Күзет мұнарасының ОНЛАЙН КІТАПХАНАСЫ
Күзет мұнарасының
ОНЛАЙН КІТАПХАНАСЫ
Қазақ
ә
  • ә
  • і
  • ң
  • ғ
  • ү
  • ұ
  • қ
  • ө
  • һ
  • КИЕЛІ КІТАП
  • БАСЫЛЫМДАР
  • КЕЗДЕСУЛЕР
  • w09 15.2. 22—23 бет.
  • Миссионерлер Еремия сияқты болуға шақырылды

Бұл таңдауда видео жоқ.

Кешіріңіз, видеоны жүктеу кезінде қате шықты.

  • Миссионерлер Еремия сияқты болуға шақырылды
  • 2009 жылғы Күзет мұнарасы Ехоба Құдайдың Патшалығын жариялайды
  • Ұқсас мәлімет
  • Ғалақад мектебінің 123-сыныбы мектеп түлектері ‘қаза бастауға’ шақырылды
    2008 жылғы Күзет мұнарасы Ехобаның Патшалығын жариялайды
2009 жылғы Күзет мұнарасы Ехоба Құдайдың Патшалығын жариялайды
w09 15.2. 22—23 бет.

Ғалақад мектебінің 125-сыныбы

Миссионерлер Еремия сияқты болуға шақырылды

БАСҚАРУШЫ кеңестің мүшесі Джеффри Джексон 2008 жылы 13 қыркүйекте өткен 125-сыныптың бітіру салтанатына жиналған 6 156 адамның алдында: “Ғалақад мектебінде білім алған осы сыныптың бітіруі Ехоба куәгерлерінің тарихында айрықша сәт болып отыр”— деп жариялады. Ғалақад мектебі дайындап, жердің түкпір-түкпіріне жіберілген миссионерлердің саны, осы сыныпты бітірген 56 баурыласты қосқанда, 8 000-нан асты (Ел. іс. 1:8).

Бағдарламаның төрағасы Джексон бауырлас: “Сенімді адам болсаңдар қызметтеріңнің сапасы жақсара ма?”— деген сұрақ қойды. Сосын, ол осындай адам болу үшін төрт нәрсе қажет екенін атап өтті. Бұлар дұрыс ниет таныту, жақсы үлгі көрсету, тек Құдай Сөзіне негізделіп тәлім беру және Ехобаның есімін жариялауға баса назар аудару.

Білім беру комитетінде қызмет ететін Дейвид Шейфер “Сендер бәрін толықтай ұғатын боласыңдар ма?” деген баяндамамен шықты. Мектеп бітірушілер Ехобаны іздеуді және “адал да ақылды құлға” кішіпейілділікпен мойынсұнуды жалғастыра берсе, миссионер ретінде қызмет етуге қажетті нәрсенің бәрін толықтай ұға алатындары айтылды (Нақ. с. 28:5; Мат. 24:45 ЖД).

Одан кейін Басқарушы кеңестің мүшесі Джон Э. Барр “Құдайдың сүйіспеншілігінен айыратын ешбір нәрсеге жол бермеңдер” деген баяндама айтты. Барр бауырластың берген әкелік кеңесі мектеп бітірушілер мен олардың ата-аналарын миссионерлік қызметтің басында кезігуі мүмкін қиыншылықтарды ойлап уайымдамауға талпындырды. Ол “Құдайдың сүйіспеншіліне бөлену қауіпсіз әрі жанға жайлы жерде болумен бірдей” деп түсіндірді. Миссионерлерді Құдайдың сүйіспеншілігінен ешбір нәрсе айыра алмайды, тек өз-өздерін айырмаса болғаны.

Теократиялық мектептер бөлімінде қызмет ететін Сэм Роберсон тыңдаушыларды “ең жақсы киімді киюге” шақырды. Исаның қалай әрекет еткенін зерттеп, білгендерін іс жүзінде қолдану арқылы мектеп бітірушілер ‘Иеміз Исаны үлгі етеді’, былайша айтқанда, оның қасиеттерін киіп алады (Рим. 13:14). Теократиялық мектептер бөлімінің бақылаушысы Уильям Сэмюэлсон адамдардың емес, Құдайдың көз алдында құрметке лайықты болудың маңызды екенін түсіндірді.

