Күзет мұнарасының ОНЛАЙН КІТАПХАНАСЫ
Күзет мұнарасының
ОНЛАЙН КІТАПХАНАСЫ
Қазақ
ә
  • ә
  • і
  • ң
  • ғ
  • ү
  • ұ
  • қ
  • ө
  • һ
  • КИЕЛІ КІТАП
  • БАСЫЛЫМДАР
  • КЕЗДЕСУЛЕР
  • th 7-саб., 10-б.
  • Тура да сенімді мәліметтер

Бұл таңдауда видео жоқ.

Кешіріңіз, видеоны жүктеу кезінде қате шықты.

  • Тура да сенімді мәліметтер
  • Оқу мен тәлім беру қабілетін шыңдайық
  • Ұқсас мәлімет
  • Тура да сенімді мәліметтерді келтір
    Теократиялық қызмет мектебінде білім аламыз
  • Жазба орындарына алғы сөз
    Оқу мен тәлім беру қабілетін шыңдайық
  • Іс жүзіндегі пайдасын айқын көрсету
    Оқу мен тәлім беру қабілетін шыңдайық
  • Сұрақтар қолдану
    Оқу мен тәлім беру қабілетін шыңдайық
Көбірек мәлімет
Оқу мен тәлім беру қабілетін шыңдайық
th 7-саб., 10-б.

7-САБАҚ

Тура да сенімді мәліметтер

Жазба орны

Лұқа 1:3

САБАҚТЫҢ БАСТЫ ОЙЫ: Тыңдаушылар дұрыс тұжырымға келу үшін сенімді мәлімет келтіріңіз.

ҮЙРЕНУ ЖОЛДАРЫ:

  • Сенуге тұрарлық мәлімет көздеріне жүгіну. Сөзіңізге Құдай Сөзін арқау етіңіз, мүмкін болса, одан тікелей оқып беріңіз. Қандай да бір ғылыми деректі, жаңалықты, оқиғаны я басқа да айғақтарды келтіргіңіз келсе, олардың сенімді екенін әрі ескірген-ескірмегенін алдын ала тексеріңіз.

  • Мәлімет көздерін дұрыс пайдалану. Жазба орнын түсіндіргенде, оның мәнмәтінге, жалпы Киелі кітапта жазылғандарға және “адал да ақылды құлдың” басылымдарына сай келетініне көз жеткізіңіз (Мат. 24:45). Осы дүниелік мәлімет көздеріндегі ойларды да дұрыс пайдаланыңыз: оларды түпнұсқадағы мәнмәтіннен “жұлып” алмаңыз, автордың айтқысы келген ойынан ауытқып кетпеңіз.

    Пайдалы кеңес

    Деректер мен сандарды келтіргенде, асыра сілтеп жіберуден абай болыңыз. Мысалы, “кейбір адамдар” деген “басым көпшілікке”, ал “кей кезде” деген “әрдайымға” айналып кетпесін.

  • Мәлімет жөнінде ой жүгіртуге көмектесу. Киелі кітап тармағын оқыған соң я қандай да бір мағлұматты келтірген соң, ізетпен сұрақтар қойыңыз немесе мысал келтіріңіз. Сонда тыңдаушылардың өздері бір тұжырымға келе алады.

ҚЫЗМЕТТЕ:

Уағызға дайындалғанда, адамдар қояды-ау деген сұрақтар жайлы ойланып, оларға жауап беру үшін ізденіңіз. Егер адам сұрақ қойса, бірақ сіз жауабын білмесеңіз, онда сол тақырыпта ізденіс жасап, келесі жолы жауап беретініңізді айтыңыз.

    Қазақ тіліндегі басылымдар (1997—2026)
    Шығу
    Кіру
    • Қазақ
    • Бөлісу
    • Баптаулар
    • Copyright © 2026 Watch Tower Bible and Tract Society of Pennsylvania
    • Пайдалану тәртібі
    • Құпиялық саясаты
    • Құпиялық параметрлері
    • JW.ORG
    • Кіру
    Бөлісу