Күзет мұнарасының ОНЛАЙН КІТАПХАНАСЫ
Күзет мұнарасының
ОНЛАЙН КІТАПХАНАСЫ
Қазақ
ә
  • ә
  • і
  • ң
  • ғ
  • ү
  • ұ
  • қ
  • ө
  • һ
  • КИЕЛІ КІТАП
  • БАСЫЛЫМДАР
  • КЕЗДЕСУЛЕР
  • w09 15.2. 24—28 бет.
  • Олар Тоқтының соңынан еріп жүреді

Бұл таңдауда видео жоқ.

Кешіріңіз, видеоны жүктеу кезінде қате шықты.

  • Олар Тоқтының соңынан еріп жүреді
  • 2009 жылғы Күзет мұнарасы Ехоба Құдайдың Патшалығын жариялайды
  • Тақырыпшалар
  • Ұқсас мәлімет
  • Ехоба құлға сенім артады
  • Иса құлға сенім артады
  • Құл адал әрі ақылды
  • Тоқтыға еріп жүретін майланғандармен бірге жүрейік
  • Құл табына құлақ асатындар Құдайдың батасына ие
  • Әрі адал, әрі ақылды “құл”
    2004 жылғы Күзет мұнарасы Ехобаның Патшалығын жариялайды
  • “Адал да ақылды құл кім?”
    2013 жылғы Күзет мұнарасы Ехоба Құдайдың Патшалығын жариялайды
  • Мәсіхке және оның адал құлына адалдық танытайық
    2007 жылғы Күзет мұнарасы Ехобаның Патшалығын жариялайды
  • Адал да ақылды құл деген кім?
    Бүгінде Ехоба Құдайдың еркін кім орындауда?
Көбірек мәлімет
2009 жылғы Күзет мұнарасы Ехоба Құдайдың Патшалығын жариялайды
w09 15.2. 24—28 бет.

Олар Тоқтының соңынан еріп жүреді

“Тоқты қайда бармасын, олар Оған еріп жүреді” (АЯН 14:4).

1. Шынайы шәкірттері Исаның соңынан еруге қалай қарады?

ИСАНЫҢ жердегі қызметін бастағанына екі жарым жылдай болған. Ол ‘Қапарнаумдағы мәжілісханада тәлім берді’. Сол жерде айтқан сөзі шәкірттеріне түрпідей тиіп, олардың “көбі Исадан бас тартып, бұдан былай Оған ермейтін болды”. Кейін Иса он екі елшісінен: “Сендердің де кеткілерің келе ме?”— деп сұрағанда, Шимон Петір: “Жоқ, Ием, Сізден кетсек, кімге бармақпыз? Мәңгілік өмірге жеткізетін сөздер Сізде. Біз Сіздің Мәсіх — мәңгі тірі Құдайдың рухани Ұлы екендігіңізге сеніп, соған көзіміз жетті”,— деп жауап берді (Жох. 6:48, 59, 60, 66—69). Исаның шынайы шәкірттері соңынан еруді доғарған жоқ. Олар киелі рухпен майланған соң да Исаның басшылығына мойынсұна берді (Ел. іс. 16:7—10).

2. а) “Адал да ақылды құл” немесе “адал үй басқарушы” деген кім? ә) Құл табы ‘Тоқты қайда бармасын, Оған еріп жүретінін’ қалай дәлелдеп келеді?

2 Ал бүгінгі майланған мәсіхшілер туралы не деуге болады? ‘[Өзінің] келгендігін және заманның ақырын білдіретін белгі’ жайлы пайғамбарлығында Иса рухпен майланған ізбасарларын топ ретінде “адал да ақылды құл” немесе “адал үй басқарушы” деп атаған (Мат. 24:3, 45 ЖД; Лұқа 12:42 ЖД). Осы құл топ ретінде ‘Тоқты қайда бармасын, Оған еріп жүретінін’ керемет түрде дәлелдеп келді (Аян 14:4, 5 оқы). Оның мүшелері дүниежүзілік жалған діндер империясы Ұлы Бабылдың ілімдерімен және салт-жораларымен арамданбай, өздерін рухани жағынан пәк ұстайды (Аян 17:5). Олардың ауыздарынан жалған ілім шықпайды, әрі өздерін Шайтанның дүниесінде мінсіз сақтайды (Жох. 15:19). Ал болашақта майланғандардың жердегі тамтығы Тоқтының соңынан еріп көкке барады (Жох. 13:36).

