Күзет мұнарасының ОНЛАЙН КІТАПХАНАСЫ
Күзет мұнарасының
ОНЛАЙН КІТАПХАНАСЫ
Қазақ
ә
  • ә
  • і
  • ң
  • ғ
  • ү
  • ұ
  • қ
  • ө
  • һ
  • КИЕЛІ КІТАП
  • БАСЫЛЫМДАР
  • КЕЗДЕСУЛЕР
  • wp21 № 3 9—11 бет.
  • Жақсы болсаң, болашағың жарқын бола ма?

Бұл таңдауда видео жоқ.

Кешіріңіз, видеоны жүктеу кезінде қате шықты.

  • Жақсы болсаң, болашағың жарқын бола ма?
  • Күзет мұнарасы Ехоба Құдайдың Патшалығын жариялайды (көпшілікке арналған). 2021
  • Тақырыпшалар
  • Ұқсас мәлімет
  • КӨПТІҢ ТАҢДАУЫ
  • ҮМІТТЕРІ АҚТАЛДЫ МА?
  • Барша жан аңсаған келешек
    Күзет мұнарасы Ехоба Құдайдың Патшалығын жариялайды (көпшілікке арналған). 2021
  • Кемел келешекке апарар жол
    Күзет мұнарасы Ехоба Құдайдың Патшалығын жариялайды (көпшілікке арналған). 2021
  • Алғы сөз
    Күзет мұнарасы Ехоба Құдайдың Патшалығын жариялайды (көпшілікке арналған). 2021
  • “Әділдер жерді мұра етеді”
    Күзет мұнарасы Ехоба Құдайдың Патшалығын жариялайды (көпшілікке арналған). 2018
Көбірек мәлімет
Күзет мұнарасы Ехоба Құдайдың Патшалығын жариялайды (көпшілікке арналған). 2021
wp21 № 3 9—11 бет.
Бір әйел автобуста үлкен кісіге орын беріп жатыр.

Жақсы болсаң, болашағың жарқын бола ма?

Ғасырлар бойы адамдар адамгершілігі мол, жақсы адам болсаң, болашағың да жарқын болады деп ойлап келген. Мысалы, Шығыс елінің ойшылы Конфуций (б. з. б. 551—479 жж.) бір сөзінде былай деген екен: “Өзіңе тілемегеніңді өзгеге жасама”.

КӨПТІҢ ТАҢДАУЫ

Бүгінде де дұрыс жүріп-тұрсаң, келешегің кең, жарқын болады деп ойлайтындар аз емес. Сондықтан олар өзгелерге ізет пен құрмет танытып, ар-ұяттарына кір шалдырмай, қоғамда өз кетігін тауып, кірпіштей қаланғысы келеді. Вьетнамда тұратын Лин деген әйел былай дейді: “Ешкімнің ала жібін аттамай, адал болсам, сол жақсылығым өзіме қайтып келеді деп ойлаушы едім”.

Сол әйел үйсіз-күйсіз жүргендерге тамақ салып жатыр.

Ал тағы біреулер жақсылықты діннің ықпалымен жасап жатады. “Біздің дінде былай деп үйретеді: тірі кезінде адамның істеген тірлігіне қарай ол өлген соң я мәңгі рақаттанады, я мәңгі азапталады”,— дейді Тайваньда тұратын Шу-Юнь деген ер кісі.

ҮМІТТЕРІ АҚТАЛДЫ МА?

Сол әйел кешке жақын шаршап, діңкесі құрып отыр, қолындағы ұлын ұйықтатып жатыр.

Жақсылық жасаған кем болмайды, оның көп игілігін көреді. Алайда риясыз жақсылықтарының қайтарымын көрмей жатқандар да бар. “Жақсылығым міндетті түрде қайтады деп ойламау керек екен. Мұны өз басымнан білемін. Отбасымның қамын жасау үшін бәрін істедім, басқаларға жақсылық істеуден де аянып қалмадым. Бірақ некем ойран болды, күйеуім ұлым екеумізді тастап кетті”,— дейді Гонконгта тұратын Ши Пин.

