Күзет мұнарасының ОНЛАЙН КІТАПХАНАСЫ
Күзет мұнарасының
ОНЛАЙН КІТАПХАНАСЫ
Қазақ
ә
  • ә
  • і
  • ң
  • ғ
  • ү
  • ұ
  • қ
  • ө
  • һ
  • КИЕЛІ КІТАП
  • БАСЫЛЫМДАР
  • КЕЗДЕСУЛЕР
  • wp16 № 2 11—13 бет.
  • Ескертуге құлақ асқан — жанын аман сақтаған!

Бұл таңдауда видео жоқ.

Кешіріңіз, видеоны жүктеу кезінде қате шықты.

  • Ескертуге құлақ асқан — жанын аман сақтаған!
  • Күзет мұнарасы Ехоба Құдайдың Патшалығын жариялайды (көпшілікке арналған). 2016
  • Тақырыпшалар
  • Ұқсас мәлімет
  • ӨМІРДІҢ ӨҢІ ӨЗГЕРІП ЖАТҚАНЫН БАЙҚАҢЫЗ
  • ҚҰДАЙ АДАМЗАТТЫ ЖАҚСЫ КӨРЕДІ
  • ҚАУІПСІЗ ЖЕРГЕ ҚАШЫҢЫЗ!
  • Заманның ақыры қашан келеді?
    Күзет мұнарасы Ехоба Құдайдың Патшалығын жариялайды (көпшілікке арналған). 2021
  • Ақыр заман туралы төрт сұрақтың жауабы
    2010 жылғы Күзет мұнарасы Ехоба Құдайдың Патшалығын жариялайды
  • Ақырзаман қорқыныш ұялата ма, қызықтыра ма, әлде көңілді қалдыра ма?
    2013 жылғы Күзет мұнарасы Ехоба Құдайдың Патшалығын жариялайды
  • Дүниенің соңы жақын ба?
    Киелі жазбалардан не білеміз?
Көбірек мәлімет
Күзет мұнарасы Ехоба Құдайдың Патшалығын жариялайды (көпшілікке арналған). 2016
wp16 № 2 11—13 бет.
Цунамиден жапа шеккен Суматра аралының (Индонезия) көрінісі

Ескертуге құлақ асқан — жанын аман сақтаған!

СУМАТРА АРАЛЫНЫҢ (Индонезия Республикасы) солтүстік-шығысында орналасқан кішкентай Симёлуэ аралында 2004 жылдың 26 желтоқсанында 9,1 балдық жерасты дүмпуі болды. Сол мезетте жағалаудағы адамдардың бәрі теңізге жалт қарады. Сөйтсе, теңіз суы қалыпты деңгейінен шегініп, кейін қарай тартылып жатыр екен! Сонда олар “Смоң, Смоң!” (өз тілдерінде бұл цунамиді білдіреді) деп айқайлап, қырларға қарай өрлей жөнелді. Небәрі жарты сағаттың ішінде зұлмат толқындар төніп келіп, ауылдар мен үйлердің тас-талқанын шығарды!

2004 жылы болған жойқын цунами бірінші болып осы Симёлуэ аралын алып кетті. Бұл апатта 78 000 арал тұрғынының жетеуі ғана қаза болды. Бұл қалай мүмкін болды екен?a Бұл аралдың халқы мына заңдылықты жақсы біледі: егер қатты жер сілкініп, теңіз суы тартылса, төбелерге қашу керек, өйткені оның ізінше алып толқындар төніп келмек! Симёлуэ аралының халқы теңіздің өзгергеніне қарап қашан цунамидің болатынын жақсы біліп алған. Иә, ескерту мен дабылға құлақ асқандарының арқасында олар аман қалды!

Киелі кітап бір апаттың жақындап келе жатқанын айтады. Онда: “Дүние жаратылғаннан бері осы уақытқа дейін болмаған және қайтып қайталанбайтын зор алапат болады”,— делінген (Матай 24:21). Бірақ бұл адамдардың жауапсыз істерінің кесірінен немесе жойқын табиғи апаттан Жер планетасының жойылып кетуін білдірмейді. Өйткені Алла Тағала Жерді мәңгі тұру үшін жаратқан (Уағыздаушы 1:4). Қайта, бұл Құдайдың “жерді бүлдіргендерді құрту үшін” жасайтын әрекеті болмақ. Сонда зұлымдық пен қайғы-қасірет атымен болмайды (Аян 11:18; Нақыл сөздер 2:22). Бұл кез ізгі жандар үшін Алланың берген зор батасы болмақ!

