Күзет мұнарасының ОНЛАЙН КІТАПХАНАСЫ
Күзет мұнарасының
ОНЛАЙН КІТАПХАНАСЫ
Қазақ
ә
  • ә
  • і
  • ң
  • ғ
  • ү
  • ұ
  • қ
  • ө
  • һ
  • КИЕЛІ КІТАП
  • БАСЫЛЫМДАР
  • КЕЗДЕСУЛЕР
  • w08 15.4. 21—25 бет.
  • Өмірге мән-мағына беретін не?

Бұл таңдауда видео жоқ.

Кешіріңіз, видеоны жүктеу кезінде қате шықты.

  • Өмірге мән-мағына беретін не?
  • 2008 жылғы Күзет мұнарасы Ехобаның Патшалығын жариялайды
  • Тақырыпшалар
  • Ұқсас мәлімет
  • “Желдің соңынан қуу”
  • Қызық-думан адамды бақытты ете ме?
  • Дүние-мүлік нағыз қанағат бере ме?
  • Қандай еңбектен нағыз қанағат сезінуге болады?
  • “Наныңды суға ағызып жібер”
  • “Жақсыдан үйрен, жаманнан жирен”
    2011 жылғы Күзет мұнарасы Ехоба Құдайдың Патшалығын жариялайды
2008 жылғы Күзет мұнарасы Ехобаның Патшалығын жариялайды
w08 15.4. 21—25 бет.

Өмірге мән-мағына беретін не?

“Шынайы Құдайдан қорық және оның өсиеттерін орында” (ЕКК. 12:13).

1, 2. Екклесиаст кітабын қарастырудың біз үшін қандай пайдасы бар?

ӨМІРДЕ қалағанының бәріне қол жеткізген кісіні көз алдыңа елестетші. Ол — елге танымал үкімет басшысы, жер бетіндегі ең бай, заманының ең данышпан тұлғасы. Соған қарамастан оны “Өмірге мән-мағына беретін не?” деген сұрақ қатты ойландырады.

2 Мұндай адам шын мәнінде үш мың жыл бұрын өмір сүрген. Бұл Сүлеймен деген кісі еді. Екклесиаст кітабында оның өмірдің мәнін қалай іздегені жайлы жазылған (Екк. 1:13). Сүлейменнің көрген-білгенінен біз де өзімізге сабақ ала аламыз. Расында да, Екклесиаст кітабындағы даналық өмірімізге нағыз мағына беретін мақсаттар қоюға көмектеседі.

“Желдің соңынан қуу”

3. Адам өміріне қатысты қандай жайт бізді ойландыру керек?

3 Сүлейменнің айтуынша, жер беті Құдайдың керемет жаратылыстарына толы. Бірақ тым аз өмір сүретіндіктен, олардың бәрін тамашалап, қызығын көріп тауысу мүмкін емес (Екк. 3:11; 8:17). Киелі кітапта айтылғандай, біздің күніміз қысқа әрі көзді ашып-жұмғанша өте шығады (Әйүп 14:1, 2; Екк. 6:12). Ойландыратын осы жайт өмірімізді даналықпен өткізуге талпындырады. Дегенмен бұл оңай емес. Себебі Шайтанның дүниесі бізді теріс жолға түсіруге тырысуда.

4. а) “Бос әурешілік” деген сөз нені білдіреді? ә) Осы мақалада нені қарастырамыз?

4 Өмірді бекер өткізіп алудың қаупіне назар аудару үшін Сүлеймен Екклесиаст кітабында “бос әурешілік” деген еврей сөзін 30 рет қолданған. Бұл сөз пайдасыз, мағынасыз, мәнсіз немесе еш құны жоқ дегенді білдіреді (Екк. 1:2, 3). Сондай-ақ Сүлеймен түпнұсқада осы сөзге мағыналас “желдің соңынан қуу” деген тіркесті де қолданған (Екк. 1:14; 2:11). Желді қуған адам босқа әуреленеді. Сол сияқты мақсаты дұрыс болмаған адам ақыр соңында құр алақан қалады. Қазіргі жалған өмір тым қысқа болғандықтан, оны босқа сарп ету ақымақтық. Олай болса, өмірде қателеспеу үшін, Сүлейменнің қандай кеңес бергеніне көңіл бөлейік. Ең алдымен, қызық-думан құру мен дүние-мүліктің рақатын көріп өмір сүру туралы не дегенін қарастырайық. Содан соң қандай еңбектің қанағат әкелетінін талқылаймыз.

