Күзет мұнарасының ОНЛАЙН КІТАПХАНАСЫ
Күзет мұнарасының
ОНЛАЙН КІТАПХАНАСЫ
Қазақ
ә
  • ә
  • і
  • ң
  • ғ
  • ү
  • ұ
  • қ
  • ө
  • һ
  • КИЕЛІ КІТАП
  • БАСЫЛЫМДАР
  • КЕЗДЕСУЛЕР
  • wp17 № 5 4—5 бет.
  • Періштелер туралы шындық

Бұл таңдауда видео жоқ.

Кешіріңіз, видеоны жүктеу кезінде қате шықты.

  • Періштелер туралы шындық
  • Күзет мұнарасы Ехоба Құдайдың Патшалығын жариялайды (көпшілікке арналған). 2017
  • Ұқсас мәлімет
  • Періштелер — адамдарға қызмет көрсететін рухтар
    2009 жылғы Күзет мұнарасы Ехоба Құдайдың Патшалығын жариялайды
  • Періштелер
    Ояныңдар! 2017
  • Киелі кітап. Сұрақтар мен жауаптар
    2014 жылғы Күзет мұнарасы Ехоба Құдайдың Патшалығын жариялайды
  • Адал періштелерге еліктейік
    Күзет мұнарасы Ехоба Құдайдың Патшалығын жариялайды (зерттеуге арналған). 2025
Көбірек мәлімет
Күзет мұнарасы Ехоба Құдайдың Патшалығын жариялайды (көпшілікке арналған). 2017
wp17 № 5 4—5 бет.
Бас періште мен сансыз көп басқа да періштелер

НЕГІЗГІ ТАҚЫРЫП | ПЕРІШТЕЛЕР. ОЛАР ТУРАЛЫ БІЛУ НЕГЕ МАҢЫЗДЫ?

Періштелер туралы шындық

Сіз періштелердің кімдер екені, қалай пайда болғаны және қандай қызмет атқаратыны туралы шындықты білгіңіз келе ме? Бұл орайда ең сенімді мағлұматты Құдай рухының жетелеуімен жазылған Киелі кітаптан таба аласыз (Тімөтеге 2-хат 3:16). Бұл кітапта періштелер жайлы не айтылған?

  • Құдайдың рух екені сияқты, періштелер де көзге көрінбейтін рухтар. Оларда “ет пен сүйек болмайды”. Адал періштелер аспан әлемінде өмір сүреді, әрі Құдайдың алдына емін-еркін бара алады (Лұқа 24:39; Матай 18:10; Жохан 4:24).

  • Періштелер Құдайдың бұйрығын орындау үшін жер бетіне адами тәнмен келген жағдайлар да болған. Жердегі қызметін атқарып болған соң, олар қайтадан рухани қалыптарына оралған (Билер 6:11—23; 13:15—20).

  • Киелі кітапта періштелер еркек тұлға ретінде сипатталған және жер бетіне олар үнемі ер адам кейпінде келген. Десе де періштелер жынысқа бөлінбейді. Олар үйленбейді, ұрпақ та жалғастырмайды. Олар сәбилердің не ересек адамдардың өлгеннен кейін көкке кеткен рухтары емес. Періштелерді Ехоба Құдай жаратқан, сол үшін олар Киелі кітапта “Құдай ұлдары” деп аталады (Әйүп 1:6; Зәбүр 148:2, 5).

  • Киелі кітап рухани жаратылыстардың өз тілі мен сөйлесу жолы бар екеніне меңзейді. Құдай адамдармен сөйлесу үшін періштелерді қолданғанмен, оларға табынуға және дұға айтуға тыйым салады (Қорынттықтарға 1-хат 13:1; Аян 22:8, 9).

  • Аспан әлемінде жүз миллиондаған періште бар. Олардың саны тіпті миллиардтаған болуы мүмкін (Даниял 7:10; Аян 5:11 сілтеме).

  • Періштелердің “құдіреті зор”, ақыл-саналары мен күштері адамдікінен әлдеқайда жоғары. Біздің физикалық әлеміміздің заңдылықтары оларға жүрмейтіндіктен, олар ғаламат жылдамдықпен қозғала алса керек (Зәбүр 103:20; Даниял 9:20—23).

  • Рухани және ақыл-ой қабілеттілігі жоғары болса да, періштелерге шектеулер қойылған және оларға беймәлім нәрселер де бар (Матай 24:36; Петірдің 1-хаты 1:12).

  • Әр періште өзіндік болмысымен, Құдайға тән қасиеттерімен және ерік бостандығымен жаратылған. Сондықтан адамдар сияқты олар да жақсы не жаманды таңдауға ерікті. Өкінішке қарай, кейбір періштелер тура жолдан тайып, Құдайға қарсы шықты (Яһуда 6).

Періштелер қалай ұйымдасқан?

Бас періште — Микайл. Оның зор күші мен билігі бар. Киелі жазбалардан Микайл деген есімнің Иса Мәсіхтің басқа аты екенін көреміз (Салоникалықтарға 1-хат 4:16; Яһуда 9).

Серафтар — Құдайдың көктегі тағының айналасында тұратын періштелер. Олар басқа періштелердің арасында көбірек құрметке ие, сондай-ақ өте мәртебелі қызмет атқарады (Ишая 6:1—3).

Керубтер де жоғары лауазымға ие. Олар Құдіреті шексіз Құдайдың ұлылығына тікелей қатысы бар тапсырмаларды орындайды. Керубтер Құдайға өте жақын жүреді (Мұсаның 1-жазбасы 3:24; Езекиел 9:3; 11:22).

Сансыз көп хабаршы періштелер Құдай Тағаланың ниетін орындайтын өкіл ретінде қызмет етедіa (Еврейлерге 1:7, 14).

a Періштелер туралы көбірек мәлімет алу үшін Ехоба куәгерлері басып шығарған “Киелі кітап шын мәнінде неге үйретеді?” кітабының 10-тарауын және сол кітаптың қосымшасындағы “Бас періште Микайл деген кім?” атты мақаланы қараңыз. Бұл кітапты www.jw.org сайтынан да таба аласыз.

    Қазақ тіліндегі басылымдар (1997—2026)
    Шығу
    Кіру
    • Қазақ
    • Бөлісу
    • Баптаулар
    • Copyright © 2026 Watch Tower Bible and Tract Society of Pennsylvania
    • Пайдалану тәртібі
    • Құпиялық саясаты
    • Құпиялық параметрлері
    • JW.ORG
    • Кіру
    Бөлісу