Келешегіңіз өз қолыңызда
Шамамен 3500 жыл бұрын Құдай Тағала Ехоба өзінің қызметшілеріне кемел келешек қайдан келетінін айтып былай деген: “Сендерге өмір мен өлім, бата мен қарғыс ұсынып тұрмын. Өздерің де, ұрпақтарың да ұзақ ғұмыр кешу үшін, өмірді таңдаңдар” (Мұсаның 5-жазбасы 30:19).
Бұл адамдардың болашақтары баянды болу үшін олар дұрыс таңдау жасау керек еді. Бүгінде бізде де таңдау бар. Киелі жазбаларда кемел келешекке жету үшін не істеуіміз керектігі айтылған. Онда: “Ехоба Құдайларыңды сүйіп, айтқандарына құлақ асыңдар”,— делінген (Мұсаның 5-жазбасы 30:20).
НЕ ІСТЕУІҢІЗ КЕРЕК?
БІЛІМ АЛЫҢЫЗ. Ехоба Құдайды сүю үшін, алдымен, ол жайлы Киелі кітаптан білім алу керек. Сонда ол сізге тек жақсылық тілейтін аса мейірімді Құдай екенін көресіз. “Қамыңызды ойлағандықтан”, ол сізді оған дұға қылуға шақырады (Петірдің 1-хаты 5:7). Ол жайлы білім алып, оған жақындауға әрекет жасасаңыз, Киелі кітапта “ол да сізге жақындайтыны” айтылған (Жақып 4:8).
ОРЫНДАҢЫЗ. Құдайдың айтқанына құлақ асу деген — Киелі кітаптағы оның ақыл-кеңестерін орындау. Солай етсеңіз, “әрқашан жемісті болып, даналықпен әрекет етесіз” (Ешуа 1:8).