Күзет мұнарасының ОНЛАЙН КІТАПХАНАСЫ
Күзет мұнарасының
ОНЛАЙН КІТАПХАНАСЫ
Қазақ
ә
  • ә
  • і
  • ң
  • ғ
  • ү
  • ұ
  • қ
  • ө
  • һ
  • КИЕЛІ КІТАП
  • БАСЫЛЫМДАР
  • КЕЗДЕСУЛЕР
  • ijwbq 108-мақала
  • Пайғамбарлық деген не?

Бұл таңдауда видео жоқ.

Кешіріңіз, видеоны жүктеу кезінде қате шықты.

  • Пайғамбарлық деген не?
  • Киелі кітап. Сұрақтар мен жауаптар
  • Тақырыпшалар
  • Ұқсас мәлімет
  • Киелі кітаптың жауабы
  • Құдайды көру мүмкін бе?
    Киелі кітап. Сұрақтар мен жауаптар
  • Құдай деген кім?
    Шынайы сенім — бақыттың кілті
  • Мұсадан жолы үлкен тұлғаны бағалаңдар
    2009 жылғы Күзет мұнарасы Ехоба Құдайдың Патшалығын жариялайды
  • Оларды киелі рух жетелеген
    2012 жылғы Күзет мұнарасы Ехоба Құдайдың Патшалығын жариялайды
Киелі кітап. Сұрақтар мен жауаптар
ijwbq 108-мақала
Жақия

Пайғамбарлық деген не?

Киелі кітаптың жауабы

Пайғамбарлық дегеніміз — Құдайдан келген хабар. Киелі кітапқа сай, мұндай хабарды пайғамбарлар “Құдайдың киелі рухының қозғау салуымен айтқан” (Петірдің 2-хаты 1:20, 21). Ендеше, Құдайдан хабар алып, оны өзгелерге жеткізетін адамды пайғамбар деп атаймыз (Елшілердің істері 3:18).

Құдай пайғамбарларға хабарын қалай берген?

Өз ойындағысын пайғамбарларына ашу үшін Құдай бірнеше әдіс қолданған:

  • Жазбаша түрде. Құдай осы әдісті кем дегенде бір рет қолданды. Мұны ол Мұса пайғамбарға Он заңды жазбаша түрде берген кезде істеді (Мұсаның 2-жазбасы 31:18).

  • Періштелер арқылы сөйлесу. Мысалы, Мысыр перғауынына деген бұйрығын Құдай Мұсаға періште арқылы білдірді (Мұсаның 2-жазбасы 3:2—4, 10). Ал қажет болған кезде, періштелер Құдай сөзін сөзбе-сөз жеткізген. Мысалы, бірде Мұсаға: “Осы сөздерді жазып қой, себебі сенімен және Исраил халқымен осы сөздердің негізінде келісім жасаймын”,— делінген болатын (Мұсаның 2-жазбасы 34:27)a.

  • Аян беру. Кейбір кезде пайғамбарлар түсінде емес, өңінде аян көрген (Ишая 1:1; Абақұқ 1:1). Ал кейбір аяндардың анық болғаны сонша, оны көрушілер сол аянның қатысушысы бола алған (Лұқа 9:28—36; Аян 1:10—17). Басқа жағдайларда аян алушы трансқаb кірген (Елшілердің істері 10:10, 11; 22:17—21). Сондай-ақ пайғамбарлар түстерінде аян алатын (Даниял 7:1; Елшілердің істері 16:9, 10).

  • Ойды бағыттау. Құдай пайғамбарларына хабарын жеткізу үшін, олардың ойын бағыттап отырған. “Киелі жазбалардың бәрі Құдай рухының жетелеуімен жазылған” деген сөздердің астарында осы мағына жатыр (Тімөтеге 2-хат 3:16). Құдай өзінің киелі рухын яки әрекет етуші күшін пайдаланып, қызметшілерінің санасына өз ойын салып отырған. Ал пайғамбар Құдайдан келген хабарды өз сөзімен жазып отырған (Самуилдің 2-жазбасы 23:1, 2).

Пайғамбарлық тек болашақтағыны алдын ала айтуды білдіре ме?

Жоқ, Киелі кітапта пайғамбарлық болашақты алдын ала білдірумен шектелмейді. Бірақ көбісі, тіпті тікелей болмаса да, болашақпен байланысты. Мысалы, Құдай пайғамбарлары ертедегі исраилдіктерді жаман жолдан қайтуды қайта-қайта ескертіп отырған. Пайғамбарлар халықтың ескертуге құлақ асқан жағдайда алатын баталарын және құлақ аспаған жағдайда көретін зардабын айтқан (Еремия 25:4—6). Арты немен бітетіні исраилдіктердің қандай таңдау жасайтынына байланысты болған (Мұсаның 5-жазбасы 30:19, 20).

Киелі кітаптағы болашаққа қатысы жоқ кейбір пайғамбарлықтар

  • Бірде исраилдіктер көмек сұрап жалбарынғанда, Құдай өз пайғамбарын жіберіп, халық оған құлақ аспағаны үшін оларға жар болмағанын түсіндірді (Билер 6:6—10).

  • Самариялық әйелмен әңгімелескенде, Иса оның өткен өмірі туралы айтып берді. Мұны оған тек Құдай ғана аша алар еді. Сол кезде Иса болашақ туралы ештеңе айтпаса да, әйел оны пайғамбар деп таныды (Жохан 4:17—19).

  • Сот барысында дұшпандары Исаның бетін жауып қойды да, ұрып: “Әй, пайғамбар болсаң, сені кім ұрғанын айтшы?”— десті. Олар Исадан болашақ туралы айтуды емес, Құдайдан алған қабілетін қолданып, оның кім ұрғанын анықтауды сұрады (Лұқа 22:63, 64).

a Бұл жағдайда Құдай Мұсаға тікелей тіл қатқандай болып көрінуі мүмкін. Бірақ Киелі жазбалардан оқитынымыздай, Құдай Мұса Заңын періштелер арқылы берген (Елшілердің істері 7:53; Ғалаттықтарға 3:19).

b Киелі кітаптың түпнұсқа мәтініне сай, бұл тармақтарда айтылған адамдар Құдайдан хабар алып жатқанда транс күйіне енген.

    Қазақ тіліндегі басылымдар (1997—2026)
    Шығу
    Кіру
    • Қазақ
    • Бөлісу
    • Баптаулар
    • Copyright © 2026 Watch Tower Bible and Tract Society of Pennsylvania
    • Пайдалану тәртібі
    • Құпиялық саясаты
    • Құпиялық параметрлері
    • JW.ORG
    • Кіру
    Бөлісу