Күзет мұнарасының ОНЛАЙН КІТАПХАНАСЫ
Күзет мұнарасының
ОНЛАЙН КІТАПХАНАСЫ
Қазақ
ә
  • ә
  • і
  • ң
  • ғ
  • ү
  • ұ
  • қ
  • ө
  • һ
  • КИЕЛІ КІТАП
  • БАСЫЛЫМДАР
  • КЕЗДЕСУЛЕР
  • km 4.05. 4—5 бет.
  • Үлкен жиында Ехобаны мадақтайық

Бұл таңдауда видео жоқ.

Кешіріңіз, видеоны жүктеу кезінде қате шықты.

  • Үлкен жиында Ехобаны мадақтайық
  • Біздің патшалық қызметіміз. 2005
  • Ұқсас мәлімет
  • Ехобаны күтуден жалықпаңдар
    Біздің патшалық қызметіміз. 2006
  • Лайықты жүріс-тұрыс танытып Иса Мәсіхтің соңынан еріңдер
    Біздің патшалық қызметіміз. 2007
  • Рухани тамақтанып, қуанышқа кенелудің мүмкіндігі
    Біздің патшалық қызметіміз. 2008
  • Облыстық конгрестер — қуанышпен ғибадат ететін уақыт
    Біздің қасиетті қызметіміз. 2010
Көбірек мәлімет
Біздің патшалық қызметіміз. 2005
km 4.05. 4—5 бет.

Үлкен жиында Ехобаны мадақтайық

1, 2. Облыстық конгресте бізде қандай мүмкіндік болады және оған қалай қол жеткізуге болады?

1 Жыл сайынғы облыстық конгрестерде Ехобаны мадақтау үшін бізде керемет мүмкіндік болып тұрады. Біз: “Үлкен жиында Сені мадақтаймын, көп халықтың арасында Сені дәріптеймін”,— деп жырлаған Дәуіттің сезімімен бөлісеміз (Заб. 34:18). Алдағы болатын “Құдайға мойынсұну” деп аталатын облыстық конгресте, біріккен халық ретінде Ехобаны мадақтау үшін нақты не істей аламыз?

2 Ехобаны мадақтаудың бір жолы — жүріс-тұрысымыздың үлгілі болуы. Конгресс өтетін ғимараттың әкімшілігі былай деген: “Конгрестеріңізге қарап, өзге діни ұйымдар ғимаратты жалдауға ниет білдіргенде, біз оларға Ехоба Куәгерлері конгрестерін қалай дайындайтындарын келіп, көріп алыңдар, өйткені олар барлығын керемет ұйымдастырады дейтінбіз”. Сырт көрінісіміз, бірлесе әрекет етуіміз бен жүріс-тұрысымыз арқылы Құдайымызға тиесілі осындай жылы лебіздердің айтылуына барлығымыз да өз үлесімізді қосамыз (Пет. 1-х. 2:12).

3, 4. Конгресс кезінде және одан кейін де Құдайдың қызметшілеріне сай киінуімізге қарапайымдылық қалай көмектеседі?

3 Сырт көрініс. Киім киісіміз бен сырт көрінісіміз арқылы Ехобаны мадақтау үшін қарапайымдылық қажет (Тім. 1-х. 2:9). “Қызмет мектебі” кітабының 132-бетінде былай делінген: “Қарапайым адам өзгелердің сезімін ескереді, өзіне тым көп көңіл аудартпауға тырысады”. Көп елде әдепсіз киіну кәдімгі нәрсе болып кеткен. Алайда өзін лайықты түрде өзгелерге таныстыру үшін күш салып жатқанымызды Ехоба қатты бағалайды (Ел. іс. 15:14). Конгресс қай жерде өтпесін, мейлі спорт сарайында немесе көңіл көтеретін жерде болсын, үш күн бойы бұл жер біздің “үлкен жиынымыз” болып есептеледі. Сол себепті Ехобаның алдына жиналғандықтан, бүкіл ғаламдағы ең жоғарғы Тұлғаның дәрежесіне сай киінуіміз керек (Шеж. 1-ж. 29:11).

