Күзет мұнарасының ОНЛАЙН КІТАПХАНАСЫ
Күзет мұнарасының
ОНЛАЙН КІТАПХАНАСЫ
Қазақ
ә
  • ә
  • і
  • ң
  • ғ
  • ү
  • ұ
  • қ
  • ө
  • һ
  • КИЕЛІ КІТАП
  • БАСЫЛЫМДАР
  • КЕЗДЕСУЛЕР
  • w02 1.5. 5—7 бет.
  • Ежелгі дүние неліктен жойылды?

Бұл таңдауда видео жоқ.

Кешіріңіз, видеоны жүктеу кезінде қате шықты.

  • Ежелгі дүние неліктен жойылды?
  • 2002 жылғы Күзет мұнарасы Ехобаның Патшалығын жариялайды
  • Тақырыпшалар
  • Ұқсас мәлімет
  • Дамыған өркениет
  • Не үшін жойылды?
  • Біз үшін қандай маңызы бар?
  • Болашақтағы дүние
  • Қазір барынша сергек болуымыз керек
    2004 жылғы Күзет мұнарасы Ехобаның Патшалығын жариялайды
  • Нұх және Топан су аңыз емес, ақиқат
    2008 жылғы Күзет мұнарасы Ехобаның Патшалығын жариялайды
  • Нұх Құдайдың рақымына ие болған. Мұның бізге қандай қатысы бар?
    2008 жылғы Күзет мұнарасы Ехобаның Патшалығын жариялайды
  • Дүниені қайтадан Топан су баса ма?
    Ұлы Ұстаздан үйренейік
Көбірек мәлімет
2002 жылғы Күзет мұнарасы Ехобаның Патшалығын жариялайды
w02 1.5. 5—7 бет.

Ежелгі дүние неліктен жойылды?

ТОПАН СУ табиғи апат емес еді. Ол Құдайдың жазалауы болатын. Оның болатыны жайында ескертілгенімен, көпшілік оны елемеді. Не себепті? Иса былай деп түсіндіреді: “Топан судан бұрын, Нұх кемеге мінген күнге дейін адамдар (Құдайға мойынсұнбай) ішіп-жеп, әйел алып, қыздарын ұзатып өмір сүруде еді. Топан су басып, бәрін... қырып салғанша олар ештеңені ұқпады” (Матай 24:38, 39).

Дамыған өркениет

Кейбір жақтарынан алып қарағанда, Топан судың алдындағы өркениеттің бүгінде бізде жоқ ерекшеліктері болған. Мысалы, барлық адамдар бір тілде сөйлеген (Жаратылыс 11:1). Бұл болса, түрлі дарындары бар көптеген адамдардың жұмыла әрекет етуді талап ететін өнер және ғылым салаларында жетістіктерге жетуге мүмкіндік берген. Сондай-ақ, ол кезде адамдардың көпшілігі ұзақ өмір сүргендіктен, ғасырлар бойы көріп-білгендерінен тәжірибе жинақтаған.

Кейбіреулер, адам өмірі ол кезде мұндай ұзақ болмаған, сол себепті Киелі кітапта айтылған жылдар шын мәнінде айға тең болған деп айтады. Шынында да солай ма екен? Мысалы, Киелі кітапта Мақалалел туралы былай делінген: “Мақалалел алпыс бес жасқа келгенде Иәрет туды... Мақалалел барлығы сегіз жүз тоқсан бес жыл өмір сүрген соң қайтыс болды” (Жаратылыс 5:15—17). Егер жыл дегені шын мәнінде ай болған болса, Мақалалелдің бес-ақ жасында әке болғаны ғой! Әрине, олай болуы мүмкін емес. Ол кезде адамзат Адам атаның кемелді күйіне жақындау болған, сондықтан олар шын мәнінде ғасырлар бойы өмір сүрген. Олар не нәрсеге қол жеткізді екен?

