Күзет мұнарасының ОНЛАЙН КІТАПХАНАСЫ
Күзет мұнарасының
ОНЛАЙН КІТАПХАНАСЫ
Қазақ
ә
  • ә
  • і
  • ң
  • ғ
  • ү
  • ұ
  • қ
  • ө
  • һ
  • КИЕЛІ КІТАП
  • БАСЫЛЫМДАР
  • КЕЗДЕСУЛЕР
  • w08 15.4. 25—28 бет.
  • Біз оларды ешқашан ұмытпаймыз

Бұл таңдауда видео жоқ.

Кешіріңіз, видеоны жүктеу кезінде қате шықты.

  • Біз оларды ешқашан ұмытпаймыз
  • 2008 жылғы Күзет мұнарасы Ехобаның Патшалығын жариялайды
  • Тақырыпшалар
  • Ұқсас мәлімет
  • Қарттар үйіндегі қиыншылықтар
  • Қауымның көмегі
  • Араласудың жолын іздеңдер
  • Сендердің келіп тұрғандарың өте маңызды
  • Біз үшін де пайдасы бар
  • Қарттарға қамқорлық көрсету — мәсіхшілердің борышы
    2004 жылғы Күзет мұнарасы Ехобаның Патшалығын жариялайды
  • Құдай қарттардың қамын ойлайды
    2006 жылғы Күзет мұнарасы Ехобаның Патшалығын жариялайды
  • Сауалдар жәшігі
    Біздің патшалық қызметіміз. 2008
  • Ехоба қарт қызметшілерін қамқорлайды
    2008 жылғы Күзет мұнарасы Ехобаның Патшалығын жариялайды
Көбірек мәлімет
2008 жылғы Күзет мұнарасы Ехобаның Патшалығын жариялайды
w08 15.4. 25—28 бет.

Біз оларды ешқашан ұмытпаймыз

ЕЛШІ Пауыл бауырластарын: “Барлық адамдарға, әсіресе сенімі бір бауырластарымызға, жақсылық істей берейік!”— деп шақырған (Ғал. 6:10). Бүгінгі күні де біз рухтың жетелеуімен жазылған осы сөздерге сай әрекет етіп, бауырластарымызға жақсылық жасаудың жолдарын іздестіреміз. Мәсіхшілер қауымының көңіл қойғанына мұқтаж әрі лайық жандардың қатарында қарттар үйлеріндегі аяулы бауырластарымыз да бар.

Кейбір елдерде қартайған әке-шешесіне әдетте балалары мен туыстары қарайды, ал өзге бір елдерде көп жағдайда олар қарттар үйінің қамқорлығына тапсырылады. Қазір осындай бауырластардың тұрмыс-жайы туралы сөйлесіп көрейік. Олар қандай қиындықтарға кезігеді? Өз отбасылары қамқорлық етпесе, олардың не істеуіне болады? Мәсіхшілер қауымы қалай көмек көрсете алады? Оларға үнемі барып тұрудың бізге қандай пайдасы бар?

Қарттар үйіндегі қиыншылықтар

Бауырласымыз апарылған қарттар үйі басқа қауымның аумағында болуы мүмкін. Жергілікті бауырластар оны танымағандықтан, оған барып тұру жөнінде ойлана бермейтін шығар. Оның үстіне, жанындағылар басқа дінді ұстанатын болар. Бұл — оңай нәрсе емес.

Мысалы, қарттар үйлерінің кейбірінде діни жоралар өткізіліп тұрады. Қарттарға қарайтын бір кісі: “Анық сөйлей алмайтын кейбір қарт Куәгерлер мүгедектер арбасына отырғызылып, діни жораларға апарылған екен. Олардың еркімен ешкім санаспапты”,— деді. Бұған қоса, қарттардың өмірі біркелкі болмау үшін ондағы қызметкерлер туған күндер, Жаңа жыл, айт сияқты басқа да мейрамдарды қалт жібермеуге тырысады. Сондай-ақ қандай да бір тағамдарға қатысты кейбір Куәгерлердің ар-ұждандары ескерілмеген кездер болған (Ел. іс. 15:29). Қарт бауырластарымызға жиі барып тұратын болсақ, осындай қиындықтармен күресулеріне көмектесе аламыз.

Қауымның көмегі

Ертедегі мәсіхшілер қамқорлық көрсететін отбасы жоқ қарттарға қатысты міндеттерін ұмытпайтын (Тім. 1-х. 5:9). Сол сияқты бүгінде де қауым ақсақалдары аймақтарындағы қарттар үйіндегі бауырластардың елеусіз қалмауын қадағалайдыa. Робер деген ақсақал былай дейді: “Қарт бауырластардың тұрмыс-жайын біліп, бірге дұға ету үшін мәсіхші ақсақалдардың оларға өздері барғаны дұрыс. Қауымдағылар олар үшін көп нәрсе істей алады”. Қарттарға барып тұруға арнайы уақыт бөлетін болсақ, мұқтаждарға қамқорлық жасауды Ехобаның қаншалықты маңызды деп қарастыратынын түсінетінімізді көрсетеміз (Жақ. 1:27).