4 Сондай-ақ әр күннің конгресс бағдарламасы аяқталғаннан кейін де, сырт көрінісімізге назар аударуымыз керек. Тіпті бос уақытта немесе мейрамханада тамақ ішкенде ыңғайлырақ киім киіп алғымыз келсе де, киім мен сырт көрінісіміздің әлі де болса ‘Құдайға ұнамды болғаны’ маңызды (Тім. 1-х. 2:10). Қандай киімнің лайықты болатынын осы дүниеде кеңінен тараған киім үлгісіне қарап анықтауға болмайды (Жох. 1-х. 2:16, 17). Біздің әдебиеттерде әр түрлі жағдайда қарапайымдылықпен, ұқыптылықпен киінген ер адамдар мен әйелдердің біз үшін үлгі болатын суреттері бар. Конгресс өтетін қалада плакеткаларымызды тағып жүргеніміз әр уақытта да Құдайдың қызметшілері екенімізді есімізден шығармауға көмектеседі (Қор. 2-х. 6:3, 4).

5, 6. Ехобаның рухани дастарқанын құрметтейтінімізді қалай көрсете аламыз?

5 Ехобаның дастарқанына құрмет көрсетіңдер. Бүкіл Әлемнің Әміршісі біз үшін үлкен той жасап отыр (Иш. 25:6; Қор. 1-х. 10:21). Егер Ехобаның рухани дастарқанының басында отырғанымызды жоғары бағалайтын болсақ, біз конгрестің үш күніне де қатысуға тырысатын боламыз. Қай жерде тұрақтайтындарыңды, қалай жететіндеріңді, сондай-ақ жұмыстан сұрануды алдын ала ойластырдыңдар ма? Конгреске дайындалу үшін және конгресс өтетін жерге ертерек келіп, отыратын орын табу үшін, сондай-ақ бауырластармен әңгімелесіп және олармен бірге Ехобаны мадақтап алғашқы ән мен дұғаға қосылу үшін жеткілікті уақыт бөлдіңдер ме? (Заб. 146:1).

6 Ехобаның дастарқанына құрмет көрсеткеніміз бағдарламаны мұқият тыңдауға әрі бекерден-бекер өзгелермен әңгімелеспеуге, тамақ жеп отырмауға немесе әрі-бері жүре бермеуге талпындырады. Ехоба адал да ақылды құл табы арқылы дәл қазір қажет рухани ас-суды беріп отыр (Мат. 24:45, ЖД). Ешқайсымыз да бағдарламаның бірде-бір бөлігін қалт жібермейік. Ата-аналар балаларымен бірге отырып, оларға бағдарламаның толық пайдасын көруге көмектесулері керек (Заң. қ. 31:12).

7. Түскі асқа қатысты нені ойластырған дұрыс және неліктен?

7 Түскі асты сырттан сатып алудың орнына, өзімізбен әкелген дұрыс. Былтыр өткен конгрестерде делегаттардың көбісінің осы басшылыққа мұқият ден қойғандары мақтауға тұрарлық. Егер осы жылы да барлығымыз осылай ететін болсақ, қандай тамаша болар еді! (Ев. 13:17). Осының арқасында бауырластарымызбен жігерлендіретін әңгіме-дүкен құруға тамаша мүмкіндік болады, әрі бұл Ехобаға даңқ әкелетін ынтымақ пен татулықтың болуына зор ықпал етеді (Заб. 132:1).

8, 9. Конгресс кезінде Ехобаны мадақтауға тағы қандай мүмкіндік болады?

8 Бейресми куәлік ету. Конгреске бара жатқанда, қайтқанда, Ехобаны ауызбен дәріптеуге бізде көптеген мүмкіндіктер болады (Ев. 13:15). Мейрамханада тамақтанғанда немесе қонақ үй қызметшілерімен әңгімелескен кезде, куәлік беруге тырысайық. Конгрестен кейін біздің ой-санамыз бен жүрегіміз рухани қазынаға толы болады. Ендеше, білген жақсы ойларды бейресми куәлік ету арқылы адамдармен бөлісейік (Пет. 1-х. 3:15).

9 Біз Ехобаны “қауым жиналыстарында” мадақтау мүмкіншілігін тағатсыздана күтеміз (Заб. 25:12). Олай болса, “Құдайға мойынсұну” деп аталатын облыстық конгресте бірігіп Ехобаны мадақтайық.

