Күзет мұнарасының ОНЛАЙН КІТАПХАНАСЫ
Күзет мұнарасының
ОНЛАЙН КІТАПХАНАСЫ
Қазақ
ә
  • ә
  • і
  • ң
  • ғ
  • ү
  • ұ
  • қ
  • ө
  • һ
  • КИЕЛІ КІТАП
  • БАСЫЛЫМДАР
  • КЕЗДЕСУЛЕР
  • br2 15.12. 13—17 бет.
  • Ехобаның күніне дайынсың ба?

Бұл таңдауда видео жоқ.

Кешіріңіз, видеоны жүктеу кезінде қате шықты.

  • Ехобаның күніне дайынсың ба?
  • 2007 жылғы ағылшын тіліндегі “Күзет Мұнарасы” журналынан алынған зерттеуге арналған мақалалар
  • Тақырыпшалар
  • Ұқсас мәлімет
  • Дайын бол
  • Қандай да бір өзгерістер жасау керек пе?
  • Өзгелермен қарым-қатынасың
  • Осы дүниелік болма
  • Ехобаның ұлы күнінен кейінгіні көре біл
  • Ехобамен достығыңызды берік сақтаңыз
    Киелі жазбалардан не білеміз?
  • Ехобаның күніне дайын болыңдар!
    2004 жылғы Күзет мұнарасы Ехобаның Патшалығын жариялайды
  • “Ехобаның ұлы күні жақын”
    2007 жылғы Күзет мұнарасы Ехобаның Патшалығын жариялайды
  • Ехобаның күніне дайын жүріңіз
    Күзет мұнарасы Ехоба Құдайдың Патшалығын жариялайды (зерттеуге арналған). 2023
Көбірек мәлімет
2007 жылғы ағылшын тіліндегі “Күзет Мұнарасы” журналынан алынған зерттеуге арналған мақалалар
br2 15.12. 13—17 бет.

Ехобаның күніне дайынсың ба?

“Жаратушы Иенің [“Ехобаның”, ЖД] ұлы күні жақындап қалды, жақын қалды, қатты асығып келеді” (СОФОНИЯ 1:14).

1—3. а) Киелі кітапта Ехобаның күні жайлы не айтылған? ә) Бізді алда қандай “Ехобаның күні” күтіп тұр?

ЕХОБАНЫҢ ұлы күні — 24 сағатқа созылатын күн емес. Бұл — зұлымдарға шығарылған Құдайдың үкімі жүзеге асырылатын белгілі бір уақыт аралығы. Құдайсыздарға осы түнек басқан, қаһар мен ашуға толы, қайғы-қасірет пен ойраншылық күнінен қорқуға негіз бар (Ишая 13:9; Амос 5:18—20; Софония 1:15). Жоелдің пайғамбарлығында: “Беу, шіркін, қандай күн!— делінген,— Өйткені Жаратушы Иенің күні жақын; ол Құдіреттінің ойраны болып келеді” (Жоел 1:15). Алайда сол ұлы күні Құдай “жүрегі тазаларды” құтқарады (Забур 7:11).

2 “Ехобаның күні” деген тіркес Құдайдың үкімі жүзеге асырылған әртүрлі кезеңге қатысты қолданылады. Мысалы, б. з. б. 607 жылы бабылдықтар арқылы Иерусалим тұрғындарының басына “Ехобаның күні” туған (Софония 1:4—7). Сол сияқты б. з. 70 жылы Ехоба өз Ұлынан бас тартқан яһуди халқына шығарған үкімін римдіктердің қолымен жүзеге асырған (Даниял 9:24—27; Жохан 19:15). Сондай-ақ Киелі кітапта тағы да Ехобаның күні туатыны пайғамбарлық етілген. Сол кезде Құдай барлық халықтарға қарсы шайқасады (Зәкәрия 14:1—3). Елші Пауыл рухтың жетелеуімен сол күнді 1914 жылы Мәсіхтің көктегі таққа отырып, билік ететін кезеңімен байланыстырған (Салониқалықтарға 2-хат 2:1, 2, ЖД). Ехобаның күні көкжиектен көрініп қалғандықтан, Ехоба куәгерлерінің былтырғы жылдық тармағы өте орынды таңдалған. Ол Софония 1:14-тен (ЖД) алынған: “Ехобаның ұлы күні жақын”.

3 Иә, Құдайдың ұлы күні жақын, сондықтан біз оған дайын болуымыз керек. Бұл үшін не істей аламыз? Бізге қандай өзгерістер жасау керек?