Оқытушылардың бірі Майкл Бернетт оқушылармен уағызда болған оқиғалар туралы сұхбаттасты. Олардың көбісі мектеп кезінде жақсы уағыздалған аумақтарға тағайындалса да, қызығушылық білдірген адамдарды тапқан. Конгресс бөлімінде қызмет ететін Джеральд Гризл филиал комитетінің мүшелеріне арналған мектепте оқып жатқан үш бауырласпен сұхбаттасты. Олардың айтқандары оқушыларға шетелдегі қызметке дайындалуға көмектесті.

“Еремия сияқты бол” деген баяндаманы Басқарушы кеңестің мүшесі әрі Ғалақадтың 42-сыныбын бітірген Дэйвид Сплэйн айтып жеткізді. Еремия тағайындалған қызметінен тартыншақтаған болатын, алайда Ехоба оған күш-жігер берген (Ерм. 1:7, 8). Құдай жаңа миссионерлерді де осылай нығайтады. Сосын, Сплэйн бауырлас былай деп кеңес берді: “Егер біреумен түсініспеушілік туындаса, отыра қалып, оның бойындағы саған ұнайтын он қасиетті параққа жазып шық. Байқай алған қасиеттерің онға жетпесе, онда ол бауырласты жақсы танымағаның”.

Еремия жанқияр адам болған. Алайда қызметін тоқтатқысы келген кезде, Ехобаға дұға еткен. Сонда Ехоба оған жар болып, көмектесті (Ерм. 20:11). “Ұнжырғаң түскенде,— деді Сплэйн бауырлас,— ойыңдағының бәрін Ехобаға айт. Сонда оның өзіңе қалай көмектескенін көріп, таңғаларың сөзсіз”.

Соңында бағдарламаның төрағасы мектеп бітірушілерге сенімді адам болуға көмектесетін бірнеше кеңес берілгенін тыңдаушылардың есіне салды. Олар тағайындалған жерлерінде уағыздап жүріп, өздерін сенімді адам ретінде көрсетсе, айтқан хабарлары әлдеқайда әсерлі болады (Ишая 43:8—12).

[22-беттегі қоршау]

СЫНЫП ЖАЙЛЫ МӘЛІМЕТ

Оқушылар келген елдердің саны: 6

Тағайындалған елдердің саны: 21

Оқушылардың жалпы саны: 56

Орташа жасы: 32,9

Шындықта жүрген жылдарын орташа алғанда: 17,4

Толық уақытты қызметтегі жылдарын орташа алғанда: 13

[23-беттегі сурет]

Күзет мұнарасының Ғалақад Киелі кітап мектебінің 125-сынып түлектері

Қатарлар төменнен жоғары қарай нөмірленген, ал адамдардың аты-жөндері солдан оңға қарай берілген.

1) Ходжсон А., Уол А., Бирэнс К., Хортелано М., Ньюман Л., Декасо А. 2) Дженкинс Дж., Джарземски Т., Мендез Н., Корона В., Каналита Л. 3) Фрайер Х., Савидж М., Тидуэл К., Эриксон Н., Дик Э., Макбет Р. 4) Перез Л., Пиуз Л., Скидмор А., Янг Б., Макбрайд Н., Рондон П., Гудман Э. 5) Бирэнс М., Фергюсон Дж., Пирсэн Н., Чапман Л., Уордэл Дж., Каналита М. 6) Перез П., Де Касо Д., Янг Т., Рондон Д., Гудман Г., Дженкинс М., Дик Г. 7) Корона М., Уол Р., Пиуз С., Мендез Ф., Джарземски С., Савидж Т. 8) Ньюман К., Фергюсон Д., Скидмор Д., Эриксон Т., Макбрайд Дж., Пирсэн М., Чапман М. 9) Ходжсон К., Уордэл А., Макбет А., Тидуэл Т., Фрайер Дж., Хортелано Дж.

    Қазақ тіліндегі басылымдар (1997—2026)
    Шығу
    Кіру
    • Қазақ
    • Бөлісу
    • Баптаулар
    • Copyright © 2026 Watch Tower Bible and Tract Society of Pennsylvania
    • Пайдалану тәртібі
    • Құпиялық саясаты
    • Құпиялық параметрлері
    • JW.ORG
    • Кіру
    Бөлісу