3. Неге құл табына сенім арту маңызды?

3 Иса адал да ақылды құлды “үй ішіндегілерінің”, яғни құл табының жеке алғандағы мүшелерінің, үстінен “ас-суларын уақытында беріп отыруға” тағайындады. Сондай-ақ оны “бүкіл меншігін қараушы” етіп тағайындады (Мат. 24:45 ЖД, 46, 47). Бұл ‘меншікке’ ‘басқа қойлардың’ күн санап өсіп жатқан ‘өте үлкен тобыры’ кіреді (Аян 7:9; Жох. 10:16). Майланғандар мен “басқа қойлар” өздеріне қараушы етіп қойылған құл табына сенім артуы керек. Бұлай етудің көп себебі бар. Алайда олардың ең бастысы: Ехоба да, Иса да құлға сенім артады. Ендеше, олардың адал да ақылды құлға толықтай сенім артатыны неден көрінетінін қарастырайық.

Ехоба құлға сенім артады

4. Адал да ақылды құл беріп отырған рухани ас-суға неге сенімді болуымызға болады?

4 Адал да ақылды құлдың біздерге қажетті рухани ас-суды уақтылы беріп жатқаны ненің арқасы? Ехоба былай дейді: “Мен саған ақыл-кеңес беремін, Жүретін жолыңды көрсетемін; Сені көзімнен таса қылмай, Әрдайым жетелеп жүремін” (Заб. 31:8). Иә, Ехоба құл табына басшылық беріп отыр. Сондықтан құлдан алып жатқан Жазбалардағы терең түсінікке және басшылыққа толық сенімді болуымызға болады.

5. Құдай құл табына рухын беріп жатқаны неден көрінеді?

5 Сонымен қатар Ехоба құл табына киелі рух береді. Құдай рухы көзге көрінбегенімен, оның әрекеті айқын көрінеді. Жержүзіне Ехоба Құдай, оның Ұлы және Патшалығы жайлы куәлік берілуі үшін, адал да ақылды құлдың атқарып жатқан ісі жайлы ойланып көрейікші. Ехобаның қызметшілері Патшалық туралы хабарды 230-дан астам ел мен аралдарда белсене жариялап жүр. Бұл Құдай рухы құл табына күш беріп жатқанының айқын дәлелі болып табылмай ма? (Елшілердің істері 1:8 оқы). Құл табы Ехобаның дүниежүзіндегі халқына рухани ас-суды уақтылы беруге қатысты маңызды шешімдер қабылдауға міндетті. Ол мұндай шешімдерді қабылдау мен жүзеге асыру кезінде сүйіспеншілік, ілтипаттылық және киелі рухтың жемісіне жататын басқа да қасиеттерді танытады (Ғал. 5:22, 23).

6, 7. Ехоба адал құлға қаншалықты сенім артады?

6 Ехобаның адал құлға қаншалықты сенім артатынын түсіну үшін, оның мүшелеріне не уәде еткені жөнінде ойланып көрейікші. Елші Пауыл: “Керней үні шыққанда өлгендер шірімейтін болып қайта тіріледі, ал біз өзгереміз. Өйткені осы шіритін шірімейтінге, ал өлетін өлмейтінге айналуы тиіс”,— деп жазған (Қор. 1-х. 15:52, 53 Тт). Мәсіхтің майланған ізбасарлары Құдайға адал қызмет етіп, шіритін тәнде өлгенен кейін қайта тірілгенде, мәңгі өмірге ие болған рухани жаратылыстардан әлдеқайда артық нәрсеге ие болады. Олар шірімейтін болады, яғни бұзылмайтын тәнге ие болады. Бұл өзін өзі қолдап тұратын рухани тән болса керек. Оның үстіне, олар өлмейтін болады, яғни өлместікке, ешқашан бітпейтін, жойылмайтын өмірге ие болады. Сондай-ақ Аян 4:4-те олардың қайта тірілген кездерін тақтарда отырғандар және бастарына алтын тәж кигендер ретінде суреттелген. Бұл майланған мәсіхшілердің патшалық билікке ие болатынын көрсетеді. Алайда Ехобаның оларға сенім артатынын көрсететін тағы бір жайт бар.