Дайын бол

4. Иса өзін қандай ауыр сынаққа дайындаған?

4 Осы дүниенің соңына қатысты пайғамбарлығында Иса Мәсіх шәкірттеріне: “Дайын болыңдар”,— деген (Матай 24:44). Бұл сөздерді айтқанда, Исаның өзі ауыр сынаққа — төлем құрбандығы ретінде өмірін қиюға — дайын болған (Матай 20:28). Исаның өзін бұған қалай дайындағанынан не нәрсеге үйренуге болады?

5, 6. а) Құдайға және маңайымыздағыларға деген сүйіспеншілік Ехобаның күніне дайын болуға қалай көмектеседі? ә) Маңайымыздағыларға деген сүйіспеншілікке қатысты Иса қандай үлгі қалдырған?

5 Исаның Ехоба мен оның әділ нормаларына деген шынайы сүйіспеншілігі болған. Иса жайлы Еврейлерге 1:9-да былай делінген: “Әділетсіздікті жек көріп, сүйесің Сен әділдік, Сол себептен Сені Құдай, өз Тәңірің, тағайындаған, Қасыңда жүрген басқалардан гөрі Саған Қуаныш пен құрмет сыйлады молынан”. Көктегі Әкесін жақсы көргендіктен Иса оған деген мінсіздігін сақтап қалды. Біз де Құдайды осылайша сүйіп, оның талаптарына сай өмір сүрсек, ол бізді қорғайды (Забур 30:24). Осындай сүйіспеншілік пен мойынсұнушылық Ехобаның ұлы күніне дайын болуымызға көмектеседі.

6 Сонымен қатар Иса өзгелерге деген сүйіспеншілігімен танымал болған. Иә, “оларға Исаның жаны ашыды. Себебі адамдар бағушысы жоқ қойлардай қалжыраған бейшара болатын” (Матай 9:36). Сондықтан Иса маңайындағыларға ізгі хабарды уағыздаған. Бізді де Патшалық туралы жариялауға сүйіспеншілік талпындырады. Құдайды және маңайымыздағыларды сүйетіндіктен біз қызметке белсене қатысамыз, ал бұл Ехобаның ұлы күніне дайын болуға көмектеседі (Матай 22:37—39).

7. Ехобаның күнін күте жүріп, неге біз қуанышты бола аламыз?

7 Иса Ехобаның еркін орындаудан рақат тапқан (Забур 39:9). Біз де осындай көзқараста болсақ, Құдайға деген қасиетті қызметімізді қуанышпен атқарамыз. Иса сияқты, біз де риясыздықпен беріп, шынайы бақытқа кенелеміз (Елшілердің істері 20:35). Иә, ‘Жаратқан Ие алдындағы қуаныш — [біз] үшін қуат беретін демеу’. Ал мұндай қуаныш Құдайдың ұлы күніне әлдеқайда дайын етеді (Нехемия 8:10).

8. Неге біз дұға арқылы Ехобаға жақындай түсуіміз керек?

8 Исаның Құдайға жалбарына дұға еткені сенімі сыналатын шақтарға дайын болуға көмектескен. Жақия шомылдыру рәсімінен өткізгенде, ол дұға еткен. Елшілерін таңдар алдында да түні бойы дұға айтқан (Лұқа 6:12—16). Ал жердегі өмірінің соңғы түні Исаның жан-тәнімен дұға еткені Киелі кітап оқырмандарының қайсысының жанын тебірентпейді дейсің? (Марқа 14:32—42; Жохан 17:1—26). Сен де Иса сияқты жиі дұға етесің бе? Ехобаға ауық-ауық дұға ет, ұзақ сөйлесуге уақытыңды аяма, киелі рухының басшылығын ізде және оны қабыл алуға асық бол. Қазіргі қиын-қыстау кезде Құдайдың күні жылдам жақындап келе жатқанда, көктегі Әкемізбен тығыз қарым-қатынаста болудың маңызы аса зор. Сондықтан дұға арқылы Ехобаға барынша жақындай түс (Жақып 4:8).

9. Неге Ехобаның есімінің қастерленуін ойлаудың маңызы зор?

9 Ехобаның киелі есімінің қастерленгенін ойлағаны да Исаның сынақтарға дайын болуына көмектескен. Ол шәкірттерін Құдайға дұға етуді үйреткенде: “Сенің киелі есімің қастерлене берсін”,— деп өтінулері керектігін айтқан (Матай 6:9). Егер Ехобаның есімінің қастерленгенін, әрқашан киелі болғанын, қатты қаласақ, оған кір келтіретін кез келген нәрседен аулақ болуға тырысамыз. Нәтижесінде, Ехобаның ұлы күніне әлдеқайда дайын боламыз.

