Күзет мұнарасының ОНЛАЙН КІТАПХАНАСЫ
Күзет мұнарасының
ОНЛАЙН КІТАПХАНАСЫ
Қазақ
ә
  • ә
  • і
  • ң
  • ғ
  • ү
  • ұ
  • қ
  • ө
  • һ
  • КИЕЛІ КІТАП
  • БАСЫЛЫМДАР
  • КЕЗДЕСУЛЕР
  • w02 1.5. 3—5 бет.
  • Бүкіл дүние жойылды!

Бұл таңдауда видео жоқ.

Кешіріңіз, видеоны жүктеу кезінде қате шықты.

  • Бүкіл дүние жойылды!
  • 2002 жылғы Күзет мұнарасы Ехобаның Патшалығын жариялайды
  • Тақырыпшалар
  • Ұқсас мәлімет
  • Ежелгі дүние шынымен жойылды ма?
  • Нұх және Топан су аңыз емес, ақиқат
    2008 жылғы Күзет мұнарасы Ехобаның Патшалығын жариялайды
  • Нұхтың жазбасы біз үшін мәні бар ма?
    2003 жылғы Күзет мұнарасы Ехобаның Патшалығын жариялайды
2002 жылғы Күзет мұнарасы Ехобаның Патшалығын жариялайды
w02 1.5. 3—5 бет.

Бүкіл дүние жойылды!

Айналамыздағы дүниеге — қалаларына, мәдени және ғылыми жетістіктеріне, миллиардтаған тұрғындарына қараңызшы! Мызғымастай көрінеді емес пе? Осы дүние күндердің күнінде толық жойылады дегенге сенер ме едіңіз? Ондай жағдайды елестету қиын шығар. Дегенмен де, бір сенімді мәлімет көзіне сәйкес, бұның алдында өзге бір дүниенің болғанын және оның толықтай жойылып кеткенін білетін бе едіңіз?

ӘҢГІМЕ жабайы тайпалардан тұратын дүние жөнінде емес. Жойылып кеткен дүние — мәдениеті жетілген, қалалары бар, ғылымы мен көркемөнері дамыған өркениетті дүние еді. Киелі кітаптың айтуынша, патриарх Ыбырайым туылардан 352 жыл бұрын, 2-ші айдың 17-ші жұлдызында кенеттен бүкіл дүниені шайып кеткен топан су басталдыa.

Бұл мәліметке сенуге бола ма? Мұндай оқиға шынымен болған ба? Бұған дейін гүлденіп, артынан жойылып кеткен ежелгі дүниенің болғаны рас па? Егер болған болса, ол неге жойылды? Оның жойылғанынан қандай да бір сабақ алуымызға бола ма?

Ежелгі дүние шынымен жойылды ма?

Мұндай қорқынышты апат шын мәнінде болған болса, ешқашан толық ұмытылмаса керек. Көптеген халықтарда ол туралы естеліктер қалған. Мысалы Киелі кітапта жазылған оның нақты уақыты туралы ойланып көрелікші. Ежелгі уақыттағы күнтізбенің екінші айы қазіргі қазан айының ортасынан қараша айының ортасына дейінгі аралықты қамтитын болған. Сол себепті екінші айдың он жетінші күні шамамен қарашаның бірінші жұлдызына сай келеді. Олай болса, көптеген елдерде өлгендерді еске алу мейрамының сол уақытта өтетіндігі кездейсоқ нәрсе болмаса керек.

Топан су туралы өзге де деректерді халықтардың аңыздарынан көруге болады. Ежелгі халықтардың барлығында дерлік топан судан аман қалған ата-бабалары туралы аңыздар бар. Африканың пигмейлерінде, Еуропаны мекендеген кельттерде, Оңтүстік Американы мекен еткен инктерде, сондай-ақ Австралияның, Алясканың, Жаңа Зеландияның, Литваның, Мексиканың, Микронезияның, Солтүстік Американың, Үндістанның халықтарында және басқа да елдерде осындай аңыз әңгімелер кездеседі.

Әрине, уақыт өте келе аңыздар түрлене түскен. Алайда барлығында да олардың бір жерден бастау алғанын көрсететін кейбір ұқсастықтары бар. Мысалы: адамзаттың зұлым істеріне Құдай қаһарланды; ол топан су жіберді; адамзат түгел жойылып, тек бірнеше әділ адамдар ғана құтқарылды; олар кеме соғып, соның арқасында өздері де жануарлар да аман қалады; уақыт өте келе, жердің құрғағанын білу үшін құстарды ұшырды; ақыр аяғында кеме таудың үстіне келіп тоқтады; аман қалған адамдар тысқа шығып, құрбандық шалды.