7 Аян 19:7, 8-де: “Тоқтының үйленетін уақыты” жетті, Оның қалыңдығы әзірленіп, дайын отыр. Оған кіршіксіз таза, жылтыраған ақ бәтес киімдер берілді... Ал ақ бәтес киімдер Құдай халқының әділетті істерін білдіреді”,— делінген. Ехоба майланған мәсіхшілерді Ұлының қалыңдығы болуға таңдады. Сонымен шірімейтін тән, өлмейтін өмір, патшалық билік және Тоқтының қалыңдығы болу керемет сыйлар болып табылады. Бұл — “Тоқты қайда бармасын, Оған еріп жүретін” майланғандарға Ехобаның толық сенім артатынының айқын дәлелдері.

Иса құлға сенім артады

8. Иса рухпен майланған ізбасарларына толық сенім артатынын қалай көрсетті?

8 Рухпен майланған ізбасарларына Исаның толық сенім артатыны неден көрінеді? Жердегі өмірінің соңғы түні Иса 11 адал елшісіне келесі уәдені берген: “Қиындыққа ұшыраған кездерімде Менімен бірге болған сендерсіңдер. Сондықтан Әкемнің Мені Патша болуға тағайындағаны сияқты, Мен де сендерді билік жүргізуге тағайындаймын. Менің Патшалығымда дастарқанымнан ішіп-жеп, тақтарыңа отырып, Исраилдің он екі руына билік жүргізетін боласыңдар” (Лұқа 22:28—30). Бұл уәде 144 000 майланған мәсіхшінің бәріне де қатысты (Лұқа 12:32; Аян 5:9, 10; 14:1). Иса оларға сенім артпаса, өзімен бірге билік жүргізуді уәде етер ме еді?

9. Мәсіхтің ‘меншігіне’ жататын кейбір нәрселер қандай?

9 Оның үстіне, Иса Мәсіх адал да ақылды құлды ‘бүкіл меншігіне’ — Патшалыққа қатысты жердегі барлық нәрселерге — қараушы етіп тағайындады (Мат. 24:47). Бұл меншікке жататын кейбір нәрселер — Ехоба куәгерлерінің дүниежүзілік бас басқармасы мен жер-жердегі филиалдар, Конгресс сарайлары мен Патшалық сарайлары, сондай-ақ Патшалық туралы уағыздау мен шәкірт дайындау ісі. Ешкім сенім артпайтын біреуге өзінің құнды нәрселерін тапсырып кетпейді.

10. Иса Мәсіх өзінің майланған ізбасарларымен бірге екені неден көрінеді?

10 Көкке кетерінің алдында қайта тірілген Иса адал шәкірттеріне көрініп: “Мен бұл дүниенің ақыр соңына дейін әр күні өздеріңмен бірге болып, сендерге жар боламын!”— деп уәде етті (Мат. 28:20). Иса уәдесін орындады ма? Осыдан 15 жыл бұрын дүниежүзі бойынша Ехоба куәгерлерінің қауымдарының саны 70 000-дай болатын. Ал бүгінде олардың саны 100 000-нан асты, яғни 40-тан астам пайызға өсті. Жаңадан қосылған шәкірттер жөнінде не деуге болады? Соңғы 15 жылда 4,5 миллиондай шәкірт — орта есеппен алғанда күніне 800-ден астам адам — шомылдыру рәсімінен өтті. Қауымдар мен шәкірттер санының өсуі Мәсіхтің майланған ізбасарларға басшылық беріп жатқанын және шәкірт дайындау ісінде оларды қолдап жатқанын айқын көрсетеді.

Құл адал әрі ақылды

11, 12. Құл табы өзінің адал әрі ақылды екенін қалай дәлелдеді?

11 Ехоба Құдай мен Иса Мәсіх адал да ақылды құлға толықтай сенім артады. Олай болса, біз де солай етуіміз керек емес пе? Оның үстіне, құл табы өзінің адалдығын дәлелдеді. Мысалы, “Күзет мұнарасы” журналы 130 жыл бойы басылып келеді. Қауым кездесулері және конгрестер бізді рухани нығайтуда.