Келе жатқан алапаттың нәтижесінде цунами, жерсілкінісі не жанартаудың атқылауы кезіндегідей жазықсыз адамдар жойылып кетпейді. Киелі кітапта: “Құдай — сүйіспеншілік”,— делінген. Бұған қоса, Ехоба Құдай әділ жандардың жерді мұра етіп, онда мәңгі бақи өмір сүретінін уәде етеді (Жоханның 1-хаты 4:8; Зәбүр 37:29). Киелі кітапта айтылып кеткен апаттан аман қалып, Құдайдың баталарына ие болу үшін сіз не істей аласыз? Бұның бірден бір жолы — ескертуге құлақ асу.

ӨМІРДІҢ ӨҢІ ӨЗГЕРІП ЖАТҚАНЫН БАЙҚАҢЫЗ

Біз зұлымдық пен қайғы-қасіреттің жойылатын күнін нақты білмейміз. Иса: “Сол күн мен сағатты ешкім — көктегі періштелер де, Ұл да — білмейді, тек Әкем ғана біледі”,— деген. Десе де ол бізді сергек болуға шақырған (Матай 24:36; 25:13). Не үшін? Құдай зұлымдықты жояр алдында жер бетінде қандай жайттар орын алатыны Киелі кітапта айтылған. Теңіз деңгейінің аяқастынан өзгеруі Симёлуэ аралының тұрғындарына цунамидің келе жатқанын білдірді, сол сияқты дүниедегі жағдайдың өзгеруі зұлымдықтың соңы жақындап қалғанын көрсетеді. Дүниеде қандай өзгерістер болатыны қоршауда жазылған.

Әрине, қоршауда жазылған жағдайлар дүниенің әр жерінде бұрында да орын алып тұрған. Алайда Иса “осылардың бәрін көргенде”, заманның соңы келіп қалғанын білесіңдер деген болатын (Матай 24:33). Ойлап көріңізші, бұл жайттардың барлығы бұрын-соңды жер шары бойынша бір мезгілде орын алған ба? Дүниедегі ахуал барған сайын мұншалықты ушыққан кез болған ба? Расында да, біз соңғы уақытта өмір сүрудеміз.

ҚҰДАЙ АДАМЗАТТЫ ЖАҚСЫ КӨРЕДІ

АҚШ-тың бұрынғы президенттерінің бірі: “Алдын ала хабар беретін ескерту жүйелері адам өмірін сақтай алады”,— деген. 2004 жылы болған цунамиден кейін жапа шеккен аймақтарға болашақта мұндай адам өлімі болмас үшін дабыл құрылғылары орнатылды. Сол сияқты Құдай да заманның соңы келетінін білдіретін ескертулер беріп отыр. Киелі кітапта алдын ала былай делінген: “Патшалық жайлы осы ізгі хабар барлық халықтар есту үшін бүкіл жер бетінде уағыздалады. Содан кейін осы заманның соңы келеді” (Матай 24:14).

Былтыр бір жылдың өзінде Ехоба куәгерлері 240 елде 700-ден астам тілде ізгі хабарды уағыздауға 1 миллиард 900 миллионнан астам сағат жұмсады. Бұл заманның соңы келіп қалғанына мықты дәлел болып табылады. Адамдарды жақсы көргендіктен, Ехоба куәгерлері төніп тұрған Құдайдың күні туралы хабарды ел-жұртқа жеткізу үшін аянбай тер төгуде (Матай 22:39). Бұл Ехоба Құдайдың сізді жақсы көретінінің белгісі емес пе?! Мынаны ұмытпаңыз: Алла Тағала “бірде-бір адамның жойылмай, бәрінің өкінгенін қалайды” (Петірдің 2-хаты 3:9). Ал сіз Құдайдың сүйіспеншілігін қабыл алып, ескертулеріне құлақ асасыз ба?

ҚАУІПСІЗ ЖЕРГЕ ҚАШЫҢЫЗ!

Симёлуэ аралының тұрғындары судың тартылғанын көре салысымен қырларға қарай қашып, жандарын аман сақтады. Олар жойқын толқындарды күтіп отырмады. Сол сияқты зор алапаттан аман қалу үшін, тым кеш болмай тұрып, “қырларға” қарай қашуымыз керек. Ишая пайғамбар рухтың жетелеуімен “соңғы күндерде”, яғни біз өмір сүріп жатқан уақытта, мынадай хабар тарайтынын айтқан: “Жүріңдер, Ехобаның тауына көтерілейік... Ол бізді өз жолдарына үйретеді, сонда біз оның жолдарымен жүреміз” (Ишая 2:2, 3).

Таудың төбесіне шыққан адамға төмендегі нәрселер жақсы көрінеді, әрі ол қауіпсіз жерде тұрады. Сол сияқты дүниежүзі бойынша Киелі кітап беттерінде жазылған Құдай туралы білім миллиондаған адамға өмірлерін жақсы жаққа өзгертуге көмектесуде (Тімөтеге 2-хат 3:16, 17). Осылайша олар Құдайдың жолымен жүріп келеді, әрі оның ықыласына бөленіп, өздерін қауіпсіз сезінеді.

