Директор өз сөзін хатшысына жазғызатындай, Құдай да Киелі жазбаларды адал пайғамбарларына жаздырды
Сүюші Алла сүйінші хабарын қалай жеткізді?
Адамдарды жаратқан соң, Жаратушы олармен періштелер мен пайғамбарлар арқылы тілдесті. Ол сондай-ақ хақ хабары мен уәделі сөздерін қағаз бетіне түсіруді де жөн санады. Сол уәделі сөзіне сай, болашақта біздің әр күніміз бақытқа толы болмақ. Сіз бұл уәдені қай жерден табамын деп ойлап отырған шығарсыз.
Негізінде, Жаратушы адамзатқа арнаған хабарын Киелі жазбаларға түсірген (Тімөтеге 2-хат 3:16). Мұны ол пайғамбарлары арқылы істеді. Қалай? Алла Тағала айтпақ болмақ хабарын пайғамбарларының санасына құйып қойды, ал олар оны жазып қойды (Петірдің 2-хаты 1:21). Бұны былай түсіндіруге болады: айталық, бір мекеменің директоры хатшысына өзінің айтпақ болған хабарын жаздырса, біз бұл хатты хатшынікі емес, директордікі деп түсінеміз. Сол сияқты Алла Тағала өзінің хабарын адамдар арқылы жеткізсе де, Қасиетті жазбалардың авторы Алла Тағаланың өзі болып қалады.
АЛЛАНЫҢ ХАБАРЫ ЖЕР ЖАҺАНҒА ТАРАДЫ
Құдайдың хабары теңдесі жоқ хабар болғандықтан күллі адамзат оны оқып-тоқыса екен дейді. Бүгінде “әрбір ұлт, ру, тіл және халық” оның “мәңгілік ізгі хабарын” оқып түсіне алады (Аян 14:6). Құдайдың нұры жауып, Қасиетті жазбалар бүгінде толықтай немесе жартылай 3000-нан астам тілге аударылған. Басқа ешқандай кітап мұншалықты тілге аударылған емес.