Бұның бәрі нені білдіреді?
ИСА МӘСІХ ‘ақыр заманның жақындап қалғаны’ соғыс, ашаршылық, індеттер, жер сілкіністерден білінетінін айтқан (Матай 24:1—8; Лұқа 21:10, 11).
1914 жылдан бері жиі діни қызметкерлердің саясатқа араласуынан туатын ұлтаралық немесе этникалық топтардың арасындағы соғыстардың және соңғы уақытта террорлық шабуылдардың салдарынан өмірге зиян келуде.
Ғылымның дамуына қарамастан жер бетінде жүздеген миллион адам азық-түліктің аса жетіспеушілігінің зардабын шегуде. Жыл сайын аштықтан миллиондаған адам қайтыс болуда.
Індеттер де Иса айтып кеткен белгінің бір бөлігі болып табылады. Бірінші дүниежүзілік соғыстан кейін болған тұмау 21000000 адамды алып кетті. Бұрын індеттер белгілі бір аймаққа ғана тараған болса, енді ол бүкіл жер жүзін, тіпті алыстағы аралдарды да қамтыды. ЖИТС ауруы да жер жүзіне жайылуда және дамушы елдерде туберкулез, безгек, онхоцерхоз, Шагас ауруы сияқты індеттер тарауда.
Мәлімдеме бойынша жылда әр түрлі дәрежеде он мыңдаған жер сілкіністері болып тұрады. Қолда бар құрылғылар мен жетілген хабарлау әдістеріне қарамастан, халық тығыз қоныстанған аудандарда болған зілзала апаттары жайында жиі хабарланып жүр.
Сонымен қатар Киелі кітапта: “Есіңде болсын, соңғы дәуірде қиын-қыстау күндер туады: адамдар өзімшіл, ақшақұмар, мақтаншақ, тәкаппар, өсекшіл, ата-аналарына бағынбайтын, алғысты білмейтін, қасиеттіні танымайтын, ешкімді сүймейтін, ымыраға келмейтін, жалақор, ұстамсыз, қатыгез, жақсылықты жек көретін, опасыз сатқын, ақылсыз қызба, кеуде көтерген, Құдайдан гөрі ләззат-ермекті артық көретін болады. Олар сырт көзге Құдайға ұнайтындай болып көрінгенмен, Оның күшінен бас тартады. Мұндай адамдардан аулақ жүр!” — деп айтылған болатын (2 Тімотеге 3:1—5).
Біздің ‘қиын-қыстау күндерде’ өмір сүріп жатқанымызбен келісетін шығарсың?
Адамдардың шектен тыс өзімшіл, ақшақұмар және тәкаппар болып кеткенін байқайсың ба?
Өмір өзгеден талап еткіш, бірақ алғысты білмейтін, ымыраға келмейтін және қасиеттіні танымайтын адамға толы екенімен кім келіспейді?
Ата-анаға бағынбаушылық пен ешкімді сүймеу бір ғана жерде емес, бүкіл жер бетінде кеңінен етек алғанына мән бердің бе?
Біздің ләззат-ермек қуып кеткен, жақсылықты жек көретін дүниеде өмір сүріп жатқанымызды түсінетініңде күмән жоқ. “Соңғы дәуірде” адамдардың пейілдерінің қандай болатынын Киелі кітап осылай суреттейді.
Қандай уақытта өмір сүріп жатқанымызды тағы не дәлелдейді? Иса осы уақытта Құдай Патшалығы туралы ізгі хабардың барлық ұлттарға паш етілетінін де айтқан болатын (Матай 24:14). Бұл орындалып жатыр ма?
Киелі кітапқа негізделген Ехобаның Патшалығы жайлы ізгі хабарды жариялайтын “Күзет мұнарасы” журналы басқа әдебиеттермен салыстырғанда ең көп тілде жүйелі түрде басылып шығады.
Ехоба Куәгерлері басқаларға Құдай Патшалығы жайлы айту үшін жыл сайын миллиардтан аса сағат жұмсайды.