Қажет болған жағдайда, жергілікті ақсақалдар қарттар үйіндегі бауырластарға іс-жүзінде көмек көрсету шараларын ұйымдастыруға дайын. Робер ‘шамасы келетін қарт бауырластарды мәсіхшілер кездесулеріне келіп тұруға талпындыру керектігіне’ көңіл бөлді. Ал Патшалық сарайына бара алмайтындар үшін басқа шаралар ұйымдастыруға болады. Мысалы, остеоартритпен ауыратын сексен бестердегі Жаклин кездесудегі бағдарламаны телефонмен тыңдайды. Ол: “Кездесу жүріп жатқанда тыңдап отырудың мен үшін пайдасы зор. Мен мұны дүниедегі ештеңеге айырбастамас ем!”— деді.

Қарт бауырлас телефонмен тыңдай алмаса, ақсақалдардың бағдарламаны таспаға не дискіге жазып берудің жолын ойластыруына болады. Оны апаратын адамның бауырласпен жігерлендіретін әңгіме-дүкен құруға мүмкіндігі бар. “Қарттарға қауымда не болып жатқанын айтып берсең, олар өздерін әлі де рухани отбасының мүшесі екенін сезінеді”,— деді бір ақсақал.

Араласудың жолын іздеңдер

Қарттар үйіне апарылғанда, кәрі кісілердің көбі стреске түсіп, өз-өзіне келе алмай қалады. Тіпті кейбіреулері елден оқшауланып, тұйықтанып кетеді. Егер қарттар үйіне бауырластарымыз түссе, біз оларға бірден барып, бұдан былай келіп тұратынымызды білдірсек, олардың қайтадан жан тыныштығы мен қуаныш сезінулеріне әжептәуір септігіміз тиеді (Нақ. с. 17:22).

Қарт бауырластар ақылынан алжасып, құлағы естімей немесе басқа да кемістіктердің кесірінен адаммен жөнді араласа алмай қалса, кейбіреулер оларға барудың пайдасы жоқ деп ойлауы мүмкін. Алайда араласу қаншалықты қиын болғанына қарамастан, оларға барып тұруға тырыссақ, бір сенімдегілерге “бірінші болып құрмет көрсетуден” талмайтынымызды көрсетеміз (Рим. 12:10, ЖД). Егер бауырлас жақында болған жайттарды ұмытып қалатын болса, бұрынырақта, тіпті балалық шағында, болған оқиғаларды немесе шындықты қалай білгенін айтып беруді сұрауға болады. Ал сөз таба алмай, қиналса ше? Шыдамдылықпен тыңдап, қажет болса, іздегені осы-ау деген бір-екі сөзді айтып, я болмаса ойын қайталап жіберіп, әңгімесін жалғастыруға талпындырайық. Егер шатып-бұтып яки тілі күрмеліп, айтқандарын түсіну қиын болса, дауыс сарынына мұқият көңіл қойсақ болады.

Сөйлесу тіптен мүмкін емес болып қалса, мұның басқа жолын іздеуге болады. Бүгінде сөйлеуден қалған Мадлен деген 80 жастағы бауырласқа Лора атты ізашар үнемі барып тұрады. Лора олардың қалай араласатынын түсіндіріп: “Біз дұға еткенде, мен Мадленнің қолын ұстаймын. Ол болса қолымды қысыңқырап қойып, көздерін ашып-жұмуымен жанға жылы осындай сәттер үшін ризашылығын білдіреді”,— деді. Қарт достарымыздың қолын алақанымызға алып не шын жүректен құшақтасақ, көңілдері тасып, бір марқайып қалады.

Сендердің келіп тұрғандарың өте маңызды

Сендердің үнемі келіп тұрғандарың қарттарға қалай қамқорлық көрсетілетініне әсер етуі мүмкін. Қарттар үйіндегі бауырластарға 20 жылдан бері барып тұратын Даниель: “Мұндағылар адамдар үнемі келіп тұратын қарттарға жақсырақ қарайды”,— деп ескерді. Жоғарыда сөздері келтірілген Робер былай дейді: “Күтуші қызметкерлер жиі келіп тұратын адамның сөзіне құлақ асуға бейім келеді. Ал анда-санда бір көрінетіндерді олай сыйламауы мүмкін”. Отбасы мүшелері қызметтеріне жиі наразылық білдіретіндіктен, олар келушілердің алғыс айтқанына риза болады. Оның үстіне, қарттар үйінің қызметкерлерімен жақсы қарым-қатынаста болсақ, олар бауырластарымыздың құндылықтары мен нанымдарын құрметтейтін болатын шығар.

Қарапайым істерде көмек ұсыну арқылы да олармен жақсы қарым-қатынас дамытуға болады. Кей жерлерде тәжірибелі қызметкерлер үнемі жетіспейтіндіктен, қарттардың күтімі дұрыс болмайды. Ребекка деген күтуші қызметкер мынадай кеңес береді: “Ас ішетін уақытта қарбаласып қаламыз, сондықтан адамдардың осы кезде келіп, достарына тамақтануға көмектескені жақсы”. Біз қандай көмек қажет екенін сұраудан тартынбауымыз керек.

