Күзет мұнарасының ОНЛАЙН КІТАПХАНАСЫ
Күзет мұнарасының
ОНЛАЙН КІТАПХАНАСЫ
Қазақ
ә
  • ә
  • і
  • ң
  • ғ
  • ү
  • ұ
  • қ
  • ө
  • һ
  • КИЕЛІ КІТАП
  • БАСЫЛЫМДАР
  • КЕЗДЕСУЛЕР
  • w10 1.10. 5—8 бет.
  • Ақыр заман туралы төрт сұрақтың жауабы

Бұл таңдауда видео жоқ.

Кешіріңіз, видеоны жүктеу кезінде қате шықты.

  • Ақыр заман туралы төрт сұрақтың жауабы
  • 2010 жылғы Күзет мұнарасы Ехоба Құдайдың Патшалығын жариялайды
  • Тақырыпшалар
  • Ұқсас мәлімет
  • 1. Заманның ақырында не болады?
  • 2. Зұлым дүниенің ақыры қашан келеді?
  • 3. Ақыр заманнан кейін не болады?
  • 4. Ақыр заманнан аман өту үшін не істеуіңіз керек?
  • Заманның соңы деген не?
    2015 жылғы Күзет мұнарасы Ехоба Құдайдың Патшалығын жариялайды
  • Заманның ақыры қашан келеді?
    Күзет мұнарасы Ехоба Құдайдың Патшалығын жариялайды (көпшілікке арналған). 2021
  • Ақырзаман қорқыныш ұялата ма, қызықтыра ма, әлде көңілді қалдыра ма?
    2013 жылғы Күзет мұнарасы Ехоба Құдайдың Патшалығын жариялайды
  • Олардың сізге айтқысы келетін хабары
    Ехоба куәгерлері. Олар кімдер? Олар неге сенеді?
Көбірек мәлімет
2010 жылғы Күзет мұнарасы Ехоба Құдайдың Патшалығын жариялайды
w10 1.10. 5—8 бет.

Ақыр заман туралы төрт сұрақтың жауабы

ИСА МӘСІХ “ақыр заман” деп аталатын кезеңнің келетінін алдын ала айтып, оны былай сипаттаған: “Сол уақытта әлем жаратылғаннан бері күні бүгінге дейін еш болмаған және қайтып болмайтын қиын-қыстау кезең бастарыңа түседі” (Матай 24:14, 21).

Исаның ақыр заман туралы осы сөздері мен Киелі кітаптағы басқа да үзінділерді оқығанда, көп сұрақ туындайды. Солардың жауабын неліктен Киелі кітаптың өзінен көрмеске?!

1. Заманның ақырында не болады?

Киелі кітап Жер шары жойылмайды деп үйретеді. Забур жырында былай делінген: “Сен жерді берік негізге орнаттың, Ол ешқашан қозғалмайды орнынан” (Забур 103:5). Сондай-ақ жер бетіндегі тіршілікті жоятын дүниежүзілік өрт те болмайды (Ишая 45:18). Исаның өзі кейбір адамдардың қиын-қыстау кезеңнен аман өтетінін айтқан (Матай 24:21, 22). Олай болса, ненің ақыры келеді?

Адамзаттың дәрменсіз билігінің ақыры келеді. Құдай киелі рухы арқылы Даниял пайғамбарға келесі сөздерді жаздырған: “Көктегі Құдай өмір-бақи құламайтын патшалық құрады әрі ол патшалық өзге бір халықтарға берілмейтін болады; ол барлық патшалықтарды қиратып, талқандайды, ал өзі мәңгілік тұрады” (Даниял 2:44).

Соғысу мен жерді ластаудың ақыры келеді. Забур 45:10-да Құдайдың еркі жайлы былай делінген: “Жердің шетіне дейін қан майданды тоқтатты, садақтарды қиратты да найзаларды ортасынан қақ бөлді, жауарбаларды отқа өртеді”. Сондай-ақ Құдай “жерді құртқандардың өздерін құртады” (Аян 11:18).

Қылмыс пен әділетсіздіктің ақыры келеді. Құдай Сөзінде: “Әділдер елді мекендейді, Кінәратсыздар сонда тұра береді. Ал зұлымдар елден аластатылады, Опасыздар түп-тамырымен құртылады”,— деп уәде етілген (Нақыл сөздер 2:21, 22)a.