Бұл нені дәлелдейді? Ұқсастықтардың жай ғана кездейсоқтық болуы мүмкін емес. Бұлардың барлығы да, дүние жүзін жайлаған топан судан бірнеше адам аман қалып, солардан қазіргі адамзаттың тарағаны жөніндегі Киелі кітаптағы мәліметтің растығын дәлелдейді. Олай болса, не болғанын білу үшін аңыздарға жүгінудің қажеті жоқ. Біздің қолымызда Киелі кітаптың Еврей Жазбаларында мұқият сақталған дерек бар (Жаратылыс, 6—8 дейінгі тараулар).

Киелі кітапта Құдайдың рухының жетелеуімен адамзаттың жаратылыстан бергі тарихы жазылған. Алайда дәлелдер көрсетіп отырғандай, бұл жай ғана тарих емес. Оның сенімді пайғамбарлықтары мен асқан даналығы — Құдайдың адамзатқа қалдырған сөзі екенін көрсетеді. Киелі кітаптың өзінде де солай жазылған. Аңыздардан айырмашылығы, Киелі кітаптың тарихи деректерінде адамдардың есімдері, топан судың қай уақытта болғаны, сондай-ақ шежіре мен географиялық мәліметтер жазылған. Онда топан судың алдында өмірдің қандай болғаны суреттелген және бүкіл дүние неліктен кенеттен жойылып кеткенін түсіндіреді.

Топан судың алдындағы қоғам не үшін жойылды? Бұл сұрақ келесі мақалада талқыланады. Бұл біздің қазіргі өркениетті дүниені не күтіп тұрғанын білгісі келгендер үшін маңызды сұрақ.

[Сілтеме]

a Жаратылыс 7:11; 11:10—25, 32; 12:4.

[4-беттегі таблица]

(Толық мәтінді басылымнан қараңдар)

Дүние жүзіндегі Топан су туралы аңыздар

Ел Сәйкестік 1 2 3 4 5 6 7 8 9 10

Греция 7 ◆ ◆ ◆ ◆ ◆ ◆ ◆

Рим 6 ◆ ◆ ◆ ◆ ◆ ◆

Литва 6 ◆ ◆ ◆ ◆ ◆ ◆

Ассирия 9 ◆ ◆ ◆ ◆ ◆ ◆ ◆ ◆ ◆

Танзания 7 ◆ ◆ ◆ ◆ ◆ ◆ ◆

Үндістан — үндістер 6 ◆ ◆ ◆ ◆ ◆ ◆

Ж. Зеландия — маори 5 ◆ ◆ ◆ ◆ ◆

Микронезия 7 ◆ ◆ ◆ ◆ ◆ ◆ ◆

Вашингтон шт. — якима 7 ◆ ◆ ◆ ◆ ◆ ◆ ◆

Мисисипи шт. — чокто 7 ◆ ◆ ◆ ◆ ◆ ◆ ◆

Мексика — мичоакан 5 ◆ ◆ ◆ ◆ ◆

Оңтүс. Америка — кечуа 4 ◆ ◆ ◆ ◆

Боливия — чиригуано 5 ◆ ◆ ◆ ◆ ◆

Гайана — араваки 6 ◆ ◆ ◆ ◆ ◆ ◆

1. Зұлымдық Құдайды қаһарландырды

2. Топан су арқылы жою

3. Топан суды Құдай жіберді

4. Құдайдың ескертуі

5. Аз адам аман қалады

6. Кеменің арқасында аман қалған

7. Жануарлар құтқарылды

8. Құс немесе өзге жануар сыртқа жіберіледі

9. Кеме ақыры тауға тоқтады

10. Құрбандық шалынады

    Қазақ тіліндегі басылымдар (1997—2026)
    Шығу
    Кіру
    • Қазақ
    • Бөлісу
    • Баптаулар
    • Copyright © 2026 Watch Tower Bible and Tract Society of Pennsylvania
    • Пайдалану тәртібі
    • Құпиялық саясаты
    • Құпиялық параметрлері
    • JW.ORG
    • Кіру
    Бөлісу