Дін де әрдайым адамдарды жақсы жаққа өзгерте алмайтынын көбісі өз көзімен көрген. Мысалы, жапондық Эцуко былай дейді: “Мен бір діни ұйымға кіріп, жастарға арналған шаралар ұйымдастыратынмын. Сол діндегілердің ұятсыз істерін, билікке таласқанын және түскен ақшаны өз пайдасына жаратқанын көріп, төбе шашым тік тұрды”.

“Отбасымның қамын жасау үшін бәрін істедім, басқаларға жақсылық істеуден де аянып қалмадым. Бірақ некем ойран болды, күйеуім ұлым екеумізді тастап кетті” (ШИ ПИН, ГОНКОНГ).

Дінге берілген адамдардың көбі жақсылық жасап, ал артынан жамандық көргенде, қатты көңілдері түскен. Вьетнамдық Вэн деген әйел былай дейді: “Мен күнде жеміс, гүл, тамақ сатып алып, ата-бабаларымның аруағына бағыштап жүрдім. Олар маған жар болып, келешегімді жарқын қыла ма деп едім. Бірақ сонша жыл жақсылық жасап, діни ғұрыптарды орындасам да, жолдасым қатты ауырып қалды. Ал шетелде оқып жүрген 20 жасар қызым қайтыс болды”.

ЖАҚСЫ АДАМ БОЛУ ЖЕТКІЛІКТІ МЕ?

Әрине, жақсы адам болу дұрыс-ақ. Бірақ кемел келешекке жету үшін бұл жеткіліксіз. Неге? Қасиетті кітапта не делінгенін көрейік.

БӘРІ БІРДЕЙ ЖАҚСЫЛЫҚ ЖАСАЙ БЕРМЕЙДІ

“Бір күнәкар көп жақсылықты құртады” (УАҒЫЗДАУШЫ 9:18).

Сіз жақсылық жасағанмен, өз қара басын ойлайтындардың құрбаны болып кетуіңіз әбден мүмкін. Мысалы, пандемия кезінде сіз сақтық шараларын ұстанып, адамдардан алшақ жүрген шығарсыз. Ал басқалар оларды ұстанудан бас тартуы мүмкін. Сондайлардың кесірінен бәрін ұстанып жүрген адамдардың ауырып қалуы ғажап емес.

АДАМДАР ҚАТЕЛЕСЕДІ

“Адамға тура болып көрінетін жол бар, Бірақ түбінде ол өлімге апарады” (НАҚЫЛ СӨЗДЕР 14:12).

Дұрыс істеп жатырмын деп ойлап, бірақ артынан қателескенін түсінген адамдар тарихта көп болған. Адам қанша жерден жақсылық жасадым деп ойласа да, дұрыс емес шешімінің салдарын бәрібір көреді.

ӨМІР ҚҰБЫЛМАЛЫ

“Сендер ертең өмірлеріңде не болатынын білмейсіңдер” (ЖАҚЫП 4:14).

Адам қаншалықты жақсы болмасын, оның өмірі бір сәтте үзіліп кетуі мүмкін. Мысалы, COVID-19 пандемиясы кезінде көп жанқияр ерікті өмірінен айырылды. Я болмаса қытайлық Ли Тин деген әйелді алайық. Оның әкесі жол апатынан қайтыс болды. Ол былай дейді: “Менің миыма сыймайды, қалай ғана осындай керемет адамдар өмірден өтеді? Менің әкем еңбекқор, кішіпейіл, ақжүрек адам еді. Бүкіл көліктің ішінде сол ғана қайтыс болды ғой”.

Жақсы адамдардың өздері жарқын болашаққа үміттене алмайды екен. Онда кемел келешектің кепілі неде? Бұл сұрақтың жауабын алу үшін, бізге жарқын болашаққа жол көрсететін сенімді дереккөз керек. Ондай дереккөз бар ма?

    Қазақ тіліндегі басылымдар (1997—2026)
    Шығу
    Кіру
    • Қазақ
    • Бөлісу
    • Баптаулар
    • Copyright © 2026 Watch Tower Bible and Tract Society of Pennsylvania
    • Пайдалану тәртібі
    • Құпиялық саясаты
    • Құпиялық параметрлері
    • JW.ORG
    • Кіру
    Бөлісу