Уағыздау шеберлігін шыңдай түсейік. Өзге тілде сөйлейтін адамға куәлік беру
Бұл неліктен маңызды? Ехоба “әр ұлттан” шыққан адамдардың рухани күйін ойлайды (Ел. іс. 10:34, 35). Сондықтан Иса ізгі хабарды “барлық халықтар есту” үшін, “бүкіл жер бетінде уағыздалатыны” туралы айтқан болатын (Мат. 24:14). Зәкәрия пайғамбар осы ізгі хабарды “әртүрлі тілде сөйлейтін барлық халықтардан шыққан” адамдар қабыл алатынын пайғамбарлық еткен (Зәк. 8:23). Елші Жоханның көрген аянына сәйкес, “әрбір ұлттан, рудан, халықтан және тілден шығатын” ұлы жамағат зор алапаттан аман өтеді (Аян 7:9, 13, 14). Жоғарыда айтылғанды ескерсек, аумағымызда өзге тілде сөйлейтін адамды кездестіргенде, оған куәлік беруге тырысуымыз керек.
Осы айда былай етіп көр:
Отбасылық ғибадат кешінде басқа тілде сөйлейтін адамға куәлік беріп жатқаныңды жаттығып дайындал.