Бүгінде олар Киелі кітапты түсіндіретін әдебиеттерді, кейбір алыс орналасқан және халқы аз кішігірім топтарды қоса алғанда, 400-дей тілде шығарады. Ехоба Куәгерлері барлық халықтарға, тіпті саяси әлемнің көзіне де ілінбейтін кішігірім аралдар мен аймақтарға да ізгі хабарды жеткізді. Көп жерлерде олар толық ағарту бағдарламасын жүргізеді.
Шынында да, ізгі хабар күллі әлемге уағыздалып жатыр. Ол халықтарды жаппай осы жолға түсіру үшін емес, барлық ұлттарға паш етілу үшін уағыздалуда. Шартараптағы адамдардың көк пен жерді жаратқан Құдайдың еркі жөнінде ойлай ма, оның заңдарын сыйлай ма және жақындарын сүйе ме, соны көрсетулеріне мүмкіндік беріліп отыр (Лұқа 10:25—27; Аян 4:11).
Жақында Құдай Патшалығы жер бетін барлық зұлымдардан тазартып, жұмақ орнатады (Лұқа 23:43, ЖД).
[6-беттегі қоршау]
Ненің соңы?
Адамзаттың соңы емес. Киелі кітап Құдайдың еркін орындайтындарға мәңгі өмір сүру болашағын ұсынады (Жохан 3:16, 36; 1 Жохан 2:17).
Жердің де соңы емес. Құдай Сөзінде адамзаттың мекені — жердің мәңгі қалатыны уәде етілген (Забур 36:29; 103:5; Ишая 45:18).
Бұл — зұлым, сүйіспеншіліктен жұрдай дүниенің және соның жолынан айырылмай жабысып қалған адамдардың соңы (Нақыл сөздер 2:21, 22).
[7-беттегі қоршау/сурет]
Киелі кітап, шынында да, Құдай Сөзі ме?
Пайғамбарлар талай рет: “Құдай мынаны айтады”,— деп жазған болатын (Ишая 43:14; Еремия 2:2). Тіпті Құдайдың ұлы Иса Мәсіхтің өзі ‘айтып жүрген сөзінің өзінікі емес’ екеніне ерекше көңіл бұратын (Жохан 14:10). Киелі кітаптың өзінде ‘Киелі жазбалардың бәрі Құдай Рухының жетелеуімен жазылған’ деп анық айтылған (2 Тімотеге 3:16).
Дүниеде мұншама көп тілге аударылған және мұншама көп данамен таралған кітап жоқ. Біріккен Киелі кітап ұйымдарының мәлімдеуінше, ол 2200-ден аса тілге аударылып, төрт миллиардтан аса данамен таралған. Бүкіл адамзатқа арналған Құдайдың хабарынан бұдан басқа не күтер едің?
Киелі кітаптың Құдай рухының жетелеуімен жазылғанын көрсететін дәлелдері жөнінде толығырақ мәліметті Ехоба Куәгерлері басып шығарған “Жалпыға арналған кітап” брошюрасынан қара.
Егер Киелі кітапты, шын мәнінде, Құдайдың Сөзі екенін түсіне отырып оқитын болсаң, бұдан келер пайда зор.
[8-беттегі қоршау/суреттер]
Құдай Патшалығы деген не?
Бұл — көк пен жерді жаратқан шынайы Құдай Ехоба басқаратын көкте орналасқан үкімет (Еремия 10:10, 12).
Киелі кітап Исаны Құдай қолына билік берген тұлға ретінде сипаттайды (Аян 11:15). Иса жерде өмір сүрген кезінде, қолында Құдай берген керемет биліктің — табиғи құбылыстарды жүгендейтін, әр түрлі ауруларды емдейтін, тіпті өлілерді қайта тірілтетін биліктің — бар екенін көрсетті (Матай 9:2—8; Марқа 4:37—41; Жохан 11:11—44). Құдай рухының жетелеуімен жазылған Киелі кітапта алдын ала Құдайдың ‘Оған барлық халықтар, ұлттар мен тілдер қызмет ету үшін билік, даңқ пен патшалық бергені’ де жазылған болатын (Даниял 7:13, 14). Сол үкімет көктегі Патшалық деп аталады; онда қазір Иса Мәсіх билігін жүргізіп отыр.
[7-беттегі суреттер]
Ізгі хабар дүние жүзіне таралуда