2. Зұлым дүниенің ақыры қашан келеді?

Ехоба Құдай зұлымдықты жоятын және Патшалығын орнататын “уақытын белгілеп” (ЖД) қойған (Марқа 13:33). Бірақ Киелі кітапта оның нақты уақыт-сағаты жазылмаған. “Сол күннің, сол сәттің қашан болатыны не адам баласына, не көктегі періштелерге (не Құдайдың рухани Ұлына) емес, жалғыз көктегі Әкеге ғана белгілі”,— деді Иса пайғамбар (Матай 24:36). Алайда ол және оның шәкірттері зұлым дүние жойылар алдында жер бетінде қандай оқиғалардың орын алатынын алдын ала айтып кеткен. Сол оқиғалардың бәрі бір уақытта орындалып, дүниежүзін қамтығаннан кейін көп ұзамай зұлым дүниенің ақыры келеді.

Саясаттағы, қоршаған ортадағы және қоғамдағы өзгерістер бұрын-соңды болмаған көлемде орын алады. Шәкірттерінің ақыр заманға қатысты сұрағына Иса пайғамбар былай деп жауап берді: “Ұлт ұлтқа қарсы, мемлекет мемлекетке қарсы аттанып, түрлі жерлерде жер сілкіністер мен ашаршылық және дүрлігіс болады. Бұлардың бәрі жаңа дәуір туар алдындағы “толғақтың” бастапқы азабы іспетті” (Марқа 13:8). Елші Пауыл болса: “Соңғы дәуірде қиын-қыстау күндер туады: адамдар өзімшіл, ақшақұмар, мақтаншақ, тәкаппар, өсекшіл, ата-аналарына бағынбайтын, алғысты білмейтін, қасиеттіні танымайтын, ешкімді сүймейтін, ымыраға келмейтін, жалақор, ұстамсыз, қатыгез, жақсылықты жек көретін, опасыз сатқын, ақылсыз қызба, кеуде көтерген, Құдайдан гөрі ләззат-ермекті артық көретін болады”,— деп жазды (Тімотеге 2-хат 3:1—5).

Көп тілде жүретін уағыздау ісі дүниежүзін қамтиды. “Құдай Патшалығы туралы осы Ізгі хабар барлық ұлттарға паш етілу үшін күллі әлемге уағыздалатын болады. Содан кейін бұл заманның ақыры келеді”,— деген Иса пайғамбар (Матай 24:14).

3. Ақыр заманнан кейін не болады?

Киелі кітап жақсы адамдардың бәрі көкке барады деп үйретпейді. Иса пайғамбар Құдайдың адамзатқа қатысты о бастағы ниетінің орындалуы жайлы былай деген: “Кішіпейілділер бақытты: Олар жерді иемденетін болады” (Матай 5:5; 6:9, 10). Зұлым заман жойылмай жатып қайтыс болған адамдар жер бетінде қайта тіріледі (Әйүп 14:14, 15; Жохан 5:28, 29).

Иса Құдай Патшалығының патшасы ретінде көктен билік етеді. Даниял пайғамбар мынадай аян көрді: “Аспандағы бұлттармен қатарласып Адам ұлы [қайта тірілген Иса] келеді екен деймін, сол бойы Көне қартқа [Ехоба Құдайға] жақындап, Соның алдына келеді. Сол арада Оған [Исаға] билік, даңқ пен патшалық берілді, барлық халықтар, ұлттар мен жұрттар Соған қарасын делінді; Оның билігі — таусылмайтын мәңгілік билік әрі Оның патшалығы ешқашан шайқалмайды екен” (Даниял 7:13, 14; Лұқа 1:31, 32; Жохан 3:13—16).

