8-САБАҚ
Тәлім берерлік мысалдар
Матай 13:34, 35
САБАҚТЫҢ БАСТЫ ОЙЫ: Тыңдаушыларға тартымды болатын әрі маңызды ойларды ұғуға көмектесетін қарапайым мысалдар келтіріп, тәліміңізді көркейте түсіңіз.
ҮЙРЕНУ ЖОЛДАРЫ:
Қарапайым мысалдар келтіру. Исаға еліктеп, кішкене нәрселермен үлкен нәрселерді, қарапайым нәрселермен күрделі нәрселерді түсіндіріңіз. Мысалыңыз күрделі болып кетпеу үшін, қажетсіз ұсақ-түйекті қоспаңыз. Онда келтірген жайттар үйреткіңіз келген тәлімге тікелей қатысы бар екеніне көз жеткізіңіз. Әйтпесе тыңдаушылар қажетсіз жайттарға алаңдап кетуі мүмкін.
Тыңдаушыларды ойда тұту. Мысалдар таңдағанда, тыңдаушыларыңыз айналысатын және қызығатын істерді есепке алыңыз. Абай болыңыз: мысалдарыңыз тыңдаушыларды ыңғайсыз жағдайға қалдырып, көңілдеріне тиіп жүрмесін.
Негізгі ойдан алыстамау. Болмашы майда-шүйде жайттарды емес, негізгі ойларды ашатын мысалдар келтіріңіз. Тыңдаушы мысалды ғана емес, астарында жатқан өсиетті де есте сақтайтындай болсын.