Топан судан көп ғасырлар бұрын жер бетінде тұрғындардың көбейгені сонша, Адамның ұлы Қабыл қала тұрғызды. Ол қаланы Енох деп атады (Жаратылыс 4:17). Топан суға дейінгі уақытта өнеркәсіптің неше түрі дамыды. ‘Мыс пен темірден түрлі құрал-жабдықтарды жасайтын’ ұсталар болды (Жаратылыс 4:22). Бұл құрал-жабдықтардың құрылыс жұмыстары, ағаш өнімдерін жасау, киім тігу және жер өңдеу үшін қолданылғаны сөзсіз. Бұл кәсіптердің барлығы да жердің алғашқы тұрғындарының жазбаларында ескеріледі.

Жинаған білімдерінің арқасында бірін-бірі алмастырып отырған ұрпақтардың металлургия, агрономия, үй жануарларын өсіру, жазу және бейнелеу өнері сияқты мамандықтарды дамытуға мүмкіндіктері болды. Мысалы, Юбал “ішекті аспаптар мен сыбызғыда ойнаушылардың түп атасы болды” (Жаратылыс 4:21). Өркениет кеңінен дамыды. Алайда кенеттен оның барлығы да жойылды. Не себепті?

Не үшін жойылды?

Топан судың алдындағы қоғамның артықшылықтары болғанмен де, оның бастамасы нашар болған еді. Ол қоғамның түп атасы — Адам Құдайға қарсы бүлік шығарды. Ең алғаш қала тұрғызған Қабыл өзінің туған інісін өлтірді. Сол себепті зұлымдықтың жылдам таралғаны таңғаларлық емес! Адам атадан мұра еткен күнәға деген бейімділік күшейген үстіне күшейе түсті (Римдіктерге 5:12).

Зұлымдық шегіне жетті де, Ехоба енді тек жүз жиырма жыл ғана шыдауды шешті (Жаратылыс 6:3). Киелі кітапта былай делінген: ‘Жер бетінде адамдар жасаған зұлымдықтар тым зор болды: жүрек қалаулары бойынша істегендерінің бәрі де жауыздыққа толы еді... Жер беті зұлымдыққа толды’ (Жаратылыс 6:5, 11).

Ақыр аяғында Құдай Нұхқа топан су арқылы бүкіл тіршілік иелерін жоятынын айтты (Жаратылыс 6:13, 17). Нұх “әділдікті уағыздаушы” болды, бірақ адамдар үшін айналасындағының барлығының да жойылатынына сену қиын болған болса керек (2 Петір 2:5). Тек сегіз-ақ кісі ескертуге құлақ асып, топан судан аман қалды (1 Петір 3:20). Неліктен бұл хабар бүгінгі күні біз үшін маңызды?

Біз үшін қандай маңызы бар?

Біз Нұхтың күндеріне ұқсас уақытта өмір сүріп отырмыз. Үнемі жан түршігерлік террорлық әрекеттер, зұлматтар, болмашы нәрсеге бола көп адамдарды қырып салу және отбасындағы адам шошырлық зорлық-зомбылық жөнінде естіп жатамыз. Жер беті тағы да зорлық-зомбылыққа толып кетті және топан судың алдындағыдай қазір де мына дүниеге Құдайдың соты болатыны жайында хабарлануда. Исаның өзі де Құдай тағайындаған Би ретінде келетінін, сөйтіп қойларды серкелерден ажырататын шопан сияқты адамдарды екі топқа бөлетінін, содан соң лайықсыз деп табылғандардың жойылатынын да айтқан еді (Матай 25:31—33, 46). Алайда Киелі кітапта бұл кезде миллиондаған адамдардың — шынайы Құдайға ғибадат ететін үлкен тобырдың — аман қалатыны жөнінде айтылған. Жаңа дүниеде олар бұрын-соңды болмаған бейбітшілік пен қауіпсіздікте мәңгі өмір сүретін болады (Миха 4:3, 4; Аян 7:9—17).

