Күзет мұнарасының ОНЛАЙН КІТАПХАНАСЫ
Күзет мұнарасының
ОНЛАЙН КІТАПХАНАСЫ
Қазақ
ә
  • ә
  • і
  • ң
  • ғ
  • ү
  • ұ
  • қ
  • ө
  • һ
  • КИЕЛІ КІТАП
  • БАСЫЛЫМДАР
  • КЕЗДЕСУЛЕР
  • wp21 № 3 12—14 бет.
  • Кемел келешекке кепілдік бар ма?

Бұл таңдауда видео жоқ.

Кешіріңіз, видеоны жүктеу кезінде қате шықты.

  • Кемел келешекке кепілдік бар ма?
  • Күзет мұнарасы Ехоба Құдайдың Патшалығын жариялайды (көпшілікке арналған). 2021
  • Тақырыпшалар
  • Ұқсас мәлімет
  • АДАМ АҚЫЛЫНАН АСҚАН ДАНАЛЫҚ
  • Киелі кітаптың жауабы
    Ояныңдар! 2017
  • Дұрыс па, бұрыс па? Киелі кітап — сенімді ақыл-кеңестің көзі
    Күзет мұнарасы Ехоба Құдайдың Патшалығын жариялайды (көпшілікке арналған). 2024
  • Сіз Киелі кітап жайлы не ойлайсыз?
    Сіз Киелі кітап жайлы не ойлайсыз?
  • Бұның бәрі нені білдіреді?
    Сергек болыңдар!
Көбірек мәлімет
Күзет мұнарасы Ехоба Құдайдың Патшалығын жариялайды (көпшілікке арналған). 2021
wp21 № 3 12—14 бет.
Ер кісі Киелі кітап оқып отыр.

Кемел келешекке кепілдік бар ма?

Алдыңғы мақалаларда білгеніміздей, адамдар болашақтың жақсы болуы тағдырға, білімге, байлыққа, жақсы адам болуымызға байланысты деп сенеді. Бірақ осыларға сену діттеген жерге жеткізбейтін қате картаға сенумен бірдей. Сонда ешкім де, еш нәрсе де жарқын болашаққа кепілдік бере алмай ма? Жоқ, олай емес.

АДАМ АҚЫЛЫНАН АСҚАН ДАНАЛЫҚ

Қандай да бір шешім қабылдау үшін әдетте біз көп жасаған, көпті көрген дана кісілерге барып, ақыл сұраймыз. Болашаққа қатысты да бағыт-бағдар, ақыл сұрауға болатын біреу болса ғой дейтін шығармыз. Қуанышымызға орай, ондай біреу бар. Ол бізге жөн сілтейтін, құнды ақыл-кеңестерге толы бір кітап тарту еткен. Шамамен 3500 жыл бұрын жазыла бастаған бұл қасиетті кітап Киелі жазбалар деп аталады. Ол көпшілікке Тәурат, Зәбүр, Інжіл деп те белгілі.

Неге бұл кітапқа сенім артуға болады? Өйткені оның авторы — Алла Тағаланың өзі. Ол — күллі ғаламда ең көп жасаған әрі ең дана. Киелі жазбаларда да ол “Ежелден бар Тәңір Ие”, “мәңгілік Құдай” деп аталған (Даниял 7:9; Зәбүр 90:2). Сондай-ақ ол — көктің жаратушысы әрі жерді қалыптастырған шынайы Құдай (Ишая 45:18). Киелі кітапта оның есімі Ехоба екені айтылады (Зәбүр 83:18).

Бүкіл адамзатқа өмір сыйлаған Жаратушы бір ұлтты бір ұлттан биік қоймайды. Сондықтан оның Сөзі Киелі жазбалар — барлық халықтарға ортақ. Кез келген адам қай елде, қай заманда өмір сүрсе де, бұл кітаптың игілігін көре алады. Басқа ешқандай кітап Киелі жазбалар сияқты көп тілге аударылып, кең таралған емесa. Жер бетінде әрбір адам бұл кітапты өз ана тілінде оқып, ішіндегі ақыл-кеңестерден сусындап, кәдесіне жарата алады. Киелі кітаптың өзі де бұл айтылғандарды былай деп растайды:

“Құдай ешкімді алаламайды... Ол өзінен қорқатын және әділ әрекет ететін әрбір адамды, қай ұлттан шықса да, қабыл алады” (ЕЛШІЛЕРДІҢ ІСТЕРІ 10:34, 35).

Балаларына ақыл-кеңес беріп, тура жолға салатын қамқор ата-ана сияқты, мейірімді Құдайымыз Ехоба да өзінің Сөзі Киелі кітап арқылы бізге жол көрсетеді (Тімөтеге 2-хат 3:16). Құдай бізді жаратқандықтан, қай жолмен жүргеніміз дұрыс екенін ол ғана біледі. Сондықтан Киелі кітапқа толығымен сенім артуға болады.

ЕҢ СЕНІМДІ ДЕРЕККӨЗ

Коллаж: 1. Метрода кетіп бара жатқан ер адам смартфонынан бірдеңе оқып тұр. 2. Ер кісінің смартфонында Киелі кітап ашық тұр.

