Күзет мұнарасының ОНЛАЙН КІТАПХАНАСЫ
Күзет мұнарасының
ОНЛАЙН КІТАПХАНАСЫ
Қазақ
ә
  • ә
  • і
  • ң
  • ғ
  • ү
  • ұ
  • қ
  • ө
  • һ
  • КИЕЛІ КІТАП
  • БАСЫЛЫМДАР
  • КЕЗДЕСУЛЕР
  • wp20 № 3 4—5 бет.
  • Сүюші Алланың асқан қамқорлығы

Бұл таңдауда видео жоқ.

Кешіріңіз, видеоны жүктеу кезінде қате шықты.

  • Сүюші Алланың асқан қамқорлығы
  • Күзет мұнарасы Ехоба Құдайдың Патшалығын жариялайды (көпшілікке арналған). 2020
  • Тақырыпшалар
  • Ұқсас мәлімет
  • 1. КҮН НҰРЫН ТӨККІЗЕДІ
  • 2. ЖАҢБЫРМЕН ЖЕРДІ КӨГЕРТЕДІ
  • 3. КИЕР КИІМ МЕН ІШЕР АС БЕРЕДІ
  • Дүние-мүлікті емес, Патшалықты іздейік
    Күзет мұнарасы Ехоба Құдайдың Патшалығын жариялайды (зерттеуге арналған). 2016
  • Жаратушымыздың қандай екенін біліңдер
    1999 жылғы Күзет мұнарасы Ехобаның Патшалығын жариялайды
  • Бәрін жаратқан кім?
    Ұлы Ұстаздан үйренейік
  • Жауабын білу маңызды ма?
    Ояныңдар! 2021
Күзет мұнарасы Ехоба Құдайдың Патшалығын жариялайды (көпшілікке арналған). 2020
wp20 № 3 4—5 бет.
Ұясынан шығып жатқан күн

Сүюші Алланың асқан қамқорлығы

1. КҮН НҰРЫН ТӨККІЗЕДІ

Күн болмаса жер бетінде тіршілік те болмас еді. Күн сәулесінің арқасында ағаштар бүршік атып, жапырақ жаяды, гүлдеп, жеміс салады, дән мен тұқым береді. Күннің арқасында ағаштар тамыры арқылы жерден су сіңіріп, оны жапырақтарына дейін көтеріп, кейін ауаға бу етіп таратады.

Тау етегіндегі шай плантациясының төбеден қарағандағы көрінісі.

2. ЖАҢБЫРМЕН ЖЕРДІ КӨГЕРТЕДІ

Жаратушымыздың тағы бір керемет сыйы — жауын. Жауынның арқасында жер нәр алып, жеміс-жидек, көгөніс өсіріп шығарады. Жаратқан Алла мезгіліне қарай мол өнім бергізіп, көл-көсір ас-су сыйлайды. Осылайша жүрегімізді қуанышқа толтырады.

Жерге құлап бара жатқан жидекті қағып алған құс.

3. КИЕР КИІМ МЕН ІШЕР АС БЕРЕДІ

Әр үйдің отағасы бала-шағасының көйлегі көк, қарны тоқ болса екен дейді. Киелі жазбалардаa қандай тағылым жазылғанына назар аударыңызшы: “Әуеде ұшқан құстарға назар салыңдаршы: олар егін екпейді, орып, қамбаға жинамайды, әйтсе де көктегі Әкелерің оларды асырайды. Ал сендер олардан әлдеқайда артық емессіңдер ме?!” (Матай 6:25, 26).

“Даладағы лалагүлдердің қалай өсетінінен сабақ алыңдар... Мен сендерге былай деймін: тіпті Сүлеймен патша бар сән-салтанатында солардың біріндей киінген емес... Дала гүлін Құдай осылай киіндірсе, сендерді де киіндіреді емес пе?!” (Матай 6:28—30).

Жаратушымыз бізге ішер ас пен киер киім берсе, онда басқа да қажетімізді бере алмай ма?! Алланың тілек-қалауын орындауға ұмтылсақ, ол біздің бақшамызда тер төгіп еткен еңбегімізді жарылқайды, керегімізді сатып алатын ақшамыз болу үшін жұмыс табуға көмектеседі (Матай 6:32, 33).

Расында да, Жаратушының қолынан шыққан күн, жаңбыр, құстар мен гүлдер туралы ойлағанда, оны сүюге деген ықыласымыз одан сайын артады. Келесі мақалада біз Алланың адамзатқа өз хабарын қалай жеткізгенін көреміз.

a Бұл журналда Киелі жазбалар деген Тәурат, Зәбүр, Пайғамбарлар жазбалары және Інжіл шарифке нұсқайды.

Жаратушымыз “күн сәулесін төккізіп,.. жаңбыр жаудырады” (МАТАЙ 5:45)

Жаратушымыздың бізге деген махаббаты мен қамқорлығы шексіз. Ол мейірімді әке сияқты адамзат отбасының қамын жейді. Киелі жазбаларда Құдай “сұрамай тұрып-ақ, бізге не керек екенін білетін” береген екені айтылған (Матай 6:8).

    Қазақ тіліндегі басылымдар (1997—2026)
    Шығу
    Кіру
    • Қазақ
    • Бөлісу
    • Баптаулар
    • Copyright © 2026 Watch Tower Bible and Tract Society of Pennsylvania
    • Пайдалану тәртібі
    • Құпиялық саясаты
    • Құпиялық параметрлері
    • JW.ORG
    • Кіру
    Бөлісу