Көп адамдар Киелі кітаптағы осы сияқты мәлімдемелерге және болашақтағы сот күні туралы ескертулерге күледі. Алайда елші Петірдің айтуынша, мұндай адамдар нақты деректерге көңіл аударғысы келмейді. Ол былай деп жазған еді: “Осы соңғы заманда... сендерді келемеждейтін адамдардың шығатынын біліңдер. Мұндайлар: “Оның қайтып келетіні жөніндегі уәдесімен не болды, ә?” — дейді... Солай ойлағанда олар мыналарды әдейі ескермейді: Құдайдың бұйрығымен көк баяғыдан бері бар болған, ал жер судан шығып, сумен қалыпқа келтірілді. Тәңірдің бұйрығына сай топан су кенеттен көне заманғы дүниені басып, адамзатты жойып жіберді. Тәңіріміз осы қазіргі аспан мен жерді де әділетсіздердің сотталып, тозаққа түсетін күні отпен қиратуға қалдырып отыр” (2 Петір 3:3—7).

Осы алдағы келе жатқан сот күні жайлы ескерту мен одан кейін орнайтын бейбітшілік жайындағы ізгі хабар бүгін дүние жүзі бойынша құлшыныспен уағыздалуда. Осылайша Исаның пайғамбарлық тапсырмасы орындалуда (Матай 24:14). Бұл ескертуге немқұрайды қарауға болмайды. Құдіретті Құдай сөзін жерге тастамайды.

Болашақтағы дүние

Осы үлкен өзгерістерді ескерер болсақ, адамзатты не күтіп тұр екен? Әйгілі таудағы уағызының басында Иса былай деп уәде етті: “Кішіпейілділер бақытты: олар жерді иемденетін болады!” Содан соң ол шәкірттерін Құдайға былай деп дұға етуді үйретті: “Сенің еркің көкте орындалғандай, Жер бетінде де орындала берсін!” (Матай 5:5; 6:10). Иә, Исаның өзі әділ адамдарды жер бетінде керемет болашақ күтіп тұрғанын айтқан. Иса бұл жөнінде ‘әлемнің жаңаруы’ деген еді (Матай 19:28).

Сол себепті болашақ туралы ойланғанда, кейбіреулердің келеке-мазақтары Құдайдың ескертуіне күмән тудыруына жол бермеңіздер. Әрине, бізді қоршаған әлем мызғымастай көрінуі мүмкін, қазіргі дүние де ұзақ жасап келеді. Алайда біз оған сенім артпауымыз керек. Бұл дүниенің үкімі шығарылған. Олай болса, елші Петірдің хатының соңғы сөздерінен жігер алыңыздар:

“Бар дүние осылайша құрып кететіндіктен, сендер қандай болуларың керек? Жүріс-тұрыстарың Тәңірге бағышталып, қасиетті де Оған ұнамды болуға тиіс! Себебі сендер Құдайдың алдын ала белгілеген күнін сағына күтіп, оны тезірек келтіргілерің келеді... Бұларды күтіп жүргендіктен, Мәсіхтің алдында тұрғанда Оның сендерді мүлтіксіз пәк таза, тыныштықпен өмір сүрді деп табуы үшін осыған жан сала ұмтылыңдар!.. Иеміз, әрі Құтқарушымыз Иса Мәсіхтің рақымына кенеліп, Оны жақынырақ танып білуде өсе беріңдер!” (2 Петір 3:11, 12, 14, 18). Нұхтың күндерінде болған нәрселерден сабақ алып, Құдайға жақындаңыздар. Иса Мәсіх жөнінде көбірек біле түсіңіздер. Құдайға шын берілгендік дамытыңыздар. Осы дүние жойылған кезде аман қалып, болашақтағы бейбітшілік орнаған дүниеде өмір сүруді таңдағандардың арасында болыңыздар.

[5-беттегі сурет]

Топан судың алдындағы адамдар металл өңдеуді білген еді

[7-беттегі сурет]

Алдымызда керемет болашақ күтіп тұр

    Қазақ тіліндегі басылымдар (1997—2026)
    Шығу
    Кіру
    • Қазақ
    • Бөлісу
    • Баптаулар
    • Copyright © 2026 Watch Tower Bible and Tract Society of Pennsylvania
    • Пайдалану тәртібі
    • Құпиялық саясаты
    • Құпиялық параметрлері
    • JW.ORG
    • Кіру
    Бөлісу