Осындай аумалы-төкпелі заманда Ишая пайғамбар айтқан хабарға құлақ асып, Құдайдың қанатының астында болғыңыз келе ме? Қоршауда соңғы күндері өмір сүріп жатқанымызды көрсететін Киелі кітапта жазылған белгілер келтірілген (Тімөтеге 2-хат 3:1). Соны мұқият қарастырып шығуыңызды өтінеміз. Ехоба куәгерлері сізге Киелі жазбаларды дұрыс түсінуге көмектеседі әрі білгендеріңізді өмірде қалай қолдануға болатынын түсіндіріп беруге дайын. Немесе сұрақтарыңызға жауаптарды біздің www.jw.org/kk сайтымыздан таба аласыз. КИЕЛІ КІТАП ТӘЛІМДЕРІ/КИЕЛІ КІТАП. СҰРАҚТАР МЕН ЖАУАПТАР деген жерді қараңыз.

a 2004 жылы болған цунами — тарихта болған ең жойқын цунамилердің бірі. Ол жалпы алғанда 220 000-нан астам адамды өмірден айырды.

ДҮНИЕДЕГІ ЖАҒДАЙЛАР ЗАМАННЫҢ СОҢЫ ТАЯП ҚАЛҒАНЫ ЖАЙЛЫ ДАБЫЛ ҚАҒУДА

Зеңбірек

ЖЕР-ЖЕРДЕГІ СОҒЫСТАР МЕН БЕЛЕҢ АЛҒАН ТӘРТІПСІЗДІК

“Сондай-ақ жақын маңдағы және алыстағы соғыстар туралы естисіңдер. Алайда үрейленбеңдер, өйткені олар болуға тиісті, бірақ бұл — әлі заманның соңы емес. Ұлт ұлтқа қарсы, мемлекет мемлекетке қарсы аттанады... Бұлардың барлығы — толғақ сияқты азаптың бастамасы” (Матай 24:6—8).

Аш-жалаңаш балалар

ДҮНИЕЖҮЗІН ЖАЙЛАҒАН ІНДЕТТЕР МЕН АШАРШЫЛЫҚ

“Түрлі жерлерде ашаршылық пен індеттер болады” (Лұқа 21:11).

Қолы кісендеулі діни қызметкер

КЕҢ ТАРАҒАН ЗАҢСЫЗДЫҚ ПЕН ДІНАРАЛАҚ ҚАҚТЫҒЫСТАР

“Көптеген жалған пайғамбарлар шығып, талайларды адастырады. Заңсыздық көбейіп кеткендіктен, көпшіліктің сүйіспеншілігі суып кетеді” (Матай 24:11, 12).

Діни қызметкер жынысы бір адамдардың некесін қиып тұр

АРСЫЗДЫҚТЫҢ ӨРШУІ МЕН АДАМГЕРШІЛІКТІҢ ЖОҒАЛУЫ

“Соңғы күндері ерекше қиын уақыт болатынын біліп қой: адамдар тек қара басын ойлайтын, ақшақұмар... опасыз, бауырмалдықтан жұрдай, ымыраға келмейтін, жалақор, ұстамсыз, бұзақы, жақсылықты жек көретін, сатқын, қиқар, өркөкірек болады” (Тімөтеге 2-хат 3:1—4).

Әдебиеттер салынған арбаның қасында тұрған Ехоба куәгерлері бір кісіге уағыздап тұр

ҚҰДАЙ ПАТШАЛЫҒЫ ТУРАЛЫ ІЗГІ ХАБАР БҮКІЛ ЖЕР БЕТІНЕ ТАРАУДА

“Патшалық жайлы осы ізгі хабар барлық халықтар есту үшін бүкіл жер бетінде уағыздалады. Содан кейін осы заманның соңы келеді” (Матай 24:14).

Тыңдағысы келмей тұрған әйел

КЕЙБІРЕУЛЕР ЗАМАННЫҢ СОҢЫ КЕЛЕ ЖАТҚАНЫН СЫНҒА САЛАДЫ

“Соңғы күндері мазақ сөздер айтатын мазақтаушылар келеді. Олар... былай дейтін болады: — Ол келем деп уәде еткен еді ғой, келгені қайда? Ата-бабаларымыз өлім ұйқысына кеткелі бері ештеңе өзгерген жоқ, жаратылыс басталғалы бері бәрі де сол күйі жалғасып келеді” (Петірдің 2-хаты 3:3, 4).

    Қазақ тіліндегі басылымдар (1997—2026)
    Шығу
    Кіру
    • Қазақ
    • Бөлісу
    • Баптаулар
    • Copyright © 2026 Watch Tower Bible and Tract Society of Pennsylvania
    • Пайдалану тәртібі
    • Құпиялық саясаты
    • Құпиялық параметрлері
    • JW.ORG
    • Кіру
    Бөлісу