Үнемі бір қарттар үйіне барып тұратын болсақ, бауырласымыздың неге мұқтаж екенін байқап, сондағы қызметкерлердің рұқсатымен, оған көмек көрсете аламыз. Мысалы, бөлмесіне сүйікті адамдарының фотосуреттерін қойып, немесе балалар салған суреттермен әсемдеп қоярмыз. Сондай-ақ жылы халат не күнделікті қажетті заттарын әкеліп беруге болады. Ал серуендейтін жер бар болса, қарт досымызды таза ауаға алып шыға аламыз ба? Жоғарыда сөздері келтірілген Лора былай дейді: “Мен Мадленге апта сайын барып тұрамын. Ол мені асыға күтіп отырады. Ал балаларымды ертіп келсем, бірден көзі күлімдеп, жүзі жайнап сала береді!” Осылайша көмек көрсетуге ықылас білдіргеніміз қарттар үйлеріндегі бауырластарға қатты әсер етеді (Нақ. с. 3:27).

Біз үшін де пайдасы бар

Қарт бауырластарымызға үнемі барып тұруға келгенде, ‘сүйіспеншілігіміздің шынайылығы’ сыналады (Қор. 2-х. 8:8). Қалайша? Досымыздың көз алдымызда сөніп бара жатқанын көру жанымызға батуы мүмкін. Лора былай деп мойындады: “Мадленнің күн санап әлсіреп бара жатқаны алғашқыда маған ауыр тиді. Оған барған сайын көз жасым көл болатын. Бірақ жалбарына дұға еткеніміз бойды билеген үрейді жеңіп, өзгені жігерлендіруге күш беретініне көзім жетті”. Ал Робер біраз жылдан бері Ларриге, Паркинсон ауруына шалдыққан бауырласқа, барып тұрады. Ол: “Ларриді ауру меңдегені сонша — мен оның сөздерін түсінуден қалдым. Бірақ бірге дұға еткенде, сенімінің әлі де зор екенін байқамау мүмкін емес”,— деді.

Қарт бауырластарға барып тұрғанымыздың пайдасын олар ғана емес, біз де көреміз. Әртүрлі дінді ұстанатын адамдар арасында тұрса да, Ехобаға жақын болуға деген шешімдеріне берік болғанынан бізге сенім мен батылдық қажет екенін көреміз. Құлақтары естімей, көздері көрмей қалғанына қарамастан, рухани ас-суға құштар болғандарынан ‘адамның тек нанмен ғана емес, Құдайдың аузынан шыққан әрбір сөзімен өмір сүретіні’ айқындала түседі (Мат. 4:4). Қарт бауырластар бала күлкісі немесе бірге тамақтану сияқты қарапайым нәрселерге қуанады, бұдан қолда барды бағалауды үйренеміз. Олардың Құдаймен жақсы қарым-қатынасын көргеніміз бізге де мұны әрқашан бірінші орынға қоюға көмектеседі.

Расында да, қарттарға көмектесудің пайдасын бүкіл қауым көреді. Қай жағынан? Бойынан күші қайтқан қарттар бауырластардың сүйіспеншілігіне мұқтаж болғандықтан, қауымдағылар үшін көбірек жанашырлық танытудың мүмкіндігі туады. Сондықтан бәріміз де қарт бауырластарға қамқорлық көрсетуді, кейде бұл ұзаққа созылуы мүмкін, бір-бірімізге қызмет етудің бір жолы деп қарастыруымыз керек (Пет. 1-х. 4:10, 11). Ақсақалдар бұл істе белсенділік танытуымен қауымдағыларға мәсіхшілер қызметінің осы саласы да елеусіз қалмау керектігін көруге көмектеседі (Езек. 34:15, 16). Сүйіспеншілікпен қолдау көрсетуге дайын болсақ, қарт бауырластарымыз өздерін ешқашан ұмытпайтынымызға сенімді болады.

[Сілтеме]

a Қауым хатшысы бауырластың басқа жердегі қарттар үйіне ауысқанын біле салысымен сондағы қауымның ақсақалдарын хабардар етсе, мұның бәріне көмегі тиеді әрі бұл сүйіспеншілікке жатады.

[28-беттегі сөздер]

“Мұндағылар адамдар үнемі келіп тұратын қарттарға жақсырақ қарайды”

[26-беттегі сурет]

Шын жүректен айтқан дұғамыз қарт бауырласқа қайтадан жан тыныштығын сезінуге көмектесуі мүмкін

[26-беттегі сурет]

Аяулы сезім білдіргеніміз қарт бауырластарды нығайтады

    Қазақ тіліндегі басылымдар (1997—2026)
    Шығу
    Кіру
    • Қазақ
    • Бөлісу
    • Баптаулар
    • Copyright © 2026 Watch Tower Bible and Tract Society of Pennsylvania
    • Пайдалану тәртібі
    • Құпиялық саясаты
    • Құпиялық параметрлері
    • JW.ORG
    • Кіру
    Бөлісу