Қандай да бір өзгерістер жасау керек пе?

10. Неге өзімізді тексерген дұрыс?

10 Ехобаның күні ертең келсе, оған шынымен дайын болар ма едің? Қандай да бір әрекеттерімізді не көзқарасымызды түзету керек пе, жоқ па, білу үшін әрқайсымыздың өзімізді тексергеніміз жөн. Адам өмірі қысқа әрі баянсыз болғандықтан, бәрімізге де күнделікті рухани сергек болу қажет (Екклесиаст 9:11, 12; Жақып 4:13—15). Сондықтан көңіл қоюды талап етуі мүмкін кей жайттарды қарастырайық.

11. Сен Киелі кітапты оқуға қатысты қандай мақсат қойдың?

11 Маңызды жайттардың бірі — ‘адал құлдың’ Киелі кітапты күнделікті оқуға қатысты берген кеңесі (Матай 24:45, ЖД). Неге жыл сайын Жазбаларды ой жүгірте отырып, түгел оқып шығуды мақсат етіп қоймасқа? Күніне шамамен төрт тараудан оқысаң, Киелі кітаптағы 1 189 тарауды бір жылда оқып бітіре аласың. Исраил елінің әр патшасы “дәм тұзы таусылғанға дейін” Ехобаның Заңын оқып жүруге тиіс болған. Ешуа да солай еткенге ұқсайды (Заңды қайталау 17:14—20; Ешуа 1:7, 8). Олай болса, ақсақалдардың Құдай Сөзін күнделікті оқығаны қалайша маңызды десеңші, өйткені бұл оларға ‘дұрыс ілімді үйретуге’ көмектеседі ғой! (Титке 2:1).

12. Ехобаның күні жақын екендігі сені не нәрсеге талпындыру керек?

12 Ехобаның күні жақын екендігі сені кездесулерге үзбей қатысып, оларға мейлінше толық атсалысуға талпындыру керек (Еврейлерге 10:24, 25). Бұлай еткенің “мәңгі өмір сүруге ыңғай танытқандарды” іздеп, оларға көмек көрсететін жариялаушы ретінде жақсара түсуіңе көмектеседі (Елшілердің істері 13:48, ЖД). Бәлкім, сен қауымдағы қарттарға көмектесу немесе жастарды жігерлендіру сияқты істер арқылы да белсендірек бола алатын шығарсың. Бұл сені зор қанағатқа бөлейді!

Өзгелермен қарым-қатынасың

13. Жаңа болмысқа ие болуға қатысты өзімізге қандай сұрақтар қоюға болады?

13 Ехобаның күні таяп қалғандықтан, саған ‘Құдайға рухани жағынан ұқсас жаратылған жаңа, шынымен әділетті де қасиетті адам болу’ үшін көбірек күш салу керек емес пе екен? (Ефестіктерге 4:20—24). Құдайға тән қасиеттер дамытатын болсаң, ‘Киелі Рухпен өмір сүретініңді’ және бойыңда оның жемісі бар екенін өзгелер байқайтын болады (Ғалаттықтарға 5:16, 22—25). Өзің де, отбасың да жаңа болмысқа ие болу үшін істеген нақты нәрселерің бар ма? (Қолостықтарға 3:9, 10). Мысалы, сені өзгелер бауырластарға да, басқаларға да мейірімділік жасайтын адам ретінде тани ма? (Ғалаттықтарға 6:10). Жазбаларды үнемі зерттегенің сені Ехобаның күніне дайын ететін Құдайға тән қасиеттер дамытуыңа көмектеседі.

14. Неге ұстамдылық дамытқысы келетін адам киелі рух сұрап дұға ету керек?

14 Мінезің қызба болғандықтан, ұстамдырақ болуың керек екенін байқасаң ше? Ұстамдылық — Құдайдың киелі рухының игілікті жемісінің құрамына кіретін қасиет. Сондықтан Исаның келесі сөздеріне сай, киелі рух сұрап дұға ет: “Құдайдан сұраңдар, сонда Ол сендерге (мұқтаждарыңды) береді; іздеңдер, сонда табасыңдар; есікті қағыңдар, сонда сендерге ашылады! ...Өздерің күнәкар бола тұра балаларыңа жақсылық жасауды білесіңдер, көктегі Әкенің Өзінен сұрағандарға Киелі Рухын сыйлайтыны ешбір шүбәсыз!” (Лұқа 11:9—13).

