Күзет мұнарасының ОНЛАЙН КІТАПХАНАСЫ
Күзет мұнарасының
ОНЛАЙН КІТАПХАНАСЫ
Қазақ
ә
  • ә
  • і
  • ң
  • ғ
  • ү
  • ұ
  • қ
  • ө
  • һ
  • КИЕЛІ КІТАП
  • БАСЫЛЫМДАР
  • КЕЗДЕСУЛЕР
  • wp21 № 2 7—9 бет.
  • Заманның ақыры қашан келеді?

Бұл таңдауда видео жоқ.

Кешіріңіз, видеоны жүктеу кезінде қате шықты.

  • Заманның ақыры қашан келеді?
  • Күзет мұнарасы Ехоба Құдайдың Патшалығын жариялайды (көпшілікке арналған). 2021
  • Тақырыпшалар
  • Ұқсас мәлімет
  • КИЕЛІ ЖАЗБАЛАРДЫҢ НЕ ДЕЙТІНІН КӨРЕЙІК:
  • ОҚИҒАЛАР
  • “СОҢҒЫ КҮНДЕР”
  • ЖАҚЫНДА ЖЕРДЕ ЖҰМАҚ БОЛАДЫ!
  • Ақыр заман туралы төрт сұрақтың жауабы
    2010 жылғы Күзет мұнарасы Ехоба Құдайдың Патшалығын жариялайды
  • Біз соңғы күндері өмір сүріп жатырмыз ба?
    Киелі кітап шын мәнінде неге үйретеді?
  • Дүниенің соңы жақын ба?
    Киелі жазбалардан не білеміз?
  • «Соңғы дәуірде» өмір сүріп жатқанымыздың дәлелдері
    Құдай шынымен біздің қамымызды ойлайды ма?
Көбірек мәлімет
Күзет мұнарасы Ехоба Құдайдың Патшалығын жариялайды (көпшілікке арналған). 2021
wp21 № 2 7—9 бет.
Иса пайғамбар шәкірттеріне ақырзаманның белгісін түсіндіріп жатыр.

Заманның ақыры қашан келеді?

Өткен мақаладан білгеніміздей, Киелі жазбаларға сай, заманның ақыры жердің және адамзаттың жойылуын білдірмейді. Ол қазіргі бүлінген жүйе мен оны қолпаштайтындардың жойылуын білдіреді. Бұның нақты қашан болатыны Құдай Сөзінде айтылған ба?

КИЕЛІ ЖАЗБАЛАРДЫҢ НЕ ДЕЙТІНІН КӨРЕЙІК:

“Сергек болыңдар! Өйткені сендер сол күнді де, сағатты да білмейсіңдер” (МАТАЙ 25:13).

“Сақ болыңдар! Сергек болыңдар! Өйткені белгіленген уақытты білмейсіңдер” (МАРҚА 13:33).

Осы сөздерден байқағанымыздай, заманның ақыры қашан келетінін ешбір адам білмейді. Бірақ Құдай Тағала заманның соңы келетін “күн мен сағатты” белгілеп қойған (Матай 24:36). Сол күннің нақты қашан келетінін білмесек те, оның жақындап қалғанын біле аламыз. Кезінде Иса пайғамбар шәкірттеріне мұны қандай оқиғаларға қарап білуге болатынын айтып кеткен.

ОҚИҒАЛАР

Иса пайғамбар “осы заманның аяқталып қалғанын” мына оқиғалардан білуге болатынын айтқан: “Ұлт ұлтқа қарсы, мемлекет мемлекетке қарсы аттанады, түрлі жерлерде ашаршылық пен жер сілкіністері болады” (Матай 24:3, 7). Сондай-ақ ол “індеттердің” болатынын айтты (Лұқа 21:11). Сіз осылардың болып жатқанын естіп-көріп жүрсіз бе?

Бүгінде адамдар соғыс пен ашаршылықтан, жер сілкіністерінен, түрлі аурулар мен індеттерден көз ашпай, қиналып жүр. Мысалы, 2004 жылы Үнді мұхитында болған алапат зілзаладан кейін цунами көтеріліп, 225 000-дай адам қаза тапты. Ал үш жылдың ішінде COVID-19 пандемиясы 6,9 миллиондай адамның өмірін жалмап кетті. Иса пайғамбардың айтуынша, осы іспеттес оқиғалар осы дүниенің ақыры таяп келе жатқанының белгісі еді.

“СОҢҒЫ КҮНДЕР”

Киелі жазбаларда ақыр заманның алдындағы уақыт “соңғы күндер” деп аталған (Петірдің 2-хаты 3:3, 4). Тімөтеге 2-хат 3:1—5 тармақтарда соңғы күндері адамдардың пейілі бұзылып, ұяттан безетіні жазылған (“Ақырзаманның дәл алдында” деген қоршауды қараңыз). Қазіргі адамдар өзін ғана ойлайтын, тойымсыз, бұзық, мейірімсіз болып кеткенін байқап жүрсіз бе? Бұл да — дүниенің ақыры жақын екенінің айғағы.