Қызық-думан адамды бақытты ете ме?

5. Сүлеймен өмірдің мәнін неден іздеп көрді?

5 Көп адам сияқты Сүлеймен де рақат өмір кешіп, бұдан өмірдің мәнін табуға тырысқан. Ол былай деген: “Жүрегім қалаған көңіл көтерудің қандай түрі болса да оған тыйым салмадым” (Екк. 2:10). Сүлеймен қалай көңіл көтерген? Екклесиаст кітабының екінші тарауында айтылғандай, ол шамасын біле отырып, ‘өзегін шараппен сусындатқан’. Сондай-ақ бау-бақша отырғызып, зәулім сарайлар тұрғызған, әсем әуендер тыңдап, дәмді тағамдар жеген.

6. а) Неге жақсы нәрселердің қызығын көргенде тұрған ештеңе жоқ? ә) Демалуға қатысты байсалды көзқарас қандай?

6 Киелі кітап достарымызбен бірге жақсылап уақыт өткізуге тыйым сала ма? Әрине, жоқ. Мысалы, Сүлеймен күні бойы тынбай еңбек еткен соң, кешке достардың арасында емін-еркін отырып демалуды Құдайдың сыйы деген. “Тіпті өз еңбегінің нәтижесінде ішіп-жеп, ауқаттану сияқты игілік көрудің өзі адам билігінде емес. Менің байқағаным, мұның өзі де Құдайдың қолында екен; Мен олар үшін өз өмірлерінде тек жақсылық жасау мен көңіл көтеруден артық ешқандай игілік жоқ екендігін түсіндім. Және де егер әлдебір адам ауқат ішіп-жейтін болса, әрі өзінің ісінен ләззат алатын болса, онда бұл да — Құдайдың сыйы” (Екклесиаст 2:24; 3:12, 13). Оның үстіне, Ехобаның өзі де жастарды жауапкершілік сезіне отырып ‘көңіл көтеруге әрі жүректерін қуанышқа толтыруға’ шақырған (Екк. 11:9). Тынығу мен салауатты түрде көңіл көтеру бізге қажет (Марқа 6:31 салыстыр). Алайда ол өмірде басты орында тұрмау керек. Қайта, демалу негізгі ас-ауқаттың өзі емес, соңында берілетін тәтті тағам іспетті болу керек. Мұнымен келісетін шығарсың. Тек қана тәттіні жей берсең, оған қарағың келмей қалады, әрі оның бойыңа берер нәрі де жоқ. Сүлеймен қызық-думан қуудың желді қуғанмен тең екенін жақсы түсінген (Екк. 2:10, 11).

7. Демалып, көңіл көтергіміз келсе, неге абай болуымыз керек?

7 Алайда демалып, көңіл көтерудің бәрі бірдей пайдалы емес. Оның көбісі адамға рухани және моральдық жағынан зиян тигізеді. Миллиондаған адам бой жазып демалайық деп есірткі қабылдайды, ішімдікке беріледі және құмар ойындармен әуестеніп, өмірлерін қайғы-қасіретке батырады. Зиян нәрселердің ойымыз бен көңілімізді жаулап алуына жол берсек, соңында бізге ащы жемісін жеуге тура келетінін айтып, Ехоба Құдай сүйіспеншілікпен ескертеді (Ғал. 6:7).

8. Өміріміз жайлы ойланған неге маңызды?