12 Сонымен қатар адал құл ақылды екенін де көрсетіп, Ехобаның басшылығынан бұрын әрекет етіп, өрескелдік танытпайды және қандай да бір жайтқа қатысты оның басшылығы анық болып тұрғанда, кейінге қалдырмай, бірден әрекет етеді. Мысалы, жалған діндердің жетекшілері осы дүниедегі адамдардың өзімшіл, Құдайға ұнамсыз әрекеттеріне көз жұмып не тіпті мақұлдап отырса, құл табы Шайтанның зұлым дүниесінің тұзақтары жайлы үнемі ескертіп отырады. Дана әрі уақтылы кеңестерді олар Ехоба Құдай мен Иса Мәсіхтің арқасында беріп отыр. Сондықтан құл табы біздің толық сенім артуымызға лайық. Олай болса, сенім артатынымызды қалай көрсете аламыз?

Тоқтыға еріп жүретін майланғандармен бірге жүрейік

13. Зәкәрияның пайғамбарлығына сай, адал да ақылды құлға сенім артатынымызды қалай көрсете аламыз?

13 Зәкәрия кітабында он адамның яһуди кісіге келіп: “Біз сендермен бірге барамыз”,— дегені айтылған (Зәкәрия 8:23 ЖД оқыa). Он адам яһудиге “сендермен” деп көпше түрде сөйлеген, демек, ол бір топ адамға нұсқайды. Біздің күнімізде ‘яһуди’ киелі рухпен майланған мәсіхшілердің тамтығын, яғни ‘Құдайдың рухани Исраил халқының’ бір бөлігін білдіреді (Ғал. 6:16). Ал ‘әр тілді халықтардан жиналған он адам’ басқа қойлардан тұратын өте үлкен тобырды білдіреді. Иса қайда бармасын, оған еріп жүретін майланған мәсіхшілер сияқты өте үлкен тобыр да адал да ақылды құлмен ‘бірге барады’, немесе бірге жүреді. Өте үлкен тобырға жататын адамдар “көкке шақырылғандардың” серіктері екендеріне ұялмау керек (Евр. 3:1). Иса да майланғандарды “бауырластарым деп атаудан ұялмайды” (Евр. 2:11).

14. Мәсіхтің бауырластарына қалай қолдау көрсетуге болады?

14 Иса Мәсіх бауырластарына көрсетілген қолдауды өзіне көрсетілген деп қарастырады (Матай 25:40 оқы). Олай болса, жерде өмір сүру үмітіне ие болғандар Мәсіхтің майланған бауырластарын қалай қолдай алады? Ең алдымен Патшалық туралы уағыздау ісін атқаруға көмектесу арқылы (Мат. 24:14; Жох. 14:12). Жылдар өткен сайын майланғандардың саны азайып жатқанымен, басқа қойлардың саны өсуде. Олар уағыз ісіне атсалысу арқылы, мүмкін болса толық уақыт қызмет ету арқылы, майланған мәсіхшілерге шәкірт дайындау ісін орындауда қолдау көрсетеді (Мат. 28:19, 20). Сонымен қатар бұл істі қаржы жағынан қолдай алады.

15. Әрқайсымыз құлдың уақтылы рухани ас-суына және ұйымдастыру істеріне қатысты шешімдеріне қалай қараймыз?

15 Әрқайсымыз адал құлдың Киелі кітапқа негізделген әдебиеттер, қауым кездесулері мен конгрестер арқылы уақтылы беріп отырған рухани ас-суына қалай қараймыз? Біз оны ризашылықпен қабылдап, алған тәлімді іс жүзінде қолданамыз ба? Құл табының ұйымдастыру істеріне қатысты шешімдеріне қалай қараймыз? Оның нұсқауларына даярлықпен мойынсұнғанымыз Ехобаның басшылығына сенетінімізді көрсетеді (Жақ. 3:17).

16. Неге мәсіхшілердің бәрі Мәсіхтің бауырластарына құлақ асу керек?

