Күзет мұнарасының ОНЛАЙН КІТАПХАНАСЫ
Күзет мұнарасының
ОНЛАЙН КІТАПХАНАСЫ
Қазақ
ә
  • ә
  • і
  • ң
  • ғ
  • ү
  • ұ
  • қ
  • ө
  • һ
  • КИЕЛІ КІТАП
  • БАСЫЛЫМДАР
  • КЕЗДЕСУЛЕР
  • km 11.09. 3—5 бет.
  • Өзге тілді танаптағы қызметке үлес қосайық

Бұл таңдауда видео жоқ.

Кешіріңіз, видеоны жүктеу кезінде қате шықты.

  • Өзге тілді танаптағы қызметке үлес қосайық
  • Біздің патшалық қызметіміз. 2009
  • Ұқсас мәлімет
  • Үй иесі басқа тілде сөйлесе
    Біздің патшалық қызметіміз. 2008
  • Уағыздау шеберлігін шыңдай түсейік. Өзге тілде сөйлейтін адамға куәлік беру
    Біздің қасиетті қызметіміз. 2015
  • Ізгі хабарды уағыздаудың әдіс-тәсілдері
    Ехобаның еркін орындау үшін ұйымдасқанбыз
  • Сен таза тілде жатық сөйлейсің бе?
    2008 жылғы Күзет мұнарасы Ехобаның Патшалығын жариялайды
Көбірек мәлімет
Біздің патшалық қызметіміз. 2009
km 11.09. 3—5 бет.

Өзге тілді танаптағы қызметке үлес қосайық

1. Тағайындалған аумақта уағыздап жүргенде қандай мүмкіндік туындайды?

1 Иса Мәсіх ізгі хабардың ‘барлық ұлттарға паш етілу үшін күллі әлемге уағыздалатынын’ алдын ала айтқан. Уағыздау мен шәкірт дайындау ісіне атсалысып жүрген жариялаушылардың бәрі бұл сөздердің қаншалықты маңызды екенін түсінеді (Мат. 24:14; 28:19, 20). Осы істі атқарып жүріп, біз өзге тілде сөйлейтін түрлі ұлттан шыққан адамдарды кездестіруіміз мүмкін. Бұл адамдардың да Ехобаның үрейлі күні келмес бұрын, Патшалық туралы хабарды естіп, шындық жағында нық тұруға мүмкіндіктері бар (Малх. 3:18). Тағайындалған аумағымызда өзге тілді танаптағы қызметке қалай үлес қоса аламыз?

2. Бөтен тілде сөйлейтін адамдарға уағыздағанда, қай жағынан Ехобаға еліктейміз?

2 Өзге тілде сөйлейтін адамға деген көзқарасың Ехобанікіндей болсын. Аумағымыздағы адамдарды алаламастан, бәріне бірдей сүйіспеншілік таныту үшін, қай тілде сөйлемесін, оларға шынайы Құдай Ехоба туралы тура білім беруге деген ыстық ықыласымыз болу керек (Заб. 83:18 ЖД; Ел. іс. 10:34, 35). Басты мақсатымыз өзіміз баратын қауымның тілінде сөйлейтін адамдарға уағыздау болғанымен, бөтен тілде сөйлейтін өзгелердің қажеттіліктеріне мұқият болып, оларға Құдай Патшалығы туралы хабарды айтудың жолдарын іздеуіміз керек. Шет тілде сөйлейтін адамдарды назардан тыс қалдыру Ехобаның ниетіне сай келмес еді. Ол барлық ұлттың адамдарына куәлік берілгенін қалайды. Олай болса, өзге тілде сөйлейтін адамдарға қалай көмектесе аламыз?

3. Қандай кітапша шығарылған және оны қолдану үшін не істеуіміз керек?

3 “Барлық ұлт адамдарына арналған ізгі хабар” кітапшасын қолдан. Бұл кітапша шет тілде сөйлейтін адамдарға кезігіп қалғанда куәлік беруіміз үшін шығарылған. Оны үнемі өзіңмен бірге алып жүр, ерекшеліктерін жақсылап біліп ал, әрі уағыздап жүргенде қолдануға дайын бол. Кітапшаны тез ашып көрсету үшін аумағыңда кездесетін тілдерге арналған беттерге белгі қойып қой. Егер сол тілдердегі әдебиет қолда болса, адамға кітапшадағы хабарды көрсеткен соң, бір-екі данасын қалдырып кету тиімді болар.

4. “Барлық ұлт адамдары” кітапшасын қалай қолдануға болады?