8 Оның үстіне, есіл-дертіміз қызық-думан болып кетсе, маңызды нәрселерге лайықты түрде көңіл бөле алмай қаламыз. Есіңде болсын, уақыт зымырап өтіп жатыр және осы қысқа өмірімізде денсаулығымыз әрқашан жақсы болатынына, қиыншылыққа ұшырамайтынымызға ешқандай кепілдік жоқ. Сондықтан Сүлейменнің “той думан болып жатқан үйге барудан” гөрі азалы үйге — әсіресе, адал мәсіхшілер қайтыс болғанда — барудың әлдеқайда пайдалы екеніне көңіл бөлген. “Той-думан болып жатқан үйге барғанша, өлгенді аза тұтқан үйге кіріп шыққан жөн; өйткені барлық адамның барар жері сол, тірі адам тіршілігінде осыны жүрегіне тұтқаны дұрыс. Кемеңгерлердің жүрегі — аза тұтқан үйге бұрып тұрады, ал есуастардың жүрегі — той-думанға әуес болады” (Екклесиаст 7:2, 4). Неге бұлай? Жерлеу рәсімінде айтылатын баяндаманы тыңдап, Ехобаның қайтыс болған адал қызметшісінің өмірі жайлы ойланғанымыз өз өмірімізді тексеріп көруге талпындыруы мүмкін. Нәтижесінде, қалған өмірді даналықпен өткізу үшін, мақсатымызды өзгерту қажет деген қорытынды жасайтын шығармыз (Екк. 12:1).

Дүние-мүлік нағыз қанағат бере ме?

9. Сүлеймен не нәрсеге көзі жетті?

9 Сүлеймен Екклесиаст кітабын жазған кезде жер бетіндегі ең бай адамдардың бірі болатын (Шеж. 2-ж. 9:22). Қалаған нәрселердің бәрін алуға жағдайы келгендіктен, ол: “Көзім көріп, не тілесе, соның бәрін иемденіп отырдым”,— деп айта алған (Екк. 2:10). Алайда дүние-мүліктің өзі нағыз қанағат бермейтініне көзі жетіп, ол мынадай қорытынды жасаған: “Күмісті жақсы көретін адамның, оған [күміске] ешқашан көзі тоймайды, ал байлыққұмар адамға одан [байлықтан] келетін пайда жоқ” (Екк. 5:9).

10. Нағыз қанағат пен шын байлыққа қалай қол жеткізуге болады?

10 Дүние-мүліктің пайдасы өткінші болса да, әсері күшті. Құрама Штаттарында жақында жүргізілген сауалнама бойынша, бірінші курс студенттерінің 75 пайызы өздерінің басты мақсаты “жақсы қаражат табу” екенін айтқан. Олар мақсаттарына жеткенде, шынайы бақытты сезінетін бола ма? Сезінбеуі де мүмкін? Зерттеушілер дүние-мүлік қуудың шын мәнінде бақыт пен қанағат сезінуге кедергі жасайтынын анықтаған. Ал мұны көптеген жыл бұрын өмір сүрген Сүлеймен де білген, сондықтан былай деп жазған: “Патшалардан алтын, күміс және асыл заттар жинап алдым... Міне, мұның бәрі де тынымсыз тірлік, шыр айналған дүние [бос әурешілік әрі желдің соңынан қуу]”a (Екк. 2:8, 11). Ал егер өмір бойы Ехобаға шын көңілден қызмет етіп, оның батасын көретін болсақ, шын байлық деген, міне, сол болады (Нақыл сөздер 10:22 оқы).

Қандай еңбектен нағыз қанағат сезінуге болады?

11. Киелі кітапта еңбек жайлы не делінген?

11 Иса: “Әкем еңбектен қол үзбейді, сондықтан Мен де үздіксіз еңбек етемін”,— деген (Жох. 5:17). Ехоба мен Исаның еңбек етуден қанағат алғандарында күмән жоқ. Киелі кітапта Ехобаның жарату ісінен қанағат алғаны жайлы былай делінген: “Құдай Өзінің жасағандарының бәріне қарап, өте жақсы екенін көрді” (Жар. 1:31). Құдайдың жасағандарын көргенде, тіпті періштелер де ‘қуаныштан дауыстаған’ болатын (Әйүп 38:4—7). Сүлеймен де мағынасы бар еңбектің маңызды екенін түсінген (Екк. 3:13).

12, 13. а) Кейбіреулер адал еңбектері жөнінде не дейді? ә) Осы дүниелік жұмыс жайлы тағы не деуге болады?

