Теократиялық қызмет мектебі. Қайталау
Келесі сұрақтар теократиялық қызмет мектебінде 2008 жылғы 30 маусымнан басталатын аптада ауызша қарастырылады. Мектеп бақылаушысы 2008 жылғы 5 мамырдан басталатын апта мен 30 маусымнан басталатын апта аралығында теократиялық қызмет мектебінде қарастырылған мәліметтерге 30 минуттық шолу жасайды. Ескерту: егер сұрақтың соңында мәлімет көзі келтірілмесе, жауаптарды табу үшін өз бетіңше зерттеу жүргізуің керек. (“Қызмет мектебі” оқулығының 36, 37-беттерін қара.)
САБАҚ
1. Өзіміз қолданған мысалдардың түсінікті болатынына сенімді болу үшін не істеуіміз керек? (be 242-б. 3-абз.—243-б. 1-абз.).
2. Таныс жағдайлардан келтірілген қарапайым мысалдар неліктен тиімді болады? (be 245-б., 2—4 абз.).
3. Көрнекі құралдарды дұрыс пайдалану қаншалықты маңызды және Ехоба маңызды сабақтар беру үшін оларды қалай қолданған? (Жар. 15:5; Ерм. 18:6; Жүніс 4:10, 11) (be 247-б., 1, 2-абз.).
4. Тәлім беру шеберлігімізді арттыру үшін көрнекі құралдарды қалай қолдануымызға болады? (be 248-б., 1—3 абз.).
5. Қызығушыларды үйреткенде жақсы көрнекі құрал ретінде карталарды қалай қолдануға болады? (be 248-б., 4-абз.).
№1-ТАПСЫРМА
6. Киелі кітапты зерттегенде, Құдай рухының көмегімен нені түсінетін боламыз? (be 32-б., 3, 4-абз.).
7. Жазба орнының мағынасын зерттеу үшін Киелі кітаптың өзін қалай қолдануға болады? (be 34-б. 4-абз.—35-б. 2-абз.).
8. Баяндама жоспарын қалай жасауға болады? (be 39—41 бет.).
АПТА САЙЫН КИЕЛІ КІТАПТЫ ОҚУ
9. Ғибадатхананың қайсысы “қырық алты жыл бойы салынды”? (Жох. 2:20) (w08 15.04 “Ехобаның сөзі тірі. Жохан кітабындағы көңіл бұрарлық ойлар”).
10. Жасаған күнәсінің кесірінен адам дертке шалдыға ма? (Жох. 5:14).
11. Кім ‘рухани өлімнен шынайы өмірге өтеді’? (Жох. 5:24, 25) (w08 15.04 “Ехобаның сөзі тірі. Жохан кітабындағы көңіл бұрарлық ойлар”).
12. Иса Яһуда Исқариотты шәкірті ретінде таңдаған кезде, оның сатқындық жасайтынын білді ме? (Жох. 6:64).
13. Иса өз білімін қалай қолданған және бұдан өзімізге қандай маңызды сабақ алуымызға болады? (Жох. 7:15—18) (w96-U 01.02 9, 10-б., 4—7 абз.).
14. Неге Иса мағдалалық Мәриямға: “Маған жармаспа!”— деп айтты? (Жох. 20:17) (w08 15.04 “Ехобаның сөзі тірі. Жохан кітабындағы көңіл бұрарлық ойлар”).
15. Елшілердің істері 5:13-те (сілт.) жазылғандай, неліктен “ешкімнің де [шәкірттерге] екіжүзділікпен қосылуға батылы бармады”?