[5-беттегі қоршау]

Облыстық конгреске байланысты ескертулер

◼ Конгресс кестесі. Конгрестің үш күнінде де бағдарлама 9:30-да басталады. Есіктер 8:00-де ашылады. Таңертеңгілік бағдарлама басталардан бірнеше минут бұрын, алғашқыда ойналатын Патшалықтың әуені біткенше, төраға сахнада отырады. Бағдарлама тәртіппен өз уақытында басталу үшін осы аралықта барлығымыз орнымызға жайғасуымыз керек. Бағдарлама жұма, сенбі күндері 17:05-те, ал жексенбі күні 16:10-да аяқталады.

◼ Көлік қою. Конгресс өтетін жерлердің барлығында, мүмкін болған жерлерде, тегін көлік қоятын орындар дайындалады. Оларға плакеткасы бар конгресс делегаттары ғана көліктерін қоя алады. Көлік қоятын орын әдетте шектеулі болатындықтан, бір көлікке бір-екі адамнан көбірек адам мініп келгені жөн. Көлікті қойғанда, қызмет көрсетушілердің нұсқауларына құлақ асқан дұрыс.

◼ Орын алу. Отыратын орынды тек өздеріңмен бір көлікте келгендерге немесе бір үйде тұратын адамдарға ғана алуға болады.

◼ Садақа. Облыстық конгресті өткізу үшін айтарлықтай көп қаражат жұмсалады. Өзіміздің ризашылығымызды Патшалық Сарайында немесе конгресте дүниежүзілік іске ерікті садақа жасау арқылы білдіре аламыз.

◼ Түскі ас. Түскі асты сырттан сатып алғанның орнына, өздеріңмен әкелулеріңді өтінеміз. Тамақ салынған шағын ыдысты орындықтың астына қоюға болады. Үлкен отбасыларға арналған көлемді ыдысты, шыны ыдыстар мен спирттік ішімдіктерді конгреске алып келуге болмайды.

◼ Дыбыс жазатын құралдар. Кез келген дыбыс жазатын құралдарды электр және дыбыс шығару қондырғыларына қоспау керек, сондай-ақ оларды өзгелерге кедергі жасамайтындай етіп қана қолдануға болады.

◼ Суретке түсіру. Егерде бағдарлама өтіп жатқан кезде суретке түсіргілерің келсе, фотоаппараттың жарқылын қолданбаңдар.

◼ Пейджерлер мен ұялы телефондар. Оларды өзгелерге кедергі жасамайтындай етіп қолданған дұрыс.

◼ Төтенше жағдайлар. Егер конгресс өтіп жатқан жерде төтенше жағдай болып қалса, бұл жөнінде қызмет көрсетушіге немесе алғашқы көмек көрсететін бөлімге айт. Осы бөлімдегі бауырластар сапалы медициналық көмек көрсете алады.

◼ Қонақ үйлер. 1. Қажетінен артық бөлме жалдамаңдар, сондай-ақ бөлмеде рұқсат етілгеннен көп адам болмасын. 2. Бөлмені өткізу керек болса, қонақ үйге шұғыл түрде хабарлаңдар. 3. Бөлмеде тағам пісіруге рұқсат жоқ болса, мұны да ескеріңдер. Қызмет көрсететін адамдарға ризашылық білдіріңдер. 4. Қонақ үйдің қызметшілерімен қарым-қатынас жасағанда, киелі рухтың жемісін танытыңдар, әсіресе тіркеуден өткізіп қолдары босамай жатқан уақытта.

◼ Көпшілік тұрақтайтын орындарда. Конгресстен кейін тұрған жерлерді реттеп, тазалап кетіңдер. Үрлемелі матрастарды ұқыптылықпен қолданыңдар.

    Қазақ тіліндегі басылымдар (1997—2026)
    Шығу
    Кіру
    • Қазақ
    • Бөлісу
    • Баптаулар
    • Copyright © 2026 Watch Tower Bible and Tract Society of Pennsylvania
    • Пайдалану тәртібі
    • Құпиялық саясаты
    • Құпиялық параметрлері
    • JW.ORG
    • Кіру
    Бөлісу