“Сергек болыңдар!” кітапшасын зерттеу
Қауымдар дүние жүзі бойынша 2005 жылғы 23 мамырдан басталатын апта мен 20 маусымнан басталатын апта аралығында “Сергек болыңдар!” кітапшасын қауымның кітап зерттеу кездесуінде зерттейтін болады. Осы кездесуге дайындалғанда және оны өткізгенде, келесі сұрақтарды қолдануды өтінеміз. Кездесу барысында берілген материалды оқу керек және уақыт болса, келтірілген Жазба орындарын да оқу керек.
23 мамырдан басталатын апта
◼ 3, 4-бет. Осы жерде келтірілген жағдайлардың қайсысы сенің өміріңе әсіресе қатты әсер етті? Неге сен осы жағдайларды бір-бірімен байланысы жоқ жеке жағдайлар ретінде қарастырмауың керек?
◼ 5-бет. Құдай шынымен қамымызды ойлайтынына сенің көзіңді не жеткізеді? Құдай және оның істеп жатқаны туралы қаншалықты ойлайтынымызды қалай көрсете аламыз?
◼ 6—8 беттер. Матай 24:1—8, 14-те қазіргі дүниеде болып жатқан жағдайлардың мәні туралы не делінген? Тімотеге 2-хат 3:1—5 дейінгі тармақтарда көрсетілгендей, біз қазір қандай уақытта өмір сүрудеміз? Қазір соңғы күндер екені неден көрінеді? Киелі кітап шынымен Құдай Сөзі екеніне сенің көзіңді не жеткізеді? Біз уағыздап жүрген Патшалық деген не?
◼ 9, 10-бет. Өмірімізде бірінші орында не тұрғанын және күнделікті қабылдайтын шешімдерімізді неге мұқият қарастыруымыз керек? (Рим. 2:6; Ғал. 6:7). 10-беттегі сұрақтарды қарастырғанда, сенің іс-әрекеттеріңе ықпал ету керек қандай Жазба орындары есіңе түседі?
30 мамырдан басталатын апта
◼ 11-бет. Осы беттегі сұрақтарды неге әрқайсымыз жеке қарастырғанымыз дұрыс? (Қор. 1-х. 10:12; Ефес. 6:10—18). Осы сұрақтарға берген жауаптарымыз Матай 24:44-те жазылған Исаның кеңесіне қаншалықты құлақ асатынымызды қалай көрсетеді?
◼ 12—14 беттер. Аян 14:6, 7-де айтылған ‘соттайтын уақыт’ деген не? ‘Құдайдан қорқып, Оны құрметтеп, салтанатты ұлылығын дәріптеу’ деген нені білдіреді? Ұлы Бабыл деген не және онымен не болады? Ұлы Бабылға қатысты қазір қандай іс-әрекет жасауымыз керек? Алдын ала айтылған соттайтын уақытқа тағы не жатады? Құдайдың шығарған үкімінің жүзеге асатын ‘күнін де, сәтін де’ білмейтініміз бізге қалай әсер ету керек? (Мат. 25:13).
◼ 15-бет. Билікке қатысты қандай дау көтерілді және оның жеке әрқайсымызға қандай қатысы бар?
◼ 16—19 беттер. “Жаңа аспан” мен “жаңа жер” деген не? (Пет. 2-х. 3:13). Оларды кім уәде еткен? Жаңа аспан мен жаңа жер болғанда, қандай өзгерістер болады? Жеке басымыз олардың игілігін көреміз бе?
6 маусымнан басталатын апта
◼ 20, 21-бет. Иса бірінші ғасырдағы шәкірттеріне қашып құтылу туралы қандай ескерту айтқан? (Лұқа 21:20, 21). Олар қашан қашып құтылулары мүмкін еді? Неліктен бөгелместен қашып құтылу керек болды? (Мат. 24:16—18, 21). Неге көп адам ескертулерге құлақ аспайды? Қытай мен Филиппиндегі мыңдаған адам ескертулерге мұқият құлақ асудың қандай пайдасын көрді? Киелі кітаптағы осы дүниенің соңы жайындағы ескертуге неліктен құлақ асу одан да маңыздырақ? Уақыттың тығыз екенін ескеретін болсақ, бізде қандай міндет бар? (Нақ. с. 24:11, 12).
◼ 22, 23-бет. 1974 жылы Австралияда және 1985 жылы Колумбияда неліктен көп адам апат жайлы ескертулерге жеңіл-желпі қарады және мұның нәтижесі қандай болды? Осындай ескертулерге сен қалай қараған болар едің және неліктен? Нұхтың кезіндегі ескертуге құлақ асқан болар ма едік, жоқ па, мұнымыз қазір неден көрінеді? Неліктен адамдар ежелгі Содом мен оның маңында тұрғылары келді? Содом қаласымен не болғаны жайында мұқият ой жүгірткеніміздің қандай пайдасы бар?
13 маусымнан басталатын апта
◼ 24—27 беттер. 27-беттегі “Талқылауға арналған сұрақтарды” қолдан.
20 маусымнан басталатын апта
◼ 28—31 беттер. 31-беттегі “Талқылауға арналған сұрақтарды” қолдан.
Осы кітапшаны қарастырғанымыз бізге ‘сергек болуға’ әрі дайын болуымызға көмектеседі. Олай болса, “Құдайдан қорқып, Оны құрметтеп, салтанатты ұлылығын дәріптеңдер! Себебі Оның адамзатты соттайтын уақыты туды” деген періштенің сөздері қаншалықты маңызды екені қызметімізден әрқашан көрініп тұрсын (Мат. 24:42, 44; Аян 14:7).
“Құдайдың басшылығы Жұмаққа жол көрсетеді” кітапшасын зерттеу
1 тамыздан басталатын апта. “Неге бізге Құдайдың басшылығы қажет?” және 5-беттегі қоршау.
8 тамыздан басталатын апта. “Қалай адам Құдайдың басшылығынан бас тартты” 1—11 абз., 8-беттегі қоршау.
15 тамыздан басталатын апта. “Қалай адам Құдайдың басшылығынан бас тартты” 12—24 абз., 10-беттегі қоршау.
22 тамыздан басталатын апта. “Алғашқы пайғамбарлар арқылы берген Құдайдың басшылығы”.
29 тамыздан басталатын апта. “Таураттағы Құдайдың басшылығы” және 16, 17-беттегі қоршаулар.
5 қыркүйектен басталатын апта. “Құдайдың Інжілдегі басшылығы” 1—10 абз., 20, 21-беттегі қоршаулар.
12 қыркүйектен басталатын апта. “Құдайдың Інжілдегі басшылығы” 11—22 абз., 23-беттегі қоршау.
19 қыркүйектен басталатын апта. “Құдайдың басшылығы өз Патшалығына нұсқайды” және 24-беттегі қоршау.
26 қыркүйектен басталатын апта. “Бүгінде Құдайдың басшылығымен қалай жүруге болады?” және 28-беттегі қоршау.
3 қазаннан басталатын апта. “Киелі кітапты Құдайдың басшылығы ретінде қарастыруға бола ма?” және 29-беттегі қоршау.