12 Көп адам адал еңбектің пайдалы екенін түсінеді. Мысалы, жетістікке жеткен суретші Жозе: “Салған суретің ойыңдағыдай шыққанда, төбең көкке жеткендей болып қаласың”,— дейді. Ал Мигелb есімді бір іскер болса былай деді: “Отбасымды асырауға мүмкіндік беретіндіктен, еңбек етуден қанағат аламын, әрі өзімді бір іс бітіргендей сезінемін”.

13 Жұмыстың бір сарынды әрі жасампаздықты қажет етпейтін түрлері де бар. Кейде жұмыс орнында ренжітетін жағдай мен әділетсіздікке кезігесің. Сүлеймен айтқандай, маңдай терін төгіп тапқан еңбегінің жемісін жалқау адам — мүмкін, билігі бар адам — көріп жатады (Екк. 2:21). Көңіл қалдыратын басқа да жайттар бар. Керемет басталған іс экономикалық дағдарыстың немесе күтпеген жағдайдың кесірінен күйреуі мүмкін. “Аспан астынан мыналарды түсіндім, ұшқыр жүйріктік пысықтарға тиесілі болмайтынын, ер жүректерге — жеңістің, кемеңгерлерге — ниетінің ауа бермейтінін, алайда солардың барлығына уақыт пен жағдайдың орайлас келетінін пайымдадым” (Екклесиаст 9:11). Жиі жетістікке жету үшін ауыр еңбек еткен адам ‘жел ұшты болған еңбегін’ көріп, ашынады әрі көңілі де қалады (Екк. 5:15).

14. Қандай еңбектен адам нағыз қанағат алады?

14 Көңіліңді қалдырмайтын жұмыс бар ма? Жоғарыда айтылған суретші Жозе былай дейді: “Жылдар өте келе салған суреттер жоғалуы немесе жойылуы мүмкін. Ал рухани істердің жемісі жайлы бұлай дей алмайсың. Ехобаға мойынсұнып, Ізгі хабарды уағыздаудың жемісін мәңгілік көруге болады, себебі сол арқылы адамға Құдайды қастерлейтін керемет мәсіхші болуға көмектесесің. Бұған ешнәрсе де тең келмейді.” (Қор. 1-х. 3:9—11). Мигел де Патшалықты уағыздау ісінен әлдеқайда зор қанағат алатынын айтып: “Жазбалардағы шындықты уағыздағанда, оның адамдарға әсер еткенін көргенде сезінетін қуаныштан артық еш нәрсе жоқ екен”,— дейді.

“Наныңды суға ағызып жібер”

15. Өмірге нағыз мағына беретін не?

15 Сонымен, өмірді шын мәнінде мағыналы ететін не? Егер осы дүниедегі қысқа ғұмырымызда жақсылық жасап, әрі Ехобаға ұнамды болуға тырысатын болсақ, нағыз қанағат сезінеміз. Біз Ехобаға жақындай аламыз, балаларымызға рухани тәрбие бере аламыз, адамдарға Ехобаны жақыннан тануға көмектесуге мүмкіндігіміз бар, сондай-ақ бауырластармен нағыз достық қарым-қатынас дамыта аламыз (Ғал. 6:10). Осының бәрі өз құнын ешқашан жоғалтпайды және осыған қол жеткізген адам мол батаға кенеледі. Сүлеймен жақсылық жасауды қызықты бір жайтқа теңеп, былай деген: “Өз наныңды суға ағызып жібер, өйткені көптеген күндер өткен соң сен оны қайтадан тауып аласың” (Екк. 11:1). Иса да өз шәкірттеріне: “Беріңдер, сонда сендерге де беріледі”,— деген (Лұқа 6:38). Оның үстіне, Ехобаның өзі адамдарға жақсылық жасайтындарды жарылқайтынын уәде еткен (Нақ. с. 19:17. Еврейлерге 6:10 оқы).

16. Өмірлік жолды қай кезде таңдаған жөн?

16 Киелі кітап жастарды өмірге қадам басқан кезден-ақ дана шешімдер қабылдауға шақырады. Сонда олар жылдар өте келе өткен өміріне өкінбейтін болады (Екк. 12:1). Егер өміріміздің ең керемет шағын осы дүниенің қызығын қууға жұмсап, ақыр соңында жел қармағандай құр алақан қалсақ, қандай өкінішті болар еді!

