4-САБАҚ
Жазба орындарына алғы сөз
Матай 22:41—45
САБАҚТЫҢ БАСТЫ ОЙЫ: Тыңдаушыларыңызды оқылатын жазба орнын түсінуге даярлаңыз.
ҮЙРЕНУ ЖОЛДАРЫ:
Жазба орнын не үшін оқығалы жатқаныңызды анықтап алу. Бұл сізге тыңдаушылардың назарын оқылатын тармақтың басты ойына аударатындай етіп алғы сөз айтуға көмектеседі.
Киелі кітапқа беделді кітап ретінде жүгіну. Құдайға сенетін адамдарға сөйлеп тұрсаңыз, Киелі кітапқа Құдай Сөзі ретінде назар аударыңыз. Осылайша Құдайдың даналығын айтып тұрғаныңызды көрсетесіз.
Жазба орнына қызығушылық ояту. Бір сұрақ қойып, жауабын тармақтан табуға болатынын айтыңыз; қандай да бір проблеманы қозғап, шешімі тармақта жазылғанын көрсетіңіз; я болмаса Жазбалардағы оқиғаның көмегімен қандай да бір принципке көңіл аударыңыз.