4 Қызметте бөтен тілде сөйлейтін адамды кездестірсең және ол қай тілде сөйлейтінін білмесең, әңгімені кітапшаның мұқабасын көрсету арқылы бастауыңа болады. Адамның назарын кітапшаның басында және соңында келтірілген картаға аударып, өзіңе нұсқа да, өз еліңді көрсет, сосын, оның қай елден екенін және қай тілде сөйлейтінін білгің келетінін білдір. Адамның қай тілде сөйлейтінін анықтап алған соң, кітапшаның мазмұнына қарап, қажетті бетті аш та, үй иесінің көңілін мәтіннің басында қою қаріппен жазылған сөйлемге аудар. Кейін төменде жазылған хабарды оқып шығуын сұра. Оқып біткенде, сол тілдегі трактатты ұсын немесе оның назарын сұр түспен боялған сөйлемге аудар, онда үй иесіне ана тілінде әдебиетті әкеліп беруге қуанышты болатының айтылған. Сосын, “өз есімім” деген қою қаріппен жазылған сөзге нұсқап, есіміңді анық етіп айт. Кейін үй иесінің назарын “сіздің де есіміңіз” деген қою қаріпті сөзге аудар да, жауабын күт. Соңында қайта келуге келіс.

5. Өзге тілде сөйлейтін адам қызығушылық танытқанда, не істеу керек?

5 Кейінгі шаралар. Патшалық хабарына қызығушылық білдірген адамдарға, олар қай тілде сөйлемесін, қайта бару үшін қолдан келгеннің бәрін істеу керек. Адамның Құдай және оның Сөзі туралы шындыққа қызығушылық танытып жатқанын білсек, “Мына кісіге баруды өтінеміз” (S-43) бланкісін толтырып, қауымның хатшысына тез арада береміз. Өз кезегінде хатшы бұл бланкті филиалға жібереді. Филиалдағы бауырластар қызығушының тілінде сөйлейтін топқа аталмыш бланкіні бергенде, топтағы жариялаушы оны алып, қызығушыға көп ұзатпай жолығады. Қызмет бақылаушысы белгілі бір тілде сөйлейтін адамдардың арасынан да қызығушылық білдіріп жатқандардың бар екенін білуі үшін қауым хатшысы оған бланктің бір көшірмесін тапсыра алады. Адам шынайы қызығушылық білдірген жағдайда ғана жариялаушы “Мына кісіге баруды өтінеміз” (S-43) бланкісін толтыруы керек.

6. Жариялаушының өзге тілде сөйлейтін қызығушыға қатысты қандай жауапкершілігі бар?

6 Жариялаушы S-43 бланкісін толтырған соң, әрі қызығушылық білдірген адамға оның тілінде сөйлейтін уағыздаушы келгенше, арада біраз уақыт өтуі мүмкін. Сондықтан осы аралықта бланкті толтырған жариялаушының өзі адамға жолығып, қызығушылығын арттырып тұру керек. Кей жағдайларда қызығушымен Киелі кітапты зерттеу сабағы жүргізілуі мүмкін. Ал қызығушыны өз тіліндегі әдебиеттермен қамтамасыз етуге қатысты не деуге болады?

7. Шет тілде сөйлейтін адамдарды әдебиеттермен қамтамасыз ету үшін қандай шара қарастырылған?

7 Басқа тілдердегі әдебиеттер. Қауымда басқа тілдегі әдебиеттер көп мөлшерде болмау керек. Алайда қызмет бақылаушысы белгілі бір тілде сөйлейтін адамдардың шындыққа қызығушылық таныта бастағандарын білсе, жариялаушылар үшін сол тілдегі әдебиеттердің белгілі бір мөлшерде болуын қамтамасыз ете алады. Басылымдар жоқ болса, тапсырыс бере алады. Басқа тілдегі әдебиет келгенше, бірнеше уақыт өтуі ықтимал. Сондықтан бастапқыда әдебиеттерді ұйымның сайтынан басып шығарып алуға болады (www.watchtower.org). Мұндағы жүздеген тілдегі басылымдарға жариялаушылар да, қызығушылар да оңай қол жеткізе алады. Расында да, өзге тілде сөйлейтін адамдардың қызығушылықтарын қолдап тұру үшін жасалып отырған бұл шара пайдалы болатыны сөзсіз.

8. Өзге тілде сөйлейтін адамның қызығушылығын арттыруда қауымның рөлі қандай?