17. Өмірде дұрыс жолды таңдауға не көмектеседі?

17 Әрбір сүюші әке іспетті Ехоба да өміріміздің қуанышқа толы болғанын, жақсылық жасағанымызды және жан азабынан аулақ болғанымызды қалайды (Екк. 11:9, 10). Бұл үшін саған не көмектеседі? Алдыңа рухани мақсаттар қойып, оларға жету үшін аянбай еңбек ет. Шамамен 20 жыл бұрын, Хавиер деген бауырласқа медициналық мамандықты немесе толық уақытты қызметті таңдау керек болды. Ол былай дейді: “Дәрігерлік жұмыс қанағат береді, бірақ бірнеше адамға шындықты білуге көмектесуден алған қуанышыма ешнәрсе де жетпейді. Толық уақытты қызметтің арқасында өмірім мағынаға толы. Мен тек қана бұл шешімді ертерек қабылдамағаныма өкінемін”.

18. Исаның жердегі өмірі неге мән-мағынаға толы болған?

18 Олай болса, өмірде қандай ең құнды нәрсеге ие болуға тырысуымыз керек? Екклесиаст кітабында: “Асыл тектілікке қарағанда, жақсы атты болу пайдалырақ және туған күннен — жаның тыным табар өлім жақсы”,— делінген (Екк. 7:1). Осы сөздердің растығын ең алдымен Исаның өмірі дәлелдейді. Ол Ехобаның ұлы есімін дәріптеген. Өлгенше адалдық сақтауымен Әкесінің бүкіләлемдік билігін ақтады және құтқарылуға жол ашқан төлем құрбандығын берді (Мат. 20:28). Иса қысқа ғұмырында мән-мағыналы өмірдің еліктеуге тұратын кемелді үлгісін көрсетіп кетті (Қор. 1-х. 11:1; Пет. 1-х. 2:21).

19. Сүлеймен қандай дана кеңес берген?

19 Біз де Құдай алдында жақсы атқа ие бола аламыз. Бұл дүние-байлықтан әлдеқайда маңызды (Матай 6:19—21 оқы). Күн сайын Ехобаға ұнамды болатын істер жасап, өмірімізді байытуға мүмкіндігіміз бар. Мысалы, адамдарға ізгі хабарды айта аламыз, некемізді және отбасымызды нығайта аламыз, және жеке зерттеу мен қауым кездесулеріне қатысу арқылы рухани өсе аламыз (Екк. 11:6; Евр. 13:16). Сонымен, өміріңді мән-мағынаға толы еткің келе ме? Келетін болса, Сүлейменнің кеңесіне құлақ ас. Ол былай деген: “Құдайдан қорық және Оның шарттарын сақта, өйткені адам баласына қажеттілердің баршасы осының ішінде” (Екк. 12:13).

[Сілтемелер]

a Сүлейменнің қазынасына жыл сайын 666 талант (22 000 кг. астам) алтын түсіп тұрған (Шеж. 2-ж. 9:13).

b Есімі өзгертілген.

Қалай жауап берер едіңдер?

• Өмірдегі мақсатымыз жайлы ойлану неге сонша маңызды?

• Қызық-думан мен дүние-мүлікке қалай қарауымыз керек?

• Қандай еңбек нағыз қанағат береді?

• Өмірде ие болуға тырысуымыз керек ең құнды нәрсе не?

[23-беттегі сурет]

Көңіл көтеру мен демалу өмірде қандай орында тұру керек?

[24-беттегі сурет]

Уағыздау ісі неге нағыз қанағат сезіміне бөлейді?

    Қазақ тіліндегі басылымдар (1997—2026)
    Шығу
    Кіру
    • Қазақ
    • Бөлісу
    • Баптаулар
    • Copyright © 2026 Watch Tower Bible and Tract Society of Pennsylvania
    • Пайдалану тәртібі
    • Құпиялық саясаты
    • Құпиялық параметрлері
    • JW.ORG
    • Кіру
    Бөлісу