16 Иса: “Менің “қойларым” даусымды естіп, бағынады. Мен оларды жақсы білемін, олар Маған еріп жүреді”,— деген (Жох. 10:27). Майланған мәсіхшілер расында да осылай етеді. Ал олармен бірге жүретін басқа қойлар ше? Олар да Исаның даусын естіп, бағыну керек. Сондай-ақ оның бауырластарына құлақ асу керек. Бұл орынды-ақ, өйткені Құдай халқының рухани игілігін ойлау жауапкершілігі оларға сеніп тапсырылған. Ал Мәсіхтің бауырластарына құлақ асатынымызды қалай көрсетеміз?

17. Құл табына құлақ асатынымызды қалай көрсетеміз?

17 Жер жүзінде уағыздау ісіне жетекшілік жүргізетін Басқарушы кеңес адал да ақылды құлдың өкілі болып табылады. Басқарушы кеңес киелі рухпен майланған тәжірибелі ақсақалдардан тұрады. Біз әсіресе соларды ‘жетекшілеріміз’ дей аламыз (Евр. 13:7). Дүниежүзіндегі 100 000-нан асатын қауымдағы 7 000 000-нан астам жариялаушының қамын ойлап, осы майланған бақылаушылар ‘Иеміздің ісін молынан істеуде’ (Қор. 1-х. 15:58). Басқарушы кеңеспен толықтай қызметтесу арқылы құл табына құлақ асатынымызды көрсетеміз.

Құл табына құлақ асатындар Құдайдың батасына ие

18, 19. а) Құл табына құлақ асатындар қандай батаға ие болды? ә) Біз не нәрсеге бел бууымыз керек?

18 Тағайындалған уақытынан бері адал да ақылды құл ‘талайлардың көзін ашып шындыққа шығарды’ (Дан. 12:3). Олардың ішінде осы зұлым дүние жойылғанда аман қалуға үміттенетін адамдар да бар. Құдайдың ықыласына ие болу неткен бата!

19 Келешекте ‘[144 000 тұратын] қасиетті қала — жаңа Иерусалим, күйеуінің алдынан шығуға безеніп киінген қалыңдықтай көктен Құдайдың қасынан түскенде’, құл табына құлақ асқан адамдармен не болады? Киелі кітапта былай делінген: “Құдайдың Өзі солармен бірге мекендеп, олардың Құдайы болады! Ол барлық көздің жастарын сүртіп тастап жұбатады. Енді қайтып өлім, жоқтау, зар еңіреу мен ауру болмайды. Себебі бұрынғы әлем құрып, жоқ болды” (Аян 21:2—4). Сонымен Мәсіхке және оның сенім артуға лайық майланған бауырластарына құлақ асуға бізде барлық негіз бар.

[Сілтеме]

a Зәкәрия 8:23 ЖД: “Әскер иесі Ехоба былай дейді: “Сол күндері былай болады, әр тілді халықтардан он адам жиналып, яһудидің етегіне жармасып,— Біз сендермен бірге барамыз, өйткені Құдай сендермен бірге екенін естідік,— деседі”.

Не білдіңдер?

• Ехобаның адал да ақылды құлға сенім артатыны неден көрінеді?

• Иса Мәсіхтің құл табына толықтай сенім артатынын не көрсетеді?

• Неге адал үй басқарушы сенім артуымызға лайық?

• Құл табына сенім артатынымызды қалай көрсетеміз?

[25-беттегі сурет]

Ехоба Ұлының болашақ қалыңдығы ретінде кімді таңдағанын білесің бе?

[26-беттегі суреттер]

Иса Мәсіх өзінің ‘меншігін’ адал да ақылды құлға сеніп тапсырды

[27-беттегі сурет]

Куәлік ету ісіне атсалысу арқылы рухпен майланған мәсіхшілерді қолдаймыз

    Қазақ тіліндегі басылымдар (1997—2026)
    Шығу
    Кіру
    • Қазақ
    • Бөлісу
    • Баптаулар
    • Copyright © 2026 Watch Tower Bible and Tract Society of Pennsylvania
    • Пайдалану тәртібі
    • Құпиялық саясаты
    • Құпиялық параметрлері
    • JW.ORG
    • Кіру
    Бөлісу