Соңғы күндер қанша уақытқа созылады? Киелі кітапта ол “аз уақытқа” ғана созылатыны айтылған. Сосын Жаратқан Ие “жерді бүлдіргендерді” жояды (Аян 11:15—18; 12:12).

Соғыс

Соғыстағы сарбаздар окопта жатып, жауға оқ жаудыруда.
  • 2007 жылы соғыстар мен лаңкестік әрекеттерден шамамен 60 000 адам өлсе, 2017 жылы 120 000-дай адам қайтыс болған.

Ауру-сырқау

Ауруханада жатқан науқас кісі.
  • Жүрек аурулары, инсульт, өкпе дерті, жаңа туылған нәрестелердің аурулары, диарея, қатерлі ісік, туберкулез сияқты аурулар өлім көрсеткіші бойынша көш бастап тұр.

Аштық

Аш құрсақ жүрген кішкентай қыз табақ ұстап отыр.
  • 2021 жылы дүниежүзі бойынша адамдардың 9,8 пайызы аш жүрген және бес жасқа дейінгі әрбір үшінші бала асқа жарымағандықтан жетілмей қалған.

Жаһандық уағыз

Ехоба куәгерлері әдебиет арбасының жанында бір жігітке уағыздап тұр.
  • 8,6 миллионнан астам білікті уағыздаушы (Ехоба куәгерлері) 1000-нан көп тілге аударылған Киелі кітап әдебиеттерін 240 елде таратып жүр.

ЖАҚЫНДА ЖЕРДЕ ЖҰМАҚ БОЛАДЫ!

Алла Тағала осы зұлым дүниені жоятын күн мен сағатты әлдеқашан белгілеп қойған (Матай 24:36). Бірақ ол “бірде-бір адамның жойылғанын қаламайды” (Петірдің 2-хаты 3:9). Бұл көңілдендіретін хабар емес пе?! Құдай қазір адамдарға оны танып-біліп, заң-талаптарымен өмір сүру үшін мүмкіндік беріп жатыр. Ол біздің ақырзаманнан аман қалып, жаңа заманға жеткенімізді тілейді. Сол кезде жер жайқалған жұмаққа айналады.

Құдай өзінің Патшалығы басқаратын жердегі жаңа қоғамда әрбір адам өмір сүрсе екен дейді. Сондықтан ол бүкіл дүниежүзі бойынша оқу-ағарту ісін ұйымдастырған. Киелі жазбаларда Құдай Патшалығы жайлы ізгі хабар “бүкіл жер бетінде уағыздалатыны” айтылған (Матай 24:14). 2019 жылы Ехоба куәгерлері сол қуанышты хабарды бүкіл жержүзінде уағыздауға және тәлім беруге миллиардтаған сағат жұмсады. Иса пайғамбар ақырзаман келгенше осы ізгі хабар дүниенің түкпір-түкпіріне дейін уағыздалатынын айтты.

Адамдардың билігі әне-міне дегенше тоқтайды. Бірақ бір қуаныштысы, заманның ақыры келгенде сіз аман қалып, Құдай уәде еткен жұмақта өмір сүре аласыз. Ал жаңа заманда жасау үшін не істеу керек? Бұл жайында келесі мақалада білесіз.

АҚЫРЗАМАННЫҢ ДӘЛ АЛДЫНДА

“Соңғы күндері ерекше қиын уақыт болатынын біліп қой: адамдар тек қара басын ойлайтын, ақшақұмар, мақтаншақ, тәкаппар, балағатшыл, ата-анасына мойынсұнбайтын, алғысты білмейтін, опасыз, бауырмалдықтан жұрдай, ымыраға келмейтін, жалақор, ұстамсыз, бұзақы, жақсылықты жек көретін, сатқын, қиқар, өркөкірек, Құдайдан гөрі ләззат-ермекті артық көретін болады, құдайшыл болып көрінгенмен, бұны істерімен көрсетпейді” (ТІМӨТЕГЕ 2-хат 3:1—5).

Иса пайғамбардың “соңғы күндер” жайлы айтқаны бізге үміт сыйлайды

    Қазақ тіліндегі басылымдар (1997—2026)
    Шығу
    Кіру
    • Қазақ
    • Бөлісу
    • Баптаулар
    • Copyright © 2026 Watch Tower Bible and Tract Society of Pennsylvania
    • Пайдалану тәртібі
    • Құпиялық саясаты
    • Құпиялық параметрлері
    • JW.ORG
    • Кіру
    Бөлісу