Күзет мұнарасының ОНЛАЙН КІТАПХАНАСЫ
Күзет мұнарасының
ОНЛАЙН КІТАПХАНАСЫ
Қазақ
ә
  • ә
  • і
  • ң
  • ғ
  • ү
  • ұ
  • қ
  • ө
  • һ
  • КИЕЛІ КІТАП
  • БАСЫЛЫМДАР
  • КЕЗДЕСУЛЕР
  • mwb18 қараша 8-б.
  • Көптілді аумақта бірлесіп уағыздау

Бұл таңдауда видео жоқ.

Кешіріңіз, видеоны жүктеу кезінде қате шықты.

  • Көптілді аумақта бірлесіп уағыздау
  • “Мәсіхшілік өміріміз бен қызметіміз” жұмыс дәптері (2018)
  • Ұқсас мәлімет
  • Үй иесі басқа тілде сөйлесе
    Біздің патшалық қызметіміз. 2008
  • Ізгі хабарды уағыздаудың әдіс-тәсілдері
    Ехобаның еркін орындау үшін ұйымдасқанбыз
  • Уағыздау шеберлігін шыңдай түсейік. Өзге тілде сөйлейтін адамға куәлік беру
    Біздің қасиетті қызметіміз. 2015
  • Әрбір адамға уағыздау үшін ұйымдасқанбыз
    “Мәсіхшілік өміріміз бен қызметіміз” жұмыс дәптері (2021)
Көбірек мәлімет
“Мәсіхшілік өміріміз бен қызметіміз” жұмыс дәптері (2018)
mwb18 қараша 8-б.

МӘСІХШІЛІК ӨМІРІМІЗ

Көптілді аумақта бірлесіп уағыздау

Бір ерлі-зайыпты қызметте өзге тілде сөйлейтін әке мен баланы жолықтырды

Б. з. 33 жылы Елуінші күн мейрамына “жердің түкпір-түкпірінен... Құдайды қастерлейтін яһудилер” келді. Олар еврей не грек тілдері сияқты көпшілікке ортақ тілдерде сөйлей алған болса керек. Бірақ әдетте адамдар Патшалық хабарын өздерінің ана тілінде естіген кезде, жақсы тыңдайтыны бәрімізге мәлім. Сондықтан болар, Ехоба Иерусалимге келген әлгі адамдардың ізгі хабарды өз ана тілдерінде естулеріне жағдай жасаған (Е.і 2:5, 8). Бүгінде көптілді аймақтарда әртүрлі тілдегі қауымдар бар. Олардың уағыздайтын аумағы бір жерде болуы мүмкін. Ендеше, осындай қауымдардың жариялаушылары бірінің артынан бірі уағыздап, тұрғындардың қитығына тимес үшін, өзара қалай қызметтессе болады?

  • Мобильді құрылғы

    Кеңесу (Н.с 15:22). Қауымдардың қызмет бақылаушылары кеңесіп, ізгі хабарды таратудың екі жаққа да ыңғайлы жүйесін ойластырулары керек. Егер басқа тілді қауымның уағыз аумақтары аз болса, олар сіздердің қауымдарыңыздан солардың аумағына жататын үйлерге кірмей өтіп кетуді өтінер. Ал егер аумақтары үлкен болып, оны жүйелі түрде өңдеп үлгермей жатса, сіздердің ешбір үйді қалдырмай уағыздауларыңызды қалар. Мұндайда олар сөйлейтін тілде біреу-міреу қызығушылық танытып жатса, бұл жайлы мәлімдеулеріңізді өтінуі мүмкін (od 93-б., 37-абз.). Я болмаса олар сіздердің қауымдарыңыздан өз тілдерінде сөйлейтін адамдарды табуға көмектесулеріңізді сұрап, мекенжайларын жіберуді өтінуі мүмкін (km 7.12. 5-б., қоршау). Кейде тіпті бір үйдің өзінде бірнеше тілде сөйлейтін адамдар тұруы мүмкін екенін есте ұстаңыз. Аумақты өңдеуге қатысты шаралар жеке мәліметті қорғауға қатысты заңдардың аясында өткізілуі тиіс.

  • Аумақтағы үйлер

    Қызметтесу (Еф 4:16). Қауымыңыздың қызмет бақылаушысының берген әр нұсқауына мұқият болыңыз. Бәлкім, сізбен Киелі кітапты зерттеп жүрген адам сіздің қауымыңыздың тілінен гөрі, басқа тілді жақсырақ түсінетін болар? Олай болса, зерттеу сабағын сол тілде өтетін жақын арадағы қауымға я топқа өткізсеңіз, зерттеуші тезірек рухани өсуі мүмкін.

  • Тілді таңдау белгісі

    Дайындалу (Н.с 15:28; 16:1). Егер үй иесі басқа тілде сөйлейтін болса, ізгі хабарды жеткізу үшін қолдан келгенді істеңіз. Бұндай жағдайға дайын болу үшін, аумағыңыздағы адамдардың қандай тілдерде сөйлейтінін біліп алып, мобильді құрылғыңызға алдын ала сол тілдердегі Киелі кітап аудармалары мен бейнероликтерді жүктеп алыңыз. Сондай-ақ JW Language қосымшасын қолданып, кейбір тілдерде сәлемдесуді үйреніп алсаңыз болады.

    Қазақ тіліндегі басылымдар (1997—2026)
    Шығу
    Кіру
    • Қазақ
    • Бөлісу
    • Баптаулар
    • Copyright © 2026 Watch Tower Bible and Tract Society of Pennsylvania
    • Пайдалану тәртібі
    • Құпиялық саясаты
    • Құпиялық параметрлері
    • JW.ORG
    • Кіру
    Бөлісу