Үй иесі басқа тілде сөйлесе
1. Қауымдардың уағыз ісінде өзара қызметтес болғандары неліктен маңызды?
1 Дүниежүзі бойынша жариялаушылар басқа тілде сөйлейтін қызығушылық танытқан адамдарды жиі кездестіретін болып жүр. Сондықтан көп филиалда бауырластар осындай адамдарға рухани көмек көрсету үшін өзге тілде сөйлейтін топтар мен қауымдар құру қажет деп табуда. Кейде бір аумақта әртүрлі тілде сөйлейтін адамдар тұратындықтан, онда бірнеше қауым әртүрлі тілде уағыздай беруі мүмкін. Мұндайда уағыз ісі тәртіппен жүргізілу үшін қауымдардың өзара қалай қызметтесуіне болады? (Қор. 1-х. 14:33).
2. Үйме-үй уағыздағанда, басқа тілде сөйлейтін топпен немесе қауыммен қалай қызметтесуге болады?
2 Қызметтес болу. Көшеде немесе бейресми уағыздағанда, жариялаушы кез келген адамға уағыздап, оған қай тілде оқығысы келсе, сол тілде әдебиет ұсына беруіне болады. Алайда бір аумақта әртүрлі тілде сөйлейтін бірнеше топ немесе қауым уағыздайтын болса, жариялаушылар үйме-үй жүргенде, негізінен өз қауымдарының тілінде сөйлейтін адамдарға уағыздаулары керек. Мұндайда үй иесінің қай тілде сөйлейтінін мұқият жазып отыру өте маңызды. Ал қызмет бақылаушылары бір-бірімен байланысып, туындаған сұрақтарды бәріне тиімді болатындай етіп шешіп отырулары керек (Нақ. с. 11:14). Алайда үйме-үй жүргенде жариялаушы басқа тілде сөйлейтін адамды кездестірсе және жақын маңда оның тілінде сөйлейтін қауым болмаса, оған куәлік беріп, қызығушылығын арттыруға тырысуы керек.
3. Үйме-үй уағыздап жүріп басқа топтың не қауымның жариялаушыларымен кездесіп қалсақ, бұған қалай қарағанымыз дұрыс?
3 Бәрімізге ортақ іс. Егер әртүрлі қауымда қызмет ететін жариялаушылар бір аумақта уағыздап жүріп кездесіп қалса, не істеулеріне болады? Әрине, мәсіхшілердің сүйіспеншілік танытуларына тілдердің түрлілігі бөгет бола алмайды және жариялаушылар мұндайда, бірінші кезекте, сол аумақтағы адамдардың мүддесін ойлайды (Жох. 13:34, 35). Сондықтан жауапты бауырластар парасаттылық пен сүйіспеншілік танытып, бір топ уақытша басқа жерде уағыздай тұрады деп шешер (Жақ. 3:17, 18).
4. Бүгінде қандай пайғамбарлық орындалуда?
4 Киелі кітапта әртүрлі тілде сөйлейтін адамдардың ізгі хабарды еститіні алдын ала айтылған (Аян 14:6, 7). Осы маңызды іске атсалысатын жариялаушылардың бір-бірімен қызметтес болғандары бір барған жерге қайта бара бермеуге және ізгі хабарды әртүрлі тілде сөйлейтін көптеген адамға жеткізуге көмектеседі (Ефес. 4:16).