15. Бауырласыңмен араңда кикілжің туса, не істеу керек?

15 Ал бауырласыңмен араңда кикілжің туса, не істеуге болады? Мұндай жағдайда қарым-қатынасты қалпына келтіру үшін қолыңнан келгеннің бәрін істе, сонда бұл қауымның татулығы мен бірлігінің сақталуына ықпал етеді (Забур 132:1—3). Матай 5:23, 24-те немесе Матай 18:15—17 тармақтарда жазылған Исаның кеңесін қолдан. Күн батқанға дейін ашуың басылмаса, мәселені тезірек шешуге асық. Көп жағдайда керегі — тек кешірімділік. Пауыл: “Бір-біріңе мейірімді де жан ашыр болыңдар; Мәсіхтің арқасында өздеріңді Құдай кешіргендей, сендер де өзара кешірімді болыңдар!”— деп жазған (Ефестіктерге 4:25, 26, 32).

16. Некелік өмірдің қай қыры жанашырлықты талап етеді?

16 Ерлі-зайыптылар некелік өмірлерінде жанашыр, ал кейде кешірімшіл болулары қажет. Саған зайыбыңа деген сүйіспеншілігің мен жанашырлығыңды арттыра түсу керек болса, Құдай мен оның Сөзінің көмегіне жүгініп, күш сал. Қорынттықтарға 1-хат 7:1—5 тармақтардағы сөздерге сай әрекет етіп, ара-қатынастарыңды жақсартып, азғындықтан аулақ болу үшін, сен өз тарапыңнан бір нәрсе істеуің керек пе? Некелік өмірдің осы бір қыры жанашыр болуды талап ететіні сөзсіз.

17. Ауыр күнә жасап қойған адам қандай қадамдар жасау керек?

17 Ауыр күнә жасап қойсаң ше? Жағдайды түзету үшін, мүмкіндігінше, жылдам әрекет ет. Мәсіхші ақсақалдардың көмегіне жүгін. Олардың дұғалары мен кеңесі рухани сауығуыңа көмектеседі (Жақып 5:13—16). Күнәңа өкіне отырып, Ехобаға дұға ет. Бұлай етпесең, өзіңді кінәлай беріп, ар-ұжданыңның азабына түсесің. Дәуітпен солай болған, бірақ Ехобаға бәрін ашып айтқаннан кейін, ол керемет жан тыныштығын сезінді. Дәуіт: “Әділетсіз істері кешірілген, Барлық күнәларынан ақталған Әркім қандай бақытты! Иеміз мойнына кінә артпайтын, Жан дүниесінде жалғандық болмайтын Әрбір кісі бақытты!”— деп жазған (Забур 31:1—5). Күнә жасап қойған адам шын жүректен өкінсе, Ехоба кешіреді (Забур 102:8—14; Нақыл сөздер 28:13).

Осы дүниелік болма

18. Біздің осы дүниеге деген көзқарасымыз қандай болу керек?

18 Көктегі Әкеміз уәде еткен керемет жаңа дүниені аңсай күтіп жүргеніңде күмән жоқ. Олай болса, Құдайдан безген әділетсіз адамзат қоғамына деген көзқарасың қандай? “Осы дүниенің әміршісі” Шайтанның Иса Мәсіхке билігі жүрмеген (Жохан 12:31; 14:30). Сенің де Ібіліс пен оның дүниесі өзіңе билік жүргізгенін қаламайтының сөзсіз. Сондықтан елші Жоханның: “Осы күнәкар дүниені және ондағы еш нәрсені сүймеңдер!”— деген сөзіне құлақ ас. Сөйткенің дұрыс болады, өйткені “осы дүние мен оның ләззаты өткінші, ал Құдайдың еркін орындаушы мәңгі өмір сүреді” (Жоханның 1-хаты 2:15—17).

19. Мәсіхші жастарды қандай мақсаттар қоюға талпындыру керек?

19 Сен балаларыңа өздерін ‘осы дүниелік арамдықтардан кіршіксіз пәк ұстауға’ көмектесіп жүрсің бе? (Жақып 1:27). Шайтан балаларыңды қармағына түсіргісі келеді. Жастарды Шайтанның дүниесіне баулу үшін көптеген топтар мен ұйымдар құрылған. Бірақ Ехобаның қызметшілері бұларды қажет етпейді, өйткені олар осы дүниенің соңы келгенде жойылмайтын жалғыз ұйымның мүшелері болып қойған. Сондықтан жастарды ‘Иеміздің ісін молынан істеуге’ талпындыру керек (Қорынттықтарға 1-хат 15:58). Мәсіхші ата-аналар балаларына оларды бақытты ететін әрі батаға жеткізетін мақсаттар қоюға көмектескендері жөн. Сонда олар өмірлерімен Ехобаға мадақ әкеледі және оның ұлы күніне дайын болады.