Біз Киелі кітапта болашаққа қатысты айтылған сөздерге сенсек болады. Өйткені онда оқиғаларға, адамдардың мінез-құлқына қатысты 2000 жыл бұрын айтылған сөздер бүгінде дәлме-дәл орындалып жатыр.

ОҚИҒАЛАР

“Ұлт ұлтқа қарсы, мемлекет мемлекетке қарсы аттанады, қатты жер сілкіністері, түрлі жерлерде ашаршылық пен індеттер болады” (ЛҰҚА 21:10, 11).

МІНЕЗ-ҚҰЛЫҚ

“Соңғы күндері ерекше қиын уақыт болатынын біліп қой: адамдар тек қара басын ойлайтын, ақшақұмар, мақтаншақ, тәкаппар, балағатшыл, ата-анасына мойынсұнбайтын, алғысты білмейтін, опасыз, бауырмалдықтан жұрдай, ымыраға келмейтін, жалақор, ұстамсыз, бұзақы, жақсылықты жек көретін, сатқын, қиқар, өркөкірек, Құдайдан гөрі ләззат-ермекті артық көретін болады” (ТІМӨТЕГЕ 2-ХАТ 3:1—4).

Киелі жазбалардың бүгінгі оқиғаларды сонау заманда тұп-тура сипаттағанын көріп, сіз қандай ойға келдіңіз? Сіз де Гонконгта тұратын Леун сияқты ойда шығарсыз. Ол былай дейді: “Киелі кітаптағы пайғамбарлықтар баяғыда жазылған. Адамның болашақты осыншалықты дәл болжап беруі мүмкін емес. Сондықтан мен Киелі кітаптың авторы адам баласынан әлдеқайда биік тұрған ұлы біреу деп сенемін”.

Киелі кітаптағы алдын ала айтылған пайғамбарлықтардың бірнеше жүздегені орындалып қойған. Бұл Киелі кітаптың шынымен Құдай Сөзі екенін дәлелдейді. Ехоба Құдай: “Мен Құдаймын, маған ұқсайтын ешкім жоқ. Мен әуел бастан істің ақыры қандай болатынын айтамын”,— деген (Ишая 46:9, 10). Сондықтан сіз Киелі кітаптағы болашаққа қатысты айтылғандарға еш күмәнданбасаңыз болады.

БАҚЫТТЫ БҮГІНІМІЗ БЕН ЕРТЕҢІМІЗ

Ата-анасы екі баласын қолынан ұстап, табиғатта қыдырып жүр.

Киелі жазбалардағы ақыл-кеңестер күнделікті өмірді көркейтеді. Солардың кейбірін назарыңызға ұсынамыз.

АҚША МЕН ЖҰМЫС

“Тынымсыз еңбектеніп, желдің соңынан қуғанша, азырақ тынығып алған артық” (УАҒЫЗДАУШЫ 4:6).

ЖАРАСЫМДЫ ЖАНҰЯ

“Әрқайсысың әйеліңді өзіңді сүйгендей сүй. Әйел болса күйеуіне зор құрмет көрсетсін” (ЕФЕСТІКТЕРГЕ 5:33).

АДАМДАРМЕН ҚАРЫМ-ҚАТЫНАС

“Ашуланба, қаһарланба да, Зұлымдыққа бармас үшін, ызаға бой алдырма” (ЗӘБҮР 37:8).

Құдай Сөзінде айтылғандарды орындасаңыз, бүгінгі өміріңіз жақсарады. Ал ертеңіңіз тіптен керемет болады. Құдай келесідей болашақты уәде етеді.

МАМЫРАЖАЙ ТЫНЫШТЫҚ

“Момындар... керемет тыныштық орнағанын көріп, шаттыққа кенеледі” (ЗӘБҮР 37:11).

ҮЙ-ЖАЙ МЕН ІШЕР ТАМАҚ

“Жұрт үйлер салып, соларға қоныстанады, Жүзімдіктер отырғызып, жемісін жейтін болады” (ИШАЯ 65:21).

АУРУ МЕН ӨЛІМ ЖОҚ ӨМІР

“Енді қайтып өлім, жоқтау, зар еңіреу мен ауру болмайды” (АЯН 21:4).

Бұндай керемет болашақты иемдену үшін не істеуіңіз керек? Мұны келесі мақалада білесіз.

a Киелі кітаптың қалай аударылып, қалай таралып жатқаны жайлы көбірек білу үшін, www.jw.org сайтына кіріп, КИЕЛІ КІТАП ТӘЛІМДЕРІ/ТАРИХ ЖӘНЕ КИЕЛІ КІТАП деген жерді қараңыз.

    Қазақ тіліндегі басылымдар (1997—2026)
    Шығу
    Кіру
    • Қазақ
    • Бөлісу
    • Баптаулар
    • Copyright © 2026 Watch Tower Bible and Tract Society of Pennsylvania
    • Пайдалану тәртібі
    • Құпиялық саясаты
    • Құпиялық параметрлері
    • JW.ORG
    • Кіру
    Бөлісу