Құдай Патшалығының азаматтары мықты денсаулыққа ие болып, қауіпсіздікте мәңгі өмір сүреді. Ишая пайғамбар: “Халқым үй салса, сонда өзі тұратын, жүзімдік отырғызса, соның жемісін өзі жейтін болады. Енді қайтып олардың үйлерінде бөтен кісілер тұрмайды, жүзімдіктерінің жемісін де жаулары жемейді”,— деді (Ишая 65:21—23). Елші Жохан болса былай деп жазды: “Қараңдар, Құдайдың адамдар арасындағы мекені! Ол солармен бірге тұрып, олар Оның халқы болмақ. Осылай Құдайдың Өзі солармен бірге мекендеп, олардың Құдайы болады! Ол барлық көздің жастарын сүртіп тастап жұбатады. Енді қайтып өлім, жоқтау, зар еңіреу мен ауру болмайды. Себебі бұрынғы әлем құрып, жоқ болды” (Аян 21:3, 4).

4. Ақыр заманнан аман өту үшін не істеуіңіз керек?

Елші Петір зұлым дүние жойылар алдында өмір сүретін кейбіреулер Құдай адамзаттың ісіне араласып, жер жүзінен зұлымдық атаулыны жояды деген хабарды мазақ ететінін айтқан (Петірдің 2-хаты 3:3, 4). Солай болатынын білсе де, Петір қазіргі кезде өмір сүріп жатқан адамдарды келесі іс-әрекетке талпындырды.

Өткен оқиғалардан сабақ алу керек. “Тәңір ежелгі дүниені де аямай, зұлымдар әлеміне топан су жіберді. Жалғыз құтқарғаны әділдікті уағыздаушы Нұх пайғамбар мен оның отбасы, барлығы сегіз-ақ адам болды”,— деп жазды Петір (Петірдің 2-хаты 2:5). Кейін мазақ етушілер туралы былай деді: “Олар мыналарды әдейі ескермейді: Құдайдың бұйрығымен көк баяғыдан бері бар болған, ал жер судан шығып, сумен қалыпқа келтірілді. Тәңірдің бұйрығына сай топан су кенеттен көне заманғы дүниені басып, адамзатты жойып жіберді. Тәңіріміз осы қазіргі аспан мен жерді деb әділетсіздердің сотталып, тозаққа түсетін күні отпен қиратуға қалдырып отыр” (Петірдің 2-хаты 3:5—7).

Құдайдың жоғары нормаларын ұстанып өмір сүру керек. Ақыр заманнан аман өткісі келетіндерге: “Жүріс-тұрыстарың Тәңірге бағышталып, қасиетті де Оған ұнамды болуға тиіс!”— делінген (Петірдің 2-хаты 3:11). Петір жүріс-тұрыстың “қасиетті” әрі Құдайға “ұнамды” болу керектігіне баса назар аударған. Алайда бұл үшін сенемін деу және соңғы мезетте Құдайға ұнайтынды істей бастау жеткіліксіз.

Құдайға нақты қандай жүріс-тұрыс ұнамды? Бұл мәселеде Киелі кітаптың не дейтінімен танысып көріңіз. Ехоба куәгерлері сізге көмектесуге дайын. Олардан сұрақтарыңыздың жауабын Киелі кітаптан тауып беруін сұраңыз. Сонда сіз, айналадағы адамдарды қорқыныш-үрей билесе де, алдағы жайттардан қорықпай, болашаққа сеніммен қарайтын боласыз.

[Сілтемелер]

a 22-беттегі “Құдайды танып білуге барлық адамда бірдей мүмкіндік бар ма?” деген мақаланы қараңыз.

b Мұнда Петір тура мағынадағы жерді айтып тұрған жоқ. Киелі кітапта жиі “жер” сөзі бейнелі мағынада қолданылады. Мысалы, Забур 96:1-де “қуанып шаттансын бүкіл жер шары” делінген. “Қуанып шаттанатын” тура мағынадағы жер емес, адамдар екені белгілі. Демек, Петір Құдайдан безген адамдардың жойылатынын айтқысы келген.

[7-беттегі сөздер]

Жер шары емес, оны құртқандар ғана жойылады

    Қазақ тіліндегі басылымдар (1997—2026)
    Шығу
    Кіру
    • Қазақ
    • Бөлісу
    • Баптаулар
    • Copyright © 2026 Watch Tower Bible and Tract Society of Pennsylvania
    • Пайдалану тәртібі
    • Құпиялық саясаты
    • Құпиялық параметрлері
    • JW.ORG
    • Кіру
    Бөлісу