Ехобаның ұлы күнінен кейінгіні көре біл

20. Неге біз мәңгілік өмірді назарымызда ұстауымыз керек?

20 Мәңгілік өмірді назарыңда ұстасаң, сен Ехобаның күнін күпті көңілмен күтпейсің (Яһуда 20, 21). Сен Жұмақтағы мәңгілік өмірді күтудесің, демек, сенде мынадай үміт бар: жастық шағыңдағы күш-жігерің оралады, көкейіңдегі арман-мақсаттарыңа қол жеткізуге және Ехоба туралы көбірек білуге уақыт жеткілікті болады. Негізінде, Құдай жөнінде мәңгілік бойы білім алуға болады, өйткені адамдар бүгінде оның жолдарының болмашы бөлігін ғана біледі (Әйүп 26:14). Неткен керемет үміт!

21, 22. Қайта тірілгендер саған не туралы айтып беруі мүмкін, ал сен оларға қандай білім бере аласың?

21 Жұмақта қайта тірілгендер ертеде болған оқиғаларға қатысты білімімізді біраз кеңейтіп тастайды. Мысалы, Енох құдайдан безген адамдарға Ехобаның хабарын жеткізу үшін батылдықты қайдан алғанын айтып береді (Яһуда 14, 15). Ал Нұхтың кемені қалай соққанын айтып берері сөзсіз. Ыбырайым мен Сара болса ыңғайлы Ур қаласын тастап, шатырларда тұрғанда, не сезінгендерімен бөліседі. Естердің өз халқының мүддесін қалай қорғағаны және Аманның оларға қарсы жоспарын қалай жоққа шығарғаны туралы егжей-тегжейлі әңгімелеп беретіні жайлы ойлап көрші (Естер 7:1—6). Жүністің үш күн бойы алып балықтың ішінде болғанын айтып жатқанын немесе Жақияның Исаны шомылдыру рәсімінен өткізгендегі сезімімен бөлісіп жатқанын көз алдыңа елестетші (Лұқа 3:21, 22; 7:28). Қаншама қызық нәрсе білуге болады!

22 Мәсіхтің мыңжылдық Патшалығының кезінде қайта тірілгендердің ‘Құдай жайлы білімді иемденуіне’ көмектесуге мүмкіндігің болатын шығар (Нақыл сөздер 2:1—6). Бүгінде адамдардың Ехоба Құдай туралы білім алып, соған сай әрекет етіп жатқанын көру көңілге сондай жағымды! Ал болашақта ерте заманда өмір сүрген адамдарға тәлім беру үшін күш салғаныңа Ехоба батасын беріп, олар берген тәліміңді ризашылықпен қабыл алғанда, қалайша қуанатыныңды елестетші!

23. Біз не нәрсеге бел бууымыз керек?

23 Біз, кемелсіз адамдар, Ехобаның өз халқына беріп жатқан баталарының санына жете де, баға бере де алмаймыз (Забур 39:6). Әсіресе біз Құдайымыздың рухани шаралары үшін дән ризамыз (Ишая 48:17, 18). Жағдайымыз қандай болмасын, Ехобаның ұлы күнін күте отырып, қасиетті қызметімізді шын жүректен атқара берелік.

Қалай жауап берер едіңдер?

• “Ехобаның күні” деген не?

• Қалай сен Ехобаның күніне дайын бола аласың?

• Құдайдың ұлы күні өте жақын болғандықтан, бізге қандай өзгерістер жасау керек болуы мүмкін?

• Ехобаның күнінен кейін нені күтесің?

[14-беттегі сурет]

Иса сынақтарға дайын болған

[17-беттегі сурет]

Қайта тірілгендерге Ехоба туралы білім алуға көмектесу — зор мәртебе!

    Қазақ тіліндегі басылымдар (1997—2026)
    Шығу
    Кіру
    • Қазақ
    • Бөлісу
    • Баптаулар
    • Copyright © 2026 Watch Tower Bible and Tract Society of Pennsylvania
    • Пайдалану тәртібі
    • Құпиялық саясаты
    • Құпиялық параметрлері
    • JW.ORG
    • Кіру
    Бөлісу