ORG
    • Кіру
    Бөлісу