3-САБАҚ
Сұрақтар қолдану
Матай 16:13—16
САБАҚТЫҢ БАСТЫ ОЙЫ: Тыңдаушылардың қызығушылығын ояту үшін әрі ұстап қалу үшін, сондай-ақ олармен бірге ой жүгірту үшін және маңызды ойларға айрықша назар аудару үшін, ізетпен сұрақтар қойыңыз.
ҮЙРЕНУ ЖОЛДАРЫ:
Қызығушылық оятып, ұстап қалуға тырысу. Тыңдаушыларды ойша жауап беруге талпындыру үшін, я болмаса әуесқойлығын ояту үшін риторикалық сұрақтар қойыңыз.
Олармен бірге ой жүгірту. Тыңдаушыларға бірқатар сұрақтар қою арқылы келтірілген дәлелдердің қисынды екенін көруге көмектесіңіз. Осылай олар дұрыс тұжырымға келе алады.
Маңызды ойларға айрықша назар аудару. Негізгі ойды айтар алдында қызығушылық оятатын сұрақ қойыңыз. Маңызды ойды қарастырған соң немесе сөзіңізді аяқтаған соң, қайталау сұрақтарын қойыңыз.