8 Қауымның рөлі. Өзге тілде сөйлейтін халықтар көптеп тұрақталып жатқан аумақтарда кездесулерін сол тілде өткізетін әрі жақын жерде орналасқан қауым болмауы мүмкін. Мұндай жағдайда бөтен тілде сөйлейтін қызығушы адамдарды өз қауымымызға шақыруымызға болады. Қауымдағылар жылы қарсы алып, жеке қызығушылық білдіргеннің арқасында олар әрі қарай да бауырластармен араласып тұруға талпынуы мүмкін. Алғашқы кезде тіл мен мәдениет жағынан кедергілер болар, алайда Ехоба куәгерлерінің дүниежүзілік бауырластығының арасында өзара шынайы сүйіспеншілік танытуға ешнәрсе кедергі бола алмайды (Соф. 3:9; Жох. 13:35). Сен басқа тілде еркін сөйлейсің бе? Егер солай болса, осы тілде сөйлейтін адамдармен Киелі кітаптағы шындық жайлы әңгімелесуге ықылас білдірерсің. Филиалдағы бауырластар бұдан хабардар болу үшін осы мәліметті қауым хатшысына айтуыңды өтінеміз. Адамның шындыққа деген қызығушылығын арттыратын жариялаушыны іздестіріп жүрген олар үшін бұл мәлімет пайдалы болары сөзсіз.

9. Тіл үйрену курстарын өткізу қандай жағдайда пайдалы болады және бұл қалай жүзеге асырылады?

9 Тіл үйрену курстары. Өзге тілде сөйлейтін адамдарды ана тілінде өтетін қауымға баруға талпындырған жақсы. Егер қауымға жету тым алыс болса, кейбір жариялаушылар сол тілді үйренуді шешер. Осылайша олар қызығушылық білдірген адамдарға жақсырақ көмектесе алады. Егер жергілікті аумақта қауым болмаса, ал өзге елден қоныс аударғандардың саны өсіп, жергілікті өңірде басқа ұлт өкілдері тұрып жатса, филиал тіл үйрену курстарының өткізілгені пайдалы болады деп шешеді. Филиалдағы бауырластар жақын жердегі қауымдарға жергілікті аумақта қажеттілік бар екенін мәлімдеп, осыған қатысты тіл үйрету курстары ұйымдастырылып жатқаны жайында хабарландыру айтуды сұрауы мүмкін. Жариялаушылар болашақта сол тілде өтетін топқа не қауымға ауысу мақсатымен тіл үйрену курстарына қатысу керек.

10. Қандай жағдайда шет тілдегі топты құруға болады?

10 Топ құру. Негізгі төрт талапқа сай келген жағдайда белгілі біл бір тілдегі топты құруға болады: 1) белгілі бір тілде сөйлейтін аймақта өсім болатынына сенімді болу керек, 2) құрылғалы жатқан топтың жариялаушылары сол тілде сөйлеуі не оны үйреніп жүруі керек, 3) басшылықты қолға алатын және осы тілде, кем дегенде, бір кездесуді өткізе алатын қабілетті ақсақал не қызмет көмекшісі болуы шарт, 4) ақсақалдар кеңесі топқа даярлықпен қолдау көрсетуі қажет. Топты құру ісі жеткілікті дәрежеде осы талаптарға сай келсе, ақсақалдар кеңесі филиалға осы жайлы хат жазады және ресми түрде шет тілдегі топты тіркеуді сұрайды (“Ұйымдасқанбыз” ор. 106, 107-б. қара). Басшылықты қолына алатын ақсақал не қызмет көмекшісі топ бақылаушысы немесе топ қызметшісі ретінде қызмет атқарып, топтың қамын ойлауға жауапты болады.

11. Шет тілде сөйлейтін танаптағы қызметке үлес қосу неліктен мәртебе болып табылады?

11 Аумағымызда өзге тілді танаптағы қызметке үлес қоссақ, дүниежүзі бойынша жүріп жатқан уағыздау ісінің маңызды бөлігіне атсалысамыз және осы істе үлгі қалдырған Иса Мәсіхке еліктейміз. Бұл қызметті құлшыныспен атқарайық әрі Ехобаның барлық халықтарды сілкіп, араларынан қалаулыларын алып келетінінің куәсі болайық (Нағ. 2:7). Осы істе толықтай қызметтес болсақ, көп қуанышқа кенелеміз. Әр қауым өз аумағында шет тілде сөйлейтін танаптағы қызметке бірігіп қосқан үлестеріне Құдайымыз батасын төге берсін. Тіл жағынан кедергілерге қарамастан өсімді Ехоба беретінін әрдайым есте ұстайық! (Қор. 1-х. 3:6—9).

    Қазақ тіліндегі басылымдар (1997—2026)
    Шығу
    Кіру
    • Қазақ
    • Бөлісу
    • Баптаулар
    • Copyright © 2026 Watch Tower Bible and Tract Society of Pennsylvania
    • Пайдалану тәртібі
    • Құпиялық саясаты
    • Құпиялық параметрлері
    • JW.ORG
    • Кіру
    Бөлісу